Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет10/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
богемияның 
жеңілісін  көргісі  келгендер  де  жиналды. 
Папа  әскерін  жарақтап  алып  тағы  да 
шабуылға  аттанды.  Екі  жақтан  екі  әскер 
бір  біріне  қарама  —  қарсы  жақындай 
түсіп,  өзеннің  екі  жағына  келіп  тоқтады. 
Әрине  күш  жағымен  салыстырғанда 
қанды  жорықшылар  өте  мықты  болатын, 
десе де   өзеннен   өтіп   богемиялықтарды   
жайпауға      тиісті      болған      әскер  неге 
екені  белгісіз  кенеттен  өздерінен  өздері 
байбалам  салып  қаша  жөнелді.  Густықтар 
оларды  қуып  жетіп,  қатты  соққыға 
ұшыратты. 
Осылайша 
бұл 
соғыс 
богемиялықтарға 
жоқшылық 
емес, 
керісінше байлық әкелді.  

51 
 
 Осыдан    бірнеше  жыл  өткен  соң  
жаңадан  келген  папа  богемиялықтарға 
тағы да қанды жорық жариялады. Бұл жо-
лы да ол барлық Еуропадан өзіне күш жи-
нады,  сонымен  қоса  «осы  жорыққа 
қатысқандарға  ең  жиіркенішті  деген 
күнәлары  кешіріледі,  өлгендер  бірден 
жұмаққа барады, ал тірі қалғандары үлкен 
қазынаға ие болады» — деген уәде берілді.  
Тағы да үлкен әскер шекараны  басып өтіп 
Богемияға  шабуыл  жасады.  Густықтар 
оларды 
ішке 
қарай 
кіргізіп 
алу 
мақсатында  әдейі  шегіне  түсті.  Ақыры 
Прокоптың  әскері  жауменен  шайқасқа 
түсу үшін тоқтады. Олардың жаулары бол-
са  осы  кезде  ғана  өз  қателіктерін  ұғып, 
әскери  ұстанымға  көше  бастады.    Деген-
мен  густықтар  жиектен  көрінбей  жатып-
ақ,  олардың  жақындап  келе  жатқанының 
дүбірін  естіген      қанды  жорықшылар  
сасқалақтай  бастады.  Кенеттен  олардың 
генералдары  да,  қатардағы  жауынгерлері 
де  қаруларын  тастап  жан-жаққа  қаша 
жөнелді.    Бұл  масқараға  кедергі  жасай 
алмаған  папаның  легатының      өзіне  де 
олармен қосылып  қашуына тура келді.    
 Осылайша   Еуропаның   ең   күшті   де-
ген  мемлекеттерінің  ең  мықты  деген 
жауынгерлері  азғантай  ғана  мемлекеттің 
шамалы  ғана  қолынан  қорқып  қашып, 
екінші 
рет 
жеңіліске 
ұшырады.  Ал 
олардың 
 
байлықтары 
тағы 
да 
густықтардың  қолында  қалды.    Бұл  жолы 
да  шапқыншылардың    табиғидан  жоғары 
күштің  әсерінен  жеңіліске  ұшырағандары 
белгілі болды.  
 Қызыл  теңізді  қақ  жарып,  өз  халқын 
өткізіп,  перғауының    әскерінің  күл 
талқанын  шығарған,  мидиялықтардың 
әскерін  Гедеоннан  қашуға  мәжбүр  еткен, 
б і р  
т ү н н і ң  
і ш і н д е  
м е н м е н ш і л 
ассириялықтарды ыдыратып жіберген Ұлы 
Күш,  Қайратты  Білек  осы  жолы  да    өз 
халқына  көмекке  келді.    «Сен  оларды 
масқаралайсың,  өйткені  Құдай  оларға 
қарсы,  Алла  олардың  сүйектерін  үгітіп 
жібереді,  қорқыныш  жоқ  жерде,  ретсіз 
қорқатын  болады»  —  делінген  (Забур  жы-
ры 52:6).   
Енді  папа  оларды  күшпен  жеңе  алмай-
тынын  білген  соң,  жіңішкелеген  саясатқа 
к і р і с т і .  
Ф о р м а л д ы  
т ү р д е 
богемиялықтардың 
бостандықтарын 
қамтамасыз  ететіндей  шарт  бекітілді, 
бірақ  шын  мәнінде  олар    бәрібір  Римге 
бағынатын  болды.  Богемиялықтар  келісім 
шартты  бекіту  үшін  төрт  тармақты 
енгізуді  талап  етті:  Киелі  Жазбаны  ашық 
уағыздау,  Құдайға  мінәжат  етуді  өз 
тілдерінде  өткізу,  үкімет  ұйымдарын 
басқаруға    діндарларды  жақындатпау, 
заңды  бұзған    дін  әкелерін  халық  сотына 
тапсыру.  Папалықтар  бұл  тармақтармен 
келісе  отырып,  олардың  талқылануларын 
собордың  билігіне  қалдырды.  Ол  дегеніміз  
негізгі,  маңызды    сұрақтарды  собор 
шешеді деген сөз, яғни соңғы сөз папа мен 
императордікі  болмақ.  Густықтардың  та-
лап  еткен  төрт  тармағын  талқылауға 
хұқық  алған  собор,  Киелі  Кітапты  да  өз  
еркінше  талқылауға  құқық  алды,  осылай-
ша  папалықтар  өз  мақсаттарына  жетуді 
ойлады.  
Мұндай  келісім  шарттың  қауіпті  екенін 
байқаған 
богемиялықтардың 
басым 
көпшілігі оған қарсы болды. Енді олардың 
арасында  алауыздық  пайда  болып,  ол 
қантөгіске  әкеліп  тіреді.  Осы  қантөгіс 
кезінде генерал Прокоп қайтыс болып, Бо-
гемия  бостандығынан айрылды.  
  Гус  пен  Иеронимді  қазаға  ұшыратқан 
Сигизмунд    Богемияның  патшасы  болып 
тағайындалды. 
 
Богемиялықтардың 
хұқығын қорғауға серт берген ол,  сөзінде 
тұрмай, 
керісінше 
папаның 
күшінің 
бекуіне  әсерін  тигізді.    Римнің  алдында 
жантықтанғанымен,  оның  тапқан  пайда-
сы  шамалы  еді.  Жиырма  жыл  бойы  оның 
өмірі  қауіп  пен  қобалжуға  толы  болатын. 
Ұзақ 
уақытқа 
созылған 
нәтижесіз 
соғыстар  оның  қазынасын  шашқызып, 
әскерлерін  тоздырып  құртты.  Бір  жыл 
ғана 
патшалық 
еткен 
Сигизмунд 
мемлекетті  азаматтық  соғыстың  шетіне  
әкеліп  тіреп,  өз  есімін  өзі  масқаралап, 
ақыры өліп тынды.   
 Богемияда  қантөгіс  шайқас  жалғаса 
берді  және  мұнда  жатжерлік  әскерлер 
келіп  кірді.  Олардың  өз  араларындағы 
алауыздық 
ұлтты 
қайыршылыққа 
ұшыратты, ал Құдай жолында жүрген ша-
малы  қауым  қуғын-сүргінге  ұшырады. 
Богемиялықтардың  басым  көпшілігі  Рим-
мен  келісім  шартқа  тұрған  кезінде,  оған 

52 
 
қарсы  болған  адамдар  «біріккен  ағайын» 
деген  атпен    жеке  шіркеу  ашып  бөлініп 
кеткен  болатын.  Бұл  қылықтары  оларды 
барша  халыққа  жек  көрінішті  етті,  бірақ 
соған  қарамастан  олар  қажырлық  таныт-
ты.  Құдайға  бірігіп  мінәжат  ету  үшін, 
Киелі Кітапты оқып зерттеу үшін олар ор-
мандарды,  тау  мен  тасты,    үңгірлерді  па-
налап, босып кетті.  
