АХМЕТ ЕЛШІБЕКОВ
ЖАЛЫНДЫ ПАТРИОТ
Москва түбіндегі ұрыстан соң, неміс - фашист əскерлерінің тұмсығы тасқа тиіп, аптығы
басылып, Смоленскіге шегінгеніне біраз уақыт болған. Батыс майдан əскерлері соның ішінде
біздің 10-армия да қорғанысқа көшкен. Сухиничиден батысқа қарай 20-35 шақырымдай
жерде біздің дивизиялардың алдыңғы шебі өтетін.
20-35 шақырым дейтін себебім — біздің армияның екі жақ қанаты берірек (10-15
шақырымдай), ал маңдай алды əрірек, Киров (бұрынғы Песочный) қаласы мен оның
оңтүстігіндегі Фаянс заводының арғы жағында 5-7 шақырымдай жерде болатын. Басқаша
айтсақ, біздің армия бүкіл Совет Германия майданын кеулей ілгерірек барып тоқтаған,
сөйтіп екі жақ канаты да жаумен жапсарлас болатын. Тек айтарға ғана қорғаныста дегенмен,
екі жақта да тыным жоқ, күн сайын дерлік үлкенді-кішілі барлау ұрыстары болып тұратын.
Біздің армиялардың 1943 жылғы июнь шабуылына шейін жағдай осылай еді.
1942 жылы июль айының аяқ шенінде, əлгі Киров қаласының шығысында Дубров
орманының ішінде тұрған кезіміз. Мен саяси бөлімнің насихат жəне баспа жөніндегі аға
инспекторы болатынмын. Оның үстіне орыс емес жауынгерлер арасында жүргізілетін
жұмыстар да менің мойнымда болатын.
Солтүстік жағымызда екі шақырымдай жерде Рындино дейтін деревняда полевая почта
орналасқан болатын. Бір ұйғыр солдат (Қырғызстаннанмын дейтін өзі) біздің саяси бөлімге
почта, газет-журнал тасып жүретін. Жайшылықта велосипедінен түспей, баяулап келіп,
əрбір 3-4 шалаштың орта шеніндегі үстел сымақ үстіне почтаны тастай беріп, төмен қарай
ағып өте шыққанын көріп қаламыз. Почта келгенін сонан білеміз. Бұ жолы саяси бөлімнің
бөлімше бастығы, батальон аға комиссары Н. С. Деза (бұрын Тамбов облысының үгіт-
насихат жөнінен секретары болған), кадр бөлімшесінің бастығы, батальон комиссары
Жолкин, мен, тағы бір-екі əскери қызметкерлер сөйлесіп отырғанымызда əлгі почтальон
көрінді. Анадайдан велосипедінен түсіп, жаяулап келіп, честь беріп, тұра қалды.
- Сізді бір қызыл əскер КПП-де күтіп тұр, — деп, оның аты-жөнін айтты.
Онымен бірге КПП-ге келсем, шынында да əлгі айтқан қызыл əскер күтіп тұр екен (күн
кешкіріп қалған соң, сақшылар жібермепті). Үстінде жуылып оңған, тап - таза гимнастерка,
шалбар, басында да сондай оңған, тап-таза пилотка, күн қақты болып тотыққан сұңғақтау
қара жігіт (тегінде қара торы болса керек), жылтырата тазартқан солдат етігін сарт еткізіп,
шаншыла тұрып честь берді. Мен де честь беріп:
- Есен-аман жүрсің бе, Баубек! — дедім. Аман - есендік мезіретін жүре орындап,
шалашқа қарай алып жүрдім. Жаңа мен кеткенде отырған жолдастардың саны көбейіңкіреп
қалған екен. Кешке таман армия басқармасының басқа бөлімдерінде істейтін командирлер
біздің саяси белімнің шалаштарына жиналатын.
Бізде гитар тартатын, əн салатын, би билейтін дарынды адамдар (Анатолий Гусев,
Александр Беляев, т. б.) бар еді де, көбінесе соларды тамашалауға жиналатын.
Радиоқабылдағыш арқылы фашистердің не деп, не қойып жатқанын тыңдап отыратын,
немісшеге жетік адамдарымыз да бар еді. Айтуға боларлығы айтылатын.
Оларға
Баубекті
таныстырдым.
«Комсомольская
правдада»
Баубектің
бір-екі
публицистикасы жарияланып қалған кез еді бұл. Бұл командирлердің көбі оған қанық еді,
сондықтан əрқайсысы оның армияда қашаннан бері қызмет ететінін, соғыстан бұрын не
істегенін сұрасып, біраз əңгіме құрдық. Баубек онша шешілмей, қысқа да орынды жауап
қайырып отырды, болайын деп тұрған жігіт екен десті кейін олар.
Баубек біздің армияға тіке бағынатын саперлер батальонында екен. Қорғаныста тұрған
ірі əскер құрамасына мұндай арнаулы əскер бөлімі өте қажет-ақ. Баубек батальонның клуб
жұмысын да басқара жүреді екен...
Əңгімеміздің үстінде оның публицистикасы жағын қозғағаным есімде. «Комсомольская
правда» онан жазған мақаласы болса тағы жіберіп тұруын сұраған екен. Əзірше жаза қойған
мақаласы жоғын, бірақ жазғалы жүргенін айтты. Сонда отырып бір өлеңін оқыды маған.
Отаншылдық лебі күшті, соғысты суреттеген. «Шығыстың ұлдары қайтпас, қайсар жауынгер
жігіттер екен, Алатау, Сарыарқаны арка тұтатынын сипаттаған елең екен. Жақсы өлең,
жауынгерлерге қайрат беретін, ерлік қимылға бастайтын өлең екен. Ана Алатау, Сарыарқа
дегенің ол біздің арка сүйейтін халқымыз ғой, ол қонымды...» — дедім. Баубек үн-түн жоқ,
маған тіке қарап отырып қалды... «Тым сезімтал жігіт - ау өзі, жаңағы Алатау мен
Сарыарқаны ежіктегенім көңіліне келіп қалды ма екен?» — деген секем алдым. Жоқ, екі
көзі менде болғанымен ойы əлдеқайда сияқты, ту сыртымдағы бір қиянға самғағандай...
Кейін оның жинағындағы «Жүріп келе жатырмын» дейтін өлеңі маған жылы ұшырайды.
Бұдан отыз жыл бұрын естіген сол өлеңде Алатау да, Арқа да бар. Солармен бірге:
Ел намысын жыртатын
Қайратты қайтпас ер керек.
Арқа сүйер ер үшін
Жағасы бүтін ел керек...
деген жолдар жаңадан қосылған ба деймін.
Күн батуға айналды. Баубекті шлагбаумнан сыртқа шығарып салдым. Өз əскер бөлімінің
жатаған автобусы жауынның астында əлі күтіп тұр екен. Келіп тұр деп, қош айтыстым.
Баубек қиылып, сəл тұрды да қолымды құшырлана қатты қысты.
Арада біраз күндер өтті. Алдыңғы шептегі дивизияларға барып тұратын жұмыстарымыз
болып қалатын. Бір жолы сол сапардан қайтып оралғанымда, Баубек тағы бір келген екен,
бірақ мені кездестіре алмай кетіпті.
Бірде алдыңғы шепке бара жатып, Баубектердің саперлік взводының үстінен шықтым.
Баубектің менің беталысымнан қиысырақ жақта жүргенін естіп, бір жапырақ қағаз жазып
беріп жібердім. Кідіруге болмайтын еді.
Сол сапарымнан армия басқармасына қайта оралғаннан кейін, біраз уақыт өткенде,
Баубек екінші рет келді. Қоңыр күз, жаңбыр жауып тұрған-ды. Баубек плащ-палатка
жамылып алған. Бұрынғыдай емес, енді ақ жарқын, көңілі көтеріңкі көрінді. Туз сөмкесінен
бір қағаздарды ақтарып, тағы өлеңін алды. Анадағы өлеңіндей емес, Махамбет толғауының
сарыны бар. «О, ерлер - ау, ерлер - ау, Еділге бүгін жау шапты...» деп бастапты. Ер азамат,
жауынгерлерге, дүйім елге ұран салған бұл өлеңі қатты тебірентті мені. Сталинградта
сұрапыл ұрыстар дүние жүзін жаңғырықтырып жатқан кез ғой, елім деп еңіреген, жалынды
патриот Баубек тұрсын, кімнің зығырданын қайнатпады?! Жаңа талаптың бойын
астамшылық билеп кетер деп қаймықпай-ақ: «Күшті өлең екен. К. Симоновтың «Өлтір
немісті!» дейтін өлеңімен таласатын өлең екен», — деп мақтадым. Бүл өлеңі өзіне де
ұнайтынын оның ажарынан аңғардым.
Өткен жолы сөз болған мақала жөнінде тағы да əңгіме бастадым. Жазып жүрмін деген
мақаласын «Комсомольская правдаға» жөнелткенін айтты.
1940 жылдан бұрын да, онан бері де азды - көпті өлең жазған екен. Мұны осы екінші
жолыққанымда білдім. Өлеңдерінің бірлі - жарымы басылыпты («Лениншіл жаста» болса
керек). Өлеңдерін жинақ етіп шығаруға əлі аздау сияқты көрінді. Бірақ өте керек-ақ өлеңдер.
Ішімнен ойлап қоямын: «Осы екі-үш мақаласымен соғыс туралы өлеңдерін қоса бір кітапша
етсе қайтер еді. Жоқ, оған «Қазақстан» баспасы көнбес, қара сөздер мен өлеңді өзінің көзі
тірісінде араластырмас. Сонда мақалаларын бір кітапша етсе де болмай ма? Ал мақаласы
əзірше үшеу ғана. Тағы жазатын ойы бар ма екен?»
- Бір мақаланы ойлап жүрмін, — деді Баубек.
- Ондай болса, жаз, бірақ онша көп ойланба. Əзірше осы үш мақаланы «Қазақстан»
баспасына жөнелт. Өзің жібергенді ыңғайсыз көрсең, жинастырып маған бер, мен
жіберейін. Бір жағынан Орталық партия Комитетіне (Қазақстанның) де хат жазайын, —
дедім.
- Жазып қайтесіз. Онша қажеті бар ма, — деді қарапайым жігіт.
- Саған қажет болмағанымен, мынадай жаумен жанталасып жатқанда үйдегі, түздегі
жұртты жауға қарсы жұмылдыру үшін қажет қой...
- ...Жарайды, олай дейтін болсаңыз. Жинастырып көрейін, — деді Баубек, біраз ойланып
отырып.
Кейінгі жолыққандағы əңгімеміздің мазмұны тағы осы болды. Мен бір жағынан лектор
едім. Алдыңғы шепке барғанда еліміздің, дұшпанның жайы туралы лекция оқи жүретінбіз.
Баубек көбінесе осы лекциялардың мазмұны жайында көп сұрайтын, өзі аз сөйлейтін.
...Қар түскен, қыс қайратына міне бастаған кез. Фомичи деген селода тұрғанымызда
Баубектен хат келді. Мензелинскіден (Татарстандағы) жазыпты. Саяси қызметкерлер
даярлайтын əскери курс болатын, сонда оқып жатырмын депті. Оқуға жүрерде маған
соғудың орайы болмапты. Біз ақылдасқан мəселе (мақалалар) жайында тағы хат жазармын
депті.
Мен оған реніш білдіре хат жаздым. Мақалаларын əлі жөнелтпегені үшін жазғырдым.
Тура Орталық Комитетке, секретариатының атына жөнелт деп жаздым.
Екінші хатында мақалаларын жинастырып, ретке келтіріп жатқанын айтыпты. Мен тағы
да ренжи жаздым, мақалаларын осынша кешіктіріп жүргеніне. Сабағынан бұрыла алмай жүр
ме екен деп те ойладым.
Үшінші хатында мақалаларын Қазақстандағы жолдастары реттейтін болғанын жазыпты.
«Бəрекелді, жақсы болған екен», — деп, жауап хат жаздым.
Одан кейінгі төртінші, соңғы хатында мақалалар жайында жазбапты. «Оқу аяқталып
қалды, жуық арада майданға, политрук болып баратын шығармын», — депті.
Мен жауап қайырдым.
Бұдан кейін Баубектен хат келмеді...
Октябрь 1971 ж.
ҚАНАҒАТ АҒЫБАЕВ
БАУБЕК ОСЫЛАЙША ҚАЗА БОЛДЫ
Мен 1924 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, осы Егіндібұлақ селосында туып өстім.
Қазір де осы жерде тұрып жатырмыз.
Қызыл əскер қатарына 1942 жылы сентябрь айында Жарма аудандық əскери
комиссариаты арқылы шақырылдым.
Əскер қатарына алынғаннан кейін 1943 жылдың май айына дейін 9-атқыштар
бригадасында Саратов облысында болдым. 5 ай осы жердегі батальон штабында писерлық
қызмет атқардым. Май айында бізді Пугачев қаласынан майданға аттандырды. Майдан
шебіне жақын қалғанда 394-атқыштар дивизиясының 810-полкына қосты. Осы полкта мен
1945 жылдың октябріне дейін бөлімше командирі болып қызмет атқардым. Орел - Курск
операциясы кезінде 4-Украина майданының кұрамында Харьков маңайында бірінші рет
соғысқа қатыстым. Осы полк құрамында Украинаның Кривой Рог қаласы, Одесса облысы
арқылы Тернополь қаласының маңында қорғаныста болып, 1944 жылы август айында Яссы-
Кишинев группировкасына қатыстым.
Менде награда өте аз. 1944 жылы апрель айында Днестр үшін жəне 1944 жылы сентябрь
айында Яссы - Кишинев операциясы үшін «За отвагу» медалі, «За победу над Германией»
медальдары бар.
Мен Баубекті 1943 жылы көрдім.
Мен бір шаруамен кетіп бара жатыр едім, алдымнан қазаққа ұқсас бір аға лейтенант
кездесті. Мен ол кісіге əскер тəртібімен сəлемдесіп өтіп кеттім. Барған жұмысымды бітіріп
қайтып келе жатқанда əлгі кісі тағы кездесті. Ол мені тоқтатып: «Қазақсың ба?» — деп
сұрады, мен: «Қазақпын», — деп жауап бердім, ол менің қай жерлік екенімді сұрады. Мен
толық жауап бергеннен кейін ол осы полктың саперлер взводының командирі екенін айтты
жəне уақытым болса, келіп тұруымды сұрап орналасқан жерін көрсетті. Мен сол кеште - ақ
бардым.
Екеуміз 2 сағаттай əңгімелестік. Баубек өзінін жалғыз екенін, бір жақын ағасы соғыста
қаза тапқанын, жора-жолдастарынан хат алып тұратынын айтты. Содан кейін Баубек
«Социалистік Қазақстан» газетін алатынын айтып, маған «оқы, Қазақстан жаңалығымен
таныс» деп бірнеше номерін берді. Міне, осыдан бастап Баубекпен бірге туысқандай болып
кеттім. Бос уақыт болса Баубек екеуміз ылғи бірге болатынбыз. Баубек маған неміс
картасынан жасалған екі қалың дəптерді көрсетіп, өзінің газеттерге мақала, өлең жазуымен
бірге «Алтын сағат» жəне «Капитан Водопригора» деген əңгіме жазып жүргенін айтатын.
Біздің əскер Кривой Рог қаласын алуға дайындалып жатқанда, жау минасын тазартып
жүріп, қапылыста мина жарылып Қаратаев, Каплевский, Баубек үшеуі мерт болады.
Баубектің мерт болғанын естіп, Махровтың көмегімен майдан даласынан алып шығып,
Днепропетровск облысы, Софиев ауданы, Ново-Юльевка селосына ез қолымнан жерледім,
қасында Қаратаев, Каплевскийлер бар. Баубектің басына «Баубек Бұлқышев» деп, туған
жылы мен мерт болған жылы, күнін тақтайға ойып жаздым. Менің қолымнан келгені осы
ғана болды.
Баубек кішіпейіл, бауырмал еді. Баубекті осындай азаматтығы үшін солдаттар қатты
сыйлайтын. Жəне штаб офицерлеріне өте беделді еді. Баубек жас кетті. Сол соғыстың қиын-
қыстау уақытында өте мəдениетті, таза жүретін жəне осыны өз қарамағындағы солдаттардан
талап ететін.
Сологубов маған Баубектің қағаздарын тапсырғаны туралы Рахметолла Ыдырысовқа
айтқан едім, бірақ оның мазмұнын мен оқығам жоқ, себебі оған менде уақыт болмады. Ол
қағаздардан жараланып, госпитальға түскен соң көз жазып қалдым.
Соғыс аяқталғаннан кейін Баубектің полкінен Махровтан басқаны кездестірмедім.
Махров мені 17 жылдан кейін іздеп тапты, қазір катысып тұрамыз.
Октябрь 1972 жыл.
MҰҚАН ИМАНЖАНОВ
ҚОШ БОЛ, ДОСЫМ!
(Майданда қаза тапқан талантты жас жазушы, жан досым Баубек Бұлқышевтың өліміне)
Бұл өмірдің қызығы махаббатпен,
Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен.
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де өлмегенге боласың тең.
(Абай)
Ардақты дос, менің алдымда сенің армияда еткізген соңғы төрт жыл өмірін ішінде
жазған хаттарың жатыр.
Мен осы хаттарды бүгін кайта оқып, терең ойға шомып отырмын. Мына бір топ хат
бейбіт күнде жазылыпты. Мына біреуі — дəл соғыс басталар күнгі жазған хатын. Ал соғыс
күндеріндегі жолдаған хаттарың өз алдына бір буда болып ол тұр... Осы хаттардың
əрқайсысында өзекті өмір жатыр. Əр хат — əр уақыттағы жан күйіңді алдыма жайып салып,
жас адамның үлкен ойын, досқа, елге деген отты махаббатын, жауына деген өшпенділігін
көз алдыма елестетеді.
Міне, мен оқи - оқи келіп, дəл ұрысқа кірерден бұрын жазған бір хатыңа жеттім.
«...Достым, есіңде бар ма, Корчагин соғыста жараланып, ауруханаға келіп түскенде
партбилетінің арасынан «Егер өле қалсам ағама білдір» деген адрес жазылған бір кішкене
қағаз шығады ғой. Міне, сондай қағазды жазуға бізге де кезек келді. Аты-жөнімізді жазып, ез
бойымызда сақтау үшін əрқайсымызға кішкентай медальон берілді. Бұл минут өмірі естен
шықпас - ау! Осы кезде «Өлім, Өмір» деп жарыса ұшқан екі сөзді айтсаңшы! Мен
айналамдағы жолдастарыма қарадым. Бəрі де үнсіз тына қалған. Бəрінің де жүзінен
байсалды пішін, терең ой аңғарылады. Ия, достарым ойға кеткен. «Кімді жазу керек?»
Біреудің əкесі ауылда, ағасы қалада деген сияқты, ен алдымен жаманат хабарды кімге
естірту керек? Бұл, шынында, ойланатын минут.
Жігіттер жазуға кірісті. Біреулері туған жерінің, ата - анасының адресін, екіншілері
ағасының немесе сүйген жарының адресін жазып жатыр. Қысқасы, əркім ең сүйікті, ең
жақын адамын жазуда.
Əлден уақыттан кейін мен де жазуға кірістім. (Сол қағазды əлі сақтап жүрмін, жоғалтпай
саған көрсетермін - ау!) Мен кімді жазды дейсің ғой? Ең жақын, ең досым деп жазған кісім
сен б|ілмейтін біреу болды. Егер өліп кетсем сол жазған адамыма ете ауыр тиеді - ау деп те
ойладым. Дегенмен, менің өлімімді басқа біреу естігенше, əуелі сол ең жақын адамым
естісін дедім. Ол адам — адал досым еді, сен едің...»
Қайран дос, қайғылы қазаң үстінде жүрегіңнің қанымен жазған осы хатыңды бір емес,
бірнеше оқыған болармын. Оқыған сайын асыл хаттың əрбір сөзінен өмірдің самал желі
есіп, өлмес достықты мезгеп тұрғандай болады.
Адам жан күйер жақынын сағынғанда, ең алдымен, оның тəтті қылықтарын, қызық
мінездерін еске түсіреді. Содан кейін оның бейнесі елес береді. Мен дəл осы сəтте
толқынды ойға батып, толғанып отырмын. Көз жұмулы, көңіл ояу. Алдымда сен тұрсың.
Балдай тəтті балалық шақ, білім берген мектеп, бір жүріп, бір тұрып өткізген қимас күндер,
келешек туралы тəтті қиялды бөліскен жастық кездер кештей тізіліп өтіп жатты. Мен
əлденеге асыққандай, ойымды алға оздыра түсем. Ой озып, бүгінгі күнге жақындаған сайын
сенін тұлғаң толысып, зорая береді... Сабақталған ой жалғаса - жалғаса келіп соғысқа жетті.
Одан сенің ең ақырғы минутына тірелді. Өлер алдындағы қанды шайқас көз алдымнан бұлаң
берді. Жауға сұстанған бойың қабағыңнан кəр төгіп, қасқая алға ұмтылдың сен. Сенің
жайдары жүзіңді ыза мен кек торлаған минутты мен, міне, тұнғыш көріп тұрмын.
Күлімсіреп тұрған өткір қара көзің от шашып, жайнай түскен.
«Менің өмір сүргім келеді. Бірақ неміспен бірге өмір сүре алмаймын. Немісі бар дүние
тар мен үшін... Бір жердің үстінде неміспен бірге жасай алмаймын мен. Сондықтан да,
өлтіруім керек немісті... Мен Шығыс адамымын. Батысқа кетіп барамын. Меңің елім:
«Шығыс ұлы, жолың болсын! Шығысқа жеңіспен қайт! Мен сені Алатаудың аясында қарсы
алармын», — деп тұр дегендей боласың.
Осы үн төбеңде ту болып желбіреп, алға бастап бара жатқандай. Жолдастарың да сенен
қалыспай, немістердің басына заманақыр орнатуда. Сендер дұшпанның бір бекінісін алып,
екінші бекінісіне төндіңдер. Олардың бората жаудыраған оғы сендерді бөгей алған жоқ...
Амал нешік, дəл осы минутта қаңғырған бір ажал оқ дəл сенің жүрегіңнің тұсынан қадалды.
Сен тəлтіректеп барып кеудеңді басып отыра кеттің. Ақтық сағатың соқты. Аузыңнан «қош»
деген бір ғана сөз ұшты. Дəл осы сəтте осы бір ғана сөзге сыйды бар ойың!
Жоқ, бұл əшейін елес қой. Мүмкін, ауыр жаралансаң да, жас жүрегің соғуын көпке дейін
тоқтатқысы келмеген болар. Өмірді сүйген жан едің, өліммен қанша алыстың екен, жас
азамат! Көкіректен аққан қан көзіңді мұнартып, талықсытса да, өлімге дес бермей біраз
жаттың - ау, бауырым! Осы аз ғана минутта жарылған бомба, атылған оқ астында анаңдай
сүйген Арқаңды жүйрік қиялыңмен неше шолып шықтың екен! Еліңнің сұлу Жаннасы,
сүйікті құрбы-құрдасың, төл елің жүрегіңді жүз бұрап, жаныңды қандай толғандырды екен!
Есіл ер, егілдің - ау сонда сен!..
Əлде төс қалтаңдағы комсомол билетің мен Жаннаңның суретін қолыңа алып жау
алдында асқан тəкаппарлықпен кеудеңді көкке көтерген бойын:
- Риза бол, ел-жұртым, риза бол, жаным Жанна, ақтық минутыма дейін азаматтық арыма
кір шалдырмай, қайтпас сапарға кетіп барамын! — дедің бе екен көз жанарыңа ұлан байтақ
Отаныңды сыйғызып.
Я, өлер алдында сен осыны айттың! Осы сөзбен жұмдың сен. Сенің отты жүрегің маған
осылай деп тур.
Қапаланбай, алаңсыз аттан дүниеден, бауырым! Ел алдында азаматтық, борышыңды
ақтадым деп біл. Сен ерлерше күресіп, нағыз ерлерше қаза таптың. Азамат ақынша ойлап,
кейінге ойыңнан мұра қалдырдың. Рас, сен енді жоқсың. Сенін аттай тулаған асау жүрегің
соғуын мəңгі токтатты. Бірақ сен ойлаған ой, сендегі өзекті махаббат өлген жоқ. Есіңде ме,
«Ерлердің өлімінде де өмір бар» деген жоқ па едің өзін? Сондай ердің бірісің сен!
Өмірде өлмейтін адам жоқ. Адамның алып анасы — қара жер перзентін құшағына бір
алады. Адам көп дегенде жүз жасап сол анасының құшағына енеді. Адамға көп жасау ғана
мұрат емес, оның үстіне, көп білу, кейінгіге көп енбек қалдыру мұрат. Адам бір ғасыр да
өмір сүрмей дүниеден аттанады. Ал, оның ақыл-ой, еңбегінің тарихы мəңгі жасайды. Адам
болып дүниеге келіп, адам болып дүниеден кету үшін ол, міне, осыны өз алдына мақсат етіп
қояды.
Сен нағыз Адамша дүниеден қайтқан жансың. Шағын өміріңде дүниеге «Заман біздікі»
деп тұнық ойынның бетін қасиетті, мағналы сөзбен аштың да, өз жүрегіңнің, бүгінгі жастар
жүрегінің төрешісі бола білдің. Сол үшін құрбыларың сенің аз еңбегіңді көптей көріп,
қолдарынан тастамай оқиды. Оқыған сайын олар атынды құрметпен ауызға алып, біздің
заманымыздың, жастықтың жаршысы деп сені мақтаныш етеді. «Біз күресте тудық, сол
күреспен өлеміз де. Осының бəрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ!» — деген сөзін
құрбыларыңның, іні-қарындастарыңның жүрегінде. Олар бұл сөзіңді ешқашан да
ұмытпақшы емес! Ұмытылмайсың сен!
Естисің бе, Шығыс ұлы, сен олармен бірге өмір сүрудесің. Ендеше, қыршынымнан
қиылдым деп егіле көрме!
Біз кеше Жаннаға сеңін қазаңды естірттік. Ауыр қаза жас аруға қатты батты. Ол
алғашқыда көз жасына булығып, есі кеткен адамдай, сазарып отырып қалды. Бірақ ол
ақылды еді ғой, сол ақылдылығын істеді. Көзден аққан жасын кенет сүртіп тастап, орнынан
ұшып тұрды да:
- Жоқ, досқа деген махаббатты кез жасымен жуу — бишаралық. Біздің заман — бос
егілудің заманы емес, күрес заманы. Адал досым арман еткен жеңіске, келешекке арналады
бар ой, бар күш-қуатым. Ауыр қазаға жауабым осы болар менің! — деп өзі жұмыс істейтін
заводқа жөнелді. Естимісің, Шығыс ұлы, жанын сүйген Жаннан осылай деді! Өзінше ойлап,
өзінше ерлік іс етті.
Дəстүр, игі дəстүр есіме түседі менің! Халық үшін, Советтік Отан үшін кызмет ету —
осы ғой біздің дəстүр. Осындай ұлы қасиетке баулып, білім беріп есірген совет мектебі
қандай ыстық саған! Дəстүр! Халқымыздың көне заманнан келе жатқан шынайы дəстүрі
совет елі тұсында жаңа арнаға құйылып, жаңа арнамен шалқып аққан еді. Осы арнадан өзіңе
өзекті ой, ерен күш алып «екен едің сен. Абайдан ақыл мен ақындықты, Шоқаннан білім
мен сүйіспеншілікті, Махамбеттен батырлық пен қайсарлықты үйрендің сен. Пушкин мен
Толстой, Чехов пен Горький ше! Олардың тартқан сыйын қайдан ұмытарсың!
Ұлы ойдан улы арман, улы арманнан ұлы іс туған заманда жасаған ұрпаққа кəрі тарих кез
тастап, жіті қарағанда сен де атаусыз қалмайсың. Осыған қуан, бауырым!
Міне, сендегі ой, сендегі қасиеттерді Жаннан алды. Бұл сенің де ұрпақ үшін кызмет
еткеніңді көрсетеді. Абай мен Пушкинді, Белинский мен Шоқанды, Некрасов пен
Махамбетті, Горький мен Маяковскийді сүйген халық солардың ұшқыны сияқты жарқ етіп,
өше қалған сен сияқты асылын да ұмытпайды.
Сен азат жерді, өзіңнің Сарыаркаңды, бүкіл совет жерін қорғап жүріп мерт болдың.
Саған топырақ туысқан. Украина жерінен бұйырды. Бұл жерде сен сияқты талай өндір
бауырларың қаза тапты. Қазір сол жер, сендер қорғаған, жаудан кеп азап шеккен, қасіретті
жер гүл-гүл жайнап, қайта кектеді. Əзің сүйіп жыр еткен Украина аруының апа - сіңлілері
сенің жас қабырыңа сүйіспеншіліктің белгісі — қызыл гүл екті. Бүл — саған, сенің
жолдастарыңа деген халық махаббаты. Сен украин қызын жеке бастың сүйіспеншілігін ауыр
күнде Отанға деген ұлы махаббатқа ұштастыра білдің деп мадақтап ең, бүгін сенің
құрбыларың сені де Жаннаға деген махаббатын өмірдің асқар шыңына көтеріп, ел
махаббатына ұштастырды деп мадақтайды.
Ұлы арманның иесі, артына із қалдыруға ұмтылған, ерте жанып, мезгілсіз сөнген, сүйікті
Шығыс ұлы, топырағың торқа болсын! Қош, бауырым!
Тауұлы
«Соц. Қазақстан» 1944. 21 май
|