ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли
шәйин қадиир – 100 рет.
Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін
оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен
де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла»,
бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа
иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және
тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой
сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат
ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат
етуден де құнды.
Қажетті сілтемелер:
Қадір түнін қалай өткізген дұрыс? Қадір
түнінің намазы қалай оқылады?
Қадір түніне арналған құттықтау тілектер
жинағы
Алладан жан байлығын әрі материалдық
байлықты сұрайтын дұға
Ибн Масғұд (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.у.) былай деп
жиі айтатынын естіген: «Я, Алла, расында, мен
Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан
жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты
сұраймын». (Муслим)«Аллаһумма, инни
асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина»
Алладан амандық сұрайтын дұға
«Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте
жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Уа, Алла!
Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым
мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық
тілеймін. Уа, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп
қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа,
Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан
және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ
кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз
ұлылығыңнан пана сұраймын!»
«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә
фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-
ъафуа уәл-ъафиәтә: фи диниуә дунйа-йа уә әһли,
уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати
Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин
халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин
фәуқи, уә әъузубиъазамәтикә ән уғтәлә мин
тәхти».
Достарыңызбен бөлісу: |