  Жер  жерлерге  жіберілген  құпия  хабар-
шылар  арқылы  олар  басқа    елдерде  де  
бұлар  секілді  қуғынға  ұшырап  жатқан 
ақиқатты  жақтаушы  азаматтар  барын 
естіді. 
Ал 
Альпада 
Киелі 
Кітапты 
басшылыққа  ала  отырып,  Римнің  салт  — 
дәстүрлеріне      қарсы  шыққан  шіркеу  ба-
рын    білді.  Бұл  жаңалықтар  олардың 
еңсесін  көтертіп,  қатты  қуантты.  Осылай-
ша  богемиялықтар    вальдендіктермен 
т ы ғ ы з  
қ а р ы м - қ а т ы н а с  
ж ас а д ы . 
Богемиялықтардың  үлесіне  қатыгез  жере-
бе  түскенімен,  ақиқатпен  тығыз  байланы-
ста  болған  олар,  Густың  «түн  өтіп,  күн 
шығар»  деген  сөзін  естерінде  мықты 
сақтады.  
 Бұл  сөз  оларға    Жүсіп  пайғамбарының 
кезінде  халқына  айтқан:  «Мен  өлермін, 
бірақ  Шексіз  Алла  Өз  халқын  түнектен 
алып  шығады»  деп  айтқан  сөздерімен 
бірдей болатын.  
  XV 
ғасырдың 
аяғында 
«Біріккен 
ағайын»  атты  шіркеудің  саны  өсті.  Олар 
бұрынғысынша  қуғындалғанымен,  тым 
қатты  жазаланған  жоқ.  XVI  ғасырдың  ба-
сында  Богемия  және  Моравий    елдерінде 
200  тақау  шіркеу  саналды.  Гус  айтқан 
таңның  жарығын  от  пен  найзадан  аман 
қалған,    Алланың  осы  ізбасарлары  қарсы 
алды.  

53 
 

 Лютердің Римнен бөлініп шығуы  
Халықты  папаның  жалған  ақиқатының 
шырмауынан,  яғни  түнектен  алып  шығу 
жолындағы  ең  ұлы  істі  басқарушылардың 
бірі  Мартин  Лютер  болатын.  Ақиқаттың 
негізі  Киелі  Жазба  —  деп  білетін,  Алладан 
басқа  ешкімнен  қорықпайтын  ержүрек  
азамат Лютер арқылы Құдай халық ағарту 
ісін жүргізген.  
Ізгі  хабардың  тұңғыш  уағыздаушылары 
секілді  Лютер  де    кедей  қауымының  ара-
сынан шыққан.  Оның әкесі кенші болған 
және  ауыр  бейнеттің  астында  жүріп 
жанұясын  асыраған.  Ол  баласының  білім 
алып,  заңгер  болғанын  армандады,  бірақ 
Жаратқан Ие оны Құдай үйінің ірге тасын 
қалаушы  қылғанды  жөн  көрді.  Шексіз 
данышпандықтың Иесі Лютерді қиындық, 
тапшылық,  қатаң  тәртіп  арқылы  өмір 
мектебінен  өткізіп  ұлы  іске  дайындады.   
Мартинның  әкесі    бір  беткей,  қатаң 
мінезді  сонымен  қоса  адал,  таза,  ержүрек 
азамат 
болатын. 
Ол 
саналылығының 
арқасында 
монахтарға 
сенімсіздікпен 
қарады. 
Баласы 
оның 
рұқсатынсыз 
монастырға  түскенде  байғұс  әкесі  қатты 
қамықты. Арада екі жыл өтсе де Лютердің 
істеген  ісіне  бойы  үйренгенмен,    ойы 
өзгерген жоқ.  
 Мартинның  ата-анасы    балаларының 
тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлген,  Алланы 
ұмытпай  адам  болып  жетілуін  аңсаған. 
Әкесі баласының қатысуымен жиі мінәжат 
етіп,  Құдайдан  Мартинның  Жаратқанды 
ұмытпай, Оның ақиқатын тарату жолында 
қызмет етуін сұрайтын. Балаларына дұрыс 
тәрбие беру жолында ата-анасы күллі күш 
жұмсады.  Кейде олар  қатаңдық  жасайты-
ны  соншалықты,  шектен  шығып  кететін 
кездері  де  болған.  Реформатордың  ойын-
ш а  
а т а - а н а с ы  
к е й  
к е з д е р і 
қателескендерімен, мұндай қатаң тәрбиені 
ол бәрібір дұрыс деп есептеді.  
Лютер мектепке ерте барып бала кезінен-
ақ  қатаң түгіл қатыгез тәрбиеге жолықты.  
Оның 
әке 
шешесі 
тақыр 
кедейлер 
болғанының салдарынан баласына жәрдем 
беретін мүмкіндіктері болмады, сол себепті 
басқа 
қалаға 
оқуға 
кеткен 
Лютер 
тапшылыққа  ұшырап,  үй-үйді  аралап,  ән  
салып  жүріп  күн  көрді  және  көбінесе  аш 
болып  жүретін  кездері  де  болды.    Сол 
кездегі  діннің  қалыбына  енгізілген  толып 
кеткен  ырым  —  жырымдар  баланың 
жүрегін  қатты  толқытатын.  Ұйықтар  ал-
дында  болашағын  ойласа  болғаны,  бәрін 
аңдып, 
бақылап 
қарап 
отыратын, 
ештеңемен  келіспейтін    қатыгез  Құдай 
есіне  түсіп  жабырқайтын.  Құдайдың 
мінезіне  көңілі  толмағанымен,  сол  ең  биік 
санаға,    өнегенің  жоғарғы үлгісіне  ол жан 
тәнімен ұмтылды.  
 Он  сегіз  жасында  Мартин  Эрфурт 
университетіне  түсті,  сол  кезден  бастап 
оның 
жағдайы 
шамалы 
жақсарды. 
Өйткені  оның  бейнетқор  ата-анасы  ақша 
жинап оған көмек көрсететіндей жағдайға 
жетті.    Университетте  жүрген  кезінде 
мейірімді  жастармен  достасып,  тығыз 
қарым-қатынас    жасай  келе,  ол  өзінің 
көңілсіз  балалық  шағын  ұмыта  бастады. 
Данышпандардың 
даналығын 
өзінің 
меншігіне  айналдырған  Лютер,  олардың 
еңбектерін талаптана зерттеді. 
Мұғалімдерінің 
тарапынан 
қатты 
қысымға 
ұшырап 
жүрген 
кездерінің  
өзінде де,  болашаққа үмітпен қарап, алға 
қарай  талпынған  жас  дарын  ендігі  жерде 
тұлға  ретінде  жақсы  қалыптаса    бастады. 
Зерек, қиялы дамыған, ой-өрісі кең, пара-
сатты Лютер қатарынан озып шықты. Бұл 
жерде  алған  рухани  тәрбиесі    кейінен  
оның  таптырмайтын  қазынасына  айнал-
ды.  
  Ол  Құдайдан    қатты  қорқатын,  ал  бұл 
оның  түзу  жолдан  тайып  кетпеуіне  себін 
тигізді.  Лютер  өзінің  Құдай  алдында  әлсіз 
екенін  жақсы  түсінетін,  сондықтан  күн 
сайын  Құдайға  мінәжат  етіп  сыйынып 

54 
 
отырды. Дұрыстап Құдайға сыйынып алу, 
тапсырманы  жартылай  жаттап  алғаннан 
жақсы — деп есептейтін ол. 
  Бірде  Лютер  кітапханада  керегін  іздеп 
жүріп,  Киелі  Кітаптың  латынша  аударма-
сын  тауып  алды.  Бұрын  ол  шіркеуде, 
көпшілік  жиналған  жерлерде  Ізгі  хабар 
мен  пайғамбарлар  жазуларынан  үзінділер 
еститін  және  Киелі  Кітап  сол  үзінділерден 
тұрады  деп  ойлайтын,  енді  оның  қолына 
алғашқы рет Киелі Кітаптың толық жазба-
сы  түсті.  Кітаптың  әрбір  парағын  ашып 
оқыған  сайын  шексіз  Алланың  хатының 
оны  толғандырғаны  соншалықты,  жүрегі 
лүпілдеп  аузынан  шығып  кете  жаздап 
тұрды.  Арасында  тоқтап:  «Шіркін-ай, 
Құдай  маған  осындай  кітапты  сыйласа 
ғой»  —  деп  ойлап  қояды.  Жан  жағын 
қоршап  тұрған  періштелер  ақиқаттың 
қазынасын оған осылайша ашып көрсетті. 
Лютер  бұрын  да  Құдай  туралы  жаман  сөз 
айтуға  қорқатын,  енді Оның  қаншалықты 
биік,  қаншалықты  киелі  екенін  жақсы 
ұққанда, өзінің қаншалықты күнәкар, бей-
шара күйде екенін тіпті де жақсы түсінді. 
  Өзінің  күнәлары  үшін  кешірім  алам  де-
ген ниетпен ол монастырға түсті. Сол жер-
де  дін  басшылары  Лютерге  ең  лас 
жұмыстарды  істетіп,  қайыр  садақа  жина-
тып 
қойды. 
Ол 
жас 
болғандықтан 
жұрттың 
пікірі 
оны 
әрине 
қатты 
толғандыратын, дегенмен қанша қорланса 
да,  бұл  —  менің  күнәларым  үшін 
Құдайдың  жіберген  қарғысы  —  деп 
мойындап, 
берілге н 
т апсырм аны 
ізеттілікпен 
орындайтын. 
Бос 
уақыт 
кездесіп  қалса  ұйқы  ұйықтамауы  бар 
сабаққа жүгіреді және де ең сүйікті кәсібі 
әрине  Киелі  Кітапты  зерттеу  болды.  Бірде 
ол монастырдың қабырғасына шынжырла-
нып  тасталған  Киелі  Кітапты  көрді  және 
осы жерден өткен сайын жиі тоқтап айту-
лы  көріністен  көз  ала  алмай  жиі  ойланып 
жүрді. 
Өзінің 
қаншалықты 
күнәкар 
екендігі  есіне  түскенде,  оны  еңбегімен 
жуып  —  шайып  кетіру  үшін      барынша 
тырысып  бақты.  Алланың  алдында  пәк 
болу үшін жүрегін тазарту мақсатында не-
ше  түрлі  қорлықтарға  көнді.    Кейінен 
өткен  өмірін  еске  ала  отырып    ол  былай 
деп  жазады:  «Мен  шынымен  де  әділетті 
монах  болыппын,  орденнің  ережелерін 
ауызбен 
айтқаннан 
да 
артығырақ 
орындаған  екенмін,  кімде  кім  мұндай 
ерлігімен жұмаққа кіретін құқыққа ие бол-
са,  бірінші  болып  мен  кірген  болар  едім».   
Мұндай  күйі  әрі  қарай  жалғаса  бергенде, 
ол көрге түсіп тыным табатын еді. Өзін өзі 
жазалап  жүргенде  ол  күшін  сарқылтып 
басы  айналып,  аяқ  қолы  тартып  қалатын  
жағдайға  душар  болды,  соған  қарамастан 
оның  жаны  бәрібір  тыныштала  алмады.  
Өзін  кінәлі  сезінгені  соншалықты,  жаны 
әбден торықты. 
 «Бәрі  бітті»  —  деп  үміті  үзілуге  тақаған 
кезде  мейірімді  Құдай  оған  көмекші 
жіберді.    Лютерге  ақ  жарқын  мінезді, 
мейірбан  азамат  Штаупиц  жолықты  және 
Мартинге  Киелі  Кітапты  дұрыс  түсінуге 
көп  көмегін  тигізді.  «Адам  баласының 
күнәсін  кешіру  үшін  Құдай  Әке  жерге 
Құтқарушы  жіберді.    Біздің  күнәкар  
планетамызға    Иса  Мәсіх  келіп,  адамзат 
баласының  күнәсін  Өз  мойнына  алып,  біз 
үшін  құрбан  болды.  Ендігі  жерде  өз 
жаныңды  өзің  жегідей  жей  бермей, 
барлығын  Жаратқанның  қолына  тапсыр. 
Оған  бағын,  Оған  сен,  Оны  жақсы  көр, 
өйткені Ол сен үшін жерге келді, сен үшін 
адамның  табиғатын  қабылдады,  сен  үшін 
қасиетті  қанын  төкті.  Енді  адамдарға 
ешқандай  құрбандықтың  қажеті  жоқ.  
Біздің  жанымызды  азапқа  салып  қойып 
қарап  отыру Алланың  жоспарында  болған 
емес, болмайды да».  Бұл  айтылған сөздер 
Лютердің  көкейінен  жақсы  орын  тапты. 
Бойындағы  кесірді  кетіру  мақсатында  
ұзаққа  созылған  нәтижесіз  шайқастан 
кейін,    шындықты  енді    таныған  
Мартиннің жаны сонда ғана жай тапты.             
  Діни  дәрежесі      көтерілгеннен      кейін 
Лютер        Виттенберг      университетіне 
мұғалім      болып        сабақ      беруге   
шақырылды.      Осы      жерде      ол      Киелі   
Кітаптың   түп   нұсқасын   зерттей   бас-
тады      және      сонымен      қатар      Киелі   
Кітап  бойынша  дәріс  берді.  Лютердің 
і лі м і не  
қ ы з ы ғу шы лы қ  
т а ны т қ ан 
тыңдаушылары  Забур  жырларын,  Ізгі  ха-
бар уағыздаушыларын, пайғамбарлар жаз-
баларын  ізеттілікпен  зерттей  бастады. 
Оның  досы  Штаупиц  Лютердің  мінбеден 
Құдай  сөзін  уағыздауын  өтінді.  Бірақ  Лю-
тер бұл жауапты  іске өзін дайын емеспін 
деп есептеп, кейіннен көп ойланып барып, 
айтулы  өтінішті  қабыл  алды.      Бұл  оның 

55 
 
Киелі Кітапты біраз зерттеп, жақсы игеріп 
қалған 
кезі 
болатын. 
Лютер 
өзінің 
б і л і м і м е н ,  
д і л м а р л ы ғ ы м е н 
тыңдаушыларын сүйсіндірді.   
  Десе  де  ол  өзін  баяғысынша    «папаның 
шіркеуінің адал  ұлымын» — деп есептеді. 
Енді  Алланың жоспары бойынша ол Римге 
жол  жүріп кетті. Жаяу сапар шеккен Лю-
тер,  жол-жөнекей    монастырларға  тоқтап 
о ты рд ы . 
Мо нах т арды ң 
мем лек е т 
қазынасынан қаржы алып, ақшаны судай 
шашып,  киініп,  ішініп,  әсем  үйлерде 
тұрып  жатқандарын  көргенде  ол  қайран 
қалды және көргендерін өзінің қарапайым 
өмірімен  салыстыра  келе  түк  түсінбей 
абыржыды, бойын белгісіз бір мұң кернеді. 
Ақыры  ол  өзінің  алыстан  аңсап  келген 
қаласы  Римді  көрді.  Жан  дүниесінің 
қобалжып  кеткені  соншалықты:  «Сәлем 
бердім  саған  киелі  Рим!»  —  деп  ол  жерге 
құлай  кетті.  Лютер  қаланы  аралап, 
шіркеулерге  барып,  монахтар  мен  дін 
әкелерінің  ғажайып  әңгімелерін  тыңдап, 
олардың 
барлық 
діни 
рәсімдеріне 
қатысты.  Сонымен  қоса  ол  көптеген 
әдепсіздіктер  мен  заңсыздықтардың  куәсі 
болды.  Әрбір  дәрежелердегі  дін  иелерінің 
азғындық 
қылықтарын 
көрді, 
тіпті 
мінәжат  ету  сәтіндегі  прелаттардың  неше 
түрлі 
әзілдеріне 
таң 
қалып, 
қатты 
қапаланды. 
Монахтардың 
да, 
қала 
халықтарының  да  арасында  неше  түрлі 
азғындықтар  болып  жатқанын  байқады. 
Ол  әдептілік  пен  ізеттіліктің  орнына 
заңсыздықтармен бетпе-бет кездесіп отыр-
ды.  «Римде  неше  түрлі  күнәлар  жасалып 
масқара  болып  жатыр,  айтса  оған  ешкім 
сенбес,  әркім  өз  көзімен  көруі  керек». 
Тіпті:  «Егер  дозақ  бар  болса,  онда  Рим 
дозақтың  үстінде  қаланған,  бұл  —  күнә 
қайнап шығып жатқан шыңырау» — деген 
мақалдар  пайда  болды  —  деп  жазды  Лю-
тер.  
 Папа  өзінің  қаулысында:  «кімде  кім  Пи-
лат  баспалдағымен  ең  жоғарысына  дейін 
тізерлеп  көтерілсе,  сол  адамға  барлық 
күнәлары  кешіріледі»  —  деген  уәде  берді. 
Сонымен  қоса  «бұл  баспалдақты  кезінде 
Құтқарушымыз  да  басқан  және  ол 
таңғажайып  жағдайларда  Иерусалимнен 
Римге  көшірілген»  —  деген  лақап  сөз  де 
тараған  болатын.  Бірде  Лютер  осы 
баспалдақпен  тізерлеп  көтеріліп  келе 
жатқанда: 
«Адамды 
дозақтан 
иман 
құтқарады!»  —  деген  ғажайып  дауысты 
естіп,  жаны  түршіккені  соншалықты,  же-
дел түрде орнынан тұрып жүріп кетті. Бұл 
сөздер  оның  жадында  жақсы  сақталды. 
Шынымен  де  өз  ісімен,  өз  күшімен  адам 
қалай  дозақтан  құтқарылмақ?-  деген  ой 
туындады  оның  көкейінде.  Осылайша  ол 
Римнен,  папаның  шіркеуінен  алыстай 
түсті.  
Лютер  Римнен  оралғаннан  кейін  Виттен-
берг  университетінде  жүріп  Құдай  тану 
ілімінің  докторы  дәрежесіне  көтерілді. 
Осыдан  кейін  оның  уақыты  кеңейіп,  ол 
Киелі  Кітапты  зерттеуге  кірісті.  Осы 
күннен бастап папаның сөздерін емес, тек 
Құдай  Сөзін  ғана  уағыздауға өз  өзіне  сал-
танатты  түрде  уәде  берді.  Енді  ол 
қарапайым  монах  немесе  профессор  ғана 
емес,  ақиқатты  бар  ниетімен  аңсаған 
адамдарға 
Ізгі 
хабарды 
уағыздаушы 
б е де лд і  
д і ни 
ұ с т аз ға 
айн алд ы . 
Имандылардың  ілімінің  түп  тамыры  Килі 
Кітап  болуы  керек  —  деп  есептеді  ол. 
Реформацияның  негізгі  ұстанымы  да  осы 
болатын.  Лютердің  бұл  айтқан  сөздері 
папаның билігінің негізіне ойсырата соққы 
тигізді.  
 Адамның  теориясының  Құдай  Сөзінің 
үстіне  шығарылуы  олардың  өздері  үшін 
қауіпті  екенін  Лютер  жақсы  түсінді. 
Сондықтанда 
ол 
ұзақ 
уақыт 
бойы 
адамның  санасын  баурап  алған  филосо-
фия  мен  болашағы  жоқ  жалған  ілімді 
әшкереледі.  Мұндай  ілімнің  пайдасының 
жоғын  ғана  емес,  сонымен  қатар  зиянды 
е к е н і н  
а й т т ы .  
Л ю т е р  
ө з і н і ң 
т ы ң д а у ш ы л а р ы н ы ң  
н а з а р ы н 
философтардың  жалған  ақиқаттарынан 
пайғам б ар лар д ы ң 
айт ы п 
к е т к е н 
шындығына 
қарай 
бұрды. 
Мұндай 
сөздерді 
халық 
бұрын 
соңды 
естіп 
көрмеген болатын. Олар Құтқарушы тура-
лы  Ізгі  хабарды  естігенде,  Жаратқанның 
адамның  адал  досы  екенін  білгенде, 
жүректері  қуанышқа  бөленіп,  жандарына 
сенім  мен  үміт  азық  болды.  Виттенбергте 
жанған  шырақ  барлық  жерлерге  сәулесін 
шашып,  ақыр  тақаған  сайын  жарқырай 
түспек.  Түнек  пен  жарық  біріге  алмайты-
ны секілді, ақиқат пен зұлымдықтың ара-
сында да аяусыз шайқас жүріп жатыр. Бір 

56 
 
кездері  Құтқарушымыз  Иса  Мәсіх    былай 
деген  болатын:  «Мен  сендерге  бейбітшілік 
әкелу  үшін  емес,  қылыш  әкелу  үшін 
келдім»  (Матай  10:34).      Лютер  өткен 
күндерді  есіне  ала  отырып:  «Құдай  мені 
жетелеп  келе  жатқан  жоқ,  Ол  мені 
арқамнан  итеріп  келе  жатыр.  Өзімді-өзім 
билеуден  қалдым.  Тыныштықты  қанша 
іздегеніммен таппадым, нағыз шайқастың 
бел ортасында жүрмін» — дейді. Енді оны 
шынымен де соғыс алаңы күтіп тұрды.   
  К а т о л и к т е р д і ң  
қ а у ы м ы 
Жарылқаушының  берген  игілігін  сауда-
с а т т ы қ қ а  
а й н а л д ы р д ы .  
Ш і р к е у 
мехрабының  алдына  жиналған  сатушы 
және  сатып  алушы  тобырдың  айғайы 
әуені  шайқалтты.  Олар  Римде  «киелі 
Петірдің  есімімен  аталатын  шіркеу  сала-
мыз»  —  деген  лақаппен  барша  халыққа 
индульгенцияларды  сата  бастады.  Като-
ликтер қылмыстың құнымен шіркеу орна-
тып,  заңсыздықтың  құнымен  оның  ірге 
тасын  қалауға  дайындықтар  жасады.   
Осылайша  атағын  шарықтатпақ  болған 
Рим,  керісінше  өзіне  өзі  ойсырата  соққы 
тигізді. 
Олардың 
өз 
қылыштарымен 
өздеріне    жинап  алған  жаулары  папаның 
тағын шайқалтып, тиарасын құлатты. 
Бұрын  азғындық  істерімен  танымал 
болған,  кейін  Германияда  индульгенция-
ларды  сатуды  басқарған  Тецель  деген 
шенеулік, 
әділетті 
жазадан 
құтылып 
кеткені  былай  тұрсын,  папаның    опасыз 
қылықтарын    іске  асыруға  жәрдемдесті. 
Ол  жұртты  өтірік  аңыздармен  тойдырып, 
неше түрлі ғажайыптарға сендірді. Егер де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет