Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет11/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60
халық  Құдай  сөзін  білгенде  оларды  ешкім 
алдай  алмаған  болар  еді,  бірақ  Рим 
халыққа Киелі Кітапты көрсетпей, оларды 
діни  сауатсыз  қылып  ұстап,  өздерінің 
менменшіл  көсемдерінің  байлығы  мен 
билігін  асыра  түсті.  Қалаға  кіріп  келе 
жатқан  Тецельдің  алдында  жүріп  отырған 
хабаршы:  «Киелі  әкемізбен  Құдайдың 
игілігі бізге де жетті» — деп ұран салды. Ал 
халық  болса,  бұл  өтірікшіні  Құдайдың 
жіберген  елшісіндей  көріп  қошеметтеп 
қарсы алды. Тецель халыққа  мінбеден сөз 
сөйлеп, оларға индульгенцияны Құдайдың 
жіберген сыйы — деп уағыздады. Осылай-
ша шіркеуде индульгенция жаппай сатыла 
бастады.    Индульгенцияны  сатып  алған 
адамға  тіпті  тәубаға  түсудің  де  қажеті 
жоқ,  өйткені  оның  бұрын  соңды  болған 
күнәлары  және  болашақтағы  жасалатын 
күнәлары кешіріледі — деп ұғындырылды.  
«Индульгенция  тірі  түгіл  өліні  дозақтан 
құтқарады, 
 
тек 
оның 
жәшігінде  
ақшаның 
сылдыры 
шықса 
болғаны, 
мәйіттің    жаны  дозақтан  шыға  салып, 
бірден  жұмаққа    аттанады»  —  деген, 
ақылға 
қонбайтын 
аңыздарға 
ол 
қарапайымдарды сендірді.  «Бірде  Шимұн 
—  сиқыршы    неше  түрлі  кереметтерді 
көрсете  алуымыз  үшін  сендерден  ақшаға 
күш  сатып  алайық    дегенде,  Петр  елші 
оған:    «Құдайдың  сыйын  ақшаға  сатып 
алам  деген  харам    ойың  үшін,  ақшаңмен 
бірге құрисың» — деп жауап береген бола-
тын»    (Елшілердің  істері  8:20).  Бірақ 
Тецельдің  ұсынысы  мыңдаған  халықтың 
көкейіне қонымды болып, алтын мен күміс 
оның есеп шотына судай құйылды.   
 Десе  де  католиктер  шіркеуінде  бұл 
ақылға 
қонбайтын 
масқараға 
қарсы 
болған азаматтар  да табылды.  Бұл сауда-
саттықты  тоқтатуға  бірде  бір  прелат 
қимыл жасаған жоқ, ал парасатты ер аза-
маттар  қатты  қобалжулы  болды,  олардың 
көбі: «Құдай  бір жөнін тауып шіркеуді та-
зартар  ма  екен?»  —  деген  ниетте  жүрді.  
Әлі де болса папаның жағында тұрған Лю-
тер,  мұндай  масқараны  көргенде  жаны 
түршікті.  Діни  ұстаздары  ретінде  Лютерге 
келетін көпшілік халық оған күнәсін баян-
д ап, 
тәуб аға 
т үсу  
ү ші н 
емес , 
индульгенцияның  иегері  болғанын  хабар-
лау  үшін  келіп  жатты.  Ал  Лютер  болса 
оларға: 
«егер 
тәубәларыңа 
түсіп, 
өмірлеріңді 
өзгертпесеңдер, 
дозаққа 
түсесіңдер» 
— 
деп, 
халықты 
кейін 
қайтарып  отырды.  Мұны  естіп  наразы 
болған   көпшілік Тецельге  келіп арыз жа-
зып,  ал  ең  өжет  дегендері  ақшаларын 
қайтаруды талап етті. Ызаға булыққан мо-
нах, 
киелі 
индульгенцияларға 
қарсы 
шыққан 
есерсоқтарды 
өртеуге 
папа 
рұқсат берді — деп арыз тастады.  
   Осыдан кейін Лютер ақиқат үшін ашық 
шайқасуға  кірісті.  Ол  мінбеден  халыққа 
күнәнің  қаншалықты  жиіркенішті  екенін 
және оны адамдар ешқандай да істерімен 
жуып  кетіре    алмайтындарын,    тек 
Алланың  алдында  күнәларын  ашық  баян-
даса,  барлық  ішкі  дүниелерімен  тәубаға 
келсе 
ғана 
олардың 
күнәларының 

57 
 
кешірілетінін  және  адамдарды  дозақтан 
құтқаратын олардың иманы екенін айтып 
түсіндірді.    Алланың  шапағатын  ақшаға 
сатып  алу  мүмкін  емес,  ол  Құдайдың 
адамд ар ға 
бе рген 
с ыйы  
еке ні н 
бейшараларға ұғындырды.  Индульгенция-
ларды 
сатып 
алмаңдар, 
керісінше 
Жаратқанның  алдына  келіңдер,  барлық 
сырларың  мен  құпия  істеріңді  Оған 
айтыңдар, 
ішкі 
дүниелеріңді 
осылай 
тазартыңдар — деп, оларға өзінің басынан 
ө т к е н  
о қ и ғ а л а р д ы  
а й т ы п ,  
ө з 
тәжірибелерімен бөлісті.  
   Ал Тецель болса өзінің азғындық істерін 
жалғастыра  берді.    Лютер  бұл  масқараны 
тоқтату  үшін  бар  күшін  салды    және  ол 
үшін  мұндай  мүмкіндік  пайда  болды. 
«Әулиелердің»  күніне  арналған  мерекеге 
дайындық жүріп жатты. Әдетте бұл мере-
кеге  көп  халық  жиналатын.  Лютер 
шіркеуге  бет  алған  топпен  араласып, 
байқаусызда индульгенцияға қарсы 95 те-
зис    жазылған  парақты  шіркеудің  есігіне 
іліп 
қойды 
және 
өзінің 
тезистерін 
қ а р с ы л а с т а р ы н ы ң  
қ а т ы с у ы м е н 
қорғайтыны    жайлы  арыз  тастады.    Енді 
жұрттың  көңілі  тезистерге  ауып,  барлығы 
оны қайра — қайра қайталап оқып жатты. 
Университетте  де,  қала  ішінде  де  толқу 
басталды.      Бұл  тезистерде:  «Адамға  папа 
болсын,  басқа  біреу  болсын    халықтың 
күнәсін 
кешіруге 
ешқашанда 
билік 
берілген  жоқ,  адамның  күнәсін  тек  Құдай 
ғана  кешіре  алады.  Бұл  дегеніміз  — 
халықтың  сенімін  пайдаланып,  папаның 
қазынасын  толықтырудың  әрекеті.  Бір 
сөзбен  айтатын  болсақ,  адамзаттың  жа-
нын  жаһаннамнан    бірақ  шығару  үшін 
сызылған  Ібілістің  жоспары»  —  делінген.  
Адамзатқа ең қажетті қазына — Ізгі хабар, 
яғни  халықты  иманға  келтіру,  сенімін 
шыңдау.  
 Лютердің тезистері ақиқаттың жаулары-
на  қадалған  жебе  секілденді.  Бірақ  оны 
қабылдауға 
ешкімнің 
дәті 
бармады. 
Бірнеше  күннен  кейін  Лютердің  көтерген 
сұрақтары туралы барлық Германия естіді. 
Шындықты  қолдайтын  және    болып 
жатқан масқараны тоқтатуға пәрмені кел-
меген кейбір католиктердің бұл тезистерді 
оқығанда  қуанышында  шек  болмады. 
Олар  Лютердің  тезистерінен  Құдайдың 
үнін 
естігендей 
болды. 
«Менменшіл 
папаның  билігі  енді  шектелетін  шығар»  — 
деп ойлаған ханзадалар мен магистраттар 
іштей масаттанды. Ал күнә жасауға әбден 
жаттығып  қалған,  не  болса  соған  сене 
беретін  тобыр  қауіп  пен  қорқынышты 
қалғытып  ұстайтын  тәтті  өтіріктен  айры-
лып  қаламыз  ба?  —  деп  шынымен  де 
алаңдады.  Папа  және  дін  әкелері  қатты 
наразылық білдірді, өйткені масқара істері 
әшкереленіп,  олар  жұрттың  сенімінен  ай-
рылса,  соның  нәтижесінде  қазына  сарай-
лары жұдап қалмақ. Енді Лютердің жаула-
ры  оған  одан  сайын  өшіге  түсті.  Біреулер 
оны  ештеңенің  барысын  бақыламайтын, 
тым қызба мінезді бейбақ — деп кінәласа, 
енді  біреулері  Құдайға  емес  өз  өзіне  сеніп 
жүрген  мақтаншақ  —  деп  жазғырды. 
Қандайда  болмасын  жаңалық  енгізген 
адам ылғи да өркөкірек болып көрінетінін 
кім білмейді — деп жауап берді оларға Лю-
тер.  Неліктен  Құтқарушымыз    Иса  Мәсіх 
мен  Оның  соңынан  ерген  шеиттер 
кездерінде өлім жазасына кесілді? Өйткені 
ж ұр т т ар  
о ларды  
с о л 
к ез де рд і ң 
даналықтарын  менсінбей,  жаңалықтар 
енгізген  менменшілдер  —  деп  есептеді. 
Сендерге  айтарым:  «менің  дегенім  емес, 
Құдайдың дегені болады, егер бұл Алланың 
ісі 
болмаса, 
онда 
ол 
ешқашан 
өркендемейді,  егерде  оны  Алла  басқарса, 
ешкім тоқтата алмайды». 
Лютер  Қасиетті  Рухтың  қолдауымен  іс 
жасап  жүрсе  де,  оны  қатыгез  шайқас  то-
сып  тұрды.  Жауларының  сөгісі  қуатты 
толқынша 
келіп 
оны 
соқты, 
оған 
реформатордың  пиғылын  түсінбегендік, 
оның 
өзі 
мен 
ісіне  әділетсіз 
баға 
берілгендігі    —  осының  барлығы  із-түссіз 
өтіп  кете  алмады.  Ол,  шіркеуде  де,  оқу 
орындарында  да  халықты  бастаушылар 
реформация  ісіне  жұмыла  кіріседі  —  деп 
ойлады.  Бірақ  оның  ойлағаны  болмай 
шықты,  Лютердің  сөзін  сөйлеп,  оны 
жігерлендіріп,  рухын  көтерген  адамдар 
енді оған қарсы болды. Көптеген мемлекет 
және 
шіркеу 
сановниктері 
Лютердің 
тезистерінің  ақиқат  екенін  біле  тұра  оны 
қолдамады,  керісінше  қарсы  шықты, 
өйткені  олар  халықты  өз  бетімен  ойлауға, 
өз  бетімен  шешім  қабылдауға  және  тек 
қана  Құдайға  бағынуға  тәрбиелесе,  онда 
халықтың  көзі  ашылып,  нәтижесінде, 
біріншіден  Римнің  қазына  сарайларына 
келіп 
түсіп 
жатқан 
қаражат 
күрт 

58 
 
тоқталмақшы, екіншіден өзін Құдай санап 
отырған  папаның  беделі  және  оған  қоса 
сановниктердің 
де 
беделі 
түспекші. 
Осының  барлығын  ойлай  келе  олар 
Алланың  ілімін  емес,  адамның  ілімін 
уағыздауды  құп  көрді.  Сол  жандар 
өздеріне 
саналы 
ілімді 
уағыздаған 
реформаторға  емес,  Исаға  және  Оның 
ақиқатына қарсы шықты.  
 Енді  Лютердің  үлесіне  қатыгез  тағдыр 
тап болды, себебі оған ақиқат үшін жалғыз 
күресуіне 
тура 
келді. 
Кейде 
оның 
көкейінде: «осы мені Алла жетелеп келе ме 
екен?» 
деген 
сұрақтар 
туындайтын. 
Барлық  жер  бетінің  патшаларын  безек 
қаққызатын  папаға    қарсы  шығатын  мен 
кіммін?  Менің  қанша    бейнет    көргенімді 
ешкім  білмейді,    қасіретімді  бөлісетін  кім 
бар?  Осындай,    жанына  сүйеніш  болар 
жан  жоқ  кездері,  ол  Құдайға  ғана  сеніп, 
Оған бар пәрменімен бағынуды үйренді.  
  Лютер  өзінің  пікірлесіне  жазған  хатын-
да:  «Құдай  сөзінің  мән-мағынасын  ұғыну 
алдындағы  бірінші  міндет  —  Аллаға  бар 
ниетіңмен  сыйынып  алу.  Өз  күшіңмен 
қандай  да  бір  жетістіктерге  жетеді 
екенмін  —  деп  ойлама,  ісіңді  Аллаға  тап-
сыр,  Оның  қасиетті  Рухының  жетелеуін 
тіле.  Өйткені  Жазбаны  тек  оның  Авторы 
ғана  түсіндіріп  бере  алады  және  Ол: 
«Балаларыңның  бәрі  Тәңір  иеден  тәлім 
алады»  —  деп  Өзі  айтқан  болатын.  Неше 
түрлі  өмірді  басынан  өткерген  маған  сен» 
— 
деген 
болатын. 
Осынау 
ұлы 
ақиқаттарды уағыздауға Құдаймен таңдап 
алынған  адамдар  бұл  тәжірибелерден 
өздеріне сабақ алулары керек. Уағыздалып 
жатқан  ақиқаттар  Дажалдың  және  оның 
аңыздарына сеніп жүрген бейшаралардың 
ыза-кегін  қоздырады.  Ібіліс  және  оның 
қаралы    күштерімен  шайқасу  үшін 
адамның ақылы мен даналығы жетпейді.   
   Лютердің 
қарсыластары 
папаның 
беделін  мойындап,  шіркеудің  неше  түрлі 
ырым  —  жырымдарына  бағынса,  Лютер 
тек  Құдайға  ғана  бағынып,  Оның  сөзіне 
ғана  сенді.  Ашуға  берілген  формализмнің 
құлдары 
Киелі 
Жазбадан 
алынған 
дәлелдерді «өтірік» — деп айта алмады, сол 
себепті  бір  кездері  Мәсіх  Исаны  өлтіруге 
құштар  болған  парызшылар  секілді,  бұл 
реформацияның  жаулары  да  Лютердің 
қанын төгуге құштар болды. «Бұл есерсоқ!» 
—  деп  жандары  ышқына  айғайлады  Рим 
жақтаушылары.   Олар:  «Лютерге бір сағат 
та  өмір  сүруге  болмайды,  оның  көзін  же-
дел  түрде  жою  керек,  бұл  есерсоқты  тірі 
жүргізіп  қою  кешірілмес  күнә»  —  деп 
есептеді.  Бірақ  тағдыр  Лютерді  оның 
жауларының  назасынан  қорғап  тұрды, 
өйткені  Құдайдың  жоспары  бойынша  ре-
форматор  бастаған  ісін  аяқтауға  тиісті 
б о л д ы .  
Л ю т е р д е н  
т ә л і м  
а л ғ а н 
азаматтардың 
кейбіреулері 
ақиқат 
жолындағы 
күресте 
көрініп 
қалып, 
Ібілістің жауыздығының құрбанына айнал-
ды.  Соған  қарамастан  Лютердің  ілімі 
б а р л ы қ  
Г е р м а н и я н ы ң  
о й ш ы л 
азаматтарының  көңілінен  шықты.  Халық 
бірте-бірте  жалған  ақиқат  пен  ырым-
жырымдардың  құрсауынан  босап  шығып, 
Жаратқанның  сөзіне  көңіл  аудара  баста-
ды.  Тірі  сенім  өлі  формализмнің  орнын 
басты.  Басқа  ілім  тең  келе  алмайтын, 
ұстараша  тіліп  отыратын  Құдай  Сөзі 
адамдардың жүректеріне жол салды. Осы-
лайша  ақиқатты  аңсаған  адамдар  енді 
оны  құмға  сіңген  судай  сімірді.  Ғасыр 
бойы 
халық 
арасында 
соншалықты 
серпіліс  болған  емес.  Ұзақ  уақыт  бойы 
ырым-жырымдарға, 
салт-дәстүрлерге 
сүйенген,  жер  бетінен  аратүсуші  іздеген 
адамдар, енді тәубәларына келіп, сеніммен  
Мәсіхқа бой ұсынды.  
Мұнд ай 
ұлы  
сер пі ліс  
папаны ң 
сановниктерінің  тынышын  кетірді.  Осы 
болып  жатқан  жағдайларға  түсініктеме 
беру  үшін  Лютер  Римге  шақыртылды,  ал 
оның  достары  бұл  хабарды  естіп  қатты 
қобалжыды.  Лютердің  Римге  жол  жүруіне 
қарсы 
болған 
олар, 
реформатордың 
барлық түсініктемелерді папаға Германия-
дан  шықпай-ақ  беруін  талап  етті.  Бұл 
қойылған 
талап 
қанағаттандырылып, 
Лютердің  ісін  қарау  үшін  Германияға 
папаның  өкілі  келді.    Ол  реформаторды 
соттап  қамауға  алмақ  болды,  өйткені  Лю-
тер  алдын  ала  «есерсоқ»  деп  айыпталып 
қойған  болатын.  Ал  олай  істей  алмаған 
жағдайда  реформаторды  күллі  Германия 
бойынша 
заңнан 
тыс 
(заң 
арқылы 
қорғануға  құқысыз)  деп  жариялап,  оны 
және  онымен  еңбектестерді  шіркеуден 
шеттетуге тиісті болды. Сонымен қоса па-
па  бұл  ілімді  түп  орнымен  құрту  үшін, 
Лютердің 
ілімін 
қабылдағандарды 

59 
 
шіркеуден  шеттетіп,  ал  оның  іс-әрекетіне 
тыйым  салмағандарды,  мемлекет  және 
шіркеу 
басшылары 
болғандарына 
қарамастан,  императордан  өзгелері  Рим-
нен  жазасын  алулары  керек  —  деген 
шешім шығарды.  
 Осы қылықтарының өзі папаның қандай 
рухпен 
қаруланып 
тұрғанын 
жақсы 
көрсетті.  Лютер  Римнен  өте  алыс  жерде 
тұрып 
еңбектенгендіктен, 
оларға 
өз 
көзқарасын  түсіндіруге  мүмкіндігі  болған 
жоқ,  соған  қарамастан  Лютер  «есалаң»  — 
деп  айыпталып,  сотқа  тартылып,  бір 
күннің ішінде ісі қаралып, кінәлі деп табы-
лып,  оған  үкім  шығарылды.  Істің  мән-
жайына,  анық-танығына  көңіл    аударған 
ешкім болған жоқ. Осының барлығы  мем-
лекетте  де,  шіркеуде  де  «күнәсіз»  —  деп 
танылатын «киелі әкенің»  ісі болатын.  
Осындай басына күн туып тұрған кезеңде 
Лютердің  пікірін  бөлісетін  дос  оған  өте 
қажет болды және Алланың жазуы бойын-
ша  ондай  дос  табылды  да.    Виттенбергке 
Меланхтон  деген  азамат  келді.  Сабырлы, 
ұялшақ  жас  жігіт  өзінің  білімділігімен, 
ойшылдығымен, 
сөз 
шеберлігімен, 
тазалығымен  маңайындағылардың  сый-
құрметіне  бөленді.  Оның  тамаша  қабілеті 
болмысындағы сезгіштік, әдептілік сияқты 
қасиеттерін  жасырып  қала  алмады.  Ме-
ланхтон 
ізгі  хабарды  бар 
ниетімен 
қабылдап,  көп  ұзамай-ақ  Лютердің  ең 
жақын  досына  айналды  және  оның 
ілтипаттылығы мен ұқыптылығы Лютердің 
б ат ы лд ы ғы  
м е н 
қ айр ат т ы лы ғ ы н 
толықтырып  тұрды.  Олардың  еңбектес 
болғаны  Лютерге  үлкен  тірек  болып,  ре-
формация  ісінің  алға  басуына  көп  күш 
берді.  
 Лютердің  ісі  бойынша  сот  Аугсбургте 
өтетін  болды  және  Лютер  онда  жаяу  ат-
танды.  Оның  өміріне  үлкен  қауіп  төніп 
тұрды, сол себепті Лютердің достары оның 
еңбегін  уақытша  доғара  тұрып,  бір  жерде 
жасырына  тұруын  өтінді.  Бірақ  Лютер 
бұған  келіспеді:  «Мен  айтысатын  және 
араздасатын  Ереуіл  секілдімін»  (Ереуіл 
15:10)  —  деді  ол.  «Олар  мені  қорқытқан 
сайын  мен  қуана  түсемін...  «Рим  менің 
атымды,  абыройымды,  намысымды  жой-
ды,  енді  жанымды  алам  десе  алсын, 
өмірімді  бірнеше  сағатқа  қысқартқаннан 
басқа  не  істей  алады,  бірақ  олар  менің 
сенімімді ала алмайды, өйткені ол Құдайға 
ғана тән. Мен болсам Құдай үшін, Оның ісі 
үшін  кез  келген  сәтте  құрбан  болуға 
дайынмын». 
Лютердің  Аугсбургке  келгеніне  папаның 
легаты  іштей  риза  болды.  Енді  олар 
барлық  әлемнің  көңілін  өзіне  аударған 
есалаңды  қолдан  шығарып  алмаудың 
қамын  қарастырды.  Лютердің  достары 
оны  жауларының  алдына  императордың 
қорғау  қағазынсыз  жібермеу  үшін  қолдан 
келгендерінің 
барлығын 
жасады, 
ал 
папалықтар Лютерді дегенінен бас тартуға 
мәжбүр  етеміз,  көнбеген  жағдайда  Римге 
жіберіп  Гус  пен  Иеронимнің  кебінін 
кигіземіз — деп ойлады. Ақшаға қызыққан 
сатқындар,  Лютерді  папаның  легатының 
алдына 
қорғау 
қағазынсыз 
баруға 
көндірмек  болды,  бірақ  Лютер  бұл  жасан-
ды  жоспардан  үзілді-кесілді  бас  тартып, 
императордың 
қорғау 
қағазынсыз 
ешқайда да бармайтынын айтты.  
 Ыңғайларына  келмей  қойған  соң  жаула-
ры  оны  алдауға  кірісті.  Лютермен  кездесу 
кезінде  папаның  легаты  онымен  жылы-
жылы  сөйлесті және  реформаторды  өзінің 
ілімінің  барлық  тармақтарынан  бас  тар-
тып, шіркеуге толық бағынуын өтінді. Де-
генмен  ол  өзінің  алдында  тұрған  адамды 
дұрыс  бағаламаған  болатын.  Лютер  болса 
оның  сұрақтарына  жауап  бере  отырып, 
өзінің  шіркеуді  сыйлайтынын,  сонымен 
қоса 
бар 
ықыласымен 
шындықты 
іздейтінін 
және 
қойылатын 
барлық 
сұрақтарға  жауап  беруге  дайын  екенін, 
сол  секілді  бұл    сұрақтардың  басқарушы 
университеттермен қаралуына қарсы емес 
екендігін айтты.  
 Оған        өз        ілімінен        бас      тарту 
керектігі 
неше 
рет 
қайталанып 
айтылғанымен,  реформатор  ақиқаттан 
ешқашанда бас тарта алмайтынын айтып, 
өз     сөзінің      шындық     екенін      Киелі 
Кітап        арқылы  дәлелдеп      берді.  Оның 
сөзіне  жауап  таппаған  папаның  легаты 
Лютерді  біресе  балағаттап,  біресе  ата 
дәстүрін сақтау керектігін айтып, оны ал-
дап-сулап, 
шіркеу 
әкелерінің 
айтып 
қалдырған 
дәйек 
сөздерінен 
мысал 
к е лт і р і п, 
р е ф о р м ат о рд ы ң 
ау з ы н 
аштырмауға  тырысты.  Түкке  тұрмайтын 

60 
 
әңгімеден кейін Лютер зорға деп жауапты 
жазбаша түрде беруге рұқсат алды.  
 Олай  етуімнің    екі  түрлі  себебі  бар  — 
дейді  ол  досына  жазған  хатында  — 
біріншіден  жазбаша  берілген  түсіндірмені 
әр  түрлі  адамдар  оқып  сарапқа  сала  ала-
ды, екіншіден  бөси беретін қаныпезердің 
арын оята алмағаныммен, ең болмаса оны 
үрейлендіріп, 
сабасына 
түсіретіндей 
мүмкіндік 
пайда 
болмақ, 
керісінше 
жағдайда  өзінің  тәккапарлыққа  толы 
екпінді  сөзімен  ол  кімнің  болса  да  аузын 
жаба алады».  
 Келесі 
кездесуге 
Лютер 
барлық 
сұрақтарға 
жазбаша 
түрде 
жауап 
дайындаған  хатын  ала  келді,  сонан  соң 
оны  дауыстап  оқып,  артынша  хатты  
кардиналдың  қолына  ұсынды.  Ашуға 
булыққан  кардинал  бұл  хаттың  іске  еш 
қатысы  жоқ,  бос  сөз  —  деп  лақтырып 
жіберді. Ал Лютер болса, кезегі келген кез-
де кардиналдың сенетін салт — дәстүрлері 
туралы айтып, бұл дәстүрлердің ешқандай 
негізі  жоқ  екенін  Киелі  Кітап  арқылы 
дәлелдеп берді. Лютердің дәлелдеріне жау-
ап таппаған прелаттың  ашуға булыққаны 
соншалық:  «сөзіңнен  бас  тартпасаң,  мен 
сені Римге жіберіп, сотқа тартқызамын, ал 
сенің  соңыңнан  ергендердің  барлығын 
анафемаға  ұсынамын  және  саған  жаны 
ашитындарды  шіркеуден  шеттетемін»  — 
деп  жұлқынды.  Соңында  «Іліміңнен  бас 
тарт, не болмаса көзіме енді көрінуші бол-
ма»  —  жаны  ышқынып  айғайлап  қалды. 
Осы  сөздерден  кейін  Лютер  прелаттың 
бөлмесінен  дереу  шығып,  достарын  ерітіп 
кетіп  отырды,  ал  бұл  дегеніміз  —  оның 
ж а у л а р ы н ы ң  
ұ с ы н ы с ы н 
қабылдамайтынының  дәлелі  еді.  Лютерді 
қорқытып, дегенінен бас тартқызам — деп 
үміттенген  кардинал,  ендігі  жерде  өзінің 
өкінішін жасыра алмады. 
  Лютердің  өжеттілікпен  сөйлеген  сөздері 
ізсіз  қалған  жоқ.  Кездесуде  болғандардың 
қай жақ дұрыс, қай жақ бұрыс екенін са-
лы с т ы р ы п, 
ше ші м  
қ аб ы лд айт ы н 
уақыттары  жеткілікті  болды.  Тек  ойлап 
қ а р а ң ы з д а р ш ы ,  
қ а н д а й  
ө т к і р 
айырмашылық! 
Құдайдың 
күшімен 
қаруланып,  ақиқатты  бар  ықыласымен 
қорғап  тұрған  қарапайым  реформатор 
мен  өз  сөзінің  дұрыстығына  Киелі  Жазу-
дан  дәлел  таба  алмай  құр  айқаймен  күш 
сынасқан  өркөкірек,  менменшіл  папаның 
көсемі. Осыған не айта аласыздар? 
Қолында  қорғау  қағазының  болғанына 
қарамастан  Лютерге  үлкен  қауіп  төніп 
тұрды, сол себепті оның достары Лютердің 
жедел  түрде  Аугсбургті  тастап  Виттенбер-
гке аттануын өтінді. Лютерге жол-жөнекей 
өте  байқаулы  болуына  тура  келді.  Осыдан 
кейін  қасында  магистратпен  берілген 
жалғыз  жол  серігі  бар  реформатор,  екі 
салт атты болып түн ішінде қаладан аттан-
ды.  Жүрегі  тоғанысқа  толы болған  рефор-
матор  түнгі  қаланың  көшелерімен  келе 
жатқанда  өте  қобалжулы  болды    өйткені 
қатыгез жауларының оны өлтіруге дайын-
далып, тісін қайрап отырғаны белгілі бола-
тын. Құрылып қойылған қақпаннан аман-
есен  өте  алар  ма  екен?  Осы  сәтте  Лютер 
қатты    алаңдады,  сонымен  қоса  ұйып 
тұрып  дұға  оқып  отырды.  Міне  енді  олар 
қала  қақпасына  да  жетті.  Қақпалар  ашы-
лып,  олар  еш  кедергісіз  қаладан  шықты. 
Қала  қақпасының  сыртына  шыққанша 
сақтықпен  келе  жатқан  олар,  қаладан 
шықсымен еркін дем алып, жүрістерін же-
делдете түсті. «Қолымызға түсті ме?» — де-
ген  адамның  ебін  тауып,  сытылып 
кеткенін естіген прелат әрі қайран қалып, 
әрі  ызадан  тұншығып  кете  жаздады. 
«Шіркеуге  ылаң  салушының  өлімін  тама-
шалаймын»  —  деп  отырған  прелаттың 
көгілдір  арманы  орындалмай  қалды.  Ит 
өшін  тырнадан  алады  дегендей,  прелат 
енді  өшін  саксондық  курфюрст  Фридрих-
тен  алудың  қамына  кірісті,  сөйтіп  оған 
Лютердің  Римге   жіберілуін  немесе  Саксо-
ниядан  біржола  қуылуын  талап  ететіні 
жайлы хат жолдады. Ал Лютер болса олар-
дан өзінің әділ немесе әділ еместігін Киелі 
Кітапты  негізге  ала  отыра  дәлелдеп 
берулерін  талап  етті,  сонымен  қоса 
осыншалық ұлы істі жүргізуге өзін таңдап 
алған Аллаға алғысын жаудырды. 
 Курфюрст Лютердің ілімімен жете таныс 
болмағанымен,  оның  сөзінің  айқындығы, 
күші  және  тазалығы  Фридрихты  қайран 
қалдырмай  қойған  жоқ.  Сол  себепті 
прелатқа  жолдаған  жауап  хатында  кур-
фюрст: «Сіз доктор Мартин Лютердің Аугс-
бургке  келгеніне  қанағаттануыңыз  керек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет