«5В020100 – философия» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет69/190
Дата21.04.2023
өлшемі1,66 Mb.
#85098
түріБағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   190
Байланысты:
Философия бак.

ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
«Онтология және гносеология» курсы «Философия» мамандығы 
студенттеріне міндетті және негізгі пән болып табылады. Бұл курс арқылы 
студенттер таным теориясы және онтологияның негізгі қағидалары мен 
маңызды категорияларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады; болмыс пен 
танымды талдауда әр түрлі тұрғыларды жан-жақты сараптауды үйренеді. 
Курс студенттердің бойында әлем, бүкіл жалпы танымның обьектісі мен 
құрылымы және танымның жалпы субьектісі – адам туралы тұтас жүйелі 
түсінік қалыптастыруға бағытталған.
«Онтология және гносеология» курсы «Философия» мамандығының 
студенттері меңгеретін басқа да пәндердің маңызды негізі болып табылады.
 
Негізгі құзыреттіліктер: 
«Онтология және гносеология» курсын оқу барысында студенттер –
Білуі қажет: 
- таным теориясы мен онтологияның пәнін, олардың негізгі 
ұғымдарын, қағидалары мен заңдарын;
- онтологиялық және танымдық аспектіде алынған философиялық 
ойлаудың әдіснамалық және дүниеге көзқарастық негіздерін; 
- құндылықтық бағдарлардың қалыптасуындағы танымдық-теориялық 
және онтологиялық тұғырнамалардың ролін. 
Жасай білуі тиіс: 

Таным теориясы мен онтологияның әдістерін және формаларын, 
заңдары мен қағидаларын ғылыми және практикалық қызметтерде 
пайдалану; 


78 

Онтология мен гносеология аймағындағы алынған білімдерді 
пайдалана отырып, кәсіби мәселелерді өз бетінше пайымдау және шеше білу; 

Философиялық мәтіндерді сыни және шығармашылық тұрғыдан 
талдау; 

Өзінің дүниеге көзқарастық ұстанымын дәйекті түрде сақтау
Дағдыларды меңгеруі тиіс: 

Онтология мен гносоеологияның өзекті мәселелері бойынша 
философиялық пікірталастар, сұхбаттар жүргізу; 

Әр түрлі өмірлік жағдайларда алынған білімдерді пайдалану. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет