15.2 Технологиялық мақсаттар үшін қайта қолданылу немесе ортақтандырылған
биологиялық тазартқыш құрылымдарда соңғы рет залалсыздандыру мүмкіндіктерін қамтамасыз
ететін химиялық және механикалық ластанған ағызынды суларды біріншілік (локалді) тазалауға
арналған технология. Тазалау процестерінің параметрлері, материалдық ағындардың мөлшері
және құрамы бойынша ақпараттар енгізілген технологиялық сызбанұсқа, реагенттердің меншіктік
шығыны және сипаттамасы. Тұнбаларды утилизациялау және өңдеуге қатысты ұсыныстар.
Ағызынды суларды тазартудың химизмін көрсету.
15.3 Атмосфераға лақтырылып шығарылатын газды тастандылардың және олардың
түзілетін жерлердегі мөлшері мен құрамы (бастапқы шикізат немесе тауарлық өнім бірлігіне
шаққанда). Газды тастандыларды залалсыздандырудың технологиясы. Тазалаудың тиімділігі.
Реагенттердің сипаттамасы және олардың меншіктік шығыны.
15.4 Ағызынды сулар мен тастанды газдардан (немесе олардың көмегімен) тауарлы өнім
алуға қатысты ұсыныстар.
15.5 Өндірістік жайлардың және атмосфералық ауаның құрамында зиянды бастапқы, аралық
және соңғы өнімдердің болуын бақылау әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: