Ойын: «Көңілді доп»
Мақсаты: Ыдыстардың атын атай білуге, жылдамдылыққа баулу.
Ойналу шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады, педагог ортаға тұрып, балаларға допты
ақырын лақтырады. Оны қағып алған бала кез келген ыдыстың атын айту керек. Ескерту:
бірінің айтқанын бірі қайталамау керек. Балалар шеңбер бойымен тұрады. Ойынды
қызыға ойнайды.
– Енді орындарымызға отырамыз. Осы айтқан ыдыстарымызды асүйге орналастыру
үшін дәптермен жұмыс жасаймыз.
Дәптермен жұмыс: дәптердегі «Ыдыстың бөліктерін толықтырып сал» тапсырмасын
орындау. Балалар дәптермен жұмыс жасайды.
Сергіту жаттығуы: Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бұрыл.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бұрыл.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
(Балалар, сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды).
Тіл ұстарту: Ыс-ыс-ыс
Болсын мол ы-рыс, Болып қапты қыс.
Аман болсын ту-ыс,
Ыдыстарды жу-ыс.
(«Ы» дыбысының дауысты дыбыс екендігін айту.) Балалар өлең жолдарын бірге қайталай
отырып жаттап алады.
3. Қорытынды кезең (рефлексия). Ойында бірінің айтқан ыдысын бірі қайталамау керек
екендігін ұсыныс ретінде білдіреді.
№16 Білім беру салалары: Коммуникация, Таным
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: Екі сараң қонжық (Венгр халық ауыз ертегісін сахналау)
Мақсаты:
Ертегі мазмұнын түсіндіру. Сараң сөзінің мағынасын ашып айту.
Міндеттері:
45
а) Ертегі желісін өз сөзімен жеткізу біліктілігін жетілдіру
ә) Балаларды таныс әдеби шығармаларды сахналауға атсалысуға ұмтылдыру; ондағы
кейіпкерлер бейнесін еркін түрде көркем шеберлікпен сомдай білу біліктерін дамыту.
б)Бауырмалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.