Ірі лимфа тамырлары лимфа сабауларынан,одан әрі дененің басты түтіктеріне –оң жақ
лимфа түтігі, кеуде түтігі осылар ірі мойын веналарына құйылады.
Функциясы: Лимфа жүйесі организмнің зат алмасуына қатысып, тіндер мен
жасушалардан зат алмасу қалдықтарын, табиғаты бөтен заттарды (бактерияларды)
шығарады.
1)лимфаның түзілуі мен ағысы, лимфаның құрамында ақуызды коллоидты ерітінділері,
кристаллоидтар, жасушалық элементтер, (лимфоциттер, эозинофилдер және т.б.)
бактериялар және организмнің өлген жасушаларының қалдықтары бар;
2) тіндерде интерстициалды сұйықтықтардың көлемі мен құрамының тұрақтылығын
қамтамасыз ету;
3)тіндік сұйықтық, лимфа түзілістері мен қан арасындағы гуморалдық байланыс;
4)ішектердегі майлардың ыдырауындағы заттардың сіңірілуі және олардың веналық
арнаға жеткізілуі;
5)сірлі қуыстардағы сұйықтықтың сіңірілуі;
6)қорғаныш қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: