Р. Н. Куракова-Атырау, 2019. 80 б. «Өрлеу»


Берілген нұсқаулықтағы ұқсас зерханалық жұмыстар



Pdf көрінісі
бет30/69
Дата26.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#87128
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69
Байланысты:
Р.Куракова (1)

Берілген нұсқаулықтағы ұқсас зерханалық жұмыстар
Осы тапсырмаға ұқсас тұжырымдамалық зертханалық жұмыстар:

Денеге түсетін жүктеме мен тыныс алу жиілігі; 

Денеге түсетін жүктеме мен жүрек соғуының жиілігі. 
Қысқаша ақпарат 
Дене белсенділігі тыныштық күйге қарағанда жүректің қаттырақ соғуына 
ынталандырады. ЭКГ датчигі жүрек камералары жиырылғанда өндірілетін 
әлеуетті электротолқындарды (кернеуді) өлшейді. ЭКГ – бұл жүрек бұлшық 
етінің қызметін тікелей өлшеу емес. Демек, тыныштық күйінде өлшенетін ЭКГ 
көрсеткіштерін және дене жаттығуларынан кейін өлшенетін ЭКГ 
көрсеткіштерін салыстыру дене белсенділігі кезінде жүрек жиырылуындағы 
өзгерістерді көрсете алады. 
ЭКГ жүректің соғу жиілігін көрсетеді. Ол жүректің (тұрақты және 
тұрақсыз) ырғағын көрсетеді. Жүрек әр соққан сайын жүрек кардиостимуляторы 
(синустік-жүрекше түйіні) электр толқынын өткізеді. Электр ағыны синустік-
жүрекше түйін арқылы жүректің жоғарғы оң камерасына және екі төменгі 
камерасына, жүректің қарыншаларына өтеді. Әр жиырылу электр белсенділіктен 
кейін пайда болады. Бүкіл дене бойынша орналасқан электродтар жүректен 
шыққан сигналдарды жазады. Электркардиограмма сигналының кәдімгі бес 
толқыны бар: 

P толқыны – қанды төменгі камераларға (жүректің қарыншаларына) 
өткізу үшін жүрекшенің жиырылуына дейін пайда болатын жүректің 
жоғарғы камераларындағы электр сигналы (жүрекшенің үйексізденуі) 
болып табылады. Жүрекшенің қайта үйектенуі QRS толқынының 
артында қалады. 

Q, R және S толқындары (QRS кешені) – жүректің қарыншалары қанды 
қолқа арқылы денеге өткізуіне (жүректің қан қуыстарының үйексізденуі) 
дейін пайда болатын электр сигналы болып табылады. 

T толқыны – жүректің жоғарғы камераларының кеңеюі мен аса толуы 
(жүректің қарыншаларының қайта үйектенуі) алдында пайда болатын 
электр сигналы болып табылады. 
Үлгілі ЭКГ-ның (электрокардиограмма) бір бөлігі – электробелсенділіктің 
жоқтығын көрсететін түзу сызық немесе із. Бұл сызық изоэлектр сызық деп 
аталады. Осы сызықтан ауытқу жүрек бұлшық еттерінің электробелсенділігін 
көрсетеді. 


33 
Әдеттегі ЭКГ-де изоэлектр сызықтан алғашқы ауытқуы – бұл жоғары тамыр 
соғысы, одан кейін изоэлектр сызық орнына келеді. Бұл Р толқын деп аталады, 
оның ұзақтығы – 0.04 секунд. Бұл толқын жүрекшенің үйексізденуінен және 
жүрекшенің жиырылуынан пайда болады. 
Изоэлектр сызық оралғаннан кейін жүректің АВ түйіндері үйексізденіп 
өткізгіш талшықтардың атриовентрикулярлық байламы (Гисс байламы) 
бойынша Пуркинье талшықтарына сигнал бергенше жүректің қан қуыстарының 
барлық бөліктерінің дерлік бір кезде үйексізденуіне келтіретін кішкентай кідіріс 
пайда болады. 
АВ түйіні үйексізденгеннен кейін Q толқын деп аталатын, төмен қарай 
жүретін соққы пайда болады. Q толқыннан кейін тез арада R толқын деп 
аталатын сызық қатты көтеріледі, содан S толқын сызығы төмен түсе бастайды 
және изоэлектр сызық орнына келеді. Осы үш толқын бірге QRS кешені деп 
аталады. Бұл кешен жүректің қан қуыстарының үйексізденуінен пайда болады 
және жүректің қан қуыстарының жиырылуына байланысты. 
Аз уақыттан кейін жиырылуға қатысты химикалық иондар бастапқы орнына 
қайтып келеді. Бұл иондардың қозғалысы изоэлектр сызыққа оралатын жоғарғы 
толқынды тудырады. Бұл жоғарғы импульс Т толқын деп аталады және жүректің 
қан қуыстарының қайта үйектенуін білдіреді. 
Р толқыннан Т толқынға өту жүректің бір циклі болып табылады. Осындай 
циклдердің бір минуттағы саны жүрек ырғағының жиілігі деп аталады және 
тыным күйінде жүректің бір минутта 70-80 соғуына тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет