Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені


Дəріс № 7 Тақырып: Мыс өндірісі үшін жабдықтар



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#8063
1   2   3   4   5   6

Дəріс № 7

Тақырып: Мыс өндірісі үшін жабдықтар.

Құю  өндірісіне  қажетті  жабдықтар. Белгілі  болғандай  мыс 1083° температурада

балқиды. Ол жоғарғы электрөткізгіштік, орнықты жылу өткізгіштік жəне көптеген химиялық

ортада  беріктік  қасиетке  ие. Мыс, əсіресе  электротехникада  кеңінен  қолданылады.

Машинажасау саласында мыстың құймасы қола мен жез жиі пайдаланылады.

Мыс  минералы  жəне  оттегімен  химиялық  бірігу  түрінде  кездеседі. (Cu

2

O; CuCO



3

  ·


Cu(OH)

2

; CuSiO



3

 · 2H


2

O тағы басқа) жəне күкірт (Cu

2

S; CuS; Cu



3

FeS


3

; CuFeS


2

 тағы басқалар).

Өндіріс  мағынасына  үлкені  сульфид  кені. Мыс  кенінде 0,5-ке  дейін  не 0,8-ге  дейін  мыс

болады. Оның құрамында темір, күкірт, кремнезем, глинозем, ал кейбір кендерінде цинк (1–

8%), қорғасын (1–5%), никель (0,3–4%), алтын (5 г/т  дейін), күміс (60 г/т  дейін), сондай-ақ

сирек металдар жəне платоноидтар бар. Мыс кенінің барлығыда флотация əдісімен байытуға

келе  береді. Флотация  дегеніміз құрамында мыс  немесе басқа  да металдардан  басқа  да кен


25

массаларынан  минералдардың  бөлінуі, ол  су  ерітіндісінен  кеннің  бірінші  қалқып  шығатын

химиялық  реагент  қатысуымен  негізделген. Флотацияға  енген  минерал  флотация

реагенттерінің  əсерімен  суға  дымқылданбай, оның  ауа  көбіршігіне  жабысып, көбік  тəрізді

жоғары  көтеріледі. Ал, флотациялануға  епсіз  минералдар  суға  дымқылданып  ерітіндінің

түбіне шөгеді.

Ағаш  астауларға (2) флотация  машинасына (20-сурет) қойыртпақты  құяды. Құбыр

арқылы  қойыртпақтың  қыртысына  сығылған  ауа  жіберіледі. Ауа  қойыртпақтың  бір  бөлігін

араластырады  да оны жоғары ығыстырады. Бұдан қойыртпақ жиі-жиі араласып  көбіктенеді

де астаудың табалдырығынан (1) науаға құйылады.

Қатты  концентратты  судан  бөлу  үшін  қатты  бөлікті  шөктіреді, сол  үшін  қойыртпақ

қоюлатқышқа  жіберіледі. Қоюланған  концентрат 30–60% суды  ұстайды. Сондықтан  оны

сүзгі-вакуумде сусыздандырып, кептіргіш пешке жібереді.

Мыс  кені  мен  концентратын  тотықтырып  күйдіру  мақсаты, одан  күкірттің

бөлшектерін ажырату. Ыстық пештегі материал қабттары (750–800°С) жоғары температура

бірден  қызып, ауадағы  оттегімен  тотығады. Қыздыру  кезінде  сульфид  бөлшектеніп  күкірт

пен  сульфид  тотығын  шығарады.  Бұл  күкірттің  қатты  бөлінген  жылудан  жануына  жағдай

жасайды. Алынған  затта (өртең) күкірттің  құрамы  азаяды  да  балқымадан  бай  мыс  қорын

алуға  болады. Барлық  мыстың 90%-ын  күйдіру  металлургиялық  əдісімен  алынады. Оның

барлық жолы жоғарыдағыдай тəсілмен жүргізіледі.

1. Шарпыма  пештегі  балқыту  процесі  мыс  концентраты  мен  кенді  өңдеудің  негізі

болып  табылады. Қазіргі  кезеңдегі  шарпыма  пештің (21-сурет) жұмыс  кеңістігінің (2)

ұзындығы 28–29 м, ені 6,5–9 м. Пештің  іші  отқа  төзімді  динас  кірпішпен  шегенделген.

Майдаланған  шикі-құрамды  пеш  шанапына (1) пештің  күмбезіндегі  тесік  арқылы  салып,

пештегі  ыстық  газдың  əсерімен  балқытады. Балқу  температурасы 1450°С. Пештен  алыну

температурасы 1200°С. Пеш төмен тотығу атмосферасын ұстайды.

17-сурет. Флотация машинасының сұлбасы

1-Көбік құюға арналған науаға еңтейтілген

табалдырық; 2-ағаш астау; 3-4-тосқауылдар;

5-маңдайша; 6-қойыртпаққа ауа жеткізетін құбыр; 7-

сығылған ауаның жолдары

18-сурет. Мыс кенін балқытатын шарпыма

пешінің сұлбасы

Пештегі балқу кезінде штейн пайда болады. Оның құрамында негізінен мыс сульфиді

(Cu

2

S) жəне темірсульфиді (FeS) бар. Штейн пеш қабырғасының іргесіндегі шпурлы тесіктен



ағызылып, қож арнайы тесіктен шығарылады.

2. Мыс  штейнін  сығылған  ауаны  үрлеу  жолымен  конвертерлейді. Көлбеу  конвертер

(22-сурет) цилиндрлі  бүркеніш (1) сияқты  келеді. Ол  ішінен  магнезитті  кірпішпен (3)

шегенделген. Конвертер  ішіне 120 т. дейін  штейн  сыяды. Штейнді  жəне  кремнезем

қождамасын кварц тағы басқалар) құю конвертердің аузы (4) арқылы жүргізіледі. Одан кейін

үрлеуіш (2) арқылы  конвертерге  жағалай  орналасқан  сығымдалған  ауаны  айдайды.

Конвертерды жұмыс  істеу жағдайына  қосқаннан  кейін, сығымдалған  ауа балқыған штейнге

араласады.  Əуелі  темір  сульфидінің  тотығуы  жүреді  де  темірдің  шалатотығы  қожға  кетеді.



26

Реакцияланған  аймақтан  конвертер  газы  үзіліссіз  шыққан  сайын  тотыққан  мыс  металдық

жағдайға  жетіп  реакция  толық  аяқталады. Алынған  қара  мысты  конвертердан  шөмішке

құяды да оны құйма құятын машинаға жеткізеді.

Конвертерлі  мыстың  жоғарғы  маркасы  МК1 кемінде 99,35% мысты  құрайды. Оның

ішінде  алтын  мен  күмістің  қоспасы  бар. Сондай-ақ  кемінде 0,65% күкірт, темір, оттегі,

сурьма, висмут, никель, мышьяк, мырыш, алюминий жəне басқалар бар.

3. Мысты отпен тазартуды жүргізудің мақсаты тығыз анодты алу. Ол келесі элекролит

арқылы  тазартумен  қоспаларды  жою. Мысты  тазарту  үшін  тұрақты  шарпыма  пеші

қолданылады оның сыйымдылығы 400 т. Сонымен қабат еңкейтілген цилиндрлі пеш. Мұның

диаметрі 4м-ге  жуық, ұзындығы 9м, 160–250 т  мыс  сыяды. Тазарту  мынандай  процестен

тұрады.


19-сурет. Көлбеу конвертер.

20-сурет. Электролитпен мысты тазалауға

арналған астау сұлбасы.

Астауға  түсірілген  құбыр  арқылы  ауаны  үрлегенде, сұйық  мыстың  тотығуы  пайда

болады. 2Cu+0,5О

2

=Cu



2

O+39,84 ккал (166,77 кдж).

Мыстың  қышқылдануынан  сұйық  мыс  та  ерітіледі (1170°С  температурада 8%)

қоспаларымен  өзара  əрекеттесіп  жəне (Me) жалпы  жоба  бойынша, Cu

2

O+Me→MeO+2Cu



құрайды.

Металдың қышқылдануынан (MeO) қож жойылады немесе ұшып кетеді. Мыста артық

шала  тотықты  мыс  қалады. Онда  қалатын  қиын  қалыптасатын  қоспалар (Ni, As, Sb, Bi).

Сонымен  қатар  қымбат  металл  мен  газдар. Мыстың  шала  тотығын  қалпына  келтіріп

жүргізетін  процесті  қыздыру  деп  атайды.  Ағаш  кеспелтектің  бір  ұшын  пештің

табалдырығынан  металға  батырады  жəне, астауды  араластырады. Бұдан  барып  мынандай

реакция туындайды. Cu

2

O+C=2Cu+CO; Cu



2

O+CO=2Cu+CO

2

.

Бір жолы астаудан газ шығарылады. Отпен тазартудан кейін 99,0–99,5% таза мыс Cu



алынады. Оны  қалыпқа  құйып  құймалар  алады. Анодты  плита  түрінде  келесі  электролит

тазартуына  немесе  одан  кейінгі  балқымаға  кеспелтек  түрінде  мыс  балқымасын  алу  үшін

жібереді.

Электролитпен  тазартуды  қоспалардан  бөлек  таза  мыс  алу  үшін  жүргізеді.  (Оның

тазалығы 99,95% дейін). Темір  бетонды  астау 1 (23-сурет), ішінен  винипластпен  қапталған

(2) оған кезегімен плиталарды (4) мыстың отта тазаруынан кейін іледі. Қалыңдығы 30–45 мм

(анод). Электролит  мысының  жұқа  жаймасы (5) электролизге  катод  есебінде  қызмет  етеді.

Астаудағы  электролит (7) айналып  жүріп  тұрады. 55–65°С  температурада. Электролит  өзін

су ерітіндісі ретінде көрсетеді. CuSO

4

(10–16%) жəне H



2

SO

4



(10–16%).

Бүкіл  тізбектен  жүретін  тұрақты  ток  анод  бағытынан  электролит  арқылы  катодқа

жүргенде мыстың еруі болады, анодтан жəне мыстың шөгуінен катодта реакция жүреді Cu

2+

+2



e–

→ Cu.


Қоспалар қымбат металдармен астаудың түбіне шөгіп, пайда болған шлам (6) тесік (3)

арқылы  төгіледі. Катод  біртіндеп  қалыңдай, жеткілікті  салмақта (60–90 кг) астаудан

шығарылады.


27

Əдебиет: 4 негізгі [92-96], 3 қос [148-171]

Бақылау сұрақтары

1. Мыс кені.

2. Шарпыма пешінің балқымасы.

3. Мыс штейні.

4. Күндік тазаланған мыс.

Дəріс № 8

Тақырып:Құйма өнімдерін өндіруге арналған жабдықтар.

Құю өндірісіне қажетті жабдықтар. Құю өндірісі деп сұйық металдың үлгі құймасы

ретінде  дайын  қалыпқа  құйылған  металдың  қатқылданған  түрін  айтады. Құю  көмегімен

двигатель  блоктарын, цилиндр  бастарын, поршын  жəне  поршын  сақинасын, беріліс

қорабының  тысын  жəне  артқы  мосты, басқада  қиын  детальдарды, əсіресе  трактор  мен

автомобильдерге, ауыл-шаруашылығына  қажетті  машинаға  құрал-саймандар  дайындалады.

Құю тəсілінен басқаша оны дайындау қиынға соғады.

Құю арқылы дайындалатын детальдардың технологиялық процесі негізінен мынандай

кезеңдерден  тұрады. 1) Негізгі  жəшіктерімен  үлгіні  дайындау; 2) пішінді  дайындау  жəне

өзекті  қоспаны  əзірлеу;  3)  өзекті  жəне  құйма  қалыпын  дайындау;  4)  балқытылған  металды

дайындау; 5) пішінге металды құю; 6) пішіннен шөгіндіні алып тастау; 7) құйманың сапасын

бақылап оны тазалау, оңдау.

Құю  өндірісінде  құйманы  тұрақты  жəне  бір  реттікпен  де  алады. Бір  реттіліктер  бір

ғана  пішіндегі  болса, тұрақты  құюға  бірнеше  мыңдаған  пішіндегі  құймалар  жатады. Кей

кезде  жартылай  түрдегі  құю  да  болады.  Ол  пішіндерге  қышқақтан,  графиттен,

қышкерамикадан жасалған ондаған құймалар жатады.

Құйма  моделінің  жинақтамасы.  Құйма  моделі  жинақтамасына  үлгі  мен  өзекті

жəшіктер  жатады. Модель  құйма  үлгісінің  сыртқы  контурын  қалыптастырады. Егер  де

құйылатын детальдарда тура тесік болатын болса, немесе ойық, қуыс бар болса, онда пішінге

өзекше орнатылады. Ол арнайы өзекше дайындалған жəшікте болады.

Модельді  құйма  əдібінен  үлкен  етіп  жасайды. Себебі, ол  механикалық  өңдеуге,

отырғызуға  байланысты. Шойын құймасының өңдеуге түсетін əдібі 2–20 мм дейін. Болатта

4–28 мм дейін. Мұның өзі құйманың мөлшері мен өндіріс түріне байланысты (көп, сериялы

немесе бір-екілі) əртүрлі металдың отыруының мөлшері 1-ден 2,5%-ға дейін болып келеді.

Модельдер бүтін не алмалы-салмалы болады. Алмалы-салмалы модель екі не үш, тіпті

одан да көп бөлшектерден тұрады. Олар бүтін модельдер қолданыла алмайтын қалыпқа орай

жасалынады. Қалыптан  модельді  алу  үшін, жоғарғы  бүйірін  шағын  құюға  еңістеу  етіп

дайындайды. Мұның көлемі қалыптың түріне байланысты (қолмен қалыптауда еңіс 1–2°С-қа

дейін болады, машинамен қалыптауда 0,5–1°С). Құю үлгісінің моделінде өзекшелерді орнату

мен белгілеу таңба есебінде болады. Ол өзекшенің көлемі таңба размерімен сəйкес есептеліп

жасалынады.

Модельді ағаштан дайындайды. Модель дайындау  үшін ең жақсы ағаш – емен. Сонда

да болса  ағаш модельдер  мен өзекті жəшіктер ылғал тартқыш жəне ұзаққа  бармайды. Олар

тек  жеке, майда  сериялар  мен  ірі  құймаларға  ғана  қолданылады. Модельдерді  ылғалдан

сақтап, топырақ жабысып қалмау үшін бояп қояды.

Металдан  жасалған  моделдер ұзақ  мерзімді  болып  келеді. Бірақ ол  қымбатқа түседі.

Сондықтан оны тек көп құйылатын құймаларға қолданады. Мұндай модельдер шойын, мыс

құйма, алюминийден  жасалынады. Бүгінгі  күндері  пластмассалы  модельдер  кеңінен

пайдаланылуда. Олар  өзінің  төзімділігі, тот  баспайтындығы, жеңілдігі  əрі  қолдану

процесінде майыспайтындығы жағынан ерекшеленеді.



Қалыптау жəне өзектеу қоспалары. Қалыптау қоспасы белгілі ылғалда болады. Ол

кварцты  құмнан, оттөзімді  топырақ  жəне  арнайы  қоспалардан  жасалады. Қалыптау  құмы

кварц  түйіршігі  мен  топырақтың  қоспасынан  тұрады. Оттөзімді  топырақ – бұл  жақсы


28

біріктірілетін  қасиеті  бар, майдаланған, көптеген  силикат  жыныстарынан  жасалынады.

Арнайы қоспалар оның қалыптау қоспаларының маңыздылығын арттыру үшін қосылады.

21-сурет. Өзекше жəшігі жəне модель (үлгі):

1-құю; 2-алмалы-салмалы модель; 3-өзекше;

4-өзек жəшігі

   22-сурет. Алмалы-салмалы модель бойынша

екі қалыпта төлкені қалыптау:



а-құю; б-алмалы-салмалы модель; в-төменгі

қалыпты қалыптау; г-жоғарғы қалыпты

қалыптау; д-өзек; е-дайын құйма пішіні

Жоғары  сапалы  құйма  алу  үшін  қалыптау  қоспаларының  мынандай  негізгі  қасиеті

болуы  керек: бөлінбейтін, сыртқы  күштер  əсеріне  төтеп  беретін  беріктілігі, үлгі  мен

модельдің пішінін дəл сақтап өзіне əсер еткізбейтін – пластикалығы – қабылдауға икемділігі

модель  пішінін  қанық  сақтау; газдарды  шығарып  жібере  алатын  газөткізгіштігі; балқыған

металдармен  балқымай  жəне  бірікпей  тұра  алатын – күймейтін  қарсылығы; металдың

отырып, қысылуына – берілгіштігі; қайыра  қолдану  шағында  өзінің  қасиетін  сақтаудағы –

мерзім ұзақтығы.



Қалыптау.  Құйма  пішіні  қалыптау  қоспасының  модельге  тығыздалып  жасалу

жолымен  дайындалады. Бұл  процесті  қалыптау  деп  атайды. Қалыптауды  қолменен  не

машина  жасау  тəсілі  арқылы  атқарады. Қалыптауға  қолданылатын  арнайы  темір  қорапты

қалып деп атайды. Қалыптар ағаштан не металдан жасалады.



Қолменен  қалыптау  екі  қалыпта  орындалады. Үлгімен  жəне  басқада  тəсілдермен

атқарылады. Екі  қалыпта  қалыптау  ең  көп  қолданылатын  түрі (22-сурет). Модельдің

жартысын (2) модель  астауындағы  тақтайға  орналастырады  да  қалыпты  қалыптайды (1).

Одан соң оны аударып, үлгінің екінші жағын орналастырады (1). Осыдан барып қалыптағы

модельдің  құю  жүйесі  мен  сөгуін  бірге  қалыптайды.  Одан  кейін  қалыпты  шешіп,  үлгіні

алады  да  өзекті  орнатып, пішінді  жинақтайды. Өзектің  беріктігін  жоғарылату  үшін  оны

сымнан қаңқасын дайындайды. Дайын болған өзек кептірілуге жіберіледі.

Қалыптау  құрал-саймандарына  күрек, таптағыш  аспап (қол  жəне  пневматикалық)

пішінді  бөлектейтін  пышақша, пішіннің  ішіне  түскен  қоспаларды  алатын  ілмешек, пішінді

тегістейтін  тегістеуіш, пішіннен  газдар  шығатын  каналдарды  дайындайтын  жылытқыштар,

модельді алатын, суыратын көтергіштер тағы басқалар жатады.

Пішінге сұйық металл арнайы каналдар арқылы – литник жүйемен құйылады. Литник

жүйесінен  пішінге  сұйық  металл  үзіліссіз  келіп, құймаға  отырып, қатады. Сондай-ақ, құю

жүйесі қождардың пішінге өтіп  кетпеуін қадағалап, сұйық металдың ағыны бұзып кетпеуін

ескертіп отырады.

Машинамен  қалыптау  еңбек  өнімділігін  шұғыл  өсіре, оның  құнын  төмендетіп,

құйманың  сапасын  жақсартады. Қалыптау  машинасының  классификациясы  үш  белгіден

тұрады. Бірінші, модельді  қалыптан  шегесіз  көтеру  əдісіне  айналмалы, созылыңқы

қабырғалар, алмалы-салмалы  үстелдер  жатады. Екінші, қоспаларды  тығыздау  əдісіне,

таптағыш, қағу, құмүйгіштер  жатады. Үшінші, қуатқа  келтіріліп  қолданылатын –

пневматикалық, гидравликалық, механикалық  машиналар. Құймадағы  отырған  ойықтарды

анықтап ескерту үшін асымдармен мұздатқыштар орнатылады.


29

Асымдар  сұйық  металдың  бояу  қатуындағы  құйманың  жеткілікті  болуын  реттейді.

Мұздатқыштар  металды  астарлар. Ол  қалыптандырылған  пішін  қабырғасында  болады.

Мұның басты қызметі құйманың жұқа əрі қалың бөлігін біртіндеп суытуға арналған. Кепкен

пішіннің  жоғарғы  қабаты  күйіп  кетпеу  үшін  оны  бояумен  бояйды, немесе  оттөзімді

материалмен  бүркейді. Жоғары  төзімді  материалдар – таза  шынытас  құм, хромды  темір

араласқан оттөзімді балшық жəне басқалар.

Əдебиет 6 негізгі [92-96], 3 негізгі [148-171]

Бақылау сұрақтары

1. Модельді кешен.

2. Жер қалыптағы қалыптау сабы.

3. Қалыптаудын түрлері.

4. Қую технологиясы.

Дəріс № 9

Тақырып: Илек өндірісінің жабдықтары.

Илек  орнақтарының  айналып  тұратын  біліктері  арасына  түскен  металдар  сығымдау

илек  деп  аталады. Илектеуде  металл  жоғарғы  біліктер  мен  металдың  үйкелісінен  қозғалып

жылжиды. Илектеу жылдамдығы 35 м/сек дейін жетуі мүмкін.

Илектеу жүргізілген сайын дайындаманың қалыңдығы азайып, ұзындығы мен ені өсе

түседі. Дайындаманың  соңғы  ұзындығы l

1

, алғашқысы l



0

. Бұл  бір  мезгілгі  созылу

коэффициенті  деп  аталады. Оның  тербелуі 1,1-ден 2-ге  дейін. Мұның  өзі  металдың  тегіне

жəне қалыңдығына, температурасы мен илектеу жылдамдығына байланысты.

23-сурет. Илектеу процесінің сұлбасы

.

Илекке дейінгі дайындаманың əрқилы қалыңдығы Н, одан кейінгісін абсолютті қысым



мөлшері деп атайды. Илектің өте аз қысымынан илектеу ұзаққа созылып, металл суый түседі

де  оны  илектеу  үшін  көп  күш  жұмсалады. Ал, қатты  қысым  салса  металда  жарықшақтар

пайда болады. Илек орнақтары. Металды илектеу, илек орнағында орындалады (24-сурет).

Электродвигатель (9), беріліс  механизмдер  жүйесі  арқылы (муфта 6 жəне 8) редуктор (7),

тісті доңғалақ  шабағы (5) жəне шпиндел (4) илек біліктерін (2) жұмыс көтермесі  бағытына

қарай айналдырады (10). Жұмыс көтермесі илек орнағының ек басты бөлігі болып саналады.

Ол екі орнақтың (1) бір-бірінің көлденеңнен қосылуы (3) жəне жұмыс біліктен (2) тұрады.

Жұмыс  біліктері  металл  илеудің  құралы  болып  саналады. Ол  цилиндр  тəріздес

легірленген болаттан немесе шойыннан жасалынған.

Жайма илегі үшін біліктің тілімі мен жалпақ тілігі үсті цилиндрі  тəрізді болады (3 а-

сурет). Фасонды  жəне  сортты  илек  алу  үшін  калибрлеу  біліктері  қолданылады (3 б-сурет).


30

Олардың  жан-жағы  жонылып, тегістеле  қалаған  пішінге  келтіріледі. Көлденең  қимасының

кейінгі аумағы, алдағы аумағынан аздау болады. Соңғы біліктердің калибрі металл илеудің

пішінімен бірдей келеді.

24-сурет. Илек орнағының сұлбасы

Илек  орнақтарының  классификациясы. Жұмыс  клетінде  орналасқан  біліктердің

саны  орналасуына  байланысты  орнақтың  мындай  топтарын  ажыратуға  болады. Екі  білікті

орнақ – екі  білікті  клеть (36 а-сурет), үш  білікті  орнақ  үш  білікті  клеть (4 б-сурет), қос

қабатты  екібілікті  орнақты  (36  в-сурет),  клеть  жəне  клеттегі  екі  білікті  жұп,  оған  қоса  көп

білікті  орнақ,  төрт,  алты  жəне  одан  көп  білікті  (36  г-сурет).  Олар  жан-жақты,  көлбеу  ғана

емес, тік білікті де болып келеді (36 д-сурет).

25-сурет. Илекке қажетті біліктер

.

Илек  орнақтары  шығаратын  мүліктеріне  байланысты  мынандай  түрлерге  бөлінеді:



Сығу, дайындау, рельсбелағаштық  орнақ, сұрыптау, сымдау, жаймаилектеуші, құбырилекті

жəне  арнайы  заттарға  бағытталған  илектер. Сығымдау  орнағы  болат  құймасының 25 т. ірі

дайындығын (блюм мен сляб) сығымдауға арналған.

Қыспа орнақ болат құймасын сығымдауға массасы 25-тоннаға дейін  ірі дайындамаға

(блюм  жəне  сляб) арналған. Қыспа  орнаққа  блюмингтер, төртбұрышты  профиль

дайындамасын  өндіруге – блюмдер (бұдан  əрі  блюм  сұрыптау  илегін  дайындау) жəне

слюбингтер, төртбұрышы илек – слябтар (жайма дайындау үшін) арналған.



Рельсбелағаштық  орнақ  кең  рельс  жолына  арналған. Одан  басқа  ірі  блоктарға,

швеллерлерге қолданылады.



Сұрыптық  орнағы сортты  жəне  фасонды; төртбұрыш, алтыбұрыш, бұрыштың  жəне

басқа  түрлерді  дайындауға  арналған. Сымдық  орнақ  диаметрі 5–10 мм  қалыңдықтары

сымдарды илектеуге арналған.

Жайма илектеуші орнақ қалың жəне жұқажаймалық болып бөлінеді.

Қалың  жаймалық  орнақ қалыңдығы 4 мм  одан  да  артық  болып  келетін  жаймаға

арналған.



Құбыр илегіш орнақ өндірісте жіксіз жəне пісірілген құбыр ретінде қолданылады.

Арнайы  орнақтарда  дайындаманың  арнайы  өнімдерін, (шарлы  подшипниктерге

шығыршық, теміржол доңғалағы, тісті доңғалақтарға тəж жəне басқалар алады.



31

Илектің  сорттары.  Металлургиялық  завод  илектеу  металының  əртүрлі  сорттарын

шығарады.

26-сурет. Біліктердің орналасу нұсқалары

27-сурет. Илектеу сорттары:

а) илектің қарапайым көрінісі; б) фасондық жобаның жалпы белгілері;

в) арнайы илектің белгілері.

Илектеу бұйымын негізгі мынандай топтарға бөлуге болады;

1)  сортты  болат;  2)  жайма  болат;  3)  илектің  арнаулы  түрі;  4)  құбырлар;  5)  мезгілдік

илектеу.  Мезгілдік  илектеу  –  металл  өңдеудегі  жоғары  дəлдікті  туғызатын  жаңа  үдемелі

жоғары өнім өндіретін əдіс. 37-суретте илек сорттарының əртүрлі профилі келтірілген.

Əдебиет: 6 негізгі [171-175] 3 қос [175-177]

Бақылау сұрақтары:

1. Илектеу орнақтары.

2. Илектеу орнағының классификациясы.

3. Илек сорттамалары.

4. Созу процестері.

5. Созылғы  орнағының сұлбасы.


32

Дəріс № 10

Тақырып: Созу үшін жабдықтар

Созу  үшін  жабдықтар.  Металды  қысыммен  өңдеу  процесін  созу  деп  атайды.

Металдың  бастапқы  дайындық  қимасынан  төмен  көлемдегі  тесік  арқылы  созылуы  жатады

(38-сурет).

Созуды  білікті, шыбықтарды, əртүрлі  құбыр  профилдерін  калибрлеуге  қолданады.

Диаметрі 0,01–4 мм  дейін  сымды  алуға  болады. Созу  кезінде  металл  пластикалығын

төмендетіп, бекемделуі  арқасында  беріктігі  артады. Металдың  пластикалығын  қалпына

келтіру үшін оны күйдіреді.

Созудың  технологиялық  процесі  негізінен  мынандай  операциялардан  тұрады; 1)

алдын  ала  жүргізілген  термиялық  өңдеу  оның  пластикалығы  мен  беріктігінің  құрылымын

жақсартады; 2) таттан тазарту улау жолымен жүргізіледі;  3) созу; 4) үстіңгі жағын өңдеу.

28-сурет. Созу процесінің сұлбасы:

1. Тақтай созғыш; 2. дайындама

Металдың үстіңгі жағын таттан қорғауға бөлектейді. Созудың кішірек профильдерге

жылдамдығы 20–26 м/мин. Ал, үлкен қималарға 2–6 м/мин.

Созу  құралына  созғыш  тақтайы  қызмет  етеді. Ол  көміртекті, хромды, хромды

вольфрамды болаттан дайындалған. Созғыш тақтайында көз деп аталатын тесік бар. Онымен

дайындаманы тартады.

Созу  тақтайының  кең  тарағаны – салынған  көздері (тесік) бар  түрі: ол  фильер  деп

аталады. Олар алмаздың қатты балқымасынан жасалынған.

Сымдар  алу  үшін  арнайы  созылғы  орнағы  қолданылады (29-сурет). Онымен  бір

немесе  бірнеше  рет  созуға  болады. Алғашқы  дайындама  соңы (1) үшкірленіп, созу

тақтайының  тесігіне  өткізіледі (2) айналатын  барабанға (3) бекітіледі. Барабанды  сыммен

орап, созу  тақтайы  арқылы  тартады. Дайындаманың  қажалуы  болмас  үшін  оны  минералды

маймен майлайды.

Металды  сүйретуі – дөңгелек  немесе  фасонды  профильді, созу  тесігінен  сүйрету. Ол

тесіктің қима ауданы  шығатын бұйымның қима ауданынан кіші болады. Сүйрету өңделетін

дайындаманың  алдыңғы  жағынан  ауыр  жігерімен  жүргізіледі. Тап  осы  тəсілмен  сымнын

барлық түрлерің, шыбықшаларды жəне əр түрлі қималардың құбырларын алады.



33

29-сурет. Созылғы орнағының сұлбасы

Сүйретуді  көбінесе  бөлме  температурада  өткізеді, себебі  металдардың  көпшілігі

пластикалық  деформациясы  кезінде  бекемдеу  қасиеті  жүреді. Бұл  қасиет  термиялық  өңдеу

процессімен  бірге  металдардың  механикалық  қасиеттерін  арттырады. Мысалы  дəл  осылай

созу  кезінде, көміртекті  конструкциялы, болаттынан (0,70...0,90%) жасалған  арматуралық

сымның  беріктік  шегі 1400...1900 МПа  жəне  аққыштық  шегі 1200...1500 МПа

қамсыздандырады.

Сүйрету,  механикалық  өңдеудің  басқа  түрлерінен  əлде  қашан  артық (сүргілеумен,

фрезамен өңдеумен,-жəне тағы да басқа, өйткені  теміржоңқалар болмайды, ал процесстін өзі

өнімді болады).

Сүйретумен  басқа  тəсілдермен  алынбайтын  дайындамаларды  алуға  болады (мысалы

жіңішке бұйымдар, шыбықшалар).

Профильдердің  сүйретуі (квадрат, үшбұрышты, алты  бұрышты  жəне  басқа) кезінде

құрама  сүйретпелерді  қолданады, олар  жоғары  универсалды  өйткені  профилдің  тесігін

ауыстыра  отырып  профильдын  əр  түрлі  өлшемі  бар  профильдарды  алуға  болады. Құрама

сүйретпелерден басқа шыбықшалар жəне құбырлар дайындайтын шарикті жəне доңғалақтық

сүйретпелерді  қолданады. Күрделі  профильдерді  алуы  үшін  диск  тұлғалы  сүйретпелерді

қолданады.

Сүйретуге, созылған  жəне  пресстелген  дайындамаларды  қолданады. Алюминий, мыс

жəне басқа сымдарды дайындаған кезде, қортпа пешінен шыққан созбаны қолданады. Алдын

ала  алынған  созбаны  мұқият  дайындайды - мысалы  термиялық  өндеуді  өткізеді,

отқабыршықтарды  жояды  т.б. Бұл  операциялар  пластикалық  деформацияның  жақсы  өтуіне

ықпал етеді, бұйымның сапасын арттырады, сүйрету аспабын тоздыртпайды.

Металды  сүретудін  алдындағы  термияляық  өндеу  операциясы  бекемдеуді  түсіреді,

керек  пластикалық  қасиетін  қамтамасыз  еткізеді, оптималды  құрылымды  алғызады.

Сондықтан  термиялық  өндеу  түрін  керек  механикалық  қасиеттерін  қамтамасыздандыратын

етіп  тандайды. Металдың  химиялық  құрамына  жəне  сүретудің  бұйымына  байланысты

күйдіру, нормалдау, шынықтыруды қолданады.

Сүретуден кейін  дайын  бұйымды  термиялық өндеу түрлерін қолдануға  болады, керек

механикалық қасиеттерін арттыру үшін.

Əдебиет: 6 негізгі [171-175] 3 негізгі [175-177]

Бақылау сұрақтары:

1.Илектеу орнақтары.

2.Илектеу орнағының классификациясы.

3.Илек сорттамалары.

4.Созу процестері.

5.Созылғы  орнағының сұлбасы.



34


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет