Шорман мен Құдайменде (Екінші нұсқасы)
Шорман би бозбала күнінде Қуандық елінде
жоқ іздеп барады. Бір байдың үйіне қонып, ел
жайын сұрап отырып, өзінің жоқ іздеп келе
жатқанын айтады. Сонда бай айтады:
-Әй, шырағым-ай! Жоғыңның жөні болмайды-
ау, себебі Қунадық елін билеп тұрған Құдайменде
төренің жалғыз баласы өліп, үш күн болды ас
ішпей қайғырып жатыр. Басын көтермейді, көзін
ашпайды, ешбір адам көңіл айтуға бата алмайды.
Меймандар байдың үйіне қонып, ертең төренің
үйіне аттанады. Аулыға жақын қалғанда аттарынан
түседі. Аттарын тұсап, жаяулап келе жатқан бір топ
адамды көрген кісі, төреге хабар береді.
-Сірә, жат адамдар болу керек, аттарын алысқа
тұсап, он шақты адам жаяулап келе жатыр-, дегенде
төре бір көтеріліп, бір жатады. Жолаушылар үйге
кіріп, төрге отырып, құран оқиды.
Шорман былай деп көңіл айтады:
-Уа, сен Құдайменде төресің,
Хақтың әміріне көнесің.
Құдай сені көріпті,
Түпкі атаң Барақ хан,
Елді заңына қаратқан,
О да өткен дүниеден.
Екінші атаң Мейір хан,
Тентек пенен тебінді,
Төрелік беріп айырған,
О да өткен дүниеден.
Үшінші атаң Тұрсын хан,
Өтірік айтқан қымсынған,
О да өткен дүниеден.
Төртінші атаң Қасым хан
Аруағы басым хан.
О да өткен дүниеден.
Дүние деген фанидың
Өзі де өтер дүниеден.
Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді.
Қайғырғанмен келмейді,
Ажалсыз пенде өлмейді.
Басыңды көтер хан төрем,
Күйзелтпе бүйтіп еліңді,
Өлемін десең міне пышақ,
Өлмеймін десең тұрып бақ!
Сонда хан басын көтеріп алып:
-Көз таңбалы Сүйіндікте Шорман атты бір
ұл бар деп еді, соның өзімісің, өзгемісің? – депті.
-Болсақ болармыз,-депті Шорман.
Тәбітай мен Шорман Қаржастан Қарауыл елінің жігіттері жылқы
алыпты. Сол жылқыны іздеп 40 кісімен Шорман
төрт ата Қарауылға келіпті. Шорман «мен бас
байталдың артынан қуып, мал іздеп келгенім
жоқ, намыс іздеп келдім. Намысымды аламын-
жауласамын, болмаса өзіме лайық сыбағалы
мүше, толық ер құнныдай айып алпы тынамын.
Қарауылдан жолым да үлкен» деп ауыр салмақты
сөз тастаған соң, Қарауыл алыстан Қаңлы Тәбітай
шешенді алғызады. Жазды күні аяғына тері ұйық,
үстіне бұзау тері жарғақ, басында түйе жабағы
тымақ-тәбітай келеді. Амандастпай отырысымен
Шорман:
-Әй, Тәбітай, бай кім, батыр кім, би кім?-депті.
Сонда Тәбітай айтыпты:
-Сен оның біреуі де емессің. Қас батырдың
елін жау араламас болыр: Батыр болсаң менің
жігітім барып малыңды алмас еді. Әділ бидің елін
дау араламас болар. Би болсаң ордаңды тастап бес
байталдың соңынан ел-жұртыңды тастап келмес едің.
Бай да емессің, бай болсаң өзіңнің Ақша атаңның
баласы Ертіс бойында, Омбы қаласында неге жұмыс
іздеп жүр? Оны неге жиып алмайсың?-депті.