Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет12/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
еді.  Сіздің  сөзіңіздің  дұрыстығына  оның 
көзін  жеткізіп,  жылы  сөйлескеннің  орны-

61 
 
на, 
билігіңізді 
көрсетіп 
күштедіңіз, 
сондықтан  болар  ол  сіздің  рұқсатыңызға 
қарамай кетіп отырды. Осы уақытқа дейін 
Лютердің  ілімі  қате  деп  бірде  бір 
оқымысты азамат айтқан емес, сол себепті 
мен  оны  Римге  аттандырудан  да,  өзімнің 
иелік  ететін  жерімнен  қуып  шығудан  да 
бас тартамын» — деді. 
  Қоғамның  қай  саласында  болмасын 
азғындықтың көбейіп бара жатқаны және 
дәл  осы  кезде  оларға  реформаның  өте 
қажет екенін курфюрст жақсы білді. Егер 
адамдар арын таза ұстап, Алланың дегенін 
орындап  отырса,  онда  қылмысты  жою 
үшін  қаражат  жұмсаудың  да  қажеті 
болмаған  болар  еді.  Ал  Лютердің  ілімі 
осындай  кезде  шөлдеп  келе  жатқан 
адамның  аптығын  басатын  сумен  бірдей 
болатын,  сондықтан  курфюрст  бұл  ілімді 
қолдады  және  оған  өзі  іштей  риза  болды. 
С о ған 
қ о с а 
Ф р идр их  
Лю т е рд і ң 
университеттегі  атақты  және  табысты 
профессор  екенін  де  байқамай  қойған 
жоқ. 
  Лютердің 
тезистерінің 
таралуынан 
кейін,  әулиелердің  мерекесіне  жиналатын 
пилигримдердің  саны  күрт  азайды  және 
соның  нәтижесі  ретінде  Римнің  қазына 
сарайына  үйіліп  түсіп  жататын  қаражат 
та 
аз айд ы. 
Есесі не 
В ит тенбе рг 
университетінің 
студенттерінің 
саны 
көбейе 
түсті. 
Лютердің 
ілімінің 
адамдардың  Киелі  Кітапты  зерттеуге 
қызығушылығын  оятқаны  соншалықты, 
Виттенберг  университетіне  Германияның 
жер  жерінен  ғана  емес,  сол  сияқты 
басқада  мемлекеттерден  көптеген  жастар 
келе  бастады.  Виттенбергке  оқуға  келген 
және  оны  бірінші  көріп  тұрған  жастар 
қолдарын 
көкке 
көтеріп, 
кезінде 
жарықтың  жер-жерге  Сионнан  тарағаны 
секілді ақиқаттың жарығының Виттенбер-
гтен тарағанына, Жаратқанға алғыстарын 
білдірді. 
Ол  кезде  Лютер  католицизм  ілімінен  әлі 
де  болса  түңіле  қоймаған  болатын.  Киелі 
ақиқаттарды 
папаның 
ілімі 
және 
қаулыларымен  салыстыра  келе  ол  қайран 
қалды. «Мен папаның қаулыларын оқи ке-
ле  таңданам  —  деп  жазды  ол,  —    папа  
Мәсіхтің қарсыласы ма (антихрист) немесе 
оның  елшісі  ме,  өйткені  оның  істерінде 
Мәсіх  соншалықты  ұсқынсыз  бейнеленген 
және айқышқа керілген». Лютер  бұл кезде 
әлі де болса Рим шіркеуінің жағында бола-
тын  және  одан  бөлініп  шығам  деген  ойы 
да болған жоқ.  
  Осыдан 
кейін 
оның 
ілімі 
күллі 
мәсіхшілер  арасына  тарап,  Швейцария, 
Голландия,  Франция,  Испания  елдерінде 
тамырын  жайды.  Сол  секілді  бұл  ілімді 
Бельгия,  Италия  және  Англия  құшақ  жая 
қарсы  алды.  Мыңдаған  адамдар  аяқ-
қолдарын  матап  тұрған  өлім  тұзағын 
ағытып  тастап  қуанышты  үмітпен  және 
сеніммен жаңа өмірге оянды.  
  Лютердің 
ісі 
Римнің 
наразылығын 
өршіте  түсті,  бойларын  ашу  кернеген 
кейбір католиктер:  «бұл көтерілісті жария-
лап  отырған  монахтың  көзін  құртудың 
обалы  жоқ»  —  деп,  оны  өлтірудің  жолын 
іздестіре  бастады  және  соған  барлық 
ж а ғ д а й л а р д ы  
т у д ы р д ы .  
Б і р д е 
реформатордың 
жанына 
қалтасына 
қаруын  тығып  ұстаған  бейтаныс  біреу 
жақындап  келіп:  «Сіз  жалғыз  жүруге 
қорықпайсыз  ба?»  деп  сұрады.  «Жоқ. 
Қ о р ы қ п а й м ы н ,  
м е н і ң  
ө м і р і м 
Жаратқанның  қолында.  Ол  менің  күшім 
және қуатым. Адам маған не істей алады?» 
—  деп  жауып  берді  оған  Лютер.  Мұны 
естіген бейтаныстың өңі кетіп қорыққаны 
сонша,  бейне  бір  періштені  көргендей 
тайып  тұрды.          Шынында  оны  Құдай 
қорғап  тұрған  болатын,  сондықтан  оған 
өлтірушілерінің қолы жетпеді.   
 Лю те рді ң 
і лімі  
мо нас ты р лард а, 
л а ш ы қ т а р д а ,  
д в о р я н д а р д ы ң 
қорғандарында,  университеттерде,    тіпті   
патша    сарайларында          уағыздалды   
және барлық жерлерде де оның еңбектерін 
бағалайтындар табылды. 
Густың  еңбектерімен  таныса  келе  Лютер 
богемиялық  реформатордың  «Адам  иманы 
арқылы  ақталады»  деп  мойындаған  ұлы 
ақиқатын анықтады және оны өзі де ұзақ 
уақыт 
бойы 
іздеп, 
нақтылы 
кезде 
уағыздап  жүрген  болатын.  «Біз  бәріміз  — 
Паул,  Августин  және  мен  де  өзіміз  соны 
білмей-ақ гуситтер болған екенбіз». «Құдай 
шынымен  де  әлемді  соттайды  —  деп 
жалғастырады  ол,  —  өйткені  ақиқат  оған 
бұдан  100  жыл  бұрын  уағыздалған,  бірақ 
әлем  оны  керек  етпеді,  керісінше  өртеп 

62 
 
жіберді».    Германияның  императоры  мен 
ханзадаларына  жолдаған  хатында  күллі 
мәсіхшілерді  реформацияға  шақыра  оты-
ра Лютер былай дейді: «Алтын мен күміске 
оранып  баршылықта  балқып  отырған  па-
памен  байлығы  жағынан  салыстырғанда 
императорда  тең  келе  алмайды.  Ал 
Құдайдың рухани ұлы Мәсіх Исаға немесе 
қарапайым  елші  Петрге  ол  тіпті  де 
ұқсамайды.  Жұртшылық  папаны  әлемнің 
билеушісі  дейді,  ал  өзін  ол  «Мәсіхтың 
орынбасарымын»  —  деп  атайды.  Сонда 
орынбасарының 
жері 
бастығының 
жерінен  кең  болуы  мүмкін  бе?  Егерде 
барлық оқу орындарында Киелі Кітап ын-
талы түрде зерттелмесе, онда жастар ара-
сында  тәртіп  бұзылып,  оқу  орындары 
дозаққа 
айналады. 
«Мен 
барлық 
адамдарға  Киелі  Кітап  басты  пән  болып 
с а н а л м а й т ы н  
о қ у  
о р ы н д а р ы н а 
балаларыңды  жақындатпаңдар»  —  дер 
едім. Киелі Жазба зерттелмейтін кез келген 
оқу  орны  жастардың  өнегелі  болуына 
кедергі жасайды».  
 Бұл  хабар  аз  уақыт  ішінде  барлық 
Германияға  таралып,  халық  арасында 
абыржу  басталды.  Жұрт  реформация 
туының  астына  жиналып  жатқан  кезде, 
оның  жаулары  Лютерді  және  оның 
ізбасарларының көздерін жоюдың амалын 
қарастырды.    Реформатор  және  оның 
жағындағыларға  алпыс  күн уақыт берілді, 
егер осы мерзім ішінде олар өз ілімдерінен 
бас тартпайтын болса, барлығы шіркеуден 
шеттетілетін болды.  Мұндай үкімнен ең ірі 
деген  монархтардың  өздері  де  қатты 
қорқатын.  Бұл  қарғысқа  ұшырағандарға 
жұрт  жиіркенішпен  қарап,  маңайларына 
ешкім  жақындамайтын  елдің  қоры  сана-
лып,  олардың  көздері  жойылу  керек  деп 
шешілетін.  Лютер  төбесінен  шүйлігіп 
тұрған  құйынды  сезді,  десе  де  батылдық 
танытып,  өз  ісін  Құдайдың  қолына  тап-
сырды.  Ол  сеніммен  және  батылдықпен 
былай  деп  жазды:  «Мен  не  болатынын 
білмеймін  және  білгім  де  келмейді.  Соққы 
қайда лақтырса да мен сабырлық таныта-
мын.  Жапырақтар  да  Оның  еркінсіз 
түспейтін  болса,  мен  несіне  абыржимын. 
Сөз  үшін  өлімге  бару  қиын  емес,  өйткені 
Сөз тәнге айналып, Өзі өлді. Егер біз оны-
мен  бірге  өлсек,  Онымен  бірге  тірілеміз. 
Егер  бізден  бұрын  Оның  басынан  өткен 
қиындықтар біздің басымызға келсе, онда 
Тәңір  қай  жерде  болса  біз  де  мәңгілік  сол 
жерде боламыз».  
  Папаның  шығарған  үкімі  Лютерге  жет-
кенде, ол былай деп жауап қайырды: «Мен 
сол  шығарылған  үкімді жек  көремін  және 
барып 
тұрған 
оңбағандық 
және 
әділетсіздік  деп  санаймын,  өйткені  ол 
Мәсіхтің  Өзін  айыптайды...      Және  де 
дүниенің  жүзіндегі  ең  жарқын  бейне  — 
Жаратқан  Ие    үшін  азда  болса  қиянат 
шеккеніме  өте  қуаныштымын.  Ақыры 
кімнің  кім  екеніне  көзім  әбден  жетті. 
Білгілеріңіз  келсе  айтайын,  папа  —  
Құдайдың  қарсыласы,  ал  оның  отырған 
тағы —  Ібілістің тағы».  
 Римні  шығарған  декреті  із-түссіз  қалған 
жоқ.  Адамзатты  қажытудың  ең  күшті 
құралы  —  абақты,  найза  және  жәбірлеу. 
Рухани  әлсіздер  папаның  қаулысынан 
қатты  қорықты.  Көпшілік  жандар  өз 
өмірлерін  реформация  үшін  қиюды  тым 
қымбат баға — деп есептеді және Лютерге 
аяушылықпен  қарады.  Реформация  ісі 
енді тоқталатындай көрінді.  Бірақ Лютер 
болса  ештеңеден  тайсалмай  батылдық  та-
нытты  және    мен:  «Алланың  ақ  жолынан 
емес,  бұрысты    дұрыс  деп  уағыздайтын 
шіркеуден бас тартамын» — деп арыз тас-
тады.  Мартин  қала    жұртшылығының, 
студенттердің көзінше папаның абыройы-
на  тірек  болып  тұрған  оның  канондық 
заңдарын 
өртеді. 
Олар 
қарапайым 
халықтың 
санасын 
оятқан 
менің 
еңбектерімді  жандырып  жіберді,    ендеше 
маған  олардың  жалған  ілімдері  жазылған 
кітаптарын неге өртемеске?   Бұған дейін 
мен папаның жай ғана мазасын алған бо-
латынмын,  енді  мен  оны  нағыз  шайқасқа 
шақырамын  —  деді  Лютер.  Жауларым 
мені өлтіруі әбден мүмкін, бірақ Құдайдың 
ісі  менсіз  —  ақ  Оның  күшімен  жеңіске 
жетеді.Лютерге  сөгіс  жариялап,  оның  ісін 
күлкіге айналдырып жатқан жауларына ол 
былай деп жауап берді: «Кім біледі бұл іске 
Құдай  мені  таңдап  алған  болар.  Сонда 
мені  жек  көріп  балағаттап  жатқандар, 
шын  мәнінде  Құдайды  жек  көріп,  Оны 
балағаттағаны  ғой.  Мысырдан  аттанарда 
Мұса  пайғамбар  да  жалғыз  болған, 
Аһабтың  патшалығында  Ильяс,  Иеруса-
лимде Ишая, Бабылда Езекие жалғыз бол-
ды.  Алла  Өз  ісін  басқаруға  көкірегімен 
көкті  тіреп  тұрғандарды  емес,  ылғи  да  

63 
 
қарапайымдарды  таңдаған. Әрбір заман-
дарда  да  тәуекелге  бел  байлап  осы 
дүниенің 
әйгілілеріне, 
патшаларға, 
ханзадаларға, 
дін 
әкелеріне 
және 
ғалымдарға  барып,  олардың  қателерін 
беттеріне  айтып,  әшкерелеген  тақуалар 
бар 
болған. 
Өзімді 
пайғамбармын 
демеймін,  бірақ  шүберекке  жанымды 
түйіп,    ақиқат  үшін  айғайлап  тұрған  мен 
де  қазір  жалғызбын,  ал  сендер  көпсіңдер, 
дегенмен  Алланың  ісі  ақсап    орта  жолда 
қалады  екен  деп  ойламаңдар,  жеңімпаз 
Құдайдың  шәкірттері    жеңіске  жетпей 
қоймайды».                            
Шіркеуден біржола бас тарту Лютер үшін 
оңайға  түскен  жоқ,  өйткені  бала  кезінен 
қанына  сіңіп  қалған  әдет  —  ғұрып  өз 
дегенін  даттады.    Құдай  Сөзі  бойын 
бекітіп,  жүрегіндегі  күмәнді  сейілткенше 
Лютер 
қат ты 
абыржулы 
болды. 
Папалықтардың  оған  қойған  сұрағын  Лю-
тер  өзіне  өзі  сан  рет  қойды:  «Күллі  жұрт 
қателесіп,  қателеспейтін  сен  ғана  сондай 
дана  ма  едің?    Өзің  қателесіп  қана 
қоймай,  сенің  іліміңе  иланған  барлық 
адамдарды  өлімге  әкеліп  тіресең  не  бола-
ды?». Осылайша Лютер өзімен де, шайтан-
мен  де  күресті.  Дегенмен  Мәсіх  сыйлаған 
иманы  мен  үміті  жанына  азық  болып, 
Алланың  Сөзінің  дұрыстығына  көзі  әбден 
жетті.  
  Папа  болса  Лютерді  және  оның  ілімін 
қабылдағандардың  барлығын  шіркеуден 
шеттетем  деп  қорқытқан  болатын,  енді 
міне  сол  айтқанын  орындау  үшін  ол  іске 
кірісті.  Ұлы  шайқас  осыдан  кейін  бастал-
ды.  Шынына  келсек  қарсыластары  көп 
болғандықтан Құдайдың ілімін халық ара-
с ы н а  
у а ғ ы з д а у ш ы л а р  
е ш қ а ш а н 
шайқаспай қалған жері жоқ. Лютердің за-
манында  сол  заманда  маңызды  болған 
ақиқаттар  уағыздалды,  ал  қазіргі  уақытта 
осы  заманда  маңызды  деп  саналатын 
ақиқаттар  уағыздалуда.  Болатын  іске 
басшылық 
жасайтын 
құдірет 
Иесі 
адамдарға заманы мен уақытының талап-
тарына жауап беретін міндеттерді артады. 
Егер  адамдар  өздеріне  түскен  жарықты 
бағалай білсе, онда солғұрлым ақиқатты да 
тереңірек  ұққан  болар  еді.  Бірақ  қазіргі 
адамдар  ақиқатты  Лютермен  шайқасқан 
папалықтардан  артық  білгілері  келіп 
тұрған  жоқ.    Сол  замандағыдай  қазіргі 
кезде  де  көпшілік  жандар  Құдай  Сөзіне 
емес  адамның  шығарған  іліміне,  салт  — 
дәстүрлеріне,  ырым    —    жырымдарына 
көбірек 
көңіл 
бөледі. 
Ақиқатты 
уағыздаушылар  қазіргілер  оған  реформа-
ция  кезеңіндегі  адамдардан  гөрі  артық 
көңіл 
бөледі 
екен 
деп 
ойламасын. 
Зұлымдық пен ақиқат арасындағы шайқас 
қиямет күніне дейін жалғаса бермек.  
   Иса  Мәсіх  Өзінің  оқушыларына  былай 
деген  болатын:  «Егер  де  сендер  осы 
дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамда-
ры ретінде жақсы көрер еді. Бірақ сендер 
осы  дүниелік  емессіңдер,  керісінше  Мен 
сендерді  күнәкар  дүниенің  ішінен  таңдап 
даралап алдым.  Сондықтанда ол сендерді 
жек  көреді.  Мына  айтқан  сөзім  естеріңде 
болсын:  «құлдың жолы  қожайынының  жо-
лынан 
үлкен 
емес». 
Мені 
қуғынға 
ұшыратқандар,  сендерді  де  қуғындайды. 
Олар  Менің  сөзімді  ұстанды  ма?  Жоқ,  ен-
д е ше  
с е нд е р д і ң  
д е  
с ө з д е р і ңд і 
тыңдамайды.»  (Жоһан  15:19  —  20).  Оған 
қоса  Тәңір  Ие  тағы  да  былай  дейді:  «Егер 
барлық жұрттар сендерді мақтаса масқара 
болғандарың, 
өйткені 
солардың 
ата-
бабалары  жалған  пайғамбарларды  солай 
мақтаған»  (Лұқа  6:26).  Қазіргі  заманның 
рухы,  бұрынғы  кезеңдердегідей  Мәсіхтің 
рухына 
қарсы. 
Ақиқатқа 
қарсы 
шайқастың  тәсілі  өзгеріп,  жауыздық 
айқын  көрінбеуі мүмкін,  десе де  дүниенің 
со ңғы  
күніне  
де йін 
шынд ық т ы 
жақтырмайтындар өте көп болады.     

64 
 

Лютер сейм алдында  
Германияның  тағына  жаңа  император  
Карл  V    отырды.  Римнің  шабармандары 
оны 
осы 
орынға 
тағайындалуымен 
құттықтауға  және  айтулы  сәтті  пайдала-
нып 
реформацияға 
қарсы 
үгіттеуге 
асықты. Бірақ Карл V-нің таққа отыруына 
көп  себін  тигізген  Саксондық  курфюрст, 
императордан,  Лютерді  тыңдап  алмай  ол 
жөнінде  ешқандай  шаралар  қолданбауын 
өтінді.  Осы  кезде  император  қолайсыз 
жағдайда  тұрды,  бір  жағынан  курфюрст 
Лютердің 
әділ 
қазылар 
алдында 
тыңдалуын  талап  етсе,  екінші  жағынан 
оған  Рим  қыспақ  жасады.  Папалықтарды 
Лютердің  өлімі  ғана  қанағаттандыратын 
еді.  Ал  курфурст  болса  доктор  Лютердің 
қорғау қағазымен қамтамасыз етіліп және 
білімді,  таупықты  және  алаламайтын 
қазылар  алқасымен  тыңдалуын  табанды 
түрде одан талап етті, өйткені сол уақытқа 
дейін  реформатордың  ілімін  не  басқа 
жұрт,  не  императордың  өзі  жаман  деп 
есептеген емес.  
Енді жұртшылықтың назары таққа жаңа 
отырған  жас  императордан  Вормста 
өтетін  Германия  ханзадаларының  сеймы-
на  ауды.  Осы  жерде  Германияның  ханза-
далары 
алғаш 
рет 
жас 
монархпен 
жүздеспекші және сонымен қоса маңызды 
саяси  сұрақтарға  жауап  алмақшы  болды. 
Мемлекеттік  сеймге  империяның  шет-
шетінен зиялы және діни сановниктер жи-
налды.  Сондай-ақ  шығу  тегін  және 
өздерінің  артықшылығын  мақтан  тұтатын 
вельможалар,  хал-ахуалы  мен  билігіне  ма-
саттанатын дін өкілдері, қарулы вассалда-
рын  ерткен  сарай  маңындағы  рыцарьлар 
және алыс мемлекеттерден келген елшілер 
о с ы нд а 
б о лд ы .  
К ү л лі  
м аңы з д ы 
сұрақтардың  ішінде  жұрттың  барлығын 
еліктеткені  саксондық  реформатор  бола-
тын.  
Курфюрст  бұл  жиынға  Лютермен  бірге 
келуге  тиісті  болды  және    реформаторға 
қамқорлық жасауға сондай-ақ дау тудыра-
тын сұрақтарды ашық талқылау үшін  оны 
білікті азаматтармен жүздестіруге кепілдік 
берді.  Ал  Лютер  болса  императормен  кез-
десуге  асықты.  Кейінгі  кездері  оның 
денсаулығы  сыр  беріп  жүрген  болатын, 
дегенмен курфюрстке жазған хатында ол, 
егер  денсаулығы  жағынан  кедергілер 
туындап, 
өзі 
жүріп 
бара 
алмаса, 
курфюрсттың оған жәрдем беріп алып ба-
руын  өтінді.  «Император  мені  шақыртып 
тұрса,  оны  Құдайдың  қалауы  —  деп 
есептеймін,  ал  егер  олар  маған  қиянат 
жасағылары  келсе,  ол  әбден  мүмкін 
(өйткені  мені  ол  жаққа  парасаттылық 
тәлімдерін  алу  үшін  шақырып  жатқан 
жоқ),  онда  мен  барлығын  бір  Құдайдың 
қолына тапсырамын. Үш жеткіншекті лау-
лап  тұрған  пештен  сақтаған  Құдай  әлі  де 
тірі.  Егер  де  Ол  мені  өлімнен  құтқарып 
қалмаса, 
онда 
өмірімнің 
мағынасы 
болмағаны.  Қайткенде  де  біз  Ізгі  хабарды 
көпшіліктің  келеке  мазағы  қылып  қоя  ал-
маймыз  және  оны  қасық  қанымыз 
қалғанша қорғауымыз керек. Адамдардың 
құтқарылуы  үшін  ненің  пайдалы  екенін, 
өмірімнің  бе  немесе  өлімімнің  бе,  оны 
шешетін  мен  емес.  Мені  қашып  кетеді 
екен  немесе  Құдайдың  сөзінен  бас  тарта-
ды 
екен 
деп 
ойламаңыз, 
өйткені 
Жаратқансыз  өмірдің  мағынасы  жоқ»  — 
деп  жазды  Лютер.  Папаның  легаты  Але-
андр  Лютердің  сеймге  келетіні  жөніндегі 
хабарды  естіп  ашуға  булықты.  Папа  үкім 
шығарып  қойған  істің  қайта  қаралуы 
жарылқаулы  понтификтің  абыройына  дақ 
түсіреді.  Оның  үстіне  Құдайдың  сөзімен 
қаруланған ұлы шешен сеймде сөз сөйлесе, 
оған  қатысқан  ханзадалардың  басым 
көпшілігі  папаға  қарсы  шығуы  әбден 
мүмкін  еді.  Сондықтан  папаның  легаты 
Лютерді  бұл  жиынға  қатыстырмауға  бар 
күшін  салды.  Дәл  осы  кезде  Лютерді 
шіркеуден  шеттету  туралы  булла  шығып, 
папаның  декретінің  қысымынан  аса 
алмаған император курфюрстке былай деп 

65 
 
сәлемдеме жолдады:  «Лютердің  өз ілімінен 
бас тартатын ойы болмаса, сеймге келмей 
Виттенбергте қалғаны жөн болады».  
 Бұл  жеңісіне  қанағаттана  алмаған  Але-
андр  Лютерді  жауапқа  тартқызу  үшін, 
өзінің  барлық  қулығы  мен  билігін  пайда-
ланды.    Ол  Лютерді  мемлекет  тәртібін 
бұзушы, көтерлісші және Құдайдан безген 
қаныпезер  —  деп  жазғырды.  Прелаттың 
ашуға 
булығып 
тұрып 
қатты-қатты 
сөйлеген  сөздері  оның  өзінің  қандай  рух-
пен 
қаруланып 
тұрғанын 
жақсы 
байқалтты.    Сондықтан  да  жиналған 
қауымның  көпшілігі  Лютердің  ісіне  не  бір 
сабырлықпен қарады.  
 Алеандр  болса  папаның  декретінің  іске 
асуын  бұрынғысынан  бетер  талап  етті. 
Г е р м а н и я н ы ң  
з а ң ы  
б о й ы н ш а 
ханзадалардың келісімінсіз  оны іске асы-
ру  мүмкін  емес  еді,  сол  себепті  Карл 
прелаттың 
табанды 
түрде 
қойған 
талабының 
әсерінен 
 
істі 
сеймде 
қарастыруға  бұйрық  берді.  Папаның   
көсемі    үшін      бұл      салтанатты  күн бола-
тын.      Айтулы      жиынға        өте  маңызды   
деген   зиялы    қауым жиналды, ал жиын-
д а 
қ ар ас т ы р ы л ат ы н  
і с  
о д анд а 
маңыздырақ  еді.  Алеандр  әлемнің  анасы 
есептелетін  Римнің  абройын  қорғауға 
тиісті  болды.    Сөзге  өте  шешен  прелат   
жұрттың  көңілінен  шығатындай  сөздер 
сөйледі,    реформаторға  жаны  ашитындар 
А ле анд р д ы ң 
с ө з і не н 
қ ау і пт е нд і .   
Саксондық  курфюрст  өз  адамдарына 
оның  сөзін  жазып  алуға  тапсырма  беріп, 
өзі  келмей  қалды.  Шындыққа  ойсырата 
соққы  беру  үшін  Алеандр  өнерін  аяған 
жоқ. 
Ол 
Лютерді 
шіркеудің 
де, 
мемлекеттің  де,  халықтың  да,  өлінің  де, 
тірінің  де,  барлық  адамзаттың,  күллі 
сенетіндердің және әрбір мәсіхшінің жауы 
—  деп  жазғырып,  оған  жаланы  жапқан 
үстіне  жаба  түсті.  «Осы  дәлелдемелердің 
өзі  оны  және  оның  соңынан  ергендерді 
өртеп жіберуге жеткілікті».  
 Сөзін тамамдай келе ол реформаторлық 
сенімді жақтаушыларды жек көрінішті ету 
мақсатында: 
«Лютерандар 
дегеніміз 
кімдер?    Жауап  біреу-ақ,  бұлар  дөрекі, 
әдепсіз,  надан  ұстаздар,  арсыз  дін 
мұғалімдері, 
азып 
кеткен 
монахтар, 
түйсіксіз 
заңгерлер, 
қайыршылыққа 
ұшыраған  дворяндар  және  солардың 
сөздеріне иланып жүрген  қараңғы тобыр.  
Оларды  ұлы  да,  дарынды  католиктермен  
қалай салыстыруға  болады? Осы жарқын 
ж о ғ а р ғ ы  
с о т т ы ң  
ш е ш і м і 
қарапайымдардың  көзін  ашып,  санасыз-
д ар д ы  
с а қ т анд ы р ы п , 
б ұ л т а қ т ап 
тұрғандарға мықтылық берсін» — тоқтады.  
 Ғ а с ы р л а р  
б о й ы  
а қ и қ а т т ы 
қорғаушыларға осындай қару қолданылып 
келді және  Құдай  Сөзінде  анық  жазылған 
ақиқаттарды  уағыздаушыларға  әлі  де 
қолданылып 
келеді. 
«Жаңа 
ілімнің 
уағыздаушылары 
кімдер?» 
— 
деп 
айғайлайды  көпшілікпен  қабылданатын 
дінді  жақтаушылар.  «Бұлар  қарапайым, 
білімсіз,  азғантай  халық.  Олар:  «Шындық 
бізде,  біздер  Құдайдың  қалаулыларымыз» 
—  деп  қалайша  айта  алады?  Шынында 
олар  надандар,  өздерін  өздері  алдайды. 
Бізге  шіркеулерімізге  қараңдар, біз  көппіз 
және әсеріміз де ауқымды. Араларымызда 
ұлы  ғалымдар  да  көп.  Біз  оларға 
қарағанда әлдеқайда мықтымыз» — дейді. 
Әрине  бұл  дәлелдер  әлемге  әсер  етпей 
қоймайды,  дегенмен  Лютердің  заманында 
олар  қандай  нанымсыз  болса,  қазір  де 
күші сондай-ақ.     
 Реформация 
Лютердің 
өмірімен 
аяқталып  қойған  жоқ,  ол  әліде  жалғасуда 
және 
біздің 
планетамыздың 
тарихы 
аяқталатын  күнге  дейін  жалғаспақшы. 
Папаның 
көсемінің 
айтқан 
сөздері 
жұрттың көкейінен шыққандай болды,  ол 
же рд е  
Құ дайд ы ң 
Сөз інің 
аны қ 
ақиқаттарын 
дәлелге 
келтіре 
отыра 
папаның 
қорғаушысының 
аузына 
тосқауыл қоятын Лютер болмады. Осы кез-
де    реформаторды    жақтаушы  да    ешкім 
қалмады.  Барлығы  Лютердің  ілімін  айып-
тап  қана  қоймай,  оны  түп  орнымен 
құртып  жіберуге  дайын  тұрғандай  болды. 
Римнің  өзін  қорғап  қалуына  барлық 
жағдайлар  жасалынды,  яғни  айтатын  сөз 
айтылды,  істелінетін  іс  істелді.  Бірақ  бұл 
жеңіс  көздің  елесіндей  алдамшы  болатын. 
Екі  ұлы  күш  әлі  де  болса  ашық  шайқаста 
кездесуге тиісті болды.  
  Сейімнің мүшелерінің көпшілігі Лютерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет