51
Суреттердегі айырмашылықтарға қарай келе әңгіме құрайық.
Әңгіме құрмас бұрын біз ең алдымен несін құрып аламыз? (Әңгіменің тақырыбын құрып
аламыз).
– Ендеше, біз оның тақырыбын «Ұзын құлақ ақ қоян» деп аламыз.
Тақырыбы: «Ұзын құлақ ақ қоян»
– Қысгүні бір ақ Қоян орман ішінде жортып жүріпті. Қыста Қоянның тоны ақ түске
ауысады екен. Одан кейін күн жылына бастағаннан кейін оның түсі сұры түске айналады.
Қыста ақ түске, ал жазда сұр түске айналуының себебі адамдарға,
жабайы жануарларға
көрінбей, тығылуына ыңғайлы. Қоян өте қорқақ, тіпті оның
құлағы саққұлақ деуге де
болады. Себебі құлағы сыбдырды тез естиді екен. Қояндар жауынан орғып-орғып қашады.
Педагог балаларға орындарынан тұрып қояндарша секіріп-секіріп алуды ұсынады.
Балалар орындайды.
– Осылайша орғып келе жатқанда алдынан Қасқыр кезігіпті. Қасқыр ырылдап,
Қоянды жегісі келді, бірақ Қоян Қасқырға былай депті:
–
Мені жемеші, мен саған тақпақ айтып беремін.
Сонда Қасқыр: А, солай ма? Жарайды, айта ғой, – деп Қоянды тыңдапты.
Достарыңызбен бөлісу: