Физика
9 сынып
I тоқсан.
Сабақтың тақырыбы: Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары
Мақсаты: 9.7.2.7 Кеплер заңдарының негізінде аспан денелерінің қозғалысын түсіндіру
Оқушыларға «Ой қозғау» түрткі сұрақтар қою арқылы алдыңғы алған білімдерімен
байланыстыра отырып жаңа тақырыпты ашатындай әрекеттер жасау. Мысалы,
Орбита дегеніміз не?
Ғаламшардың массасы мен ауырлық
күші ғаламшардың орбитасына қалай
әсер етеді?
Оқушылардың жауабы тыңдалып болған соң жауап видео көмегімен көрсетіледі.
https://twig-bilim.kz/kz/film/what-is-an-orbit
Жаңа сабақ
Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық ғаламшарлар
Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады.
Перигелий: Марс немесе кез-келген басқа ғаламшар Күнге жақын болғанда.
Афелий: Марс немесе кез-келген басқа ғаламшар Күннен алыс кезі
Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес
екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары
бірдей аудандар сызып шығады.
Кеплердің үшінші заңы – ғаламшарлардың Күнді жұлдыздық айналу периодтары
квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының
қатынасына тең болады.
Кеплер заңдары кез-келген аспан денесін айналатын аспан денелеріне қолданылады.
• Күннің айналасындағы кез-келген ғаламшар
• Жер айналасындағы Ай
• Жердің кез келген серігі
• Халықаралық ғарыш станциясы
• Кез-келген планетаның айналасындағы кез келген шеңбер
1-есеп: Марс орбитасының негізгі осі 1,5 а.б. Күннің айналасындағы қозғалыс уақытының
периодын есептеңіз.
2-есеп: Ғаламшардың синодтық периоды 500 тәулік.Оның орбитасының үлкен жарты осін
және жұлдыздық айналыс периодын анықтаңдар.
3-есеп: Күнді бір толық айналып шығу үшін Уранға 84 жыл қажет. Ол Күннен Жермен
салыстырғанда неше есе алыс орналасқан?
Оқу тапсырмасы: 10-жаттығу (1, 2) есептер шығару. 13 параграф оқу
whatsapp, kundelik.kz арқылы оқу тапсырмасын жіберу
Әзірлеуші: Серік М.Қ №176 мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі.
Достарыңызбен бөлісу: |