ҚР ҚН 4.02-01-2011* 22
мен булар бөлінетін А, Б және В1-В4 санаттарындағы қоймалардың үй-жайлары үшін
көзделуі керек. Сыйымдылығы 10 т астам А және Б санаттарындағы қойма үй-жайлары
үшін кіру кезінде жүйені жергілікті басқаруды орналастыра отырып талап етілетін ауа
алмастыруға механикалық сору желдеткішінің резервтік жүйесін қарастыру керек.
Егер аталған үй-жайларда бөлінетін газдар мен булар ауадан жеңіл және талап
етілетін ауа алмасу 1 сағатта екі еселенгеннен аспаса, табиғи іске қосылатын жүйелерінің
жоғарғы аймағынан ғана ауаны жоюға рұқсат етіледі.
7.2.17 Механикалық жалпы алмастырылатын сору желдеткішінің жүйелері кіру
кезінде жүйені жергілікті басқаруды орналастыра отырып, талап етілетін ауа алмасуға
механикалық сору желдеткішінің резервтік жүйесін көздей отырып, зиянды газдар мен
булардың бөлінуімен қоймалардың үй-жайлары үшін көзделуі керек. 3 және 4 сыныптағы
зиянды газдар мен буларды бөлу кезінде, олар ауадан жеңіл болса бабиғи іске қосылатын
жалпы алмастырылатын желдеткіш жүйесіне рұқсат беріледі.
7.2.18 Механикалық жалпы алмастырылатын сору желдету жүйелері А және Б
санаттарындағы үй-жайлар үшін көзделуі керек. Егер жарылуға, өртке қауіпті заттар
ауадан жеңіл болса және жылдың жылы кезеңінде жүйелердің жұмыс істеу қабілеттілігі
желсіз қамтамасыз етілсе табиғи іске қосылатын жүйелерді осы үй-жайлар үшін
қолдануға рұқсат етіледі.
7.2.19 Ауаның тығыздығынан астам тығыздықтағы зиянды газдарды, буларды
немесе аэрозольдарды бөлетін үй –жайлардағы немесе күн сайынғы қызмет етуді және А
және Б санаттарындағы үй-жайларда орналасқан тереңдігі 0,5 м және оданда көп
шұңқырларды желдету және қарау каналдары үшін осы үй-жайлардың механикалық
желдетудің жалпы алмастырылатын жүйелерді пайдалануға рұқсат етіледі.
7.3 Сыртқы ауаны қабылдау қондырғылары. 7.3.1 Сыртқы ауаны қабылдау қондырғылары:
- қоқыс жиналатын орыннан, үш және одан астам автомобильге арналған тұраққа
пайдаланылатын орындардың жанынан, жолдардың жанынан, жүк тиейтін-түсіретін
аймақтардан, буландырып суытатын жүйелерден, сорылатын ауаны шығару
орындарындағы түтін құбырларының жоғарғы бөліктерінен және басқа ластанулар мен
иістерді бөлетін орындардан көлденең бойына 2 м астам қашықтықта орналастыруға
рұқсат етілмейді.
Сыртқы ауаны қабылдау қондырғылары:
- ғимараттардың екі жағынан ластанған бірдей шоғырлануы кезінде ғимараттың
жоғарғы бөлігінде орналасқан болса, жел соғатын жағынан орналастыру керек;
- ашық орындарда, шатырлар немесе қабырғалар жанында орналасқан болса
жылдың жылы кезеңінде ауаның қызыуынан қорғалуы керек.
7.3.2 Саңылаудың төменгі жағынан сыртқы ауаның қабылдау құрылғысы
гидрометеостанция деректері бойынша анықталатын немесе сыртқы ауаның қабылдау
құрылғысы үшін жер деңгейінен 2 м төмен емес есеп бойынша орнықты қар жамылғысы
деңгейінен 1 м астам биіктікте орналасуы керек.
Құм боранды және шаң мен құмды қарқынды тасымалдайтын аудандарда шаң мен
құмның ірі бөлшектерін тұндыру үшін камералар көзделуі керек және жер деңгейінен 3 м