1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек



Pdf көрінісі
бет1/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119


1.Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде 
қабырғасына проекциясы. 
Жүрек, cor- үлкен және кіші қанайналымды жүзеге асыратын орталық ағза. Пішіні 
конус тәрізді, бұлшықет қабырғалары жақсы дамыған. Артериялық және веналық 
бағаналардан дамитын 4 камерадан тұрады: 2 жүрекше, 2 қарынша. 
Жүректің дамуы ұрықтың алғашқы 3 аптаның басында мезенхималық жасушалардың 
жұп жиынтығы ретінде мезодерманың вицералдық жапырақшаларының астында пайда 
бола бастайды. Мезенхималық жасушалардан алғаш 2 жұп түтікше түзіледі. Кейін 
түтікшелер қосылып эндокард түзеді. Түтікшелерге жақын мезодерманың вицералды 
жапырақшалары орналасқан. Осы жапырақшалардың ішкі бөлігін миокард, сыртқы 
бөлігінен эпикард дамиды. Дамудың 2-ші айының соңында өткізуші жүйенің қалыптасу 
белгілері пайда болады. 4-ші айда өткізуші жүйенің түгел бөлімдерінің дамуы аяқталады. 
Топографиялық орналасуы бойынша жүрек кеуде қуысында алдыңғы көкірекаралықта 
орналасқан. 2/3 бөлігі орталық сызықтан сол, қалған 1/3 бөлігі оң жатады. Жүрек өкпемен 
алдымен және бүйірінен, төс пен қабырға шеміршектеріне аз бөлікті алдынан жанасады. 
 Жүрек шекаралары:
1. Жүрек ұшы-сол ортаңғы бүғанааралық сызықтан 1, 5 -2 см медиальды, V 
қабырғааралықта.
2. Жоғарғы шекарасы (негізі)- III жұп қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегі, 3. Сол жақ 
шекара- жоғарыдан төмен доға тәрізді сызықпен III сол қабырға шеміршегінен басталып, 
жүрек ұшына дейін.
4. Оң жақ шекара- жоғарыдан төмен IIIоң қабырға шеміршегінен төс сүйегінің оң жақ 
жиегімен IV оң қабырғааралыққа дейін. 
5. Төменгі шекарасы-оңнан солға қарай қиғаш IV оң жақ қабырғааралықтан жүрек ұшына 
дейін. 
Жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы: 
1)Үшжармалы қақпақша – солжақ ІV-ші және оңжақ V-ші қабыртқа шеміршектерінің 
төстік ұштарын қосатын қиғаш сызық бойында, төстің артында проекцияланады;
2)Екіжармалы қақпақша – солжақ ІV-ші қабыртқа шеміршегінің төске бекіген жерінде, 
төстің солжақ жиегінде проекцияланады;
3)Аорта қақпақшасы – ІІІ-ші қабыртқааралық тұста, төстің артында орналасады;
4)Өкпе сабауының қақпақшасы – солжақ ІІІ-ші қабыртқа шеміршегінің төске бекіген 
жеріне проекцияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет