Дәріс тезистері: №1 дәріс. Жазу және тіл дамыту мәселелері. Оны зерттеген ғалымдар


№ 12 дәріс. Ақпараттық жазба жұмыстар: нұсқаулық, хабарлама



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата13.04.2023
өлшемі470,96 Kb.
#82563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ 2

 
№ 12 дәріс. Ақпараттық жазба жұмыстар: нұсқаулық, хабарлама 
№ 13 дәріс. Ақпараттық жазба жұмыстар: жаңалық жазу, баяндама 
 
Баяндама – шыншыл, өзгертілмеген тұлғалық-құнды мәні бар ақпаратты беретін 
шығармашылдық тұрғыдан өңделген, синтаксистік және тілдік жағынан логикалық қайта 
құрылымға түскен шығарма. Баяндама жазу студентті сыни қабылдау, салыстырмалы 
талдау, тұлғалық-құнды-мәнді мәліметтер мен фактілерді қабылдау мен қорыту, іскерлік 
этиканың ережелерін сақтау және т.б. әрекеттерді орындауға үйретті. Баяндама ғылыми 
мақала түрінде жүзеге асырылды. Ол студентті тақырыптың мақсаты мен міндеттерін 
анықтауға, зерттеу мазмұнының ғылыми жағдайын саралауға, әлеуметтік-гуманитарлық 
және әлеуметтік-экономикалық білімін ұтымды қолдануға жетеледі. Ғылыми талдау мен 
қорыту жасай білуге баулыды. Мәнді мәселелерді зерттеудің теориялық негіздерін 
жасаумен байланысты студенттердің зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталды. 
Баяндама мәтінін іріктеу кезінде студент эмпиристикалық, лингвистикалық және 
прагматикалық тәсілдерді пайдаланды.
Ғалымдар студенттің баяндама жасауы оның бірнеше құзіреттілігін қалыптастыруға 
көмектесетінін айтады. Лингвистикалық құзіреттілігі қарым-қатынас барысында дұрыс 
құрылған және белгілі бір ойды білдіретін пікірлерді құрастыру үшін тіл құралдарын 
пайдалану қабілеті мен білімі арқылы көрінеді. Қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық, 
семантикалық, фонологиялық жүйесін меңгеруі арқылы байқалады. Қарым-қатынас жасай 
алу қабілеті әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілігінің дамуымен, әңгімелесушінің әлеуметтік 
статусы мен рөлін ескерумен тығыз байланысты. Әлеуметтік-тұлғалық құзіреттілік 
қарым-қатынас жағдаяттарымен, сөйлемдерді құруымен және баяндама жасауға 


байланысты туындаған қиындықтарды жеңіп шығу үшін қолданатын тәсілдерді ұтымды 
пайдалануымен айқындалды. Әртүрлі типті дискурстарды білу, яғни, лингвистикалық, сол 
сияқты экстралингвистикалық сипаттамаларға (қатынасқа қатысушылар, олардың 
қатысымдық мақсаттары, әлеуметтік рөлі, білімдері) ие тілдік шығармалар және оларды 
құру ережелерін, сол сияқты оларды жасау мен белгілі бір қатысымдық жағдаятты ескере 
білуімен анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет