тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар бжб№1 Сынып: оқушының аты-жөні


-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай жоспар құрыңыз. 3 сөйлемге синтаксистік талдау



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата25.04.2023
өлшемі206,6 Kb.
#86500
түріОқулық
1   2   3
Байланысты:
8 бжб гүл

2-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай жоспар құрыңыз. 3 сөйлемге синтаксистік талдау 
жасаңыз. [7]
Ұлттық мәдениет деп ұлт пен оның тұлғаларының, яғни ұлт зиялыларының 
қабілеті, адамгершілік қасиеттері, білімі, өнері, даналығы негізінде қалыптасатын 
игіліктерді айтамыз. Ұлттық мәдениет ғасырлар бойғы қалыптасқан ұлт 


игіліктері. Мәдениет ұғымының түпкілікті мағынасында адам баласының рухани 
еңбектену қызметі, мақсат-мұраты, оның игілігін ел, халық болып көру, ұрпақтың 
пайдалануы, ақыл-парасат, білік, қабілет, адамгершілік, өнер, қоғамның ұлттық 
тәрбие, еңбек, білім, өнер, ғылым арқылы жетілуі және тағы да басқа ізгі дүниелер 
жатыр.
Қазақ халқы үшін қашанда екі нәрсе қасиетті, әрі бағалы болып есептелген. 
Олар ел мен жер. Қазақ ұғымында ел мен жерге қатар қызмет еткен, оны 
бойындағы бар мүмкіндігімен көркейтуге ұмтылған адамның, ұрпақтың бағасын 
уақыт береді. Ел дегеніміз халықтың, ұрпақтың өсіп, өнуі, тәрбиеленетін ортасы, 
яғни мемлекеті. Атамекен жер бұл мемлекеттің, ұлттың, халықтың табан тірейтін 
дүниесі, өмірін жалғайтын негізгі мұра. Ел мен жердің рухын ұрпақ санасында 
біріктіретін ұлттық идея, ұлттық руханият. Бұны айтып отырған себебіміз, 
тарихтан белгілі ұрпақтың таңдайтын екі жолы бар. Ол біріншіден заман 
өткелінде уақыты өткенімен қасиеті мен мәні жоғалмайтын дүниелерді таңдау 
жолы, бұны мәдениет дейміз. Екіншісі, заман ағымымен ілесе отырып өзіне 
қолайлы жақсы тұрмысты жасау жолы, бұны өркениет, өркениет жолы дейміз. 
Алаш зиялылары адамзат мәдениетінің қалыптасу негіздері мен 
ерекшеліктері, соның ішінде ұлттық мәдениетке қатысты арнайы еңбектер 
жазған. Соның бірі «Шаруашылық өзгеріс» деп аталады. Жаңа айтып 
өткеніміздей, мәдениеттің қалыптасуында адам баласының рухани және 
еңбектену қызметінің жалпыға ортақ үлгісі жатса, сол үлгінің адамзатқа ортақ 
тарихтың, адамзат өркениетінің ұйытқыcына айналған дара жолы шаруашылық. 
Осы шаруашылықтан экономика, ғылым, өнер, білім түрлері, қысқасын айтсақ 
қоғамдық сананың барлық формалары шығып, қалыптасып отырған. Ата - 
бабаларымыздың табиғатқа деген құрметінің өзінде терең даналық пен 
түсініктің жатқандығын ескерсек, әр кезде ұлт шаруашылығының ұрпақ өмірінде 
жалғасып, ұлт болмысының, ел тұрмысының рухани негізіне айналуына 
басшылық еткен алаш тұлғаларының бір буыны осы билер. 
Жоспар: 
______________________________________________________________________________
__________________
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
___________


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет