Стоматология факультеті



Pdf көрінісі
бет15/46
Дата30.04.2023
өлшемі1,68 Mb.
#88580
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Байланысты:
Әдістем.нұс сканер Мед биохимия ЖМ 2022-2023 сканер

Ф-ОБ-012/062 
17 
30. В
5
витамині мен пиридинферменттер арасында қандай байланыс бар? 
31. В
1
, В
6
, В
с
, В
12
, В
3
витаминдерінің коферменттік қызметі.
32. Н витамині, биологиялық ролі. 
33. Поливитаминдер, антивитаминдер туралы түсінік. 
34. Р витамині, биологиялық маңызы. 
35. С витамині, табиғатта таралуы, тәуліктік мөлшері, биологиялық ролі. 
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып 
жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.б.). 


6. Әдебиет 
1. Оқулық. Медициналық және клиникалық биохимия. 2016ж. С.О. Тапбергенов. 
2. Оқулық Биохимия. 2015.Е.С.Северин 
3. Оқулық Биохимия. 2022.Р.Дилбарканова 
4. Биологиялық химия Оқу-әдістемелік құрал.2013ж. Р.Дильбарканова, Б.Ж.Шырынбекова 
 
Электронды оқулықтар: 
 
1. 
Биохимия : Оқулық. 2020. 
http://Elib.kz/
 
 
 
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.) 
Ситуациялық есептер 
1. Клеткада анаэробты тотығу жүрді. ЦТК-да қандай реакциялар жүреді, қалай жүреді? 
2. ЦТК-да 3 молекула НАД тотықсызданады, сол реакцияларды көрсетіңіз 
3. 

-кетоглутарқышқылының тотығудан декарбоксилденуі, нәтижесінде сукцинил-КоА түзіледі. 
Реакцияны қандай ферменттер катализдейді. 
4.Балалардың қанының құрамында гемоглобин саны төмен, түрлері боп-боз, ішекте гельминттер 
кездеседі. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады? 
5. Қанның құрамында ПЖҚ-ның саны көбейген, содан соң зәрдің құрамында пирожүзім қышқылы 
кездеседі. Қай авитаминоз кезінде байқалады? 
6. Науқаста психикалық өзгерістер, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, елес, тәбетінің төмендеуі
жүрек соғысының жиілеуі, жүрек маңында, нервтер бойында, балтыр бұлшық етінің ауырсынуы 
байқалады. Науқасқа диагноз қойыңыз. Қандай витаминдермен емдейсіз? Ол витаминнің химиялық 
табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы. 
7. Науқаста фоль қышқылымен емдеуге келмейтін дерматит белгілері бар (тері қабынуы). Бұл 
жағдайда қандай витамин тағайындауға болады және ол витаминнің химиялық табиғатын, 
биологиялық әсерін, тәуліктік мөлшерін, таралуын түсіндіріңіз. 
8. Науқаста асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылаған, және фоль қышқылымен емдеуге келмейтін 
қаназдық байқалса, қандай витаминмен емдер едіңіз? Сол витамин туралы толық мәлімет беріңіз. 
9. Науқас өте тітіркенгіш, басы айналады, іші өтеді, бет, мойын, қол терілері симметриялы түрде 
зақымданған. Қандай витамин тағайындар едіңіз? 
10. Науқас көп мөлшерде сульфаниламидті препараттарды және антибиотиктерді қабылдаған соң, 
дененің барлық бөлігінің терісінің түлеуі және қызаруымен білінетін дерматит, шаш түсуі, 
тырнақтарының зақымдануы байқалды. Егер В
5
және В
6
витаминімен емдеу нәтижесіз болса, қандай 
витамин тағайындар едіңіз? Витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, 
табиғатта таралуы. 
11. Науқастың қаны аз, гемоглобин, эритроцит, лейкоциттер мөлшері азайған. В
12
витаминімен 
емдегенде нәтиже байқалмады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Неге?
12. Науқастың көру қабілеті нашарлаған. Көздің қасаң қабағы құрғақ. Қандай витаминнің 
авитаминозы? Осы витаминнің биологиялық әсері, тәуліктік мөлшері, табиғатта таралуы.
13. Баланың басы үлкен, еңбегі бітпеген, іші үлкен, тісі кеш шыққан. Науқас баланың диагнозы. 
Қандай витаминмен емдейсіз? Ол витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік 
мөлшері, табиғатта таралуы. 
14. Науқастың іші жиі өтеді және ішінен қан өтеді. Операция кезінде қан көп ағады. Бұл қандай 
витаминнің авитаминозы? Химиялық табиғаты, биологиялық әсері, табиғатта таралуы. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет