Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
СОӨЖ
Тақырыбы:Еркіндік философиясы
Орындаған:Бекберген Ақбота
Тобы:ТФП-210К
Қарағанды 2023
Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік
пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш идеясы әсірешіл ұраншыл
қазақтың ойы емес, жалпыадамзаттық құндылық этикасын сақтай отырып, отарлық
езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шақыру болатын. Тарихшы Мәмбет
Қойгелді «Тарих - күрес алаңы» кітабында Алаш идеясы жайында: «Қазақ
ұлтшылдығының өзекті жібі, діңгекті ойы «менің ұлтым өзгеден ерекше, артық»
сияқты мазмұндағы ұран болған жоқ. Ол елім деген қазақтың оқыған азаматының
надандық пен отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шығару,
өзгемен тең ету жолындағы қызметке әзірлігін білдіретін шешімі және осы мақсат
үшін күреске шақырған үндеуі болатын», – дейді. Және сондай-ақ «Қазақ
ұлтшылдығының концептуалдық деңгейде және жалпыадамзаттық құндылықтар
арнасында қалыптасып, оны ұлт зиялыларының сенім және күрес қаруы дәрежесіне
жеткізу ісінде Әлихан Бөкейхан жетекші рөл атқарды» дегенді де М. Қойгелді
зерттеулерінде жиі келтіріп отырады. «Әлихан Бөкейхан жай қатардағы ұлт азаттық
қозғалысысының белсенді тұлғасы емес. Ол – жаңа мазмұн, сипаттағы қазақ азаттық
қозғалысының негізін қалаушы көш бастаушысы, лидері. Оның азаттық қозғалысын
жаңа интеллектуалдық деңгейге көтеру ісіндегі еңбегін кезінде бүкіл ел-жұрты,
патшалық және советтік биліктер мойындаған», –деп жазды алаштанушы ғалым
М.Қойгелді. Алаш үкіметі үшін жетекші рөл атқарған Әлихан Бөкейханның қызметін
тіптен қарсыластары да мойындады. Сондай оппенттердің бірі Бақытжан Қаратаев
Бөкейханға жолдаған хатында: «Меніңше жалғыз сен ғана халықтың ықыласына
лайықсың. Жалғыз сен ғана халқым үшін қызмет жасадым деп айтуға хақылысың», – деп
жазды.
Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Ол тұста қазақтың оқыған, саяси
орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру жөн-жосығын білетін
ұлт зиялыларының басын біріктірді. Соның арқасында Алаш идеясын аясында мыңдаған
қазақтың басы бірікті. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық
көзқарастарының эволюциясы» атты еңбегінде: «Қазақстанның Ресейге бодан
болғаннан бергі тарихындғы жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер
мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына
Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы
саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен
Достарыңызбен бөлісу: |