А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет30/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

3.Қорытынды кезең (рефлексия) 
«Ұ» дыбысын қайталатып айтқызады, осы дыбысты қатыстырып, мысалдар келтірткізеді. 
Балалар дыбысты дұрыс айтуға тырысады. 
№ 12
Білім беру саласы: Коммуникация, Әлеумет
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін сахналау 
Мақсаты
Ертегі мазмұнын түсіндіру.


37 
Міндеттері: 
а) Сөйлеу мәнерін қалыптастыру. 
ә) Сахналау қойылымына атсалысуға ықылас білдіруді, сөйлеу мәнерінің көркемдік әдіс-
тәсілдерін (дауыс ырғағы, ымдау, қимыл-қозғалыс, дауыс құдіреттілігі, интонация) қолдануды 
дамыту; халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру. 
б) Шыншылдыққа, адамгершікке тәрбиелеу. 
Күтілетін нәтижелер: 
біледі: кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын келтіруді; 
түсінеді: ертегіні сахналауды; 
қолданады: аңдардың, құстардың дауыс ырғағын дұрыс келтіруді
Қолданылатын көрнекі құралдар: сөйлеуді дамыту дәптері, сахналауға арналған түлкі, 
әтеш, тауық, тауыс, үйрек, қоян бетперделері, киімдері 
Сөздік жұмыс: айлакер
Билингвалды компонент: түлкі – лиса – fox. 
ҰОҚ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 
Жұмбақ шешу. 
Өзі бір қу, жүрген жері айғай да шу. 
Жұмбақтың жауабы: түлкі. 
– Балалар түлкі қандай аң? 
– Түлкінің жүрісін салайықшы? 
– Түлкі – айлакер, қу аң. Түлкінің түсі қызғылт болып келеді. 
(Түлкінің жүрісін салып көрсету). 
Демонстрациялық құрал (суретке қарап, түлкі туралы әңгімелеу). 
«Айлакер түлкі» ертегісі оқылады. 
Дәптердегі суреттер арқылы ертегіні әңгімелейді. 
Баяғы бір заманда орман ішінде алай-дүлей дауыл соғады. Дауылдың қатты соққаны 
соншалық ағаштарды тамырымен құлатып, жуан бұтақтарды сындырып, жапырақтарды 
ұшырып әкетеді. Аңдар қорыққанынан өзіндеріне тығылыпты. Осылайша дауыл бірнеше 
күн соғып, артынша тынышталыпты. Сол орманда Әтеш пен Тауық өмір сүріпті. Дауыл 
олардың балапандарын ұшырып әкетіпті. Жел тынышталғанда Тауық Әтешке: 
– Мен мұнда енді қала алмаспын. Бізге басқа жерге қоныс аудару керек, – депті. 
Сұрақ: 
– Балалар, құстардың балапандарын мына дауыл ұшырып алып кете беретін болса, 
бұларға не істеу керек?
– Оларға басқа жерге кету керек. 
Әтеш Тауықтың сөзіне келісіп, қоныс іздеуге бірге аттаныпты. Олар жолда келе жатса, 
алдарынан екі Үйрек кездесіпті. Сонда Үйрек Тауықтан: 
– Сіңлім! Қайда жол жүрмексіңдер? – деп сұрайды. 
– Біз енді бұл орманда қалуға қорқамыз, сондықтан жаңа қоныс іздеуге бара жатырмыз, – 
деді. 
– Ендеше бізді де өздеріңмен бірге ала кетіңдерші, бізде мұнда тұрғымыз келмейді, – 
дейді Үйректер. Әтеш пен Тауық келісіп, төртеуі бірге жолға шығыпты. Көп ұзамай 
оларға екі Тауыс кезігіпті. Тауыс:
– Барлықтарың қайда бара жатырсыңдар, – депті. 
Сонда барлығы:
– Бұл орманда тұру қауіпті, сондықтан басқа жерден қоныс іздеп бара жатырмыз, – 
депті. 


38 
Тауыс:
– Ендеше бізді де ала кетіңдерші, бізге де қауіп төніп тұр, – депті. 
Енді олар алтау болып, жаңа қоныс іздепті. 
Сұрақ: 
– Сонымен Тауық пен Әтешке нелер кезігіпті? 
– Тауық, Әтеш, Тауыс, Үйрек аңдар ма әлде құстар ма? 
– Құстардың қандай пайдасы бар? 
Жолдан бұларға Қоян да ілесіпті. Кенет қайдан шыққаны белгісіз алдарынан түлкі 
шығыпты. Ол қоныс аударушыларды көріп таңғалып, былай дейді: 
– Шырақтарым, қайда бағыт алып бара жатырсыңдар? 
Барлығы: Біз мына орманда қалуға қорқамыз, сондықтан өзімізге жаңа қоныс іздеп 
бара жатырмыз,– депті. 
– Біздің орманнан кетпеңдер! Мен бір жақсы жер білемін. Сол жерді көрсетейін бе? 
Онда тыныш және сендер онда рақат өмір сүресіңдер! – дейді. 
Ең әуелі оған ешкім сенген жоқ. 
Бірақ Түлкі айтқан жерді мақтап, алдағаны сонша, ақырында бәрі сол жерді көруге 
көніп: 
– Жарайды, ең әуелі мақтаған жерге барып, көрейік. Ұнамаса, әрі қарай кете береміз, 
– деді. Түлкі оларды дәл өзінің ініне әкеліп алып:
– Бұдан әрі жол тар, мен алдына шығайын, ал сендер бір-бірден менің артымнан 
жүріңдер, – деді. Осы сөзден кейін ол ініне жылмаң етіп түсіп, жасырынып қалды. Ал 
оның артынан бірінші Тауыс кірді, сосын Әтеш тағы басқалары. Түлкінің алдағанын 
білген Қоян жылдам секіріп, апаннан шығып кетті. Қатты жүгіретін Қоянға Түлкі жете 
алмады. Бірақ аңқау құстарды жеп қойды. 
– Сендерге ертегі ұнады ма? 
– Сендер ертегінің осылай аяқталғанын қалайсыңдар ма? Ал қалай аяқталғанын қалар 
едіңдер? 
– Ертегі мазмұнын түсіндіңдер ме, рөлдерге бөлініп ойнағыларың келе ме? 
Драмалық ойын: Ертегіні драматизациялау (сахналау) 
Мақсаты: балалардың рөлге ене білуі, дұрыс ырғақ, түрлі интонация, қимыл-қозғалыспен, 
кейбір ым-ишарамен бейнені келтіре білу қабілетін дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет