апарып өз қолымен қойды.- Бұныммен, əке, сенің даналығыңды
алтыннан да ардақтайтынымды көрсеткім келді.Бірақ алтынмен
даналықты өлшеуге бола ма? Ақылсыз алтынның қолда тұрақтауы
мүмкін емес. Алайда, адам əуелі даналыққа бет бұрса, оны алтын
айналып өтпейтінін мына үш қап көрсетіп тұр ғой.Əке, мен бүгін
алдыңда осылай тұрғаныма қуаныштымын, жəне де айтарым, сенің
даналығың арқасында мен бай-қуатты əрі құрметті кісі болдым.
Ə
кесі Номасардың басын елжірей сипады.
- Сен сабақты жақсы игеріпсің.Енді мен өз байлығымды сеніп
қ
алдыратын сендей ұлым болғанына бақыттымын.
Қ
алабаб əңгімесін тəмəмдады да, тыңдармандарды жағалай шолып
ө
тті.
- Номасардың бұл тарихы сендерге нені білдірді?- деп сұрады ол.-
Ə
кесіне болмаса қайын атасына осылайша өз əрекеттерің мен
табыстарың жайлы есеп беретінің бар ма, араларыңда? Егер де келіп,
қ
арттарға: «Мен біршама жерді аралап саяхат жасадым, біраз нəрсені
ү
йрендім.Көп жұмыс істедім, көп табыс таптым,бірақ менің алтыным
аз. Оның бір бөлігін ақымақтықпен шығындадым, ал қалған бөлігін
ақылсыз əрекетпен жоғалттым.» десеңдер, олар не ойлар еді?
Біреуде көп алтын болып, келесі біреуінде ештеңе боламаса, оны
тағдырдың тəлкегі санамай-ақ қойыңдар.Байлыққа ие болғандар -
байлықтың бес заңын біліп, соны ұстанғандар.
Бұл заңдарды мен жастайымнан меңгергендіктен,оларды ылғи да
бұзбай келгендіктен -байыдым.Мендегі байлық сыйқырдың күшінен
жиналған жоқ.
Жылдам келген байлық, дəл солай жылдам кетеді.Егер де байлық
білім мен тыңғылықты еңбектің арқасында келсе,онда ол иесіне бақыт
сыйлап, ұзақ уақытқа сіңеді.Ақылды адам үшін байлық жинау қиын
емес.Ол міндетті ұзақ жылдар бойы ұстану - күрделірек.Бірақ та,
байлықтың бес заңын ұстану кез келген адамды несібеге кенелтеді.
Бұл бес заңның əрқайсысы терең мəнге толы,оны ұғынбасаңдар,
хикаяны айтып бітіргенше, мен тағы да қайталаймын. Мен оларды жас
кезімнен жатқа білемін, əрі оларды талай істе тексергенім бар.
БАЙЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ ЗАҢЫ
Достарыңызбен бөлісу: