Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік
университеті
Филология факультеті
Түркі филологиясы кафедрасы
Қазақ тілінің тарихы
Дайындаған: Адилова Г.
Н Ө К І С – 2010
2
Курстың мақсаты мен міндеті
Жоспарыі
1. «Қазақ тілінің тарихы» пəнінің зерттеу обьектісі.
2. Тілдің тарихын зерттеу көздері.
3. Қазақ тілі тарихы туралы жазылған алғашқы еңбектер.
Тірек сөздер:Тіл тарихы пəнінің негізгі зерттеу обьектісі, тілдің барлық
салаларының қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеу,
тарихи грамматика мен əдеби тілдің тарихы, тіл тарихын зерттеуде сүйенетін
негізгі көздері көне дəуір ескерткіштер,қазақ тілі тарихы туралы əр дəуірде
жазылған материалдар жəне т.б.
Тіл тарихы деп аталатын ғылыми-зерттеулер саласы жəне солардың
негізінде қалыптасқан оқу пəні тілдің барлық салаларының (дыбыс, фонемалар
жүйесі мен морфологиялық құрылымын, синтаксисі мен лексикасын)
қалыптасуы мен даму, өзгеру жолдары мен бағыттарын зерттеп түсіндіреді.
Сөйтіп, тарихи грамматика дейтін атпен тек грамматика емес, тарихи лексика
мен тарихи фонетика да еске алынады. Тіл тарихы пəнінің негізгі зерттеу
обьектісі-тілдің барлық салаларының да даму заңдылықтары мен өзгеру
бағдарларын айқындау болып табылады.
Тарихи грамматика тіл тарихы туралы жалпы тіл білімінің бір саласы
ретінде ұғынылады. Ал тіл тарихы грамматика мен əдеби тіл тарихына
ажырайтыны белгілі. Əдеби тіл тарихынан тарихи грамматиканың негізгі
айырмашылығы-оның зерттеу, түсіндіру обьектісінде. Тарихи грамматиканың
зерттейтін, түсіндіретін обьектісі-күнделікті тұрмыстық қатынаста жасалатын
сөйлеу тіліндегі ғана емес, бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Екінші
сөзбен айтқанда, тарихи грамматика өз тұжырымын, өз қорытындысын
нормалаған, жүйеленген əдеби тіл ескерткіштері негізінде де, халықтың сөйлеу
тіл жүйелерінің өзгерістері мен даму заңдылықтары негізінде де айтады.
Дегенмен, тіл тарихының бұл екі саласы бір-бірімен тығыз байланысты, бірінің
3
қорытындылары екіншісінде өзінің орнымен қайталанып отырады. Мəселе
мынадаі əдеби тіл тарихы жазбаша қалыптасқан əдеби тілдің даму жолдарын,
оның нормалар жүйесін, əр кезең, дəуірдегі өзгерістерін қарастырады. Ондай
өзгерістердің түрлерін, сөз стильдерін қалыптастыру, дамытудағы ролін де
назардан тыс қалдырмайды. Əдеби тіл халықтың ауызекі сөйлеу тілі негізінде
қалыптасады, кейінгі дамуында бұлар бір-бірімен тығыз байланыста, тығыз
қатынаста болып отырады. Соның салдарынан олар бір-біріне өзара ықпал
жасайды. Сондықтан да жазба ескерткіштер əдеби тіл тарихының обьектісі
болумен бірге, тарихи грамматика қорытындысын дəлелдейтін дəйектеме де
бола алады.
Негізге алар обьектісі тұрғысынан қарағанда тарихи грамматика
диалектологиямен негіздес келеді. Диалектология сөйлеу, тұрмыстық қатынас
тілінің бір көрінісі диалектілерді зерттейтіні белгілі. Мəселе мынадаі ұлт,
ұлттық тіл қалыптасқанға дейінгі негізгі қатынас құралы болған тілдің өзін де
бүгінгі ғылым тұрғысынан диалект деп қарауға болар еді. Ол қатынас
құралының əдеби тілдік барлық қасиеті түгел болмағандығын былай қойғанда,
сол халық мекендеген барлық аймақтар тұрғындарына түгелдей түсінікті
болған емес. Олай болса тарихи грамматика қамтитын көне кезең диалектілік
тілдің мерзімі болып шығады. Дегенмен бұлардың қойылатын талап пен
обьектіге көзқарас тұрғысынан бір-бірінен принциптік айырмашылықтары бар.
Диалектология жеке диалектілік топтардың пайда болу сипаты мен таралуы
басқа да сондай бірөңкей топтардың айырмасы тəрізді мəселелерді анықтап,
айқындайды. Тарихи грамматика халық тілі құрамына енген бүкіл диалектілер
тобын тұтастай алып қарастырады. Жеке диалектілік топтардың бір-бірімен
қарым-қатынасқа
түсуінің
нəтижесінде
олардың
арасындағы
айырмашылықтардың
жоғалу
барысын
айқындауды
өзінің
басты
мақсаттарының бірі деп қарайды. Өйткені тарихи грамматиканың түпкі
мақсаты-біртұтас халық, ұлт тілінің қалыптасу процесін айқындап білу болып
табылады.
Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық жүйесінің тарихын білудің
көздері қандай, ненің негізінде зерттей аламыз, тарихи грамматика пəнінің
4
алдын-ала айқындап алар мəселесінің бірі осы. Қазақ тілінің тарихи дамуын
зерттеуде сүйенетін көздер мына тəріздіі көне дəуір ескерткіштері, қазіргі қазақ
тілі, қазақ тілі диалектілері, фольклор, ономастика, басқа тілдерден ауысқан
сөздер, XVIII-XIX ғасырларда жазылған əр түрлі кітаптар, қолжазбалар т.б.
«Көне дəуір ескерткіштері» деген атпен VII-XVI ғасырларда жазылып,
біздің заманымызға жеткен əр қилы мазмұнды əр сипатты жазбалар бар. Оларі
Орхон-Енисей немесе көне түркі жазбалары, ұйғыр жазуының нұсқалары, орта
ғасырдың басқа кезеңінде жазылған «Дивани лұғат ат-түрк», «Құдатғу білік»,
орта ғасырдың орта, кейінгі кезеңдерінде жазылған оғыз-қыпшақ, қыпшақ
тілдерінің ескерткіштері т.б. Бұларды қазақтың халық тілі қалыптасқанға
дейінгі кезең деп атауға болады. Бұл ескерткіштердің қазақ тіліне қатысты
дəрежесі əртүрлі. Орхон-Енисей жазбалары қазіргі түркі тілдеріне ортақ,
өйткені ол жазбалар тілі құрамында бүгінгі түркі тілдерінің барлығының да
негізгі ерекшеліктері бар.
«Көне дəуір ескерткіштері» деп аталатын топтың ішінен түркі тілдерінің
құрылымын зерттеуге арналған филологиялық еңбектердің орны ерекше.
Олардың бастысы да, уақыт жағынан біріншісі де Махмуд Қашқаридың «Диван
лұғат ат түрк» атты еңбегі. Жазылған уақты 1069-жыл деп шамаланады. Еңбек
сол заманғы түркі тілдері лексикасының салыстырмалы сөздігі ретінде
жасалған. Сонымен қатар онда түркі тілдерінің морфологиялық жүйесі
баяндалады. Олардың бір-бірінен фонетикалық айырмашылығы да көрсетілген.
Бұл еңбек тек қана XI ғасырда жазылған ескерткіш ғана емес, түркі тілдерінің
бірінші жүйелі фонетикасы мен грамматикасы, солар жайлы бірінші
филологиялық еңбек.
Екінші бір сондай зерттеу «Терджуман туркий уа ғараби» деп аталатын
шығарма. Жазылған уақты 1245ж, жазылған жері-Египет. Кіріспе бөлімінде
қыпшақ тілінің негізгі заңдылықтары баяндалған. Берілген сөздіктегі 1260
сөздің басым көпшілігі қыпшақ сөздері, 70 шамалысының тұсына
«түрікменше» деген белгі қойылған. Соған қарағанда сөздіктің басым көпшілігі
қыпшақ сөздері деп ойлауға болады.
5
Қазақ тілі тарихы грамматикасы сүйенетін материалдардың бір тобы-
өткен ғасырларда жазылып бізге жеткен əр түрлі кітаптар, мерзімді баспасөз
үлгілері, əр түрлі қолжазбалар. Бұлардың ұзын-ырғасы недəуір. Революцияға
дейінгі жарық көрген кітаптар сипаты жағынан əр түрліі біразы қазақ ауыз
əдебиетінің жеке нұсқаларын жариялағандар. Олардың ішінде тек Радлов
шығарған кітапта ғана қазақ ауыз əдебиеті нұсқалары бір жүйеге түсіріліп
топтастырылған.
Өткен ғасырлардан бізге жеткен кітаптардың үлкен тобы-қазақ тілі жайлы
əр түрлі дəрежеде жазылған еңбектер. Олар қазақ сөздерінің жинағы, орысша-
қазақша сөздіктер, қазақ тілін білуде жолбасшы болатын құралдар, қазақ тілі
жайлы жазылған зерттеулер т.б. Қазақ тілі жайлы алғашқы мəліметтер Россияда
XVIII ғасырдың соңғы ширегінде-ақ пайда бола бастады. Олар көбінесе қазақ
сөздерінің жинағы, қазақ тілінің сөйлеу жүйесінің барлық уақытта бір ізге
түсіріліп, тəртіптелмеген кейбір нұсқалары болып келеді. Өйткені олар арнаулы
дайындығы бар мамандардың жинағы емес еді, əр түрлі қызметтегі адамдардың
өз еркімен не жоғарғы əкімдердің бұйрығымен жиналған материалдар еді.
Бұндай еңбектерде келтірілген қазақ тілі материалдары белгілі бір аймақ
тұрғындарының тілдерінің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық сипатын
танытады.
Өткен ғасырларда жасалған еңбектердің екінші бір тобы-қазақ тілі туралы
жайлар. Мұндай мазмұнды еңбектердің алғашқыларының бірі-Г.Ю.Клапроттың
«Қырғыз тілінен» деген атпен Парижде француз тілінде басылған еңбегі. Бұл
еңбегінде Клапрот қазақ тарихы жайлы қысқа мəлімет, французша-қырғызша
(қазақша) сөздік береді. Қазақ сөздерін түрік, Қазан татарлары, Тобыл
татарлары жəне монғол тілдерімен салыстырып береді. 1I61-жылы Қазақ
университетінің ғылыми жазбаларында Н.М.Ильминскийдің «Материалы к
изучению киргизкого (казахского) наречия» атты еңбегі басылады. Бұл еңбекті
қазақ зерттеушілері қазақ тілінің алғашқы грамматикасы деп те атайды. Бұл
еңбек Орынбор маңын, Жайық бойын мекендеген қазақтардың тілі негізінде
жазылған. Кітап материалдарынан сол кездегі Батыс Қазақстан тұрғындары
тілінің, əсіресе, фонетикалық жəне морфологиялық сипатын білумен қатар,
6
жазба тіл мен сөйлеу тілі арасындағы кереғарлықтың дəрежесі туралы толық
мəлімет алуға болады. 1I94-1I97 жылдары қазақ тілін зерттеуде үлкен белес
болған еңбек проф.П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-
киргизского языка» атты екі кітаптан тұратын зерттеуі жарық көрді.
Мелиоранский еңбегінде сол заманғы қазақ тілінің синтаксистік жүйесі бірінші
рет түсіндірілді. Бұл еңбектің ғылыми мəнін былай қойғанда, XIX ғасырдың
екінші жартысындағы қазақтардың сөйлеу жүйесі, сөйлем құрау жүйесі маман-
ғалым түсініктемесімен бізге жетті.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қазақ тілі тарихы пəнінің зерттеу обьектісі не
?
2.Тіл тарихының негізгі салалары қандай
?
3. Əдеби тіл тарихынан тарихи грамматиканың айырмашылығы қандай
?
4. Қазақ тілі тарихи дамуын зерттеуде сүйенетін көздерге нелер жатады
?
5. Көне дəуір ескерткіштеріне қандай ескерткіштер жатады
?
6.Қазақ тілі туралы өткен ғасырларда жазылған қандай ескерткіштер бар
?
7.Қазақ тілі туралы жазылған П.М.Мелиоранскийдің қандай еңбегі бар
?
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. М.Т.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 19IIж.
2. С.А.Аманжолов. Вопросы диалектологий и историй казахского языка.
Алматы, 1993.
3. Х.Жубанов. Исследование по казахскому языку. Алма-Ата, 1994 г.
4. Структура и история тюрских языков. Москва, Наука. 1992.
Қазақ тілінің түркі тілдер жүйесіндегі орны
Жоспары:
1. Түркі тілдерінің А.Н.Самойлович классификациясы.
2. Түркі тілдерінің С.Е.Малов классификациясы.
3. Қыпшақ тайпалар одағы туралы.
Тірек сөздері Түркі тілдерін ең алғаш М.Қашқари топтастырған,
түркология өкілдерінің ішінде кең қолдау тапқан топтастыруларі
А.Н.Самойлович,
С.Е.Малов,
Н.А.Баскаков
классификацияларының
ерекшеліктері.
7
Түркі тілдерін тілдік тұрғыдан топтастыру-классификациялау, сөйтіп,
əрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан
басталады. Əйтсе де классикалық тіл білімі түркі тілдерін ғылыми негізге
сүйене отырып топтастырудың тарихын XIX ғасырдан бастайды. Отандық жəне
шетелдік тюркология өкілдерінің ішінде көп таралып, қолдау тапқан
топтастыру академик А.Н.Самойловичтікі. Ол түркі тілдерін алты түрлі
фонетикалық жəне морфологиялық айырым белгілерін, этникалық түпкі
негізіне қарай алты топқа бөліп қарастырадыі
1. Р-тобы, бұлғар немесе чуваш тобы, негізгі айырмашылығы 1.Тыхыр
(тоғыз); 2. Ура (айақ р
>з>й, у>а); 3. пул (бол етістігі); 4. Тау/ту (ағ-у); 5. Сары
(ғ-о); 6. қалан/йулна (есімше қосымшасы ғ дыбысынсыз айтылады).
2. Д-тобы, ұйғыр немесе Солтүстік шығыс тобы, негізгі айырым белгілеріі
1. Тоқуз, 2. Адақ/азақ, 3. пол, 4. Тағ, 5. Сарығ,6. қалған. Бұған Орхон-Енисей
жазбалары тілі, көне ұйғыр тілі қарғас, салар, тува, сары ұйғыр, шор, хакас
тілдері жатады.
3. Тау тобы қыпшақ немесе солтүстік-батыс тобы негізгі айырым белгілеріі
1. Тоғыз, 2. Айақ, 3. бол/бул, 4. Тау, 5. Сары, 6. қалған. Бұған алтай, қырғыз,
құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт, қазақ, ноғай тілдері жатады.
4. Тағылық тобыі шағатай, оңтүстік-шығыс тобы Негізгі айырым белгілеріі
1. Тоқуз, 2. Айақ, 3. бол, 4. Тағ, 5. Сарық, 6. қалған. Бұған көне шағатай, Қытай
Түркстаны тілдері, өзбек, қара татарлар (сібірлік) тілдері жатқызылады.
5. Тағлы тобы, қыпшақ-түрікмен немесе орта топ, айырым белгілеріі 1.
Тоқуз, 2. Айақ, 3. бол, 4. Тағ, 5. Сары, 6. қалған. Өзбек тілінің Хорезм говоры
жатады.
6. Ол тобы, түрікмен немесе Оңтүстік-батыс тобы. Айырым белгілеріі 1.
Доқуз, 2. Айақ, 3. ол, 4. Дағ, 5. Сары, 6. қалан. Бұл топқа түрікмен, азербайжан,
түрік тілдері жатқызылады.
Бұл классификация бойынша қазақ тілі территориялық жағынан солтүстік-
батысқа, этникалық негізі бойынша қыпшақ тобына жататын фонетикалық
белгісі бойынша сөз ортасы мен соңында ғ, г дыбыстарының орнына у
8
жартылай дауыстысын, морфологиялық белгісі бойынша өткен шақ есімшені -
ған, яғни ғ дыбысын түсірмей қолданатын тілдердің бірі болып табылады.
Тек қана тарихи принципке негізделіп, тілдердің «жас мөлшерін»
анықтауға құрылған классификация С.Е.Маловтың топтастыруы еді. С.Е.Малов
мынадай айырым белгілерді ұсынадыі 1. Сөз соңындағы, сөз ортасындағы ғ, г
дауыссыздарының дауыстыға, жартылай дауыстыға, созылыңқы дауыстыларға
ауысуы не ауыспай қалуы. 2. Түпкі созылыңқылардың болу, болмауы.3. Жаңа
тілдерде ұяң дауыссыздардың сан жағынан көп болуы. 4. Екі буынды түбірлер
құрамында рт, лт, нт тəрізді көне дыбыс тіркестерінің сақталуы. Осы белгілер
бойынша С.Е.Малов түркі тілдерін ең көне, ескі, жаңа, ең жаңа топтарға
жіктейді. Қазақ тілі бұл классификация бойынша жаңа тілдер тобына
жатқызылады. Өйткені жаңалықтың белгілеріі сөз соңындағы, сөз ортасындағы
ғ, г дауыссыздарының жартылай дауыстыға айналуы, түпкі созылыңқылардың
болмауы тəрізді белгілер қазақ тіліне тəн.
Алайда бұл келтірілген классификациялардың қайсысында да бірнегізге
мəселе ескеріле бермеген. Ол-халықтардың тарихы, тілдердің қалыптасу, даму
тарихы. Қандай бір тілдің қалыптасуы мен дамуы сол халықтың қалыптасуы
мен даму тарихынан келіп шығады. Тілдің классификациясы əр дəуірлерде
болған рулар мен тайпалар жайлы мəліметтерді, рулық, тайпалық одақтардың
ыдырыауы, олардың кейін пайда болған бірлестіктер тарихын ескеру керек.
Өйткені рулар мен тайпалар одақтарының құрылуы, олардың ыдырап, жаңа
бірлестіктердің пайда болуы, сондай-ақ рулық, тайпалық одақтардың басқа
тайпалармен, халықтармен байланысы, айналып келгенде, халықтардың
қалыптасуы, халық тілінің қалыптасып, дамуы болып табылады. Сонымен
қатар, этногенезистік процесс ерекшелігі, екінші жағынан, тілдің даму
ерекшелігін де айқындайды.
Қазіргі тюркология қолданып жүрген Н.А.Баскаков классификациясы
тілдердің этнологиясы мен грамматикалық ортақ заңдылықтарын ғана
қарстырып қоймайды, олардың қалыптасу, даму тарихын да тілдің қалыптасуы
мен даму заңдылығын айқындайтын факторлардың бірі дейтін принципті
басшылыққа алады. Тарихи деректер мен тілдік материалдар түркі халықтары
9
екі үлкен топқа жіктелгендігін дəлелдейді. Мұндай жіктеліс екі рет болған.
Алғаш рет біздің заманымыздың алғашқы ғасырында Хун империясының екіге
бөлінуіі Батыс Хун империясы, Шығыс Хун империясы болу арқылы іске асса,
VII-VIII ғасырларда Түркі қағанаты да екігеі батыс жəне шығыс ордаларға
бөлінді. Сөйтіп түркі тілдерінің батыс жəне шығыс топтарға жіктелуі біздің
заманымыздың алғашқы жылдарында басталып, VII-VIII ғасырларда əбден
бекіді деп есептеуге болады. Бүгінгі түркі халықтары мен түркі тілдері осы
батыс жəне шығыс топтарының құрамында қалыптасты. Батыс хундар тарихи
этногенездік мəліметтер бойынша үлкен төрт түрлі тайпалар одақтарына біріксе
керек. Оларі бұлғар одағы, оғыз одағы, қыпшақ одағы жəне қарлұқ одағы.
Қыпшақ тайпалар одағы дегенде тарихи деректер Дешті-қыпшақ
мемлекетін, Жошы ұлысының орнына келетін Көкорда, Алтын Орда, Көкорда
ыдырап бөлінген кезде пайда болатын Ақ Орда, Ноғай ордасы, сондай-ақ өзбек
хандығы еске алынады. Осындай замандар бойы бірінің орнына бірі келіп,
тарих сахнасынан өткен мемлекеттік одақтар құрамында қазір «қыпшақ
тілдері» деп аталатын тілдер қалыптасты. Дегенмен қыпшақ тілдеріне жататын
тілдердің қалыптасу уақыты мен территориялары бірдей емес. Сондай
ерекшеліктеріне қарап қыпшақ тілдері үш топқаі қыпшақ-половец, қыпшақ-
бұлғар, қыпшақ-ноғай топтарына жіктеледі. Дешті-Қыпшақтың негізгі елі
қыпшақтардың Шығыс Европаны мекендеген бөлігі-половецтер тарихи
деректер бойынша, өз құрамына оғыз тектес тайпаларды да алса керек. Сол
тілде половец тілінде жазылған ескерткіштер бар. Сол тілдің негізінде Қырым
татарлары тілі, қарашай-балқар тілі, құмық, қарайым тілдері қалыптасты деп
қаралады.
Қыпшақ тілдерінің Көне Бұлғар мемлекеті тұрғындарының тілімен
жанасуынан қыпшақ-бұлғар негізді татар, башқұрт тілдері қалыптасты. Алтын
Орда, одан бөлініп қазіргі Қазақстан территориясының көпшілігін мекен еткен
Ақ Орда құлағаннан кейін пайда болатын Ноғай Ордасы, Əбілхайыр хандығы,
Моғұлстан территориясын мекен еткен рулар мен тайпалар қазақтар мен
қарақалпақтардың, ноғайлардың негізін салды.
10
Сонымен, қыпшақ тобының ішінде қыпшақ-ноғай тобы деп аталатын
қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері осы тəрізді қалыптасу жолдарын өтті. Қыпшақ-
ноғай тобына жататын халықтардың этногенездік бірлігі олардың құрамына
енген рулар арқылы да дəлелденедіі қазақтардың құрамына енген рулардың
көпшілігі қарақалпақтардың да құрамында бар, сол сияқты қарақалпақ рулары
ноғайлардың құрамынан ұшырасады. Дегенмен тілдік жағынан қазақ тілі оқшау
тұрады да, қарақалпақ, ноғай тілдері бірыңғай болып келеді. Бұл екі топ
арасындағы ерекшелік фузияға байланыстыі қазақ тілінде фузияда л/д/т
варианттары бар (балалар, столдар, аттар) қарақалпақ, ноғай тілдерінде жоқ,
қазақ тілінде келер шақ -ады формасы арқылы жасалса, қарақалпақ, ноғай
тілдерінде -аджақ (ажақ) тұлғасы арқылы беріледі.
Сонымен, қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс Хун тармағының қыпшақ тілдік
тайпалық бірлестігінің құрамында қалыптаса бастаған. Қыпшақтар тілінің
негізінде қалыптасқандардың ішінде қазақ тілі (қарақалпақ, ноғай тілдерімен
бірге) қыпшақ халықтары мен тілдерінің ішінен кейін, кеш қалыптасқан
қыпшақ-ноғай бірлестігіне жатады. Бұл бірлестік дəуірі, оның құрамынан жеке
тілдер жіктелген дəуір XIV-XVI ғасырлар, Ноғай ордасының қазақтар мен
қарақалпақтар үшін Ақ Орда, Моғұлстан, Өзбек хандығының да дəуірі болып
табылады. Өйткені, қазақ субстраты тек қана Ноғай Ордасында, яғни қыпшақ
жерінің батысында ғана емес, Ақ Орда, Өзбек хандығында да, қазіргі
Қазақстанның Жетісу өлкесі мен солтүстік-шығысында болған Моғұлстанда да,
тіпті Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батысын иелік еткен.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Түркі тілдеріне ең алғаш классификация жасаған кім
?
2. А.Н.Самойлович түркі тілдерін қандай белгілеріне қарап топтастырған
?
3.Тарихи принципке негізделіп, тілдердің жас мөлшерін
анықтауға құрылған классификация авторы кім
?
4.Н.А.Баскаков классификациясы түркі тілдері жүйесінде қандай орын
иелейді
?
5. Қазақ тілінің түркі тілдері жүйесіндегі орны қандай
?
11
Пайдаланылған əдебиеттері
1. М.Томанов. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы, 1988
2. Cтруктура и история тюрских языков. Москва, Наука. 1993.
3. Ə.Қайдаров, М.Оразов. Түркітануға кіріспе. Алматы, 1991.
4. Р.Сыздықова Қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы. 1992ж.
Қазақ тілі тарихының кезеңдері
Жоспары:
1.Түркі бірлестігіне дейінгі дəуір.
2.Түркі бірлестігі дəуірі.
3.Қазақ халық тілінің даму дəуірі.
4.Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дəуірі.
Тірек сөздері Қазақ тілі тарихының қалыптасу, даму кезеңдерін
Н.А.Баскаков классификациясы негізінде топтастыру,Алтай бірлестігі, Хун
бірлестігі, Көне түркі қағанаты кезеңі,Орта түркі кезеңі, Қазақ халық тілінің
даму дəуірі жəне Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дəуірлері.
Қазақ тілінің қалыптасу, даму кезеңдерін айқындау жалпы түркі тілдерінің
даму жолдарымен тікелей байланысты. Түркі тілдері қазіргі түркология
қолданып жүрген қалыптасқан көзкарас бойынша алты түрлі дəуірді бастан
кешірген. Н.А.Баскаков бұл дəуірлерді былай атайды: Алтай дəуірі (б.э.дейінгі
III ғасыр), Хун дəуірі (б.э. дейінгі III ғасырдан б.э.V ғасыр), Көне түркі дəуірі
(V-Х ғасырлар), Орта түркі дəуірі (Х-ХV ғасырлар), Жаңа түркі дəуірі (ХV-ХХ
ғасырлар).
Түркологияда қазақ тілі түркі тілдерінің біршама жаңа деп қаралатын
тобына жатқызылады. Олай болатын себебі: қазақ рулары тарихтың ерте
кезеңінен-ақ мəлім болса да, қазақ деп аталатын біртұтас халық ХV-ХVI
ғасырларда барып қалыптасады. Қазақ тарихының осы ерекшелігін ескерсек,
қазақ тілінің тарихи кезеңдері мынадай дəуірлерге бөлінедіі 1.Түркі бірлестігіне
дейінгі дəуір,- бұл дəуір шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін
созылады, екі түрлі белестен тұрады; Алтай бірлестігі, Хун бірлестігі. 2.Түркі
12
бірлестігідəуірі екі кезеңге ажырайдыі Көне түркі қағанаты кезеңі (V-Х
ғасырлар), Орта түркі кезеңі (Х-ХV ғасырлар). 3.Қазақ халық тілінің даму
дəуірі (ХVI-ХVIII ғасырлар). 4.Қазақ ұлттық тілінің қалыптасу дəуірі (ХIХ
ғасыр).
Алтай дəуірі дейтін атау тіл білімі тарихында белгілі алтай гипотезасымен
байланысты қойылған атау. Алтай гипотезасы алтай тілдерінің туыстығы
жайлы теориялық болжам. Сондықтан гипотеза деп қаралады. Бұл дəуірде кейін
түркі халықтарының негізін салатын тайпалар монғол тайпаларынан бөлініп
жіктеліп шықты деп қарау керек. Бұл дəуір тарихқа дейінгі дəуір. Бұл дəуірде
əлі аты белгілі халық та, ру да жоқ. Дұрысында бізде ондай мəлімет жоқ.
Түркологияда бұл раннепротюркский деп аталып жүр. Түркіге дейінгі дəуірдің-
бірінші кезеңі болса керек. Екінші кезеңі түркологияда Хун дəуірі деп талатын
мерзім. Хун дəуірі деген атау біздің заманымыздың алғашқы жылдарында өмір
сүрген Хун империясына байланысты.
Хун империясы Орталық Азиядан Шығығс Европаға дейінгі ұлан-байтақ
территорияны мекен еткен түркі-монғол, түнгус-маньчжур тектес тайпаларды
біріктерген қуатты мемлекет болған. VIII ғасырда империя ауызбіршіліктің
жоқтығынан, сондай-ақ көршілердің əсерінен де екігеі Батыс жəне Шығыс хун
мемлекеттеріне ажырайды. Бұл жіктеліс түркі тайпаларының кейінгі дамуына
үлкен əсер етті, мемлекеттің батыс бөлігіне қараған рулар мен тайпалардың
кейінгі тарихи тағдыры бірге болды да, мемлекеттің шығыс бөлігінде қалған
рулар мен тайпалардың кейінгі дамуы бірыңғай болды. Сөйтіп түркі тілдерінің
қазіргі батыс жəне шығыс топтарының қалыптаса бастауы осы Хун
империясынан басталады. Бұл дəуірде осыдан бүрын басталған түркі тілдерінің
монғол тілдерінен жіктелу процесі аяқталады. Бұл кезеңде оғыз-қарлұқ-қыпшақ
тіл бірлестігі қалыптасты. Бірақ оғыз, қарлұқ, қыпшақ тілдері бір-бірінен айқын
жіктеле қойған жоқ. Оғыз-қыпшақ-қарлұқ тіл бірлестігі екінші жағынан,
қазақтың халық тілінің басты арналарының біріне айналса, қыпшақ, қаңлы,
үйсін, тайпа тілдері қазақтың халық тілінің құрамына енгендер. Түркологияда
V-Х ғасыр көне түркі дəуірі деп аталып жүр. Бұл алғашқы Түркі мемлекетінің-
түркі қағанатының дəуірі, түркі жазуының, түркі жазба тілінің дəуірі. Дəуірдің
13
тарихи-əлеуметтік үлкен ерекшелігі-түркілер өз тарихын өздері жаза бастаған,
өздері жайлы мəліметті өздері хатқа түсіре бастаған кез. Бұл дəуірдегі негізгі
белгілер деп мыналар аталадыі сөз ортасында, сөз соңында т/д дыбыстарының
сəйкес қолданылуы басым боладыі адақ. Бұл ерекшелік біздің заманымызда
якут тілінде сақталып қалған. Орхон-Енисей ескерткіштері тілдік сипаты
жағынан бүгінгі түркі тілдерінің қайсысын да еске түсіреді, солардың
қайсысының да көне заманғы архетипі ретінде қарастырыла алады. Дегенмен,
көне түркі дəуірінде қыпшақ, оғыз,ұйғыр тайпалық тілдері бой көрсете бастады.
Көне түркі дəуірі жазбаларында сол тілдік бірлестіктердің, сондай-ақ жеке
тілдері қыпшақ, оғыз,қырғыз, ұйғыр т.б. тілдердің ерекшеліктері көрініс тапқан.
Қазақ тілі тарихы үшін ХI-ХV ғасырлар аралығы түркі бірлестігі дəуірінің
екінші кезеңі үлкен мəнді мерзім болды. Сөз ортасындағы д дыбысын айтатын
тілдермен қатар й дыбысын айтатын тілдер қалыптаса басатады. Сонымен қатар
түркі тілдері құрамында осы дəуірде жаңа сапалық өзгеріс қалыптасты. Сөз
ортасындағы, сөз соңында ғ, г дауыссыздарымен дауыстылардың тіркесі үш
түрлі өзгеріске ұшырадыі бір топ тілдерде дифтонгілерге айналды, бір топ
тілдерде созылыңқы дауыстыларға айналды жəне бірсыпыра сөздерде қатаңдап
кетті кейбір сөздер құрамында элизияға ұшырап түсіп қалды.
Орта ғасырларда сонымен қатар жазба тілдер дамыды. Қараханид
мемлекетінің территориясында қалыптасып, бүкіл Орта Азияға тараған жазба
тілде көп жанрлы көркем əдебиет дамыды, күнделікті іс қағаздары,
дипломатиялық қағаздар жазылады. Кейін бұл тілдің негізінде шағатай əдеби
тілі, оның негізінде Хорезм əдеби тілі, кейінгі замандарда Алтын Орда əдеби
тілі т.б. жазба тілдер қалыптасып, бүкіл түркі əлемін қамтиды. Бұл дəуірде
Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігі»мен Махмуд Қашқаридың «Диваны»
жазылды. «Диванда» бірінші рет қыпшақ тілдері материалдары көрініс тапты.
ХV-ХVI ғасырларда біртұтас қазақ тілі жайында айтуға мүмкіндік туды.
Бұл заманда қазақтың бай ауыз əдебиеті туды, авторлық əдебиет-жазба əдебиет
пайда бола бастады. «Қазақ «этнонимінің пайда болуы да ХIV ғасырда жатса
керек. ХVI ғасырдың тарихи деректері қазіргі Қазақстан территориясын
мекендеген біртұтас халықтың атын қазақ деп қалыптасқан атау ретінде
14
қолданады. ХV ғасырдың 60-70 жылдарында алғашқы қазақ хандығы
құрылады, алғаш рет жақын тілдерде сөйлейтін əдет-салт жағынан бірыңғай
рулар мен саяси бір орталық қабағыну мүмкіндігіне ие болады. Өздерін кейінгі
тарих бойында қазақ деп атап кеткен халық құрамына енген рулар мен
тайпалардың басым көпшілігі сөз басында ұяңдардан гөрі қатаң дауыссыздарды
айтатын, созылыңқы дауыстылар орнына дифтонгілер қалыптасқан, сөзді
əуезділік жағынан жуан айтуға ұмтылатын тілдерде сөйлесе керек.
ХVII-ХVIII ғасырларда қазақтың қазақ тілі құрамында жеке диалектілік
топтардың айқындалу негізі болды. Алғашқы кезде рулық, тайпалық тілдер
болған тілдік жүйелер қазақтардың жүзге жіктеліп, белгілі территорияларда
қоныс тебуінің нəтижесінде этнолингвистикалық жүйе болумен бірге этно-
регионалдық сипатқа ие болды. Сонымен, бұл дəуірде қазақ халық тілінің
бүгінгі сипатының негізі салынды. Қазақ халқы бір орталыққа бағынған, əдет-
салты бірыңғай халықтың тілі ретінде қоғамдық дамудың құралы болып қойған
жоқ, дипломатиялық қатынастар тілі болды. Ауыз əдебиетінің сындарлы
жүйесінің ықпалымен ауызша əдеби тіл салаланды, авторлық поэзия
қалыптасты. ХIХ ғасыр қазақтың ұлттық жазба əдеби тілінің қалыптасу,
өркендеу дəуірі болды, қазақ баспасөзі туды. Қазақтың халық тілі қазіргі əдеби
тілге дейін, сонымен төрт түрлі дəуірді басынан өткерді.
Достарыңызбен бөлісу: |