МЕББМ «Казақстан-Ресей
Медициналық Университеті»
НУО «Казахстанско-Российский
Медицинский Университет»
Бұл заңның физикалық маңызы люминисценциядағы Вавиловтың заңына
сәйкес келеді – фотохимиялық реакцияға
қозған қалыптың ең төменгі
деңгейіндегі молекулалар қатысады.
Бұл заңның салдары: s =sjx болғандығынан s (l) әсер ету спектрінің
формасы жеке зат үшін оның S(l) жұту спектріне сәйкес келеді.
Биологиялық жүйедегі дозалық қисық сызықтар бойынша әсер етудің
спектрін өлшеу ешқандай спектралдық өлшеусіз фотолизге ұшыраған
заттын жұту спектрін, ақырғы фотобиологиялық эффект үшін күрделі
жүйенің қай компонентінің фотолизі жауапты екендігін табуға болады.
Қарапайым оқиға. Трипсиннің фотобиологиялық әсер ету спектрінің және
сол ферменттін жұту спектрінің қисық сызықтарын қарастырайық (сурет
3). Трипсинде 3 бас хромофорлар болады: триптофанның, тирозиннің және
цистиннің қалдықтары. Олар трипсиннің жұту спектрі үшін жауапты.
Әсер ету спектрі бұл спектрді толығымен қайталайды,
сондықтан
ақуыздың инактивациясы үшін барлық үш аминоқышқылдардың
инактивациясы керек деп айтуға болады.
Күрделі фотобиологиялық процестерде ақырғы эффект алдында жартылай
қайтымды фотохимиялық процесстер мен жарық шығарусыз кезеңдер
жүреді. Онда: кинетикалық тепе-теңдік орындалмауы мүмкін
және әсер
ету спектрін анықтау үшін s қалай анықтауға болатындығы белгісіз.
Көбінесе мұндай жағдайда ордината осі бойынша барлық толқындар
ұзындықтары үшін бірдей фотобиологиялық эффектті шақыратын Дс
дозасына теріс Э «жарықтың тиімділігі» шамасы салынады.
Эритеманың әсер ету спектрінде ордината осінде «эритемалық тиімділік»
деп аталатын шаманы салады, ол шама минималды эритемалық дозасына
(МЭД) теріс пропорционалды.
МЭД- минималь эритемдік доза ,яғни ең
минималь байқалатын эритеманың пайда болуын туғызатын сәулелену
дозасы. Мұндай шама адамның күннің көзіне күю, өсімдіктердің
фототропизм
және фототаксис ,көздің сезімталдығы т.б спектрлерін салу
үшін алынады.
Достарыңызбен бөлісу: