М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет20/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
жастарды сабақ оқуға, еңбек етуге, еріншектікке 
салынбауға үгіттеуге арналса, екіншісі пенде ниеті 
бұзық болса, о дүниеде жаза тарту күтіп тұрғанын 
ескерту, т.с.с. арқылы адамдарды ізгілікке үндеу 
отау тіккен. Соңғыда:
Өз нәпсің бойыңдағы- жанның жауы,
Жалғанда екеуінің бітпес дауы.
Нәпсіңнің айдауына ере берсең,
Білінбес өз басыңның ауру-сауы [10, 335 б.] 
- деп көзге көрінбес ұғым дерексіз нәпсіні, яғни 
адам тілегін жеке бір жан иесіне айналдырғаны 
соншалық, оның адамды мал тәрізді айдауы 
мүмкіндігі әсерлі бейнеленген.
Мәшһүр Жүсіптің дидактикалық, яғни үгіт-
насихат өлеңдері дегенде, оның үгітке ғана емес, 
тілекке арналған өлеңдеріне арнайы көңіл бөлу 
керек. Тілек тілеудің Мәшһүр Жүсіпке дейінгі қазақ 
ақындарында ерекше орын алғанын діттеу үшін 
XVIII ғасырдағы Бұқар жырау термесіне назар 
аударайық:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа! [6, 111 б.].
Енді Мәшһүр Жүсіптің тілек, яғни тілек-
насихат өлеңдерін жинақтасақ, мына үлгілер көңіл 
бөлгізеді:
1. Шығады: «асыл-тастан, өнер-жастан»,
Тәрбие тәуір болса, әуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді,
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.
(«Бұлақ көзі»)
Самалы әрекеттің сол сықылды,
Алмассың егінді орып, тұқым сеппей!
Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз,
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей!
(«Дауасыз дерт») [11, 86-87 б.].
Бұл күнде мал табыңыз алас ұрып,
Күш-қуат кетіп қалмай арқа бостан. 
(«Тіршілік қамы»)
Өлімнің, өлмей бұрын, қамын ойла,
Абайсыз жүргенінде ажал жетер!
(«Жалған туралы») [10, 268-269 б.].
Мәшһүр Жүсіп бұл өлеңдерінде: білім, 
ғылымды игеруді (1- мысалда), көпке пайда 
тигізуді (екіншіде), еңбек етуді (үшіншіде), өлімге 
әзірлене білуді (төртіншіде) – тілеу, насихаттауды 
өзінше әсерлі жеткізген.
Осы орайда ел мұқтажын неғұрлым кең 
қамту үшін Мәшһүр Жүсіптің шолу өлеңдерін де 
өндіре жазғанын саралаған жөн. Шолу өлеңдері 
қамтылған ойлар молдығымен көп ретте лирика 
мен эпос аралығындағы Құранды, аралық жанр 
түрі тәрізді әсер қалырады. Бір туындының 
өзінде көп мәселе қабағат көтеріледі. Тікелей үгіт, 
баяндау, оқиғалар алма-кезектесіп, сапырылысуы 
оны эпосқа жақындатса, соның бәрінің бірі 
ғана лирикалық қаһарманның тек бірер сәттегі 
толғанысы шарпуына бөленуі оны лирикаға алып 
келеді. Демек шығармада қанша мәселе көтеріліп, 
ара-тұра оқиға т.с.с. еніп кетсе де, соның бәрі бір 
ғана лирикалық қаһарман сезіміне бағындырылып 
өрілуі – оны «шолу өлеңдер» - деп атап, лирикаға 
түріне жатқызуға себеп болып отыр.
Орыс әдебиеттану ғылымында мұндай 
ш ы ғ а р м а л а р д ы « Б а я н д а у л и р и к а с ы » 
(повествовательная лирика) – деп атау [12] 
орын алып келгенін, ал арнайы анықтамаларда 
«Публицистикалық поэзия» түсінігі [13] 
қолданылуын ескерсек, бұлай бөлудің негізсіз 
еместігіне көз жеткізе түсеміз. Мәшһүр Жүсіптің 
«Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге» туындысы – осы 
шолу өлеңі үлгісі. Онда лирикалық қаһарманның 
«Меннің», «ат-бәйгеге құлын-тайдан» қосылғаны, 
жігіттіктің қызығын көріп өткені, 5 жаста және 20, 
35-те не бітіргені айтылып келіп, мына ойды бөліп 
көрсету жүзеге асқан: «Отыз қырықтан асқан соң 
ойланамыз //Он бес пен жиырма бесте қылар істі.» 
Ақын одан әрі өзінің де кәрілікке бой ұрғанын 
мәлімдеп, сол кезеңдегі келеңсіздіктерді, атап 
айтқанда, қожа мен молданың ғайбат сөйлейтінін, 
сонысымен де елді бұзып жүргенін баяндай келеді 
де, мына жайттерге арнайы көңіл бөлгізеді:
Болмағың жақсы, жаман әуел бастан.
Белгілі ат боларың құлын жастан.
Өң беріп жылтыратып ысқанменен,
Болғанын көрдің бе айна қара тастан?!
Қара тас ең болғанда қайрақ болар,
Балта, шот, пышақтарды қайрап болар.
Дөңгелек диірменіңе шарық болып,
Көзіне көрінгенді шайнап болар.
Ай орынын аспандағы бұлт алып,
Орнында дүр гауһардың су тас қалып.
Құр тікен қызыл гүлсіз, қолға түсіп,


21


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет