59-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгiзу және судьялар
қызметiнiң онымен байланысты ерекшелiктерi
1. Осы Конституциялық заң тиiстi заңдардың қабылдануына қарай, бiрақ
2001 жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiлетiн 11 баптың 2-
тармағын, 13-бапты, 18-баптың 2-тармағын, 19-бапты, 30-бапты және 36-баптың 2-
тармағының екiншi бөлiгiн қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап
қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қызметке
тағайындалған немесе сайланған Республика соттарының қызмет етiп жүрген
төрағалары мен судьялары өз өкiлеттiктерiн сақтайды.