Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет16/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
 
болсақ,  біздің  атазаңымыз  —  Киелі  Кітап» 
—  деді  ол.    Пікірсайысқа  қатысушы 
қарама-қарсы    жақтардың  мінездерінің 
айырмашылығы  көзге  түспей  қалған  жоқ. 
Сыпайы түрде баяндалған реформатордың 
сөздері  дәлелді  болып,  халық  мақтаншақ  
Эккенге жиіркенішпен қарады.  
  Диспут  он  сегіз  күнге  созылды.  Ақыр 
соңында  папалықтар  өздерін  жеңімпаз 
санап,  реформация  жеңіліске  ұшырады 
деп  есептеп,  оның  ізбасарлары  шіркеуден 
алыстатылды 
деген 
үкім 
шығарды. 
Д е пу т ат т ар д ы ң 
к ө п ші лі гі  
Р им д і 
қолдағанымен, кейін кімнің дұрыс, кімнің 
бұрыс екені сөзсіз айқындалды. Осылайша 
аз  ғана  уақыттың  ішінде  протестантизм  
барлық  жерлерге  кеңінен  тарап,  Базель 
және  Берн  секілді  орталық  қалалар 
реформацияның жағына шықты. 

82 
 
10 
Германиядағы Реформация жетістіктері  
Лютердің құпия түрде жоқ болып кеткені 
бүкіл  Германияның  халқын  қобалжытты. 
Жан  жақтан  неше  түрлі сыбыстар  шығып 
жатты.  Кейбіреулері  оны  жаулары  өлтіріп 
тастады  деп  есептеді.  Лютердің  достары 
ғана  емес,  реформацияны  ашық  түрде 
жақтауға  сескенетіндердің  өздері  оны  ой-
лап қатты қайғырды. Ол үшін салтанатты 
түрде  өш  аламыз  дегендер  де  болды. 
Папалықтар  халықтың  оларды  тым  жек 
көріп  кеткендерін  сезіп,  қатты  үрейленді. 
Әуелде  олар  Лютерді  өлді  деп  есептеп 
қуанса, енді халықтың назасынан қорқып 
тығылатын  жер  таппады.  Реформатордың 
жаулары  оның  бостандықта  жүріп  істеген 
ісінен  гөрі,  жасырын  жүріп,  құпия  түрде 
істеген  ісінен  көбірек  қорқатын  болды. 
Олардың бірі:  «Өзімізді құтқарып қалудың 
жалғыз  ғана  жолы  қолымызға  от  алып, 
дүниені  аралап  жүріп,  Лютерді  тауып 
халыққа  қайтару»  —  деген  болатын. 
Халықтың  папаның  булласынан  гөрі, 
Лютердің  қамын  көбірек  ойлайтынын 
байқаған 
папаның 
легаттары 
ызаға 
булықты. 
   Ж ұ р т  
Л ю т е р д і ң  
б о с т а н д ы қ т а 
болмағанымен, 
 
тірі 
екені 
жайлы 
қуанышты  хабарды  естігенде,  тынышта-
лып  қана  қоймай,  оған  деген  керемет 
сүйіспеншілік  ниеттерін  білдіртті.  Сөйтіп 
Лютердің  кітаптарын  бұрынғысынан  да 
бетер  қызығушылықпен  оқи  бастады. 
Құдай  сөзін  қорқынышсыз  қорғаған  ер 
азаматтың  жағына  шыққандардың  саны 
көбейе  бастады.  Реформация  құлашын 
жая  түсті.  Лютердің  еккен  дәндерінің 
жемісі  шыға  бастады.  Құпия  түрде  жоқ 
болып  кеткені,  оның  ісінің  алға  басуына 
ж а қ с ы  
ә с е р і н  
т и г і з д і .  
С е б е б і 
қолбасшылары  тасаланып  қалғандықтан 
реформация ісінің басқа қызметкерлері өз 
міндеттеріне деген жауапкершілікті  сезіне 
түсті.  Құдайға  деген  сеніммен  қаруланып 
алған 
бұл 
қызметкерлер 
барлық 
мүмкіндіктерді  пайдаланып,  алға  қарай 
екпіндете адымдай бастады. 
   Бірақ Ібілісте жай қарап отырған жоқ. 
Ол  өзінің  үйреншікті  әдісін  пайдаланып, 
шындықты 
өтірікпен 
араластырып, 
халықты  алдауға  кірісті.  Бірінші  ғасырда 
мәсіхшілер 
шіркеуінде 
пайда 
болған 
жалған  мәсіхшілер  секілді,  XVI  ғасырда 
жалған пайғамбарлар пайда болды.  
   Бірнеше адамнан құралған топ өздерін 
«көріпкелміз»  деп  жариялап,  Құдай  Лютер 
бастаған  істі  бізге  жалғастыруды  тапсыр-
ды  деп  мағынасыз  әрекеттеріне  кірісті. 
Шынына  келетін  болсақ  бұл  жалған 
ұстаздар Лютердің бастаған ісіне тек зиян 
ғана  келтірді.  Олар  Құдай  Сөзі  адам 
өміріне  дұрыс  бағыт  беретін  жалғыз  ғана 
өлшеуіш  деген  қағиданы  ысырып  тастап, 
оның орнына    халықты    сезімдері    мен 
әсерлеріне        сенетін      қылып,      беттерін 
басқа   бағытқа   бұрмалады.   Жұрт   бұл 
ережеге   бағына   бастаған   кезде,   алба-
сты  үшін  халықтың  ой-санасына  жол 
ашылды.  
Айтулы  жалған  пайғамбарлардың  бірі: 
«Маған тапсырманы Жәбірейіл періштенің 
өзі  беріп  отырады»  —  деп  жариялады. 
Олардың 
қатарына 
«Құдай 
Сөзінің 
мағынасын  ширатып  беруге  жоғарыдан 
даналық  алған»  бір  студент  қосылды.  Ал 
бұларға фанатизмге жақын тұратын басқа 
да 
адамдар 
жалғасты. 
Осылайша 
ынталанған 
тобыр 
маңайларында 
қаншама  шу  көтерді.  Лютердің  берген 
тәлімдері  халыққа  реформаның  қажет 
екенін  сезіндірсе,  жалған  пайғамбарлар 
шынайы  халықтың  бетін  шындықтан 
бұрып әкетіп, адастырып тастады.  

83 
 
  Ж а ң а д а н  
с а й л а н ғ а н  
т о п т ы ң 
қолбасшылары Виттенбергке келіп, Мелан-
хтонмен  жолығып:  «Біз  болашақты  бол-
жайтын  елшілер  мен  пайғамбарлармыз, 
бізді  Құдайдың  Өзі  әдейілеп  осында  
халыққа  тәлім  беруге  жіберді  және  де  біз 
Алламен өте тығыз байланыста жұмыс жа-
саймыз» — деп жариялады.  
  Бұрын-соңды  мұндайды  көрмеген  ре-
форматорлар  таң  қалысты.  «Бұл  адамдар 
таңқаларлық  рухпен  қаруланып  алған»  — 
деді  Меланхтон.  Бұл  не  қылған  рух?  Бір 
жағынан 
Құдайдың 
Рухын 
сөндіріп 
алмауға  тырысуымыз  керек,  сонымен 
қатар  албастының  рухының  қақпанына 
түсіп  қалмау  үшін  өте  байқаулы  болу 
қажет 
деп, 
ол 
маңайындағыларын 
сақтандырып қойды. 
   Біраз  уақыт  өткен  соң  бұл  ілімнің  де 
жемісі  көрінді.  Адамдар  Киелі  Кітапты 
оқымақ  түгілі,  оның  бетін  де  ашпай 
қойды. Оқу орындарында рухани ретсіздік 
пайда  болды.  Студенттер  ешкімнің  сөзін 
елемей, оқуларын тастап, университеттер-
ден  кетіп  жатты.  Өздерін  Реформация 
ісіне  жауаптымыз  деп  есептеген  жандар, 
оны  керісінше  тығырыққа  әкеліп  тіреді. 
Римнің  қуанышында  шек  болмады.  Енді 
бір  рет  шайқасқа  түссек  жеңіс  біздің 
қолымызда болады деп есептеді олар. 
   Бұл  оқиға  жайлы  хабар  Вартбургке 
жеткенде Лютер қатты қайғырды. Аты шу-
лы  болған  жалған  пайғамбарлардың  шын 
мәнінде  кім  екенін  және  Құдай  ісіне 
қандай  қауіп  төндіріп  тұрғанын  Лютер 
жақсы  білді.  Реформацияның  жалған  жа-
нашырлары шын мәнінде оның ең қауіпті 
жаулары  болатын.  Оның  жаралы  жанына 
соншалықты  қуаныш  әкелген  ақиқаттар 
енді  шіркеуде  болып  жатқан  керіс-
тартыстардың себепшісі болды. 
   Лютер      реформаны      адам      өміріне 
Құдайдың      Қасиетті      Рухының    
жетелеуімен    енгізген    еді.   Ол    осын-
шама  өзгерістер        болады        деп      өзіде  
күткен жоқ, шын мәнінде бұл Алланың ісі 
еді,  ал  Лютер  болса,  Құдірет  Иесінің 
қолындағы  қаруы  ғана  болды.  Кейде 
болған  істі  болжай  отырып  Лютер:  «Менің 
ілімімнің 
біреуге 
зиян 
келтіргенін 
білгенше, он рет өлгенім артық емес пе еді» 
— деп жаны түршігетін. Десе де, олай бо-
луы  мүмкін  емес,  өйткені  Лютердің 
уағыздаған ілімі  Ізгі хабардың мәні болып 
саналады 
және  оның 
солай 
екенін 
реформатордың өзі де жақсы білді. 
   Реформацияның орталығы болып сана-
латын  Виттенберг  қаласы  бірінші  болып 
фанатизм мен заңсыздықтың шырмауына 
оралды.  Бұған  Лютердің  ілімінің  мүлдем 
қатысы  жоқ,  дегенмен    жаулары  тікелей 
оның  ілімін  кінәлады.  Кейде  Лютер:  «ұлы 
Реформацияның  ісі  осымен  аяқталып 
қоймақ  па»  ?  —  деп  қатты  қайғыратын. 
Осындай  жаны  азапқа  түсіп,  қамыққан 
сәттерде оған тек дұға оқып, салауат айту 
ғана  көмектесті.  Ақыры  бұл  менің  ісім 
емес,  Құдайдың  ісі,  ал  Оның  ісі  ешқашан 
өлмейді  деген  шешімге  тоқталды  Лютер. 
Осындай,  шайқас  ең  жоғарғы  шегіне 
жетіп  тұрған  сәтте,  ол  жағдайды  алыстан 
бақылап  отыра  алмады,  дереу  Виттенбер-
гке оралмақ болып ұйғарды.  
   Осыдан  кейін  Лютер  кідірместен  осы 
қауыпты жолға аттанып кетті. Империяда 
заң  оның  құқығын  қорғамайтын  болды.  
Жаулары  оны  кез  келген  жерде  өлтіріп 
тастауға  құқылы  болатын,  ал  достарына 
оған  көмек  көрсетпек  түгіл,  жай  ғана 
қонақжайлық  жасаудың  өзіне  тыйым  са-
лынды.  Десе  де,  Құдай  ісіне  қауіп  төніп 
тұрған  сәтте,  ақиқат  үшін  қорқынышсыз 
шайқасқа түсуге Лютер әзір болды.  
   Өзінің  шешімі  жайлы  курфюрстке 
жолдаған хатында реформатор: «Мен Вит-
тенбергке қайтып барамын, себебі жағдай 
соны  талап  етіп  тұр.  Менің  сіздің 
тағайындаған 
күзетіңізден 
де 
артық 
Қорғаным  бар.  Олай  дейтінім    сіздің 
көмегіңізден 
бас 
тартқаным 
емес. 
Керісінше қазіргі кезде сіздің көмегіңізден 
гөрі,  менің  көмегім  сізге  көбірек  тиеді де-
ген  ойдамын  және  сіздің  ойыңызда  осын-
дай  болар  деген  ниеттемін.  Менің  бұл 
бастаған  ісіме  тек  Алла  ғана  көмектесе 
алады, 
кімде 
кім 
көбірек 
сенсе, 
соншалықты  оның  қорғаны  да  мықтырақ 
болмақ» деп жазды.  
   Жол      жөнекей      жазылған      екінші   
хатында:   «Мен   барлық   әлемнің   наза-
сы      мен      сіздің      наразылығыңызды 
қабылдауға      әзірмін,      бірақ      Құдайдың 
маған      сеніп      тапсырған      халқын    
қалдыра   алмаймын,   керек   десе   олар 

84 
 
үшін   жанымды   қиюға   да   дайынмын. 
Оның   үстіне   Алланың    қаһары    түсіп 
барлық      Германияда    бүкілхалықтық 
қобалжу  басталып  кете  ме  деп  те 
қауіптенем» — деп сөзін толықтырды.  
   Лютер 
аса 
бір 
байқаулықпен, 
шыдамдылықпен  сонымен  қатар  табанды 
және  шешімді  түрде  өз  жұмысына  кірісіп 
кетті.  Зорлықпен  орнатылған  жалған 
ілімнің  жемісін  түбегейлі  жоюымыз  керек 
— 
деді 
Лютер. 
Сенімсіздік 
пен 
ырымшылдықты  күш  салып  жоюдың 
қажеті жоқ.  Ешкімге де зорлық келтіруге 
болмайды.  Себебі  адамның  сенімінің  мәні 
— бостандық. 
   Көп  ұзамай  Виттенбергте  Лютердің 
оралғаны жайлы хабар таралып кетті. Жер 
жерден  шіркеуге  адамдар  жиналды.  Лю-
тер  мінбеге  көтерілді.  Мессаны,  күш  сала 
отыра,  болдырмаймыз  дегендер  жайлы  ол 
былай  деді:  «Месса  —  атымен  керексіз, 
Құдайдың  еркіне  қарсы  дәстүр.  Оның ор-
нына  Киелі  Кітапта  жазылған  Құдайды 
еске  алу  Кешін  өткізген  дұрыс.  Бірақ 
ешкімге  зорлық  жасап  оны  істетудің 
қажеті  жоқ.  Барлығы  бір  Құдайдың 
қолында,  жасалатын  істің  барлығы  Оның 
еркімен 
жасалуы 
керек. 
Мүсіншінің 
қолындағы сазбалшықтай адамның жүрегі 
біздің  қолымызда  тұрған  жоқ.  Айту  бізге 
міндет,  бірақ  әр  адам  кез  келген  істе  өз 
еркімен  шешім  қабылдайды.  Күшке  салу 
— 
қылымсуға, 
немқұрайдылыққа, 
еліктеушілікке,  екі  жүзділікке,  тағы  да 
басқа 
не ше 
тү рлі 
қ аулы лардың 
қабылдануына  әкеліп  тірейді.  Бірақ  осы 
айтылған  азғын  мінездемелер  бар  жерде 
адалдық та, сенім де, сүйіспеншілік те бол-
майды.  Істің  мұндай  нәтижесі  түкке  де 
тұрмайды. Құдай Өзінің Сөзімен менен де, 
сіздерден  де,  күллі әлемнен де  зор  іс  тын-
дырады,  өйткені  Ол  Сөзімен  адамдардың 
жүректерін  жаулап  алады,  сонда  олар 
өздерінен өздері Тәңірге бой ұсынады...  
    Мен 
уағыздаймын, 
пікірталас 
жүргіземін,  жазамын,  бірақ  дегенімді 
орындатамын  деп  ешкімді  де  зорламай-
мын.  Әрине  мен  индульгенцияға,  зорлық-
зомбылыққа  қарсымын,  бірақ  жұртты 
көтеріліске  бастау  ойымда  да  жоқ.  Олай 
істейтін  болсақ  бүкіл  Германия  соғыс 
алаңына  айналып,  халықтың  қаны  судай 
төгілген  болар  еді.  Айтыңыздаршы,  одан 
түсетін қандай пайда бар? Маған айту па-
р ы з ,  
а л  
ш е ш і м д і  
ө з д е р і ң і з 
қабылдайсыздар.  Мен  тек  Тәңірдің  Сөзін 
уағыздадым,  ал  ол  өз  ісін  істеді.  Тіпті 
ұйқтап  жатқан  кездерімнің  өзінде  айтқан 
уағыздарым  папаның  бекінісінің  негізін 
қиратып  жатты.  Ондайды  істеу  ханзада-
лар  мен  императорлардың  да  қолынан 
келмейді.  Сондықтан  айтарым  ешкімге 
қиянат  жасамай  парыздарыңызды  сөзбен 
орындаңыздар».  
   Осы жерде Лютер Құдай сөзін бір апта 
б о й ы  
у а ғ ы з д а д ы .  
Р е ф о р м а т о р 
фанатизмнің  тасқынына  Құдай  Сөзімен 
тосқауыл  қойды,  сөйтіп  Ізгі  хабардың 
күшімен  адасқан  халықты  қайра  ақиқат 
жолына түсірді. 
   Қаншама  зұлымдық  жасаған  атышулы 
фанатиктермен  кездесуге  Лютердің  ешбір 
зауқы болмады. Өйткені олар жүгенсіз кет-
кен,  ешкімнің  сөзіне  құлақ  аспайтын, 
өздерін  ғана  түзуміз  деп  есептейтін  тоң 
мойын,  тоқшар  жандар  болатын.  Бірақ  
олар 
Лютермен 
кездесуді 
талап 
еткендіктен,    реформатор  келісіп,  барлық 
іс-әрекеттерін 
әшкерелеп 
бергені 
соншалықты,  фанатиктер  Виттенбергті 
тастап тайып тұруды жөн көрді. 
   Айтулы 
қозғалыстың 
жүргізген 
жұмыстарының 
нәтижесі 
уақытша 
тоқтатылғанымен,  бірнеше  жылдан  соң 
фанатизмнің  оты  қайрадан  жарқ  етті 
және  халыққа  бұрынғысынан  да  жаман 
соққы әкелді. Бұл қозғалыстың басшылары 
жайлы Лютер былай деді: «Олар үшін Киелі 
Кітап  өлі  әріппен  тең,  сондықтанда  олар: 
«Рух!  Рух!»  деп  айқайлайды.  Мен  ондай 
рухтың  бағыттаған  жағына  бара  алмай-
мын. 
Өздерін 
«киеліміз» 
— 
деп 
санайтындардың  шіркеуінен  Құдай  мені 
сақтасын». «Мен өздерінің  кінәсін мойын-
дайтын,  күні  түні  күнәсі  үшін  Алладан 
кешірім  сұрап,  Құдайға  шын  ниетімен 
құлшылық  ететін  қарапайым  жандармен 
бірге болғым келеді» деп жазды доктор Лю-
тер. 
   Сол фанатиктердің ішінде  Томас Мюн-
цер деген өте дарынды адам бар болатын.  
Ол  ақиқат  жолында  қызмет  істегенде 
халқына  қаншама  пайда  келтіретін  еді, 
бірақ  өкінішке  орай  ол  шынайы  діннің 

85 
 
ұстанымдарын  қабылдамады.  Томас  бар 
әлемді  өзгерткісі  келді,  бірақ  өзгеру 
адамның  өзінен  басталатыны  жайлы 
негізгі қағиданы ұмытты. Ол билік құруды 
аңсады, барлық істе бірінші болғысы келді 
және  Лютерден  жоғары  тұруды  арманда-
ды. 
«Реформаторлар 
Киелі 
Кітаптың 
беделіне  сүйеніп,  папалықтың  тағы  бір 
түрін құрғылары келеді» — деп жариялады 
Мюнцер.  Оның  ойынша  қайта  құруды 
Құдай  оған  сеніп  тапсырған  екен.  Киелі 
Кітапты  ешқашан  қолына  ұстамаса  да, 
бойында 
рухы 
бар 
адам 
иманға 
тұншыққан  нағыз  Құдайдың  қызметкері 
— деді ол.  
   Б ұ л  
о қ ы м ы с т ы  
ф а н а т и к т е р  
қиялдарының  шырмауына  оратылып,  өз 
ойларынан  шыққан  дауысты  Құдайдың 
дауысы 
деп 
есептеп, 
өздеріне 
де, 
маңайындағыларға  да  көп  зиян  келтірді. 
Олардың    кейбірі  «Әріп  өлтіреді,  Рух 
тірілтеді»  деп    ұран  шығарып,  жұрттың 
көзінше Киелі Кітаптарын өртеп жіберген. 
Мюнцердің  іліміне  еліктеген  халықтың 
мінезінде менменшілдік пайда болып, олар 
адам  айтқысыз  беймәлім  күйге  ұмтылған. 
Мыңдаған  халық  жалған  оқытушының 
соңынан  еріп  кетті.  Уақыт  өте  келе  ол 
Құдайға 
құлшылық 
етудің 
тәртібін 
әшкерелей  бастады.  Ханзадаларға  бағыну 
Құдайға  да,  Велиарға  да  қызмет  етуге 
тырысатындардың ісі — деп арыз тастады 
Мюнцер. 
   Папаның  езгісінен  енді  ғана  босап 
шыққан  халық  үкімет  билігі  жағынан  да 
ешбір 
қысым 
көргісі 
келмеді. 
Ал 
Мюнцердің,  Құдайдың  тарапынан  келіп 
жатыр  деген  ілімі,    оларға  дәл  осы 
бостандықты 
ұсынып 
тұрды. 
Оның 
нәтижесі  көп  күттірген  жоқ,  барлық  жер-
лерде  қақтығыстар  мен  бүлік  басталып, 
бүкіл Германия қанға боялды.  
   Реформацияға      тіркеп      қойған   
фанатизмнің      нәтижесін      көріп,   
Лютердің  жаны      қатты      күйзелді.   
Папалықтар      болса,      бұл      Лютердің   
ілімінің  жемісі  десті  және  көпшілік  халық 
олардың  ойларын  бөлісті.  Осылайша  кінә 
тағуға  ешқандай  негіз  болмағанымен, 
ақиқатты 
фанатизммен 
қосақтап 
қойғандарына  Лютер  әрі  қайран  қалды, 
әрі  қайғырды.  Бүлікті  қоздырушылар  бол-
са,  Лютерді  мейлінше  жек  көрді,  себебі 
реформатор олардың жалған дәуіттіктерін 
әшкерелеп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
бұл жауыздардың үкімет билігіне де қарсы 
екендерін  атап  көрсетті.  Жауап  ретінде 
олар 
Лютерді 
сатқын 
өтірікші 
деп 
кінәлады . 
Қарап 
тұ рсақ 
Лютер 
ханзадалардың да, халықтың да назасына 
ұшырағандай болып көрінеді. 
   Бұған 
мәз 
болған 
папалықтар 
реформацияның  жеткен  жері  осы,  бәрі 
аяқталды  деп  естері  кеткенше  қуанды. 
Жалған  реформацияны  қолдаушылар  бол-
са  біз  әділетсіздікке  ұшырадық  деп 
айғайлай бастады. Осылайша олардың ай-
ласы  іске  асып,  жұрт  оларды  құрбан 
болғандар 
деп 
есептеп, 
аяп, 
бұл 
сатқындарға  сый-құрмет  көрсетіп  жатты. 
Әрине  ақиқатты  жақсы  білетіндер  бұл 
адамзаттың жауының ісі екенін бірден та-
ниды.  
   Ібіліс  адамдарды  алдап,  тақуалықты 
күнә  деп,  күнәні    тақуалық  деп,  жұрттың 
басым 
көпшілігін 
соған 
сендіреді. 
Ақиқатты    қорғап  жүрген  Құдайдың  адал 
құлдары  сатқын  болып  шыға  келеді.  
Сайтанға  қызметтес  болып  жүргендердің 
атағы  шығады,  олар  дәріптеледі,  ал 
ақиқаттың  қарлығаштары  болса  барлық 
қауымға 
жек 
көрінішті 
болады, 
балағатталады. 
   Жалған 
тақуалық 
пен 
жасанды 
нұрлану  адамдарды  әлі  де  адастырып 
келеді.  Неше  түрлі  қалыпқа  еніп  алған  ол 
қазір де Лютердің заманындағыдай әрекет 
жасайды. Осылайша Ібіліс үнемі адамдар-
ды 
Киелі 
Кітапқа 
емес, 
өздерінің 
сезімдеріне  сенетін  қылып,  тазалық  пен 
пәктікті  ластап    жеңіске  жетіп  келеді.   
Жауларымен  қатыгез  шайқасқа  түскен 
Лютер жан жақтан келіп жатқан шабуыл-
дан 
Құдай 
Сөзін 
аянбай 
қорғады. 
Папаның  қатыгез  билігіне,  ғалымдардың 
мәнсіз 
философиясына 
сол 
Сөзбен 
қайыспай қарсы тұрды және реформация 
ілімімен  араласып  кетуге  ұмтылған  фана-
тизмге де ол сол Сөздің күшімен тойтарыс 
берді.  
   Р е фо рм ато рға 
қ арс ы  
шық қ ан 
қозғалыстардың  әрқайсысы  Киелі  Жазба-
ны аяқ асты етіп, бірінші орынға адамның 
даналығын  қойды.  Рационализм  сананың 

86 
 
алдында  басын  иіп,  оны  ақиқаттың 
өлшемі  етеді.  Рим  шіркеуі  папаны  «киелі» 
санай отырып: «Біз елшілердің замандары-
нан  бері  үздіксіз  келе  жатқан  дарынды-
лармыз»  —  деп,  өздерінің  сатқындық 
әрекеттерін елшілердің киелі жабуларымен 
жасырып қалғылары келеді. Ал Мюнцердің 
және 
оның 
жағында 
тұрғандардың 
киелілікке жармасуы үкіметке де, шіркеуге 
де  қырсығын  тигізген  тек  қана  олардың 
қиялдарының жемісі. Шынайы мәсіхшілер 
Құдай  Сөзін  қабыл  алады  және  оның 
ақиқаттың  ұлы  қазынасы,  әрбір  істі 
мөлшерлеп  отыратын  өлшеуіші  екенін 
мойындайды. 
  Вартбургтен  қайтып  оралғаннан  кейін 
Лютер Жаңа Өсиетті неміс тіліне аударуды 
аяқтады, енді Германияның халқы Ізгі ха-
барды  өз  тілдерінде  оқи  алатын  күйге 
жетті.  Ақиқатты  сүйетіндер  бұл  кітапты 
орасан  зор  қуанышпен  қарсы  алды.  Ал 
адамдардың 
дәстүрлері 
мен 
оның 
қаулыларын  қабылдайтындар  бұл  Сөзді 
жек көрді. 
  Дін әкелері болса қарапайым халықтың 
олармен  қатар  Киелі  Кітапты  оқи  алатын 
күйге  жеткендеріне  қатты  абыржыды, 
өйткені  олардың  надандықтары  енді 
ә ш к е р е л е н е т і н  
б о лд ы .  
О л а р д ы ң 
даналықтары  Құдай  Рухының  қылышына 
қарсы  шыға  ала  ма?  Рим  барлық  билігін 
пайдаланып,  Киелі  Кітаптың  таралуына 
кедергі 
жасады. 
Десе 
де 
олардың 
шығарған  бұйрықтары,  жарғылары  іске 
аспай қалды. Неғұрлым Рим Киелі Жазуды 
оқуға  тыйым  салса,  соғұрлым  халықтың 
оны  оқуға  деген  ниеті  зор  бола  түсті.  Хат 
танитындардың  барлығы  Киелі  Кітапты 
қолдарына алды. Олар Жазбаны өздерімен 
ұстап жүріп оқып, кей жерлерін жаттап та 
алатын  болды.  Мұны  көрген  Лютер  дереу 
Көне  Өсиетті  аударуға  кірісті.  Сөйтіп  оны 
жұмысының  сарынына  сай,    аударылған 
бөлімдерді  біртіндеп  баспадан  өткізе  оты-
ра, халық арасына тарата бастады. 
   Лютердің  еңбектерін  қалалы  жерде 
тұратын  адамдар  да,  ауылды  жерде 
тұратындары  да  қызығушылықпен  қарсы 
алды.  «Лютер  және  оның  достарының 
жазған  еңбектері  басқа  адамдармен  тара-
тылды.    Монахтар    өздерінің  берген 
уәделерінің  мәнсіз  екенін  байқағаннан 
кейін  орындарынан  тұрып,  пайдалы  іске 
кірісті,  десе  де  уағыз  айтуға  қабілеті 
жеткіліксіз  олар  жер  жерлерді  аралап 
жүріп отырып осы кітаптарды сата баста-
ды.  Аз  ғана  уақыттың  ішінде  барлық  Гер-
мания  бойынша  осындай  ержүрек  кітап 
тасушылар пайда болды». 
   Байлар  мен  кедейлер,  ғалымдар  мен 
қарапайымдар  —  барлығы  бірдей  бұл 
кітаптарды 
қызыға 
оқыды. 
Ауылды 
жерлердің  мұғалімдері  түн  мезгілдерінде 
ошақ  маңында  жиналатын  аздаған  топқа 
осы  кітаптарды  оқып  беріп  отырды. 
Шындыққа  көздері  жетіп,  оған  иланған 
адамдар естігендерін басқалармен бөлісті.  
Осылайша  Киелі  Кітапта  берілген  аян 
о р ы н д а л д ы :  
« С е н і ң  
с ө з і ң 
қарапайымдардың  көзін  ашады,  оларға 
тәлім береді» (Забур жыры 118: 130) Киелі 
Кітап,  халықты,  папаның  өктемдігінің  
тұсауынан 
босатып 
алып, 
оларға 
бостандық 
сыйлады, 
ой-өрістерінің 
кеңеюіне  жәрдемін  тигізді.  Сенетіндер 
адамның 
жанына 
ешқандай 
азық 
бермейтін,  дін  әкелері  ұсынған  күллі 
дәстүрлер  мұқият  орындап  отыратын. 
Ендігі  жерде  Жазбада  жазылған  айқын 
ақиқаттар  қолына  тиген  халық  рухани 
ұйқыдан  оянды,  өйткені  Алланың  Сөзі 
адамның  табиғатын  ғана  қорғап  қоймай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет