Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус)
Н 2-1-38-2021
1 баспа 05.01.2021
Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) білім беру бағдарламасына негізінде құрастырылды.
Курстың саясаты. «Математика» пәні бойынша дәстүрлі оқыту жүргізіледі. Пән
бойынша 37
сабақ өткізу қарастырылған, оның ішінде: 12 лекциялық сабақ, 25
практикалық сабақ және 15 сабақ оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін
студенттің
өзіндік жұмысы (бұдан әрі – СӨӨЖ).
Нәтижелі жұмыс істеу үшін студенттің академиялық адалдық саясатын сақтау, оқу
процесіне белсенді қатысу, тапсырмаларды бақылау кестесіне
сәйкес тапсырмаларды
уақтылы тапсыру қажет. Сабақ процесі кезінде сабырлы, төзімді,
ашық және мейірімді
болуларыңыз керек.
Студенттің мінез-құлқы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек. Әрбір
дәріс және практикалық сабаққа студент дәріс конспектілерін,
бейне-лекцияларды,
оқытушы ұсынатын презентацияларды; негізгі және қосымша
әдебиеттер тізімінен оқу
әдебиетін пайдалана отырып дайындалуы тиіс.
Пән бойынша тапсырмаларды бағалау тапсырмаларды бақылау кестесі бойынша
жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда деректер базасына 100 балдық
- рейтингтік
шкала бойынша бағаланады. Екі рубеждік бақылау апталық баллдардың орташа баллы
арқылы қойылады (1 рубеждік бақылау 4,6,8
апталардың орташа балы, 2 рубеждік
бақылау 10, 12,14 апталардың орташа баллы арқылы).
Лекция тақырыптары бойынша математикалық диктант өткізіледі.
Практикалық
сабақтарда дәптерлерде орындалатын жеке есептеу және геометриялық үй тапсырмалары
беріледі. Пән бойынша студенттің 2 өзіндік жұмысы қарастырылған, олар студентке оқу
семестрінің 4-ші аптасында беріледі.