Екі аяқ кезекпен жоғары- төмен, жиілігін шамалы өрістете
отырып сермеледі. Негізгі жұмыс кезеңі- табанмен суды тебу, ал
табанды жоғары көтеру әзірлік кезеңі болып есептеледі. Аяқ
саннан бастап қимылдайды да, оған сирақ пен табан қосылады.
Жалпы аяқтың төмен қарай серпілуі сабалау іспеттес, алдымен
сан, сирақ қозғалады да, серпіп табанмен аяқталады. Сан
қимылы жоғарыдан төмен қарай бастайды(36- сурет, 1- көрініс)
Сурет 36.
Кроль әдісімен етпеттеп жүзгенде екі аяқтың қимылдау
тәсілі
Аяқ жайлап тізеден бүгіледі,
табан су бетіне шығады да,
санның соңынан төмен түсе бастайды, табанның ішкі жағы суды
тірейді. Ең негізгі қимыл суды табанмен тебу (36- сурет, 2,3-
көріністер), тепкенде аяқ тізе буынын жазады. Бұл кезде табан
мен сирақ тез төмен кетеді де, қимыл бағытын өзгертіп, доғары
көтеріледі (36- сурет, 3-көрініс). Тізе буыны жазылып, аяқпен
суды теуіп қалады.
Қ и м ы л д а р д ы ң ж а л п ы ү й л е с і м д і л і г і. Бұл-
жүзушінің күшті үнемдей отырып, шапшаңдықпен үздіксіз алға
қарай жылжуы. Қолдың қимылдары- үйлесімділіктің негізі. Оған
басқа қимылдардың бәрі бағынышты.
37
Қимылдардың толық айналымы- оң және сол қолды
алмастырып, есуден және аяқпен бірнеше рет сермеуден тұрады.
Сермеу
саны екі, төрт және алты рет болып келеді. Бұл жазу
түрлерінің бәрі де қысқа, орташа және алыс аралықтарда
табыспен қолданылады. Олардың қол- аяғы ұзын,
буындары
иілгіш келеді. Екі және төрт рет сермеу орта бойлы жүзушілерге
келіседі, себебі олардың денесі суда тең салмақпен ұсталады.
Мысалыға, аяқ төрт рет сермелетін кроль әдісімен жүзуді
алып талдайық. 37- суретте кроль әдісімен жүзгендегі
қимылдардың үйлесімділігі, спортшының жүзгендегі пошымы
бейнеленген. Мұнда айналымдардың жалпыланған кезеңдері,
қол қимылдарының кезең құрамы, дененің қисаю көлемі
(градуспен),
табанның жоғары көтеріліп, төмен түсуі
көрсетілген. Қимылдардың толық айналымы екі жарты
айналымға бөлінген (қолмен есу санына байланысты). Әрбір
жарты айналымда алдын ала, негізгі және қортынды қимыл
кезеңдері өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: