3.Қорытынды кезең (рефлексия) Педагог күшігіміздің көңілі көтерілмегенін, енді үйге барған соң ғаламтор (интернет) ,
телефон арқылы хабарласып күшік туралы мағлұматтар жіберіп, оның иесін табуға
көмектесуге кеңес береді.
– Біз солай күшікті куантсақ, нұр үстіне нұр болар. Күшікпен қоштасып, оған жылы
сөздер мен тілектер арнау.
№30 Білім беру салалары: Коммуникация, Денсаулық
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту Тақырыбы:Ертегіде қонақта Мақсаты:
Ертегі мазмұнын әңгімелей білу дағдыларын дамыту.
Міндеттері: а) Балаларды сурет бойынша, өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай
білуге үйретуді жалғастыру. Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін
белсендіру.
ә) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және
сұраққа жауап беру біліктерін дамытуды жалғастыру, ертегіге қызығушылығын арттыру.
б) Үлкенге, кішіге көмек бере білуге тәрбиелеу. Күтілетін нәтижелер: біледі: ертегінің көптеген түрлерін білу;
түсінеді: ұқыптылықты игереді;
қолданады: ертегі кейіпкерлерін сахналауды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: текшенің 6 жақ бетінде әр ертегінің кейіпкерлері
болу керек. Сөйлеуді дамыту дәптері.
Сөздік жұмыс: тышқан.
Билингвалды компонент: тышқан – мышь – mouse. ҰОҚ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері: «Жылы сөздер»
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады, кезекпен-кезек бір-бірінің қолын ұстау арқылы
жылы сөздер айтады. Мысалы: Әйгерім, сен сондай ақылды қызсың!
2.Негізгі кезең Ғажайып сәт: Ортаға ғажайып текшені алып келу. – Балалар, бұл не? (Текше)
– Балалар, анықтап қарасақ, текшенің бетінде әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің суреттері бар.