1 Санитариялық микробиология: фармацевтикалық практикаға қатысты түсінік, мақсаттар мен міндеттер



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата07.04.2023
өлшемі251,83 Kb.
#80295
  1   2   3   4
Байланысты:
Микро-11 апта (копия)



1) Санитариялық микробиология: фармацевтикалық практикаға қатысты түсінік, 
мақсаттар мен міндеттер. 
 

Санитарлық микробиология – адамдардың денсаулығына қолайсыз әсер ете алу мүмкіндігі бар 
қоршаған орта микроорганизмдерін (оның ішінде патогенділерін де) зерттейтін медициналық 
микробиологияның тарауы. Ол коршаган орта обьектшершде патогенді, шартты- патогенді жэне 
санитарлык- керсеткіш микроорганизмдерді аныктайды, коршаган орта обьектілерін залалсыздандыру 
тиімділігін бакылау тәсілдерін жэне гигиеналык нормативтердің микробиологиялык керсеткіштерін 
жасайды. 
Патогенді  микроорганизмдерді аныктау эпидемиологиялык жагдайды багалауга жэне жұкпалы аурудың 
алдын-алу жэне тиісті куресу шараларын колдануга мумкіндік береді 
Шартты – патогенді iмикроорганизмдер – әлсіреген организмде іріңді- кабыну npoцесін коздырады. 
Сонымен катар, олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп адамдарда микробтық 
этиологиялы тагамнан уланулар қоздыруға себепкер болады. 
Санитарлық микробиология саласының мақсаты – қоршаған орта объектілерінен санитарлық-
көрсеткіш микроорганизмдерді анықтап қана қоймай, олардың сандық көрсеткіштеріне де сипаттама беру 
қажет. Қоршаған орта нысандарындағы, азықтар мен тағамдардағы санитарлық-көрсеткіш 
микроорганизмдердің концентрациясы жоғарылаған сайын олардың адамдар мен жануарлардың 
денсаулығына қауіп төндіруі де арта түседі. Осы бағыттарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде 
санитарлық-көрсеткіш микроорганизмдерге қойылатын талаптар әзірленген. 
 
Міндеті: 
• Қоршаған орта объектілеріне микробилогиялық зерттеу жүргізу
• Микробиологияқ көрсеткіштер нормативін жасау
• Сыртқы орта объектілерін сауықтандыру шараларын жасау және олардың орындалуына бақылау 
жүргізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет