Метрологияның қарқын дамуы 60 жылдары басталды. Осы кезде екінші және үшінші дәрежелі аймақтық зертханалар
салынды.
Қазақ ҚСР Мемстандартының республикалық басқармасы 1971 жылдың ақпанында құрылды. Басқарма
функцияларды
анықтайтын жаңа ережелер енгізіледі.
70 жылдары Алматыда физикалық шамалардың бірліктерін сақтау мен жаңғырту және оларды эталондардан үлгілі өлшеу
құралдарына беру, ал сонымен қатар салыстырып-тексеру сұлбаларына сай жұмыстық өлшеу құралдарына тапсыру жөніндегі арнайы
ғимараттың құрылуы басталды.
Құрылыс аяқталысымен және бөлімшелерді салыстырып-тексеру құралдармен жабдықтырғаннан кейін 1974 жылы жаңа
зертханалар: акустикалық өлшеу құралдарын, жоғары кернеу өлшеу құралдарын, жылдамдықты өлшеу құралдарын, жоғары және
төменгі температураны, қысымды өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру бойынша. Бұл салыстырып-тексерулермен Қазақстанның
кәсіпорындары мен ұйымдарынан басқа Орта Азия республикалары мен Батыс Сібір қамтамасыз етілді.
70 жылдардың басында
Өскеменде, Целиноградта, Шымкентте, Джамбылда з
ертханалар салынды, олар жаңа екінші және үшінші
дәрежелі салыстырып-тексеру жабдықтармен жабдықталды.
1972 жылы Қапшағайда радиациялық бақылау аспаптарын салыстырып-тексеруге арналағн зертхана салынды. Бұл зертхана
үлгілі жабдықтармен жабдықталды, олардың көмегімен өлшеу құралдары энергиясы бойынша толық диапазонмен α, β, гамма-
сәулелерімен салыстырып-тексерілді және осы зертханада изотоптарды сақтау үшін барлық жағдайлар жасалды.
1975 жылы Қазақ республикалық стандарттар мен өлшеу техникасын мемлекеттік қадағалау зертханасы Қазақ республикалық
метрология және стандарттау орталығына ауысты, оның басты мақсаттары стандарттарды енгізу мен олардың орындалуына,
өндірілетін өнімнің сапасына, өнімнің дайындалып шығарылуы мен өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуінің күйіне
мемлекеттік қадағалау жасау болды.
1977 жылдан бастап Кеңес Одағының Мемстандарттың бұйрығымен Алматылық стандарттау және метрология орталығында
(АСМО) түсті металдардың құрамының мемлекеттік стандартты үлгілерін өндірді. Бұл орталық
та тіркеуге мемлекеттік стандартты
үлгілердің 35 түрі енгізілді және олардың 9000 данасы іске асырылды.
Метрологияның Қазақстандағы
даму тарихы