53
– Біз туған жерімізді, Отанымызды жақсы көреміз бе? (Әрине, жақсы көреміз, себебі біз
осы жерде туылғанбыз).
– Біздің жерімізде басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар қандай ұлт өкілдері?
Балалар: орыс, татар, кәріс, ұйғыр, өзбек, қырғыз т.б.
– Біз барлық ұлт өкілдерімен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.
– Ал
енді балалар, бізге келген екі қуыршақ қызды әңгімелейік. Айгүлдің шашы
қандай екен? (Айгүлдің
шашы қара, бұрымды, қолаң және ұзын болып өріліпті).
Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр мұрынды, әдемі ауызы болыпты. Ол үнемі өзінің
қасынан сіңлісін тастамайтын қыз екен. Оның сіңлісінің есімі – Айгөлек.
Балалар сендер халық әні: «Айгөлек» әнін білесіңдер ме?
Достарыңызбен бөлісу: