Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет19/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60
жайбырақат,  жүзінен  қуаныш  нышаны 
байқалады. 
  «Мынау  өлім  жазасын  алған  адамға 
ұқсамайды, 
керісінше, 
ғибадатханада 
қасиетті ой ойлап отырған жан секілді» — 
десті топта тұрғандар. Отқа тастар алдын-
да  Беркен  халыққа  бір  екі  ауыз  сөз 
айтқысы  келіп  еді,  монахтар  әдейілеп  шу 
көтеріп,  сарбаздар  қаруларын  сартылда-
тып түк естіртпей қойды. Осылайша 1529- 
жылы,  мәдениетті  қала  деп  есептелетін, 
Париждің  жоғарғы  діни  билігі  1793- 
жылғы  француздардың  қара  тобырына 
осындай масқара үлгі қалдырды. 
    Беркен  қайтыс  болды.  Францияда  ре-
формацияны  жөн  көретіндердің  барлығы 
болған  оқиғаға  қатты  қайғырды.  Бірақ 
оның  өлімі  зая  кеткен  жоқ.  Беркеннің 
ерлігін  бағалаған  жандар  көп  болды.  «Біз 
де шындық үшін ажалмен бетпе-бет кезде-
суге 
дайынбыз» 
— 
деді 
ақиқаттың 
қарлығаштары. 
   Мо қаласында, қуғын-сүргін кезінде, ре-
формация 
ілімінің 
оқытушыларына 
ақиқатты уағыздауға тыйым салынды, сол 
себепті  олар  басқа  жақтарға  кетуге 
мәжбүр  болды.  Лефевр  Германияға  кетті. 
Фарель  Францияның  шығыс  жағындағы 
өзінің  туған  қаласына  оралды.  Біраз 
уақыттан  соң  Мо  қаласында  болған  оқиға 
жайлы  сыбыс  мұнда  да  жетті,  осылайша 
ақиқат өзінің ізбасарларын тапты. 
  Десе де билік басында тұрғандар Фарель-
ге халыққа тәлім беруге тыйым салып, көп 
ұзатпай  оны  туған  жерінен  қуып  жіберді. 
Киелі Кітапты ашық уағыздауға мүмкіндік 
болмағандықтан,  оған  жасырын  түрде 
еңбектенуге  тура  келді.  Ол  ауылдан 
ауылға,  үйден  үйге  жүріп  отырып,  Киелі 
Кітап  бойынша  халыққа  білім  берді.  Кей 
кездері ол бас паналайтын жер таппағанда 
тоғайларда, үңгірлерде жатып жүрді. Осы-
лайша  Құдай  оны  үлкен  сынаққа  дайын-
дады.  «Айқыш,  қуғын-сүргін,  әзәзілдің 
қырсық істері — осының барлығы күшімді 
жасытып жіберген секілді, дегенмен Құдай 
Иенің мені ешқашан қалдырмайтынына өз 
басым  қатты  сенемін»  —  деді  ол.  Фарель 
басына түскен қасіретті Алланың күшімен 
жеңе  білді.  Елшілердің  кездеріндегідей 
қуғын-сүргін  еңбек 
алаңында  оларға 
бұрынғыдан  да  зор  табыстар  әкелді 
(Філіпіліктерге жолданған хат 1:12). 
  Парижден  және  Мо  қаласынан  қуылып, 
б о с ы п  
к е т к е н  
р е ф о р м а т о р л а р 
Францияның  түкпір  —  түкпірін  аралап 
Құдай  Сөзін  сол  жерлерге  жеткізумен  ай-
налысты (Елшілердің істері 8:4). Осылайша 
ақиқат жер жерлерге тарай берді. 
  Құдай  Ізгі  хабардың  уағыздаушылары 
көп  болуы  үшін,  соған  жағдай  жасады. 
Париждің оқу орындарының бірінде дәріс 
алып  жүрген  жас  жігіт  өзінің  жан 
тазалығымен, дінге деген құштарлығымен, 
білімімен  көзге  түсті.  Біраз  уақыттан  соң 
ол  колледждің  мақтанышына  айналды. 
Білімі мен дарындылығына сай Жан Каль-
в и н  
Р и м  
ш і р к е у і н і ң  
с ы й л ы 
қызметкерлерінің  бірі  болуға  тиіс  еді. 
Бірақ 
Құдайдың 
жоспары 
бойынша 
ақиқат  схоластика мен ырымшылдықтың 
қалың  қабырғасын  жарып  өтіп  жас 
жігіттің санасына енді. 
  Кальвиннің 
ойынша 
реформаторлар 
өздерінің  іс-әрекеттеріне  сай  тиісті  жаза-
ларын  алып  жатқандай  болды.  Оның  ре-

98 
 
формацияны  қош  көретін  бөле  ағасы  Па-
рижде  тұрды.  Олар  жиі  кездесіп,  барлық 
христиандарды  қобалжытатын  сұрақтар 
бойынша 
әңгімелесетін. 
Протестант 
Оливетанның  ойынша  дүниеде  екі  діни 
бағыт  бар. Оның бірін  адамдар өздері ой-
лап  тапқан.  Бұл  адамдардың  айтуынша 
ақталуды  жақсы  істеріңмен  немесе  неше 
түрлі  ырым  —  жырымдарды  орындау 
арқылы  сатып  алуға  болады.  Ал  екінші 
бағытты 
ұстанатын 
адамдар 
Киелі 
Кітаптағы  жазу  бойынша  өмір  сүруге  ты-
рысады. Бұл ілім бойынша ақталудың жо-
лы  біреу-ақ.  Құдайдың  берген  сыйын 
қабылдау.  Кальвинге  бауырының  әңгімесі  
ұнамайтын, 
себебі 
оның 
ұстанатын 
көзқарасы мүлдем басқаша еді. 
Уақыт  өткен  сайын  жас  жігіттің  көкейіне 
неше  түрлі  ойлар  келетін  болды.  Жалғыз 
қалған  сәттерінде  ол  бөлесінің  айтатын 
сөздерін  жиі  есіне  алатын.  Өйткені 
шіркеудің  барлық  дәстүрлерін  мұқият 
орындағанымен, оның жаны ешбір тыным 
таппады.  Құдаймен  келісудің,  Онымен 
бірігудің  жолы  қайда?  —  деген  сұрақтар 
оның жанын жай таптырмады. Осылайша 
жанталасып  жүрген  күндердің  бірінде 
Кальвин бір еретикті өртеп жатқан алаңға 
тап  болды.  Бейшараның  бет  жүзіне  көңіл 
аударған  студент,  оның  өжеттілігіне, 
иманының беріктігіне қайран қалды. 
Реформаторлардың Киелі Кітапты зерттеп, 
оны уағыздайтынын жақсы білетінін Каль-
вин  Құдай  Сөзін  қолға  алды.  Осы  кітап 
арқылы  ол  Мәсіх  Исамен,  Оның  адамзат 
үшін  жасаған  ерлігімен  танысты.  «О, 
Құдайым!  Иса  сенің  гаһарыңның  бетін 
қ а й т а р д ы ,  
О н ы ң  
қ а н ы  
м е н і ң 
жамандығымды  шайып  тастады,  менің 
кінәмді  айқышқа  шегелеп,  өзімді  ақтап, 
ажалдан  арашалап  қалды.  Біз  өзіміздің 
ақымақтығымыздың  тұңғиығына  түсіп, 
тұншығып  жатқан  екенбіз,  ал  Сен  менің 
қолыма сөнбес шырақты ұстаттың» — деп 
тағзым  етті  Тәңірге.  Жаратқанның  сөзін 
қолына шырақ етіп ұстаған жалынды жас, 
енді өзінің бұрынғы өміріне жиіркенішпен 
қарады. 
Кальвин  діни  дәреже  алуға  дайындалып 
жатты. Он екі жасқа толған кезінде ол ка-
толик  шіркеуіне  кіші-гірім  қызметші 
ретінде  алынды,  әдейілеп  сайланып,  дін 
қызметкерінің  міндетін  атқармағанымен, 
өзіне 
тиесілі  жалақысы  болды. 
Дін 
қызметкері  бола  алмайтынын  сезген  ол, 
құқық  зерттеумен  айналысты.  Бірақ  көп 
ұзамай  бұл  кәсібін  де  тастады,  сөйтіп 
өмірін Ізгі хабарға арнамақ болды. Десе де 
Ізгі хабарды уағыздаудан қорықты. Ол өте 
ұялшақ болатын және де айтулы істің жау-
апты  екенін  де  жақсы  сезінді.  Ақыры 
д о с т а р ы н ы ң  
т а б а н д ы л ы ғ ы н ы ң 
нәтижесінде Құдай Сөзінің уағыздаушысы 
болуға  келісті.  «Таң  қаламын,  қалайша 
шығу  тегі  төмен  адам,  сонша  жоғары 
абыройға ие болады» — дейді ол. 
   Кальвин өз ісін байыппен бастады, оның 
айтқан  сөздері  жерде  түскен  сергітетін 
шықпен  бірдей  болды.  Құдай  жолында 
қызмет етуге белін буған  Кальвин, Париж-
ден  кетіп,  кіші-гірім  қалалардың  бірінде 
орналасты  және  Ізгі  хабарды  жақсы 
көретін 
Маргарита 
ханшайымының 
қамқорында  болды.  Кальвиннің  мінезі  өте 
жұмсақ болатын. Бас кезінде ол үйден үйге 
жүріп,  Киелі  Кітапты  оқып,  жан  ұяларға 
тәлім  берді.  Кейін  ол  қала  маңындағы 
ауылдарға  да  шығатын  болды.  Осылайша 
Кальвин  зәулім  сарайларда,  ұсқынсыз 
лашықтарда  адамдарға  рухани  нәр  тара-
тып,  халық  ағарту  ісімен  айналысты. 
Жүрген  жерлерінің  бәрінде  ол  Құдайға 
қызмет ететін жаңа шіркеулердің қазығын 
қағып отырды.  
   Бірнеше ай өткеннен кейін Кальвин Па-
рижге қайтып оралды. Бұл, ежелгі тілдерді 
з е р т т е у м е н  
а й н а л ы с ы п  
ж а т қ а н 
ғалымдардың, Киелі Кітапқа келіп тіреліп, 
онда  жазылған  Құдай  Сөзімен  танысып, 
папалықтармен  пікірталас  құрып  жатқан 
кездері  болатын.  Халықтың  көкірегі  ашы-
лып  жатқан  сәт  Ізгі  хабарды  уағыздауға 
ыңғайлы уақыт болды. Университет залда-
рында  қызу  пікірталас  жүріп  жатқан 
мезгілде,  Кальвин  үйден  үйге  жүріп 
ақиқатты 
уағыздаумен 
айналысты. 
Өйткені Жаратқанның  жоспары бойынша 
Парижде  тағы  да  Ізгі  хабар  жариялануға 
тиісті еді. 
  Лефевр 
мен 
Фарельдің 
шақыруын 
қабылдамаған  адамдарға  Құдай  тағы  да 
бір  мүмкіндік  берді.  Айтулы  кезең,  саясат 
бойынша, 
 
король 
әлі 
де 
болса 
реформацияға қарсы шықпаған мезгіл бо-

99 
 
латын.  Маргарита  ханшайымы  болса  про-
тестанттар  жеңіске  жетеді  деп  үміттенді. 
Реформацияға жәрдем беремін деген ниет-
пен  ол    корольдің  жоғын  пайдаланып, 
Құдай үйлерінде Киелі Кітапты уағыздауға 
рұқсат  берді.  Папаның  сановниктері  оған 
тыйым  салған  кезде,  ханшайым  халықты 
өз  сарайына  жинауға  мүмкіндік  туғызды. 
Күн сайын адамдар сол жерге топ тобымен 
жиналатын  болды.      Олардың      іштерінде   
мемлекет      қызметкерлері,      заңгерлер,   
саудагерлер,      шеберлер,      ұсталар    бар   
болатын.  Король  болса  бұған  тыйым 
салғанның  орнына,  керісінше  оларға 
тағыда екі жерден шіркеу ашып берді. Еш 
уақытта  халық  Құдай  Сөзіне  мұндай 
құштарлық  танытып  көрген  емес  еді. 
Маскүнемдік,  бұзылғандық,  өшпенділік, 
жалқаулық  күрт  тоқталып,  тазалық  пен 
тәртіп орнады.  
 Бірақ  діндарлар да дем алып жатқан жоқ 
болатын.  Патша  шіркеулердің  жабылуына 
келісім  бермеген  соң,  папалықтар  тоқшар 
тобырлардың  көмегін  пайдаланып  надан 
халықты фанатизм және ырым — жырым-
дармен  қорқытып  тоқтатты.  Жалған 
оқытушыларға  бағынған  Париж  ежелдегі 
Иерусалим 
секілді 
өздеріне 
келіп, 
тыныштық  сыйлап  тұрған  Құдайдың 
рақымын  сезбей  қалды.  Парижде  Құдай 
сөзі  екі  жыл  бойы  уағыздалды,  халықтың 
көпшілігі  Ізгі  хабарды  қабылдағанымен, 
Оны  қабылдамағандардың  саны  одан  да 
көп болды. Көздеген мақсатына сай Фран-
циск I діни шыдамдылық танытқан болды, 
осылайша  папалықтар  билікті  қайра 
қолдарына  алып,  дегендерін жасай  баста-
ды. Қайра шіркеулер жабылды және эша-
фоттар құрылды.  
Осы  күндері  Кальвин  әлі  Парижде  бола-
тын.  Ол  әдетінше  дұғасын  оқып,  халыққа 
тәлім  берумен  айналысып  жүрген  еді. 
Ақыры ол көзге түсіп, қала әкімшілігі оны 
өртеп 
жібермекші 
болып 
шешім 
қабылдады. 
Бір  күні  қаннен  қаперсіз    отырған 
Кальвиннің үйіне достары кіріп келіп, оған 
әне-міне  қамалатыны  жайлы  хабарды 
жеткізді. Олар сөзін аяқтамай жатып есік 
қағылды.  Достарының  бірі  офицерлерге 
есік  ашуға  кеткенде,  қалғандары  оны  те-
резеден сыртқа шығарып жіберді. Ол қала 
шетінде 
тұратын, 
реформацияны 
қолдайтын бір кәсіпкердің үйіне тығылып, 
үстіне  оның  киімін  киіп,  қолына  соның 
кетпенін  алып  жолға  аттанды.  Кальвин 
үнемі  оңтүстік  бағытта  жүріп  отырып, 
ақыры 
Маргарита 
ханшайымының 
иелігіне келіп тоқтайды.  
  Осы жерде ол бірнеше ай бойы жасыры-
нып жатып, Құдай сөзін зерттеумен айна-
лысады. 
Уақытын 
пайдасыз 
өткізіп 
көрмеген  Кальвин,  айғай  —  шу  саябырла-
сымен 
университеті 
жаңа 
ілімді 
қошеметпен  қарсы  алған  Пуатье  деген 
қалаға  келді.  Жаңа  жерде  ол  көпшіліктің 
алдына шықпады. Құдай сөзін тыңдағысы 
келген  адамдарды  Кальвин  қала  әкімінің 
үйінде,  өзінің  тұрып  жатқан  баспанасын-
да, бақ ішінде жинады. Соңынан адам са-
ны  көбейген  кезде  көзге  түсіп  қалмау 
үшін,  ол  халықты  қала  сыртында  жинау 
дұрыс 
деп 
ұйғарды. 
Бұл 
қауым 
ағаштармен  тасаланып  тұрған  бір  үңгірді 
тауып  алып,  сол  жерде  жиналып,  уағыз 
тыңдайтын  болды.  Айтулы  жерге  жұрт 
іздерін  жасыру  мақсатында  азғантай 
топтарға  бөлініп,  әр  түрлі  жолдармен 
келетін  болған.  Осы  үңгірдің  ішінде  олар 
Киелі Кітапты оқып, оны зерттеп, қажетті 
түсініктемелер  алып,  рухани  білімдерін 
толықтырды.  Осы  жерде  Францияның 
протестанттары алғашқы рет Құдай Кешін 
өткізді. 
Және 
осы 
азғантай 
ғана 
қауымның  ішінен  кейін  Құдай  жолында 
адал  қызмет  еткен  жалынды  азаматтар 
шыққан. 
   Кальвин  тағы  да  Парижге  қайтып  орал-
ды.  Себебі  ол  барлық  Франция  реформа-
ция ілімін қабыл алады деп үміттенген бо-
латын. Дегенмен біраз уақыттан соң ол бұл 
ойынан  бас  тартты,  өйткені  Францияда 
ізгі хабарды уағыздау мүлдем мүмкін емес 
болып  шықты.  Ақыры  ол  Германияға 
кетуді  жөн  деп  ұйғарды.  Шынымен  де 
Кальвин  кетсімен  протестанттар  масқара 
оқиғаға  душар  болды.  Кетіп  үлгермегенде 
Кальвин  де  сол  топалаңның  ішінде  кете 
баратын  еді.  Францияның  реформаторла-
ры 
Германия 
мен 
Швейцариядан 
қалыспай  Римге  ойсырата  соққы  береміз 
деп,  барлық  ұлтты  тігінен  тік  тұрғызды. 
Бір-ақ    күннің  ішінде  барлық  Франция 
бойынша 
католиктердің 
мессалары 
әшкереленген    ұрандар  ілініп,  халық  ара-

100 
 
сында  дүрбелең  басталды.  Бұл  ойланбай 
ж а с а л ғ а н  
қ а д а м  
о н ы 
ұйымдастырушыларға  ғана  емес,  барлық 
реформаторларға  да  үлкен  қырсығын 
т и г і з д і .  
П а п а л ы қ т а р д ы ң  
к ү т і п 
о т ы р ғанд ар ы  
д а  
о с ы  
б о лат ы н . 
Есерсоқтардың  көздерін  бір  жола  жоюға 
бұл  таптырмайтын  сылтау  болып  шықты. 
Кім 
екені 
белгісіз, 
реформацияның 
достарының жасаған қателігі болса да не-
месе  оның  дұшпандарының  әдейілеп 
істеген  ісі  болса  да,  біреу  осындай 
ұрандардың  бірін  патшаның  бөлмесінің 
есігіне  іліп  кеткен.  Монархтың  бетіне 
айтылған соншалықты дөрекі сөздер оның 
әбден  қанын  қайнатты.  Жүздеген жылдар 
бойы  олардың  сеніп,  қастерлеп  тұрған 
дәстүрлерінің  осыншама  әшкереленгені 
патшаны  қатты  назаландырды.  Оның 
ашуға булыққаны сонша, ол өзін өзі ұстай 
алмай  қалшылдап  кетті.  Енді  патша 
Римнің 
жағына 
бір 
жола 
шығып: 
«Лютерандардың  бірде  бірін  қалдырмай 
қырыңдар» — деп бұйрық берді.  
   Папалықтар 
болса 
бұл 
бұйрықты 
орындауға  бірден  кірісіп  кетті.  Прелаттар 
барлық  реформаторлардың  және  олардың 
достарының  тұратын  жерлерін  білетін, 
оларды 
құпия 
жиындарға 
шақырып 
жүретін  бір  кәсіпкерді  ұстап  алып,  одан 
протестанттардың үйлерін көрсетуін талап 
етті.  Әуелде  ол  мұндай  пасық  істен  бас 
тартқанымен,  кейіннен  өлім  жазасынан 
қорқып, бауырларына сатқындық жасауға 
мәжбүр  болды.  Өзінің  арын  аттап  кеткен 
байғұс 
адам, 
патша 
полициясының 
үгіттеушісі    Морин,  монахтар  мен  дін 
әкелері және сарбаздардан құралған шеру 
қала  көшелерімен  ақырын  жылжып  келе 
жатты.  Бұл,  протестанттар  масқаралаған 
мессаны  ақтау  мақсатында,  «киелілердің 
құпиясы»  үшін  құрылған  шеру  —  деп 
аталғанымен,    олардың  шын  мәніндегі 
мақсаттары  мүлдем  басқаша  болатын. 
Лютерандардың  үйлеріне  тақаған  кезде 
әлгі сатқын қолымен белгі беріп, сарбаздар 
сол үйлерге кіріп, іздеген адамдарын алып 
шығып 
отырған. 
Осылайша 
айтулы 
қанішерлер бір үйді жай жібермей, жаман 
лашықтарға,  университет  ғимараттарына 
дейін  талқандап,  протестанттардың  бірде 
біреуін  қалдырмай  қамауға  алған  және 
ұсталғандардың 
барлығын 
азаптап 
өлтірген.  Сонымен  қоса  олар  өртеніп 
жатқан адамдардың жанкешті азабын со-
за  түсу  үшін  отты  шамалап  қана  жағып 
отырған.  Париждың  барлық  кварталда-
рында  эшафоттар  құрылып,  күн  сайын 
отқа  жаңа  құрбандар  тасталып  жатты. 
Мұның  барлығы  халықты  қорқытып,  бас 
көтертпеудің  амалы  болатын.  Десе  де 
құрбан 
болған 
жандардың 
мінез-
құлықтары  Ізгі  хабарды  үнсіз  насихаттап 
тұрғандай 
болды, 
жалын 
олардың 
мінбелеріне  айналды.  Бұл  адамдардың 
өжеттіктері,  момындықтары,  мейірімге 
толы  көздері  кейбір  жауларының  да  тас 
болып  қалған  жүректерін жібітті.  Осылай-
ша  Ізгі  хабар  халықтың  көкейінде  өз 
таңбасын қалдырды. 
   Болған  оқиғаның  ізі  суымай  жатып,  дін 
ә к е л е р і  
х а л ы қ т ы  
о д а н  
с а й ы н 
протестанттарға  қарсы  назаландыра  түсу 
үшін,  олар  жайлы  неше  түрлі  өсек  сөздер 
тарата 
бастады. 
Бірақ 
папалықтар 
лютерандарға  таққан  кінәларының  бірде 
бірін  ешкімге  мәнді  түрде  дәлелдеп  бере 
алмады. 
Сол 
кездері 
сөз 
болған 
қылмыстардың барлығы  шынымен де жа-
салып 
жатқан 
еді, 
бірақ 
оларды 
жасағандар протестанттар емес, керісінше 
папалы қ т ар д ы ң 
ө зд е рі  
бо лат ы н. 
Протестанттардың  уағыздаған  ілімі  емес, 
керісінше  сол  ілімді  табанды  түрде  жою, 
сол  заманнан  300  жыл  өткеннен  кейін 
Францияның  басына  қайғылы  оқиғалар 
туғызды. 
   Халық 
арасында 
бір 
бірлеріне 
сенбеушілік,  алауыздық,  үнемі  қауіптеніп 
тұру  пайда  болды.  Тек  Лютердің  ілімін 
қабылдағандар 
ғана 
білімдерімен, 
сабырлықтарымен, 
тәртіптіліктерімен 
көзге  түсіп,  басқалардан  өзгеше  көрінді. 
Сол  қантөгіс  оқиғадан  кейін  қаладағы 
барлық  жауапты  орындар  босап  қалды. 
Кәсіпкерлер,  баспашылар,  ғалымдар,  уни-
верситет 
профессорлары, 
жазушылар, 
әйгілі  суретшілер,  тіпті  патша  сарайының 
қызметкерлерінің  өздері  қаланы  тастап 
босып  кетті.  Бұл  қылықтарымен  олар 
б а р л ы қ т а р ы н а  
ө з д е р і н і ң 
р е ф о р м а т о р л а р д ы ң  
і л і м д е р і н 
қолдайтындарын  көрсетті.  Папалықтар 
мұндай  жағдайды  мүлдем  күтпеген  бола-
тын,  олар  жаңа  ілімнің  ізбасарларының 
соншалықты  көбейіп  кеткенін  сезбей  де 
қалған  екен.  Ызаға  булыққан  католиктер 

101 
 
протестанттардан өш алуларын тоқтатқан 
жоқ.  Түрмелер  лық  толды.  Ізгі  хабардың 
куәгерлері  жанып  жатқан  алаулардың 
түтіні ауамен араласып кетті. 
  Франциск  I    өзін  ғылым  жаңарту 
қ о з ғ а лы с ы н ы ң  
б а с ш ы с ы  
с ан а п , 
монахтардың 
ырымшылдықтары 
мен 
надандықтарын  жек  көргендіктен  және 
өзінің  білімге  деген  құштарлығын  көрсету 
үшін 
басқа 
жерлерден 
маңайына 
ғалымдарды жинап, сол себепті де рефор-
мация  іліміне  шыдамдылық  танытқан  бо-
латын.      Енді       ол       жаңа      ілімді    
жою      мақсатымен      барлық      Франция 
бойынша 
баспасөз 
мекемелерінің  
жұмысын  тоқтатуға  бұйрық  берді.  Пара-
сатты  мәдениет  пен  діни  шыдамсыздық 
үйлесімін  табатын  үлгілер  тарихта  жиі 
кездесіп тұрады және Франциск I бұл ара-
да ешкімнен де өзгеше болып қалған жоқ. 
   Франция 
протестантизмді 
жойғысы 
келетін  пиғылын  өш  алу  арқылы  бекітуі 
керек  болды.  Дін  әкелері  месса  ажуала-
нып,  аспан  масқараланғаны  үшін  қан 
төгілуі  керек  деп  және  бұл  қорқынышты 
істі  жүзеге  асыруға  патшаның  келісім 
беруін талап етті. 
   Бұл  қатыгез  рәсім  1535-ші  жылы  21-ші 
қаңтарда  болып  өтті.  Сол  уақытқа  дейін 
папалықтар  барлық  ұлтқа  протестанттар-
ды  жек  көрінішті  қылуға  тырысты. 
Париждің  көшелері  халыққа  лық  толды. 
Барлық  жерлерге  қайғылы  қара  маталар 
ілінді  және  католиктердің  табынатын 
пұттары  қойылды.  Есіктердің  алдарына 
«киелі құпияларға» арналған шырағдандар 
орнатылды.  Рәсімге  қатысушылар  таң  ат-
пай  патша  сарайының  алдына  жиналды. 
Бірінші  қатарда  хоругвилер  мен  әр  түрлі  
шіркеулердің  пұттары  алынып  жүрілді, 
олардың  соңдарынан  екі  екіден  сап 
құрып,  қолдарына  алаулар  ұстаған  қала 
халқы еріп жүрді, сонан соң төрт орденнің 
монахтары,  олардан  кейін  киелілердің 
қаңқаларымен  сап  түзеген  қатарлар, 
олардың  соңдарынан  әр  түрлі  тастармен 
әшекейленген  алқызыл  киімдер  киген 
көкіректері  көкті  тіреп  тұрған  кардинал-
дар,  сонаң  соң  Париждың  епископы 
бастаған  әскер,  ең  соңында  жұпыны 
киінген патша жүріп келе жатты. Осы күні 
ол  патшаға  емес,  қылмысын  мойындаған 
күнәкар  байғұсқа  көбірек  ұқсас  болды. 
Патша 
әрбір 
пұттың 
алдына 
келіп 
жығылып,  оған  бас  ұрып,  кешірім  өтініп 
отырды. Бірақ ол өз бойын кернеп тұрған 
кесір  үшін  емес,  қолын  қанға  бояп 
кінәсіздердің қанын төккені үшін де емес, 
месса 
масқараланып 
қалды 
деп, 
қарамағындағылардың  «ауыр күнәсі» үшін 
жалбарынды.  Патшаның  соңынан  екі 
екіден  қатар  түзеп,  қолдарына  алау 
ұстаған мемлекеттік сановниктер мен пат-
шайым жүріп отырды.  
  Сол 
күні 
епископтардың 
зәулім 
сарайының 
үлкен 
залында 
патша 
империяның  ығай  мен  сығайларының  ал-
дарына  шығып  сөз  сөйледі.  Ол  барлық 
ұлтты        дүр        сілкіндірген        бұл   
масқараға  қатты  өкінетіні  жайлы  айтты 
және  жабырқау  жүзбен  алдындағыларға 
қарап: «Мен сендердің патшаларың екенім 
қандай     айғақ     болса,    бұл      індет 
аяғыма      немесе    қолыма  жұқса  оны 
кескізіп  тастайтыным  соншалықты  айғақ. 
Егерде  менің  балаларымның  бірі  бұл 
кесірлі  ілімді  қабылдаса,  мен  оны  аяма-
стан өлім жазасына ұсынар едім» —  деді. 
Осы  сөздерді  айтып  тұрған  кезінде 
патшаның  көзінен  жас        парлап        ағып    
тұрды,        ал  тыңдаушылары:        «Біз    
католиктердің  діні  үшін  жанымызды 
құрбан  етуге дайынбыз»  — деп бір дауыс-
пен жариялады. 
  Осылайша  Франция  өзіне  шашырап 
тұрған жарық нұрын қабылдамай, түнекке 
оранып қалды. Ол Құдайдың беріп тұрған 
сыйынан 
бас 
тартты. 
Зұлымдықты 
рақымшылық 
деп, 
рақымшылықты 
зұлымдық  деп,  өзі  меншікті  өтірігінің 
құрбаны  болды.  Мемлекетті  алауыздық 
пен  қантөгістен  құтқарып  қалатын  таза 
ілімді  қабылдамай,  адасқан  үстіне  адаса 
түсті.  Мүмкін  ол  Құдайдың  халқын 
қыспаққа  алып  жатқанын  түсінбей,  шы-
нымен де тірі Құдайға қызмет етіп жатыр-
мын деп ойлаған болар. Десе де ол бәрі бір 
кінәсіз болып саналмайды. 
  «Есерсоқтардың»  ілімін  жоюға  арналған 
салтанатты түрде серт беру католиктердің 
мінбелі  соборында  өтті,  ал  сол  оқиғадан 
кейін 300 жыл өткеннен соң  Тірі Құдайды 
мүлдем 
ұмытқан 
бұл 
собор 
«ақыл 
құдайының» басына  өз тәжін тақты.                                                                                              


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет