14 тақырып. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
1. Кәсіпкерлікті қолдаудағы қаржылық-несиелік және инвестициялық
саясат.
2. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын қалыптастыру
және дамыту
3. Кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау
4. Кәсіпкерлік қызмет аясындағы нормативті құқықтық базаны жетілдіру
5. Қоғамда кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру
6. АҚШ-тың кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі
7. Германиядағы шағын бизесті қолдау жүйесі
1. Кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік қызметтің бірінші бағыты -
қаржылық-несиелік және инвестициялық саясат. Кәсіпкерлікті мемлекет
тарапынан қаржылық-несиелік қолдау ірі шығындардың жұмсалуын қажет
етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктері шектелген. Бұл шарттарда
ресурстарды пайдаланудың қайтарымды механизмдеріне көшу маңызды әрі
қажетті болады.
Бүгінде
коммерциялық
банктер
негізінен
сауда-сатып
алу
операцияларын немесе ірі тауар өндірушілерді несиелендіруге ұмтылады.
Шағын бизнесті қаржылық-несиелік қолдау саясатын ставкаларға
жеңілдіктерді қолдана отырып, шағын бизнесті қысқа, орта және ұзақ мерзімді
несиелендіруге, аймақтық деңгейде кепілдік қорларын және несиелік
серіктестіктерді құруға негізделуі мақсатқа лайықты болады.
Кәсіпкерлікті
мемлекеттік
реттеу
несиелік
серіктестіктер,
несиелендіруге жәрдемдесу қорларын құруды ынталандыру керек. Мұндай
құрылымдар шағын бизнесті несиелендірудің ең тиімді формаларының бірі
болып саналатындығын тәжірибе көрсетті. Мұндай несиелік серіктестіктердің
желісін құрған кезде заңнамалық тәртіпте олардың статусын анықтау, қызмет
көрсету тәртібін әзірлеу, жарғылық капиталдың қалыптасуы үшін ұзақ
мерзімді жеңілдетілген несиелермен қамту керек.
Барлық республика бойынша екінші деңгейлі банктермен жергілікті
қаржылық ресурстарды пайдалана отырып ипотекалық несиелендіруді дамыту
қажет.
Осыған байланысты лизингтік несиелер, франчайзингті және қолдаудың
басқа да дәстүрлі емес түрлерін дамыту түріндегі кәсіпкерлерді қолдау
маңызды орын алады. Лизингтік операциялардың механизмін лизингтік қорды
басқаруды тауар өндірушіге оның өзіне жабдықтаушыларды таңдауға,
сондай-ақ жарғылық капиталға салымдар түрінде қаражаттарды енгізумен
арнайы мамандандырылған лизингтік компаниялардың құрылтайшылары
ретінде алға шығуға мүмкіндік беретін тура өткізуге бағыттау қажет.
Шағын бизнесті қолдау үшін қаржылық ресурстардың көздері келесідей
болуы мүмкін:
•мемлекеттік және жергілікті бюджеттер;
•республикалық, аймақтық және аудандық деңгейлердегі мемлекеттік
бағдарламалар
•
тура шетелдік инвестициялар;
• депозиттер түрінде тұрғындардың қаражаттарын шоғырландыратын
коммерциялық банктер;
• еркін қаражаттарды жұмылдандыратын кооперативтік негіздегі ауыл
шаруашылық институттары, несиелік серіктестіктер және басқалары сияқты;
• агробизнес кәсіпорындары;
• сақтандыру инстиуттары, зейнетақы қорлары және басқа да
экономикалық институттар, жеке кредиторлар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |