36
Гүл толған әдемі.
Ұйқы
ашар сағаттай
Бозторғай әуені.
(Б.Тәжімбетов)
– Бозторғай дегеніміз не?
– Өлеңде бозторғай құсының ән салғаны жайында, гүлдердің
жайқалып, көп болып өсуі
туралы айтылған? Бұл қай мезгіл? (Жаз)
– Бұлбұл қайда әнімен
Оятатын тербетіп,
Теңселеді алып емен,
Жаңбыр жауды желдетіп.
(«Күзде» өлеңі, Т.Молдағалиев)
– Балалар, бұлбұл – құстың аты. Кәне, бірге қайталайық (бұл-бұл).
«Ұ» дыбысына дұрыс айтылуына жаттығу орындау.
Ұ-ұ-ұ- ұл
Ұл-ұл-ұл –Ұлпан
Ұй-ұй-ұй – ұйқы
Бұл-бұл-бұл – бұлбұл
Бұ-бұ-бұ – бұзау
«Ұ» дыбысының
ауыздан еш кедергісіз, емін-еркін шығатындығын,
яғни оның дауысты
дыбыс екендігін айту.
– Табиғаты тамаша Отанымыз Қазақстанға тамсанбау мүмкін емес. Балалар, сендер
Отанымыз Қазақстанды жақсы көресіңдер ме?
– Олай болса, Отанымыз Қазақстанға арналған өлең жолдарын айтайық.
Тақпақты мұқият тыңдауға тырысады.
«Қазақстан – менің Отаным» өлеңін оқу.
Асыл
өлкем ерекше,
Қазақстан мекенім!
Беп-белгілі емес пе?
Сенің ғажап екенің!
(Д.Елайқызы)
– «Отан оттан да ыстық» деген мақал бар. Балалар, не себепті Отанды оттан да ыстық
дейміз?
Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: