179
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
Асанасқа қарағанда беткі қабатындағы
табылған заттар аз. Қалашықтан жинап алынған
қыш ыдыс қалдықтарының мерзімі шамамен
VI-VII – XV ғғ. аралығын қамтиды. Төменгі
қабаттарында одан да ерте кезеңнің жәдігерлері
кездесуі мүмкін. Қыш ыдыстардың фрагменттері
бойынша олардың басым көпшілігі жапсырмалы
әдіспен жасалып бай өрнектелген, жанкенттік
элементерге ұқсас келеді. Қабырғасы мен мойын
бөлігінде саусақпен батырып қысу іздері бар үлкен
ыдыстардың (хұмдар) ернеулерінің сынықтарын
VII-IX ғғ. мерзімдеуге болады. Оларға ұқсастық
Жанкент қалашығының және Хорезмнің афри-
гидтік керамикаларынан кездестіруге болады.
Осы уақытқа ертеортағасырлық хорезм кера-
микасына (Көне-уаз ортағасырлық жапсыра
салған қонысы, ІХ ғ.) және түркі-соғды кезеңінің
жетісулық керамикасына ұқсас ойылмалы
әдіспен өрнектелген керамикаларды да
жатқызуға болады. XI-XII ғғ. және Алтын Орда
кезеңіне аздаған жылтыр керамикасы кездеседі.
Асанас қалашығынан батысқа қарай 3 ша қы-
рым жерде
Асанас 3 қалашығы орналасқан. Бұ-
ныңда жоспары төртбұрышты, монғол кезеңінен
кейіңгі керамика (XIV ғ. бергі) көп кездеседі.
Қалашық ескі арнаның сол жағалауына жақын
орналасқан. Қалашықтың көлемі 350 × 350 м.
Қа бырғасының биіктігі – 1-1,5 м, ені – 1,5 м ай-
налдыра ор қазылған. Ішкі бөлігінде тұрғын үйлер
құрыстарының ізі анық көрінеді (3-4-суреттер).
Достарыңызбен бөлісу: