Булумбаев Олжас Рахматулаұлы, аға оқытушы, саясаттану магистрі Берілген оқу жұмыс бағдарламасында «Саясаттану, Әлеуметтану» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар, бақылау түрлері, дәріс тезистері, сабақ


Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 3,7,18,29,31,38,47,64,70,81



Pdf көрінісі
бет11/75
Дата19.04.2023
өлшемі1,65 Mb.
#84440
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
Байланысты:
Саясаттану

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 3,7,18,29,31,38,47,64,70,81. 
 
Тақырып № 2. Әлеуметтану теорияларына кіріспе. 
Дәріс тезистері: 
Әлеуметтанулық теория. Әрбір әлеуметтанулық теория 
әртүрлі қоғамдар мен салаларды, институттар мен процестерді, 
олардың жалпы және өзіндік байланыстарын, сипаттарын, пайда 
болу жағдайларын қарастырады. 
Макро және микро деңгейлер. Макросоциология қоғамдық 
дүние жүзілік жүйелермен және олардың әртүрлі мәдениет 
түрлерімен өзара әрекетімен, әлеуметтік институттармен, 
ауқымды үрдістермен байланысты. Микросоциология әлеуметтік 
тәртіпке, тұлғааралық қатынасқа, тұлғаның әлеуметтенуі мен 
жекелендіруіне көңіл аударады. 
Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар. 
Әлеуметтік байланыс - қоғамдағы жеке адамдардың не әлеуметтік 
топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін түсінік. 
Қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың өзара заңдылықтары мен 
бір-біріне себеп-салдарлығы әлеуметтік детерминизм (лат. 
determіno - анықтаймын) - принципі негізінде анықталады. Бұл 
принцип қолданылу мақсатына қарай механикалық әлеуметтік 
детерминизм, статикалық әлеуметтік детерминизм, жүйелі 
әлеуметтік детерминизм болып үш түрге бөлінеді. 
Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О. Конт, Э. 
Дюркгейм, Г. Спенсер). Әлеуметтанудың негізін қалаушы О. 
Конт әлеуметтану пәнін жалпыға ортақ келісім негізін құрайтын 
тұтас алынған қоғам деп түсінді. Бұл келісім өз кезегінде адамзат 
тарихының және адамның өз табиғатының бірлігіне сүйенеді. О. 
Конт оң әлеуметтанушылық білімді табиғи - физикалық 
процестерге ұқсатып құрды. Әлеуметтануды әлеуметтік физика 
деп түсіну, оның пәндік саласын әлеуметтік статикаға және 
әлеуметтік динамика бөлу осыдан келіп шыққан. Ағылшын 
философы әрі ғалымы Г. Спенсер әлеуметтануды әлеуметтік 
институттардың табиғи эволюциясы нәтижесінде ондағы жіктелу 
тұтасумен ұштасатын әлеуметтік организм ретіндегі қоғам туралы 


27 
ғылым деп білді. Француз әлеуметтану мектебінің негізін 
қалаушы Э. Дюркгейм үшін дербес және ерекшеленген ғылым 
ретіндегі әлеуметтанудың пәні әлеуметтік фактілерді зерделеу 
болды, оларды “заттар ретінде”, қоғамдық тұтастықты 
нығайтатын наным, 
ұжымдық 
сана жүйесіне 
қатысты 
функционалдылық көзқарасы тұрғысынан түсіндірілуге тиіс 
нәрсе ретінде қарастыру қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес, 
әлеуметтану “олардың мүшелері оқшауланған кездегі әрекетінен 
гөрі мүлде өзгеше ойлайтын, әрекет ететін және сезінетін” 
әлеуметтік топтарды зерделеуге тиіс. Басқаша айтқанда, оның 
түсінігінде әлеуметтану дегеніміз әлеуметтік институттар, 
олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым. 
Құрылымдық функционализм - қоғамды әлеуметтік жүйе 
ретінде қарастыратын теоретикалық көзқарас. 
Қақтығыс 
теориялары.
Льюис 
Козердің 
позитивті-
функционалдық 
қақтығысының 
тұжырымдамасы. 
Ральф 
Дарендорфтың қоғамының шиеленіс моделі.
Кеннет Боулдинг 
қақтығысының жалпы теориясы. 
Символдық интеракционизм - Батыс әлеуметтануындағы 
және әлеуметтік психологиядағы теориялық-әдіснамалық бағыт. 
Рөлдік теориялар - әлеуметтік рөл түсінігіне сүйенетін, 
тұлғаның 
және 
тұлғааралық 
қатынастардың 
әлеуметтік 
психологиялық теориясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет