А. М. Наурызбаева СӨйлеуді дамыту әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет45/73
Дата15.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#83043
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
httpswww.edulife.kzsabaq-kzattachmentsyleud-damytu-dstemelk-nsau.pdf

Сергіту жаттығуы: «Айгөлек» 
Айгөлек-ау, айгөлек 
Айдың жүзі дөңгелек. 
Айдай туған кезімде, 
Би, билейміз дөңгелеп. 
(Балалар, сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл-қозғалыс арқылы орындайды). 
– Балалар, енді сендер Айгөлек пен Айгүлдің ауылына барғыларың келеді ме?
Балалар: әрине барғымыз келеді. 
– Ендеше барлығымыз көз жұмамыз. 
Балалар көз жұмып, көз алдарына қысқы ауылды елестетеді. 
Көз жұму әдісі: Қысқы ауыл бейнесін елестету. (Ыңғайы келсе, әуен арқылы орындалса).
– Балалар, елестеттіңдер ме?
Балалар: Қыс мезгілінде уілдеген боран дауысы шығады. Ууууууууууууууууу 
– Иә, уілдейді.
Айгөлек пен Айгүлдің отбасында атасы, әжесі, ағасы, жеңгесі, әпкелері, інілері бар екен. 
Сонда олар үлкен отбасылы ма? Әлде кіші отбасылы ма?
Балалар: Олар үлкен отбасылы екен. 
Дәптермен жұмыс: Сөйлеуді дамыту дәптеріндегі «Отбасы мүшелерін сызық арқылы 
және ретімен орналастыр, орналастыру себебін түсіндір» тапсырмасын орындау. 
Тақпақ: «Отбасы» 
Анаң – күнің, жүрегің, 
Әкең – өмір тірегің. 
Әжең – асыл ардағың, 
Атаң – дана қорғаның. 
Ағаң – қамқор асқарың, 
Інің – мөлдір аспаның.
(М.Қуанышбеков) 
(Әдісі: отбасы мүшелерінің суреттерін көрсету арқылы тақпақты жаттату). 
Балалар тақпақты педагог соңынан қайталап отыру арқылы, жаттап алады. 
3.Қорытынды кезең (рефлексия)
Педагог балаларды отбасы мүшелерін сыйлауға, тату-тәтті болуға шақыра отырып, оқу 
қызметін қорытындылайды. 


54 
 
№ 21
Білім беру салалары: Коммуникация, Денсаулық 
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту 
Тақырыбы: Менің сүйікті үй жануарым 
Мақсаты
Жұмбақ шеше білу дағдыларын дамыту. 
Міндеттері: 
а) Жұмбақты шешу арқылы, балаларды өз тәжірбиесінен әңгіме құрауға, сөйлеу 
барысында сын есімдер мен етістіктерді (жануарға сипаттама беру арқылы, қайда өмір 
сүретіні, немен қоректенетіні) қолдана білуге үйретуді жалғастыру. Сұрақ-жауап арқылы 
жануарлардың түрлерін білуге, төлдерінің қалай аталуын, еркелету арқылы қалай 
атайтынын үйрету.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғыну біліктерін дамыту, ауызша сөйлеуін 
дамытуды жетілдіру. 
б) Жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу, жанашырлық сезімдерін ояту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет