Ел тілЕгі Шіркін, Ұланның қымыз-ай! Шорабек алпыстың асқарында



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата06.03.2017
өлшемі5,83 Mb.
#8099
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жалғасы 24 бетте.

 

„



Жуырда ғана Ұлы Отан соғысына қатысқан жамбылдық бес ардагерге 

жаңа «бәйтерек» мөлтек ауданынан пәтер берілген болатын. Жетпіс 

жылдық тарихы бар жеңістің қарсаңында тағы да екі ардагерге аталмыш 

аумақтан пәтер кілттері табыс етілді.

 

„

Ел басына күн туған сұрапыл сын сағатта сол кездері бар-жоғы 300 мыңнан аса халқы бар бір ғана 



Жамбыл өңірінен майданға 70 мыңға жуық адам әскерге шақырылған екен. Олардың 36 мыңға жуығы 

майдан даласында опат болып, хабар-ошарсыз кетті... Әулиеаталықтар Ұлы Жеңістің 70 жылдық 

мерейтойын ерліктің үлгісіндей «мәңгілік алау» мемориалды кешенінің ашылу салтанатына қатысып, 

өткенге тағзым етуден бастады. 

Пәтер кілті тапсырылды.

  

Құрметті Тараз 



қаласының 

тұрғындары! 

2015  жылдың  12 

мамыры мен 30 мау-

сымы  аралығында 

ж ы л у   ж ү й е с і н е 

г и д р а в л и к а л ы қ 

сынақ  жүргізілуіне 

байланысты  ыстық 

су тоқтатылатын бо-

лады. 

 

тараз қаласының 

әкімдігі


тағзым

4

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №20 (1255), 13  МАМЫр 2015 ЖЫл 



қырағы қырдың қыраны

 

„



Біз елді де, ерді де ұлықтайтын ұлы қазақ халқының ұрпағымыз. Ал, Ұлы  Отан  соғысының  даңқты 

сұрмергені  Ыбырайым Сүлейменовке Тараз қаласында ескерткіш ашу – және бұл маңызды шараның Ұлы 

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында болғаны кімді болса да тебірентпей қоймайды. Қазақ халқының адал 

ұлының рухына бас иіп, оның теңдессіз батырлығын, биік мәртебесін орынды мақтан етеміз.

Ерлігі ел есінде.

  

Сағат АРЫНҰЛЫ,       



Жамбыл облысының 

Құрметті азаматы

ыбырайым қазақ әдебиетінің дау-

ылпазы, ұлы ақын Сәкен жырлаған 

Жерұйық – Сарыарқаның төрінде 

туған.  Кейін  қылышынан  қан 

тамған балшайбектердің зорлық-

зомбылығына  шыдамаған 

Тарақты тайпасының екі болы-

сы  оңтүстікке  қоныс  аударуға 

мәжбүр болды. Сол кезде ыбы-

райым ата-анасынан бөлініп, Са-

рысу ауданын мекендеді. мұнда 

жас жігіт  Жамбыл-байқадам тас-

жолын салуға белсене қатысты.

Ол елге сыйлы Сүлеймен қария  

мен ардақта ана Тынышбаланың 

отбасында  дүниеге  келді.  бұл 

кісілердің  6  ұлы  және  1  қызы 

болған. Олар: Сүйіндік, ысқақ, 

ысмайыл,  Қаспақ,  Қуандық, 

ыбырайым  және  аманкүл. 

Сүлекеннің  ұлдары  шетінен 

жаңалыққа бейім еді. Олар меха-

низатор- тракторшы мамандығын 

игерді.

ыбырайым соғыс алдында Жам-



был ауданындағы Жамбыл мТС-

інде  тракторшы  болып  жемісті 

еңбек  еткен.  Үлкен  отбасында 

саналы  тәрбие  алып,  еңбекте 

әбден  шыңдалған  ыбырайым 

Ұлы  Отан  соғысы    басталысы-

мен алғашқылардың қатарында 

ел  қорғауға  ықыласпен  аттан-

ды. алматыда жасақталған 100-

ші  атқыштар  бригадасының 

құрамында неміс-фашистерімен 

шайқасқан  ол  1942  жылдың 

қараша айының соңғы күндерінен 

бастап-ақ  ерліктер  жасады. 

мұнысы бүкіл елге аян болды.

«біздің  Сүлейменовке  ешкім 

тең келмейді, одан асқан қазақта 

мерген  жоқ.  Сүлейменов  көп 

ұзамай  Совет Одағының батыры 

болады.  Көресіңдер,  айтқаным 

келмей  қоймайды»  деуші  еді 

деп,  батальон  командирі  Уша-

ковты еске алады оның  майдан-

гер жолдасы, халық жазушысы, 

мемлекеттік сыйлықтың иегері 

атанған  Әзілхан  Нұршайықов 

ағамыз.

Десе  дегендей,  ыбырайым  



Сүлейменов    «молодой  труд», 

«Приездово»,  «Дроздово», 

«Тройня»,  «Плеханово»,  Вели-

кие  луки  қаласы  үшін  болған 

шайқастарда  өзінің  мергендігі 

арқасында көптеген фашистердің 

көзін  жойды.  «ыбырайымның 

жалғыз  өзі  жер  жастандырған 

басқыншылардың  саны  сол 

кезде  239-ға  жеткен  еді»  деп 

көрсетілген  әскери  газеттердің 

хабарлары мен мақалаларында. 

ал  басқа  бір  мәліметте  осы 

көрсеткіш  300-ден  асқан  деп 

жазылған. бұл туралы жан тәсілім 

етер алдында ыбырайымның өзі 

де айтқан.

Қазақ  поэзиясының  алыбы 

Жамбыл  ақсақал  1943  жылы 

100-ші  атқыштар  бригадасы 

жауынгерлерінен  келген  хатқа 

жауап қайырғанда:

    –Қырағы қырдың қыраны,   

Даланың ұшқыр құланы, 

Таудың жүйрік бұланы, 

Фашистерді екі жүз

Отыз тоғыз өлтірген,

Сүлейменов ыбырайым, 

Қазақтың  батыр  ұланы!–деп 

жырлады.


Үшінші  тегеуірінді  армияның 

қолбасшысы,  армия    генералы 

Қ.И.  Галицкийдің  «Годы  су-

ровых  испытаний  1941-1944 

г.г.»  кітабында,  сол  сияқты  

бригадалық  газеттің  редакторы 

Қасым Шәріповтың «Қатардағы 

қаһарман»,  «Қаруластар»  атты 

шығармаларында Сүлейменовтің 

ерен  ерліктері  кейінгі  ұрпаққа 

үлгі етер дәрежеде кеңінен жа-

зылды.


ыбырайым  Сүлейменов  1943 

жылдың шілдесінде Совет Одағы 

батыры  атағына  ұсынылған. 

бірақ,  орысшыл-шовинист 

залымдардың кесірінен бұл құжат 

өзгертіліп,  оған  ленин  орденін 

беруге  жарлық  шығарылған. 

Өкінішке  орай,  ыбырайым 

жоғарғы  наградасын  көре  ал-

мады.


ыбырайым  ресми  түрде  батыр 

атағын  алмағанымен,  ол  халық 

жүрегінде қаһарман ретінде өмір 

сүруде. Оның сүйегі жатқан Не-

вель  қаласында  бір  көше  мен 

бір  переулок  ы.Сүлейменов 

есімімен  аталады.  Сөйтіп,  ол 

ел  тарихында  ресей  қаласында 

алғаш ұлықталған қазақ атанды. 

Сондай-ақ,  Тараз  қаласында 

бүгін  оған ескерткіш қойылып 

отырған  орталық  көше,  мектеп 

және Сарысу ауданында осындай 

оқу орны батырдың атында.

ыбырайымның жалғыз ұрпағы – 

алмагүл жұбайы баян Көшенов 

екеуі  4  ұл,  5  қыз  тәрбиелеп 

өсірген. Егер алмагүл тірі болса, 

бүгін  әкесіне  жасалған  мынау 

риясыз құрметке әбден қуанып, 

төбесі көкке жеткендей марқайып 

қалары сөзсіз. амал қанша...

Сұрмергеннің  асқан  ерлігін 

белгілі  әдебиетші  ғалым,  ақын 

балтабай  адамбаев  өзінің 

«ыбырайым»  поэмасында  боя-

уы  қанық  көркем  сөзбен  баян-

дап, шебер жырлаған. Енді сол 

шығармадан  қысқаша  үзіндіге 

құлақ түріңіздер:

–Ерлерді ерегісте бола ма ұғып,

ақылын ашуы тез «алады ұрып».

ақырғы гранатпен атылмақшы,

«Жатар  ма  жау  алдында  ол 

бұғып?»

Пулемет атқыштарымен аспанға 



ұшты,

Әлдекім аяқ-қолсыз барады ұлып.

Орнынан көтеріле ыбырайым,

«Әлде не» аяғынан құлады іліп.

Жығылды  ыбырайым  жалын 

шарпып,


Құшақтап россия жерін қарпып.

Көлденең  жау  жолына  жатты 

арыстан,

Невельге қасиетті қанын сарқып.

Үні өшті пулеметтің өлім сепкен,

Кеткендей  жендеттерді  жерде 

тартып.

Құлаққа «уралаған» үн келеді,



барады батыста күн қанға батып.

Туған жер, туыстары елестейді,

Ел  жақтан  бір  самал  жел  еседі 

аңқып.


Қояды бір көтеріп сонда басын,

«апа»  -  деп  әлде  нені  кетеді 

айтып.

«атым қазақ» - батырмын,



Жараланып жатырмын.

Кешегі бір күндерде

москваны арқама ап,

Отан кегін арқалап,

Гранат боп жарылдым,

Снаряд боп атылдым,

Волгаға жау келгенде

Жалмауыздай төнгенде

айдаһар боп ысқырдым,

Жалын болып жапырдым 

Енді міне Невельде

Тәуекел деп өлімге 

Жылжи алмай жатырмын,

Жанымда жоқ жақыным.

Қасыма ешкім келмеді,

Қалайша ешкім көрмеді?

бір бұтаның түбінде

Елеусіз қалар ер ме едім!

Есіне түсіп ел жұрты

Толқып бір кетті ер көңлі.

–Тынышбала анашым,

Сүлеймендей әкешім,

Көрермін бе сендерді. 

Қарындасы амангүл,

Қарлығашы алмагүл,

Есіне түсіп еміренді,

Еміренді де тебіренді.

Жан ана, жарлы күндерден

Жалданып байға күн көрген,

Еңбегің сенің есімде 

Ерніңе сақтап сүр берген.

Егіске ертіп ертемен,

Ертегіні шертер ең,

Еңбекті сенен үйренгем.

Ел айтатын «Сұрмерген»,

Есітіп сенен сүйгенмін.

«Ер Тарғын» мен «Қобыланды»

Ерлікті солардан үйренгем.

–базаргүлім, іңкәрім,

Сүрінді күткен тұлпарың.

Жан жолдасым сүйіскен,

Төсекте басы түйіскен,

Торға ілікті сұңқарың.

Жасыма, жарым налыма,

Жан садаға арыма!

аман болсын алмагүл,

артымда мирас-ұрпағым.

«Жетім қозы тас бауыр,

Түңілер де отығар»

Сұңқарың ұшса тұғырдан,

Орнында тотың отырар!

Сүйікті ағам Сүйіндік,

Қорғанышым сен едің,

Қолқанатың мен едім.

Сен тұрғанда сыртымда 

Қор боламын демедім.

Қасқыр аулап, қаз атып

мен бір жүрген сері едім.

аттандырып соғысқа:

«Қатарыңнан қалыспа,

Жолбарысым!» – деп едің.

Ер түтігіп қан құсқан,

Жар түңіліп зар құшқан,

Осынау қырғын майданда

айтқаныңды ақтадым,

ата салтын сақтадым.

Көздегенді көзге атып,

Кездескенді таптадым!

ыбырайым өлді деп

Туыстарым саспасын.

Қасірет шеккен жерімді

Қайтып фашист баспасын...

мен  ыбырайымның  өмірі 

мен  ерлігін  зерттеуді  кешегі 

Кеңес  өкіметі  билік  құрған 

кезден  бастаған  едім.  атақты 

сұрмергенге  ескерткіш  орнату 

және  оған  батыр  атағын  беру 

таралы республикалық газеттер-

де  талай  рет  мәселе  көтердім. 

Сәті  түспеді.  Еліміз  тәуелсіз 

болғаннан бері де ыбырайымның 

ерлігі туралы аз жазған жоқпын. 

2013  жылдың  маусымында 

республика  үкіметінің  атына 

жазылған  мақалаларым  «Пре-

зидент және халық», сол сияқты 

«айқын»  газеттерінің  бір-бір 

бетіне  жарияланды.    бұл  мате-

риалда  ыбырайымға  «Халық 

Қаһарманы»  атағын  беруге  де 

ұсыныс  жасалды.  міне,  осы 

мақалалар бүгін ашылып отырған 

ескерткіштің  салынуына  оңды 

ықпал жасады.     

батырға ескерткіш салуды қысқа 

мерзімде  іске  асырып,  аруақты 

сыйлаған  азаматтықтары  үшін 

облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлына, 

қала әкімі Нұржан Сәбитұлына 

халықтың,  ел-жұрттың  атынан 

алғыс білдіремін. 

ыбырайым  Сүлейменовтің 

теңдесі  жоқ  ерлігін  халқымыз 

е ш қ а ш а н д а   ұ м ы т п а й д ы . 

бәрімізді ыбырайым батырдың 

аруағы  желеп-жебеп  жүрсін! 

бауырымыздың топырағы торқа, 

иманы жолдас болсын! батырдың 

даңқы арта берсін! 

Сөз соңында айтарым:

  Жел  кеміріп  тау-тасты  да 

құртады,

  Жердің  өзі  де  көп  нәрсенің 

ұнтағы.

 Ескерткіштің ең берігі ер үшін,



 Елге сіңген еңбегі мен ұрпағы! 

–  демекпін  мен,  бүгін  үлкен 

мақтанышпен!  Ұлы Жеңістің 70 

жылдық мерекесі құтты болсын! 

мәңгі Қазақ елі гүлдене берсін! 

бәрімізге бір алла жар болсын!  

Отан үшін от кешкен...

  


шаһарды шарлаған 

бейбіт шеру

Ақжарма тілек ардагерлерден

 

„

Қала жұртшылығы темір жол бекетінен бір топ ардагерді құшақ жая қарсы алды. 



Астана төрінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған  мерекелік шеруге қатысқан 17 

жамбылдық майдангер туған жерге оралды.  

 

„

Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында Жамбыл облысы 



әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен 

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты жастар акциясы аясында авто-

мото шеруі және флеш-моб өтті.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ерқанат мәнжуов, 

басқарма  басшылары,  ҰОС  ардагерлері,  зиялы  қауым 

өкілдері, ауған соғысы ардагерлері, жоғары және орта ар-

наулы оқу орындарының студенттері, жасотандықтар мен 

жасұландықтар қатысты.

акцияда алғаш құттықтау сөзді облыс әкімінің орынба-

сары Ерқанат мәнжуов алып, алдымен соғыс ардагерлерін 

Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. мұнымен қоса 

ол соғыс майданында асқан табандылықпен ерекшеленген 

бабаларымыздың даңқты рухына, өр мінезді қайталанбас 

ерліктеріне тоқталып өтті.Ұрпақ мүддесін ойлаған, өнегесі 

болашаққа күш, қайрат, рух берген Ұлы Отан соғысының 

ардагерлерлері Тәжібай Қарабаев пен мүтәліп Ережепбаев 

сөз алып, қан майданның кескілескен ұрыстары туралы 

жиналған көпшілікке айтып берді. Сондай-ақ бақытты ғұмыр 

мен жарқын болашақтың иелері жастарды бейбіт тірліктің 

әрбір таңын қадірлеуге шақырды. Сонымен қатар жастарға 

аталық  баталарын  бере  отырып,  соғыс  болмасын  деген 

тілектерін жеткізді. 

аталмыш акция барысында сонау соғыс майданында асқан 

табандылықпен  ерекшеленген  бабаларымыздың  данқты 

рухын, бүгінде арамызда жүрген ардагерлеріміздіңөшпес 

ерлігін үлгі ете отырып, жастарға өнеге, күш, қайрат, рух беру 

мақсатында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына 

орай жастар акциясы аясында авто-мото шеруі және жастар 

флэш-мобы  ұйымдастырылды.акцияға  мемлекеттік  Ту 

және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық туымен 

безендірілген 5 әскери машина, 20 автокөлік, 15 мотоцикл, 50 

велошабандоз жұмылдырылды. «Жеңіс» саябағынан бастау 

алған авто-мото шеру Қонаев, абай даңғылы, Сүлейменов, 

Жамбыл даңғылы мен Төле би көшелерінен өтіп, Қр Тұңғыш 

Президенті саябағында жастардың авто-мото шеруді сал-

танатты түрде күтіп алып жастардың «мәңгі есте!» атты 

флеш-мобына ұласты.

Шара соңында қала тұрғындары мен қонақтарына «Даңқ 

ленталары»  таратылып  және  Қр  Тұңғыш  Президенті 

саябағында  соғыс  уақытын  сомдайтын  қойылымдар 

қойылып, әскери патриоттық әндер шырқалды.

тағылым


5

   //    «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №20 (1255),  13  МАМЫр  2015 ЖЫл   //

Көшелерге көк тумен сән берді.

  

Индира ТӘЛІпҚЫЗЫ

Теміржол  бекетінде  ардагерлерге  гүл  шоқтары 

сыйға тартылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 

әскери  оркестрі  өнер  көрсетті.  мерекелік  көңіл-

күйден  жүздері  балбұл  жайнаған  майдангерлер 

ризашылық сезімдерін білдіріп, салтанатты шеруден 

алған  әсерлерімен  бөлісіп  жатты.  Елорда  төрінде 

өткен жиынды көзімен көріп келген ардагердің бірі, 

абыз ақсақал,  94 жастағы Тараз қаласының тұрғыны  

мұсахан бердібаев былай деп өз ойымен бөлісті. 

-  біріншіден, дәл осындай “қой үстіне боз торғай 

жұмыртқалаған” заманада ғұмыр кешіп жатқанымызға 

шүкір етемін. Екіншіден, астанада Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты шеру өте 

жоғары деңгейде ұйымдастырғаны қуантты. Шеру 

барысында  қазақ  әскерінің  мықты  әлеуетіне  куә 

болып, отан қорғаушылардың әскери дайындығына, 

шеберліктеріне  риза  болыстық.  Өз  тарапымнан 

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мерекелік шеруге 

қатысуын қамтамасыз еткен азаматтарға алғысымды 

білдіремін. аяғымызды жерге тигізбей, риясыз қызмет 

көрсетті,-деген мұсахан ата  майдангер замандастары-

на зор денсаулық тілей келе, өскелең ұрпаққа қарата: 

«Құдай сұм соғысты көрсетпесін, бейбітшілік жаса-

сын, жастар аман болыңдар!» деп ақ батасын берді. 

Жиылған  көпшілікте  өз  кезегінде  аға  буын 

өкілдерінде  бейбіт  заман  сыйлағандары  үшін 

жүрекжарды лебіздерін жеткізіп, ұзақ қол соғумен 

болды.


Салауатты өмір салтын 

дәріптеді

 

„

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру 



және спорт басқармасының ұйымдастыруымен   

«Достық» орталық алаңында Ұлы Жеңістің 

70 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне 

арналған велошеру  өтті. Оған облыс әкімі 

Кәрім Көкрекбаев арнайы қатысып, қала 

тұрғындарымен бірге велосипед тепті. 



Индира БАЙҚОНЫС

Велошеруге облыс әкімінің аппараты, облыс әкімдігінің басқармалары,  

құқық қорғау және сот органдары, басқарма өкілдері мен жоғары және 

арнайы орта  оқу орындарындағы студенттері, жалпы саны 700-ден аса 

адам қатысты. Қатысушылардың алдында сөз алған өңір басшысы Кәрім 

Көкірекбаев бұл шара бұқаралық спортты дамытуға бағытталып отырғанын, 

мемлекеттің болашағы - дені сау ұрпақтың қолында екенін баса айтып, бар-

ша облыс тұрғындарын спортпен тұрақты шұғылдануға шақырды. мұнан 

кейін Кәрім Нәсбекұлы веложарысты 6 шақырыммен шектемей, оны 10 

шақырымға дейін ұзартуға ұсыныс жасады. Жарысқа қатысушыларда 

әкімнің сөзін қолдап, бірден келісе кетті. Сөйтіп, тақымдары мықты 

велошабандоздар қаламыздың орталық көшелерімен жүріп өтіп, шаһар 

тұрғындарына салауатты өмір салтының айнымас үлгісін көрсетті. ал, 

шараны ұйымдастырушылар «Велошеру жарысын ұйымдастырудың негізгі 

мақсаты - бұқаралық спорт түрлерін жедел дамытып, ел ішінде салауатты 

өмір салтын насихаттау. Қала тұрғындарын спортпен жүйелі түрде айналы-

суына тарту. Әсіресе, барлық жастағы азаматтардың қол жетімді велосипед 

спортымен шұғылдануға қызығушылықтарын арттыру» дейді. алда өзіндік 

жалғасын табатын бұл елдік шараны қолдаушылардың қатары күн санап 

көбеймесе, азаймақ емес. Өйткені, тараздықтардың дені – саламатты өмір 

салтын ұстануды мұрат еткен. 

Ерлік ешқашан ескірмейді

 

„

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерейтойына орай  



9  мамыр күні Қант зауыты ауданындағы «Даңқ 

аллеясы» ескерткішіне гүлшоқтарын қою рәсімі 

өтті. Аталмыш рәсімге Тараз қаласының әкімі 

Нұржан Календеров және осы шағын ауданның 

тұрғындары мен жастар қатысты. 

Арсен БАЙЗАҚ

Іс-шара барысында отставкадағы полковник мұрат байкеев сөз сөйледі. 

-    Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңіс  мерекесі  біздер  үшін  мыңдаған 

қазақстандықтардың ұрыс даласындағы жанқиярлық ерен ерлігі мен 

қаһармандығының  арқасында  келді.  Қаншама  азаматтар  соғыста 

Отан үшін жанын қиды. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі 

сақталады, елімізде мәңгілік бейбітшілік болсын! - деді мұрат медерұлы 

өз сөзінде. Сондай-ақ, тағылымды іс-шара №№6, 14 және №22 орта мектеп 

оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасты. айта кетерлігі, 

осы күні бір мезетте Тараз қаласында орналасқан 11 ҰОС арналған  

ескерткіштерге  жергілікті  атқарушы  органдар  басшылары  мен  қала 

жұртшылығы тарапынан гүлшоқтары қойылып, тағзым етілді.  



зЕрдЕ

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №20  (1255),  13  мамыр  2015 Жыл 



 

„

«Өткеннен сабақ алмаған ел табысқа жете алмайды. Туған халқының кемел болашағын аңсаған 



абылай өз дәуірі артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел алдындағы перзенттік парызын атқарып 

кетті. Ендеше, абылайдың арманына қазіргі Қазақстан қол жеткізгенін ерекше мақтан тұтып, ішкі 

ынтымағымызды, сүттей ұйыған татулығымызды сақтауға қызмет ету – баршамыздың парызымыз. Ел 

бірлігі, ұлт татулығы – игіліктің кепілі. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!»                                                                                            

Н.Назарбаев, Қр Президенті.

АБылАй хАн

550


жыл

абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. абы-

лай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің 

тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы 

хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, 

одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. абы-

лай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, рахметтің досы. Жәңгір 

ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс 

болып,  таққа  Тәуке  отырғанда  Уәлибақы  хандыққа  өкпелеп, 

Үргенішті  билеген  нағашы  атасы  Қайып  ханның  қолына  ба-

рады.  Уәлибақының  баласы  абылай  жекпе-жекке  шыққанда 

жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер абылай атаныпты. 

Осы абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр 

(кейін қазаққа хан болып абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» 

жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. аш-

жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле 

би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет 

төренің жылқысын да бағады. бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына 

сүйенсек,  абылайдың  13  жасар  кезі  болса  керек.  Төле  бидің 

тәлім-тәрбиесінде  болуы  абылайға  зор  ықпал  жасады.  Қазақ 

даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен пара-

сатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы 

басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына 

ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, 

өмірлік тәжірибе абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші 

болды. бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі 

өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, абылай жиырма жасында 

қан  майданда  ерлігімен  танылған.  бұқардың  абылайға  «Сен 

жиырма  жасқа  жеткен  соң,  алтын  тұғыр  үстінде  ақ  сұңқар 

құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да,1730-

33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас 

жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, 

қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу 

баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, 

жауға абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, 

Орта  жүздің  сұлтаны  деп  танылып,  қазақ  даласындағы  ең 

беделді  әміршілердің  біріне  айналады.  бұдан  соңғы  жерде 

Әбілмансұр есімі ұмытылып, абылай атанады. абылайдың жи-

ырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа 

қатысқаны туралы болжам айтуға болады. бұл, әрине, абылай 

қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар 

Сабалақ  әуелде  бөгенбай  жасақтарының  құрамында  жорық-

жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. аңырақай шайқасына 

қатыспады дегеннің өзінде де, абылайдың 1730-33ж. болған бір 

ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден 

Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы 

да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 

жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс 

шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап 

болады. абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл 

сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай 

деректерінде атап көрсетілген. абылайдың әскери қайраткерлігі, 

қолбасылық  қабілеті  30-40  жылдардағы  шайқастарда  ерекше 

көрінді. Осындай жан алысып, жан беріскен соғыстардың бірін 

бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп...» деп 

суреттейді. Ол соғысқа абылайдың қанды көйлек жолдастары: 

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, 

Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б. қазақтың 

белгілі батырлары тізе қоса қатысады. бұл да абылайдың жауға 

қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі бо-

лып табылады. бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның 

немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, абылайдың қолына көшеді. 

абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет 

ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. 

XVIII  ғасырдың  30-жылдарының  аяғында абылай  есімі  бізге 

белгілі  құжаттарда  Әбілмәмбет  ханмен  қатар  аталады.  Орыс 

тарихшысы а.И.левшин: «1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның 

орнына  хан  сайлаудан  бұрын  Әбілмәмбет  пен  абылай  екеуі 

бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та 

осы пікірді қолдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет