50
Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ресурстарын ...
экономикалық даму мақсаттарына қол жеткізуге
және цифрлық экономиканы қалыптастыруға
бағытталған оңтайлы да перспективалы қадам
деп айта аламыз (Буданцев, 2020) [5].
Тарихына үңілсек, «цифрландыру» терми-
нінің өзі ақпараттық-коммуникациялық техно-
ло гиялардың қарқынды дамуына байланысты
пайда болды. Давоссе Клаус Шваб, 1960-1980
жылдардағы
алғашқы цифрлық революцияны
«өнеркәсіптік» деп атады, оның катализаторы
жартылай өткізгіш ЭЕМ, 60-70 жылдары – дербес
компьютерлерді, 90 жылдары – интернет желісін
дамыту болды деген пікірді ұстанады. Сонымен
қатар автор төртінші өнеркәсіптік революцияға
ауысу басталатындығын және ол мобильді
ғаламтор желісі мен жасанды интеллектінің да-
муына байланысты цифрлық технологияның кең
ауқымына негізделетінін алдын ала пайымдаған
еді (Никулина, 2018) [6].
Заманауи цифрлық мәдениетті анықтайтын
негізгі құбылыстарға дербес компьютер мен
сандық құрылғылардың барлық түрлері жата-
ды: ғаламтор, жасанды интеллект, жүйелік және
қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету,
компьютерлік графика және виртуалды шындық
жүйелері, дәстүрлі байланыс құралдарының
сандық форматтары (кітаптар, фотосуреттер, ау-
дио және бейнежазбалар, сандық теледидар және
т.б.), компьютерлік ойындар, технологиялық
өнер туындылары. Аталған үрдістер толықтай
ғаламтор желісінде болып, дәстүрлі қабылдау
үшін жиі теріс қабылданатын екіұшты тенденци-
яларды тудырады. Цифрлық дәуірде мәдениеттің
ерекше түрін қалыптастыру мәселесі өзекті бо-
лып отыр (Галкин, 2013) [7].
Ресей
ғалымдарының тұжырымдауынша,
қазіргі цифрлық біліми орта үш негізгі жағ-
дайларға негізделеді, біріншіден, бүкіл әлем
цифрлық форматқа көшуде және соған сәйкесті
білім беру үдерісі артта қалмауы тиіс; екіншіден,
білім беруді цифрландыру жекелік білім траек-
ториясын таңдауға мүмкіндік беріп, өз біліміне
деген жауапкершілікті арттырады; үшіншіден,
білім берудің тұтас цифрлық жүйесі барлық ел
азаматтарына сапалы және тым жаңа білім алуға
тең қолжетімділік бере алады (Тавадян, 2019)
[8].
Жалпы цифрлық білім беру ресурстары
ұғымы қарапайым «қағаз» ақпарат көздері
(кітаптар, журналдар, газеттер, оқулықтар, оқу
құралдары және т.б.) ұғымынан және электрон-
ды бұқаралық ақпарат құралдарының (радио
және теледидар сияқты) көмегімен таратыла-
тын мазмұнды материалдан, сондай-ақ, соңғы
отыз жыл ішінде айтарлықтай өзгерген дәстүрлі
педагогикалық бағдарламалық құрал ұғымынан
туындайды. Қазіргі таңда сабақта цифрлық білім
беру ресурстарын қолданбай елестету мүмкін
емес, сондықтан мұғалім ақпараттық техноло-
гияны толық меңгеріп, ғаламторда еркін жұмыс
істей білуі тиіс. Мұнда педагог білім беріп қана
қоймай, білім алушыларды өз бетімен білімді
толықтыру көздерін табуға, өзін-өзі жүзеге асы-
ра білуге бағыттау қызметін атқарады.
Осыған
байланысты, ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетіп
қана қоймай, білім беру жүйесін жаңаша құруға
мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық техно-
логиялар негізінде құрылған оқытудың жаңа
моделіне сәйкесті құрылған тұтас педагогикалық
үдерісті талап ететіндігін ескеру қажет.
Тәжірибе дәлелдеп отырғандай, цифрлық
білім беру ресурстарының мүмкіндіктері кең
және олардың көпфункционалдық рөлі келесі
мазмұнда сипатталады (Кубрушко, 2019) [9].
•
оқытудағы көрнекіліктің жедел құралы
ретінде;
•
білім алушылардың практикалық машық-
тарын пысықтауда көмекші құрал;
•
білім алушыларға сауалнама жүргізу және
бақылау, сондай-ақ, үй тапсырмаларын бақылау
және бағалау құралы;
•
схемалармен, кестелермен, графиктермен,
шартты белгілермен жұмыс жасау мүмкіндігі;
•
білім алушылардың шығармашылық жұ-
мыс тарындағы мәтіндерді редакциялау және
қателерді түзету құралы.
Электронды білім беру ресурстары оқыту
құралы ретінде дәстүрлі оқыту құралдарымен
салыстырғанда
олардың артықшылықтарын
анықтайтын бірқатар басымдылықтарға ие, олар:
1. Мультимедиа құралдары. Ақпаратты ұсы-
нуда бірнеше құралдарды бір уақытта қолдану:
графика, мәтін, бейне, фотосурет, анимация,
дыбыстық эффектілер, жоғары сапалы дыбыстық
сүйемелдеу.
2. Интерактивтілік. Электронды білім беру
ре сурстарындағы интерактивтілік жиын элемент-
терінен бірнеше таңдау арқылы қамтамасыз
етіледі; пернетақтадан мәтін енгізу, содан кейін
қателерді талдау және жүйелеу; жаңа ақпараттық
объектілерді аудиовизуалды түрде ұсына оты-
рып, композицияның интерактивті мульти-
медиа элементтерін белсендіру; белгілі бір
жүйені ұйымдастыру мақсатында объектілерді
бай ланыс арқылы біріктіру. Электронды білім
беру ресурстарының бұл мүмкіндіктері білім
51
Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлық білім беру ресурстарын ...
алушының өзіне ыңғайлы қарқынмен жұмыс
істеуін қамтамасыз етеді және олардың таным-
дық
іс-әрекетінің жеке қабылдауын, даралық
ерекшеліктерін ескеруге көмектеседі.
3. Қолжетімділік. Электронды білім беру
ресурстарының қолжетімділігі оларды ыңғайлы
уақытта және кез келген қолданушымен әлеу-
меттік медиа қарым-қатынаста болуын қам-
тамасыз етуі. ЭБР мазмұнындағы қолжетім ділік
ерекше білім беруді қажет ететін балаларға,
әсіресе, үй жағдайында оқытылатын білім
алушылар үшін өте маңызды. Бұл МЖМБС
ережесін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді,
соған сәйкес әр оқушыға (дарынды балалар мен
ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қоса
алғанда) түрлі ұйымдастыру формалары мен
жеке ерекшеліктерін ескеру қамтамасыз етілуі
тиіс (Рахматуллина, 2020) [10].
4. Жан-жақтылығы. Әмбебаптылық – бұл
электронды білім беру ресурстар сапасы оқу пәні
бойынша нақты оқу-әдістемелік кешенге қатаң
байланысты емес және кез келген оқу-әдістемелік
кешен сабақтарына енгізілуі мүмкін материал
бойынша білім, білік,
дағды қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Алайда кез келген электрон-
ды білім беру ресурстарын қолдану негізінде
оқу процесін құруда белгілі бір оқулықта неме-
се оқу пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенде
жүзеге асырылатын тұжырымдаманың негізгі
ережелерін ескеру, яғни авторлардың жетекші
идеяларына қайшы келмейтін электронды
білім беру ресурстарын таңдай отырып, соның
негізінде білім алушылардың іс-әрекетін құру
басшылыққа алынуы қажет.
5. Вариативтілік. Вариативтілік деп оқу маз-
мұ нының бір фрагментін әр түрлі оқу-әдістемелік
кешендерге (ОӘК) және оқу бағдарламаларына
бағдарлай отырып ұсыну түсініледі және
ерекшеленеді: қазіргі заманғы жағдайларда ерек-
ше өзекті; мазмұн элементтерін енгізудің әр түрлі
тәсілдері; енгізілетін бекітулердің негіздемелерін
нақтылаудың әр түрлі тәсілдері мен дәрежесі
және т.б.; күрделіліктің әр түрлі деңгейлері;
оқушылардың ақпаратты қабылдауының түрлі
әдістері, бұл білім алушылардың білім беру
қажеттіліктерін қанағаттандыру
кезінде білім
беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін білім
алушылардың жеке ерекшеліктерін «дәл» рет-
теуге, оқушылардың әр түрлі санаттары үшін
мазмұнды игерудің жеке траекторияларын
құруға мүмкіндік береді (Мошқалов, 2012) [11].
Біздің пікірімізше, ЦБР басты артықшы-
лықтары – бұл мұғалімге ауқымды мазмұнда
көмек беруі, яғни мультимедиялық проектор
ар қылы сандық нысандарды көрнекі түрде
көрсетуі; білім алушылардың сандық білім
беру ресурстарымен жұмысының жекелік,
зерттеушілік, сондай-ақ, шығармашылық сипат-
та болуын ұйымдастыруы; оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын айтарлықтай арттыруы;
энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпарат
алу мүмкіндігі.
Әдебиеттерге шолу негізінде келесі тұжырым
жасай аламыз:
Достарыңызбен бөлісу: