Балалардағы орталық және перифириялық жүйке жүйесінің


Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата01.05.2023
өлшемі0,88 Mb.
#88708
1   2   3   4   5
Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі 
рефлекстер жатады:
Б а у э р р е ф л е к с і – баланы ішіне жатқызып, бүктетілген 
аяқтарының табандарына алақанды жолатса, бала еңбектегендей 
қозғалыс жасайды;
М о р о (құлаштау) р е ф л е к с і - бала басынан 15-20 см 
қашықтықта үстөл үстін соқса, бала әуелі қолдарын екі жаққа 
жаяды да, сосын оларды бұрынғы қалпына келтіреді;
Ж е л к е б ұ л ш ы қ е т т е р і н і ң р и г и д т ы ғ ы – арқасында 
жатқанбала желкесіне қолды салып, бала иегімен кеудесіне
жетсін деген мақсатпен басын алға бүккізу, жауабы оң болса –
желкесінде ауырсыну сезім пайда болады;


Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты 
жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты 
ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан к.езде 
табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен
жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл 
еңбектеу реакциясына айналады. 
Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің 
жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды
қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде 
баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын
болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік
неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім
мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке 
жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас 
миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, 
мен түйсіну балалада жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті


Танымдық өрісінің дамуы
Туғаннан көру және есту анализаторлары әлі де болса
аяқталмаған, ол белсенді түрде қалыптасады. 2-3 апта
да қабілеті көрінсе, ал 3-4 апта да көру тұрақтылыққа 
ие болады.



Сәби дамуының басты белгілері
Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық 
дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл 

ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен 
өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.
Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан 
кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің 
көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың 
кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте
бағдарлану қабілеті дамиды.
Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада
заттық әрекеттің дамуы
Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.
Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының
дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына
қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы
бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет