ЖҮЗУДІҢ ӘДІСІН ҮЙРЕНУ
Суда жүзудің: кроль (еркін жүзу), етпеттеп және
шалқалап жүзу, брасс және баттерфляй (дельфин) деп аталатын
спорттық түрлері бар дедік.Ал қырыннан жүзу әдісі қазір өзінің
спорттық маңызын жоғалтқанымен су добы ойындарында, суға
батып бара жатқан адамдарды құтқару кезінде және жүзуді
жаңадан бастап үйренуде жиі қолданылады.
Үйренуді аяқ қимылынан бастаған жөн. Ол үшін көл
жағасында екі аяқты созып жіберіп, екі табанды сәл ішке бұра
отырып, санның бұлшық етінің көмегімен екі аяқты кезекпен
қозғау керек. Бір аяқ төмен түсірілгенде, екінші аяқ жоғары
көтеріледі, яғни қайшы тәріздес, аяқтың жоғары- төмен сілтену
қашықтығы екі табанның арасында 30-40 сантиметрге тең (25 -
сурет).
Сурет 25.
Аяқтың келесі қозғалысын меңгеру үшін суда кеудесімен
және шалқасынан жатып, қолды су қоймасы түбіне тіреп тұру
керек (26 -сурет).
23
Есу тәсілін меңгерген соң, суда жылжуды аяқтың
қимылымен үйлестіре орындайды, сонда алдымен тыныс алуды
тежеуге, сонан соң ырғақты тыныс алуға мүмкіндік туады. Бір
жолы екі аяқ 4-6 рет кезектесе қимылдауымен қатар қолмен екі
рет есу қимылы (қолды судан шығармай) орындалады. Бір рет
тыныс алынады, бір рет дем шығарылады (32-сурет).
Сурет 32.
Балалар 15-20 метр қашықтыққа еркін жүзуді үйренгеннен
кейін оларға спорттық әдістерді үйренуді бастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: