Эссе дегеніміз не? Оның шығармадан айырмашылығы қандай?



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата10.04.2023
өлшемі1 Mb.
#81292
1   2   3   4   5   6   7   8
(эссе) мәселесі – өте күрделі, жан-жақты талдауды қажет ететін мәселе. 
(эссенің) карта-схемасы – мәтін түзудегі нақты параметрлерді, яғни 
аргумент арқылы сипаттау, тезис құрау, жазылатын эссе тақырыбын
жоспарлау сияқты параметрлерді қамтитын эссе құрылымының визуалды 
сипаты.
ТЕОРИЯ: Бірінші сабақта мыналарды білеміз:
• 
Аргументті эссені шығармадан ажырата білу.
• 
Аргументті эссе қандай болуы керек
• 
Эссе тақырыбы бойынша алдын-ала жұмыстар алгоритмін анықтау.
• 
Эссе тақырыбын таңдау, эссе тақырыбы мен эссе мәселенің талдау.
• 
Жазылатын эссе құрылымы мен мазмұнын сипаттау.


- 5 -
1. ЭССЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
ОНЫҢ ШЫҒАРМАДАН АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ ҚАНДАЙ?
Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. 
Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, 
сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. 
Л.П. Крысинның «Толковый словарь иноязычных слов» деген еңбегінде эссе 
«жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін 
очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , 
көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын 
проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, 
публицистикалық жанр.
Эссенің кейбір белгілері:
- нақты тақырып немесе мәселенің қойылуы;
- мәселені кең көлемде талдауға арналған туынды эссе бола алмайды;
- нақты мәселе немесе сұрақ бойынша адамның жеке әсері мен түсінігін 
білдіреді;
- белгілі бір пәнді анықтап түсіндіріп беруге тырыспайды; 
- эсседе бір нәрсе туралы субъективті реңк алған, жаңа сөздер беріледі, 
атап айтатын болсақ, бір мәселе төңірегінде айтылып жүргеннен басқа ой 
айтылып, басқа сөз қолданысы көрініс табады;
- эссенің мазмұнында бірінші кезекте автордың тұлғалық ерекшелігі – 
оның дүниетанымы, ойы мен сезімі бағаланады.
Эссе жазу кезінде мына сәттерді ескеру де маңызды: 
Кіріспе және қорытынды ой негізгі мәселеге шоғырланғаны жөн (кіріспеде 
ол мәселе ретінде қойылса, қорытындыда түйінделеді).
Кейбір абзацтарды, негізгі ойды бөліп көрсету, абзацтардың логикалық 
байланысын сақтау, міне, осылай жұмыстың тұтас құрылымы туады. 
Мазмұндау стилі: эссеге эмоционалдылық, экспрессивтілік, көркемдік тән. 
Мамандар қысқа, ұғынықты, екпіні бойынша әртүрлі сөйлемдер мен сәнге 
айналған заманауи тыныс белгісі – сызықшаның қойылуын эссе жазудың 
тиімді құралы деп санайды, яғни айқындауыш мүше, сөйлемдердің көп болуын 
айтады. Жалпы, стиль тұлғаның ерекшелігін танытып тұруы шарт екенін есте 
ұстаған жөн. 
Ал эссе тақырыбы әрқашан нақты. Оның көп тақырыбы және идеясы болуы 
мүмкін емес. Онда бір ғана нұсқа, бір ғана ой беріледі және сол әрі қарай 
өрбітіледі. Бұл – бір ғана сұрақ жауабы. 
Эссе оқушысын таң қалдыруы тиіс. Адамды ой салатын шығармадағы 
кейбір пікірлер көбінесе афоризмге айналып кетеді. Эсседе, міне, осындай 
белгілер және оғаш пікірлер болуы тиіс. Сөйтіп, оқушысын ойландырып, жаңа 
идея тудырып отыруы абзал. 


- 6 -
Анықтамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет