М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет30/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Бейнелі тілдік бірліктер ретіндегі 
фразеологизмдердің мағына тұтастығы, 
құрылымының тұрақтылығы және қолданылу 
тиянақтылығы болатыны белгілі. Алайда сөйлеу 
тілінде тұрақты тіркестердің мағынасы мен сыртқы 
түріне жаңарулар енгізіліп жатады. Бұл өзгеріс 
фразеологизмдердің функционалды-семантикалық 
қасиеттеріне ерекше экспрессивті сипат береді. 
Фразеологизмдердің эспрессивтілігін күшейту 
мақсатында қолданылатын стилистикалық тәсілдер 
олардың ұғымдық мазмұнын өзгерте отырып, 
тұрақты тіркестердің семантикалық құрылымының 
окказионалды тұрғыда қайта жаңаруына әкеледі [3. 
36]. Авторлық өзгеріске түскен фразеологизмдер 
кейде қалыптасқан тұрақты мағынасынан 
басқа ауыспалы мағынада да келіп тұрады. 
Фразеологизмдердің осындай өзгерістерге түсіп, 
мағына жағынан дамуы, лексика-грамматикалық 
жағынан өзгерістерге түсуі жазушының стиліне, 
сөз құбылту шеберлігіне де байланысты. С.Исаев: 
«Көркем шығармада белгілі дәрежеде жазушы 
интеллектісіне қарай кейбір еркіндік, формальды 
түрде жалпы нормадан ауытқу, аграмматикалық 
(жүйе, заңдылықтың бұзылуы), аномалиялық 
(әдеттегіден тыс, қалыптасқаннан өзгеше), 
метабазистік (сөз таптарының басқа қызметте 
жұмсалуы) құбылыстар болып отырады», - деп 
көрсетеді [4. 304.]. Әрине, фразеологизмдердің 
ақын-жазушылар тарапынан құрылымдық-
мағыналық өзгерістерге ұшырап, өңделіп берілуі 
белгілі бір мақсатқа негізделеді.
«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл 
жоқ.... Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін 
осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ 
тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында, 
әулиелік те осында. Солай болғаны үшін бұрынғы 
өткен ата-бабамыз бәрі жақсы болып, әулие болып 
өтті» - деп, қазақ тіліне өте жоғары баға берген 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да қазақ әдеби тіліне 
мол мұра қалдырды.
Өркениетті қоғамда тіл - адамзаттың ең 
жоғарғы құндылығы болса, көркем әдебиет - тілдің 
байлығын танытатын құрал. 
Көркем шығарманың тілі, ақын-жазушының 
өзіндік жеке сөз қолдану стилі, шеберлігі қазақ 
әдеби тілінің дамуына тигізер ықпалы зор. 
Суреткер стилінің даралығы оның тілдік-стилдік 
құралдарды сұрыптап, түрлендіріп қолдану 
шеберлігіне байланысты. 
Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы 
ф р а з е о л о г и з м д е р ө з і н і ң с е м а н т и к а с ы , 
стилистикалық, тарихилық сипаты жағынан сан 
алуан. Автордың фразеологиялық бірліктерді 
сұрыптауы шығарманың тақырыптық-идеялық 
бағытына байланысты. Кейбір тұрақты тіркестерді 
ақын бірнеше рет қайталайды. Бірақ бұл қайталау 
әр жерде әр түрлі стильдік мақсатты көздейді және 
басқаша сипат алатыны байқалады. Себебі автор 
фразеологизмдерге үлкен шеберлікпен жаңартулар 
жасап, өңдеп, құбылтып көрсетеді. 
1. Жалпы халықтық формадағы тұрақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет