Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет20/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60

102 
 
    Осыдан кейін шеру әрі қарай жалғасты. 
Францияның  бетке  ұстарымыз  дейтіндер 
өз  істеріне  кірісіп  кетті.  Аралары  бірдей 
арақашықтықта  протестанттарды өртеуге 
дайындаған  бағаналар  орнатылды.  Бұл 
бағаналарға 
байланған 
жандарды 
қарсыластары бірден өртемеді, оларға ше-
ру  тақаған  кезде  ғана  бір  бірден  от 
қойылып  отырылды,  себебі  шеру  олардың 
қиналып жатқандары мен жанкешті азап-
тарын 
көруі 
керек 
болды. 
Бұл 
бейшаралардың өмір мен өлімнің ортасын-
да  тұрып,  жанталасып  азапқа  түсіп 
жатқандарын 
сөзбен 
айтып 
жеткізу 
мүмкін  емес  еді.  Сонымен  қоса    олардың 
соншалықты  ауыр  жазаны  жүрексінбей 
қабыл  алғандарына  да  күмән  келтіруге  
болмайды.  Шеру  осылайша  жүріп  отырып 
патша  сарайының  алдына  келіп  тоқтады. 
Сонан  соң  халық  өз  беттеріне  тарады,  ал 
патша  мен  прелаттар  бір  бірлерімен 
өздерінің  қыруар  іс  бітіргендеріне  риза 
болып қоштасты. 
   Франция Ізгі хабардан бас тартты, бірақ 
оның соңы жақсылыққа апарған жоқ. Ай-
тулы оқиғадан 258 жыл өткен соң 1793-ші 
жылы 
21-ші 
қаңтарда 
Париждің 
көшелерімен  басқа  шеру  жүріп  өтті.  Бұл 
шерудің  де  басты  мүшесі  патша  болды. 
Тағы  да  Париждің  көшелерінде  шу 
көтеріліп,  тағы  да  эшафоттар  құрылып, 
тағы  да  айқайлаған  қара  тобыр  өзінің 
жемтігін  талап  жатты.  Осылайша  күн  дәл 
солай  қантөгіспен  аяқталды.  Бұл  алаңға 
өзінің  қансорғыштарына  қарсы  жантала-
сып  қарсыласып  жатқан  Людовик  XVI 
әкелініп,  оның  басы  шабылып  тасталды 
және онымен қоса сол күні 2800 адам қаза 
болды. 
   Реформация 
Киелі 
Кітап 
арқылы 
адамзатқа    Тірі  Құдайдың  заңын  ұсынды, 
адамның арына әсер ету арқылы оны түзу 
жолға  салғысы  келді.  Киелі  Жазбада: 
«Сонымен, бұл заңды сақтаңдар және оны 
орындаңдар, 
сонда 
сендерді 
көрген 
тыңдаған  басқа  халық:  «бұлар    Құдайдың 
ұлы халқы, өйткені олар ақылды және да-
на» 
— 
дейтін 
болады» 
делінген. 
(Қайталанба заң 4: 6). 
Көктен келген сыйды қабылдамаған Фран-
ция,  өзінің  еккен  егінінің  жемісі  —  рево-
люция мен зорлықты  басынан кешті. 
   Месса 
әшкереленген 
ақпараттардың 
нәтижесінде  басталған  қуғын-сүргіннен 
бірнеше 
уақыт 
бұрын 
Швейцарияға 
қашып  тығылуға  мәжбүр  болған  Фарель 
бұл  жерде  Цвинглиге  көп  көмегін  тигізді. 
Ол  өмірінің  соңына  дейін  Швейцарияда 
тұрды,  бірақ  Франциядағы  реформацияға 
белсенді  түрде  көмек  жасады.  Әсіресе  өз 
отандастарына  Ізгі  хабарды  тарату  жо-
лында  біраз  еңбектенді.  Шекарадан  алыс 
емес  мекендерде  тұратын  жерлестеріне 
рухани  білім  берді.  Үнемі  шайқасумен 
жүрген  олардың  өмірлерін  бақылап  оты-
рып,  керек  кезінде  көмегін  аяған  жоқ.  
Басқа  да  қуғын-сүргінге  ұшырап  жүрген 
а з а м а т т а р  
а р қ ы л ы  
н е м і с 
реформаторларының  кітаптары  француз 
тіліне  аударылып,  сонымен  қоса  француз 
тілінде  Киелі  Кітап  та  үлкен  тиражбен ба-
сылып  шығып,  кітап  тасушылар  арқылы 
барлық Францияға  таратылды. 
  Швейцарияда Фарель мектеп оқытушысы 
болып жұмыс істеді. Кішкене шіркеуде же-
ке қалған ол осы жердегі балаларға рухани 
тәрбие  берумен  айналысты.  Балалары 
арқылы  ата  аналарында  қызықтырамын 
деген  ниетпен  Фарель  басқа  сабақтармен 
қоса  Киелі  Кітапты  уағыздай  бастады. 
Осылайша кейбіреулерін ол Құдай жолына 
түсіріп  те  үлгерді.  Бірақ  оның  жасырын 
ісін  байқап  қалған  шіркеу  қызметкерлері 
реформаторға  қарсы  надан  халықты  ай-
дап салды. Қуғындалған кезде бір қаладан 
екінші 
қалаға 
қашатын 
алғашқы 
оқушылардың  үлгісі  бойынша  Фарель 
басқа қалаға қашып кетті. Арып ашыққан, 
әрі тоңған Фарель қауіп қатерге басын тіге 
отырып  қаладан  қалаға,  елден  елге  жүріп 
кездескен  жандардың  бәріне  Құдай  сөзін 
уағыздаумен  болды.  Ол  сауда  саттық 
орындарында,  кішкене  шіркеулерде,  кей 
кездері  үлкен  шіркеулерде  сөз  сөйледі. 
Кірген  шіркеулерінің  қайсыбірі  бос  тұрса, 
енді  бірінде  оны  келеке  мазақ  етіп,  ал 
басқа 
уақыттарда 
мінбеден 
сүйреп 
шығарып, 
қуған 
кездері  де 
болды. 
Қалайда  жаулары  текке  қарап  отырмады, 
қараңғы  надан  тобырды  оған  қарсы 
жұмсап,  оны  неше  рет  соққыға  жықты. 
Дегенмен  Құдай  сөзін  қошеметтеп  қарсы 
алатын  жерлер  де  көптеп  кездесті.  Ол 
еңбек  жолын  бастаған  кезіндегі  Құдай 
сөзін  уағыздаған  кішкене  шіркеу  рефор-
мация  ілімін  қарсы  алды.  Морат,  Невша-

103 
 
тель  секілді  қалалар  католиктердің  салт-
дәстүрлерінен бас тартып, неше түрлі бей-
нелер мен пұттарды шығарып тастады. 
   Фарель  реформация  туын  Женевада 
орнатқысы  келді.  Бұл  ой  оны  көп 
т о л ғ а н д ы р д ы .  
Е г е р  
Ж е н е в а н ы 
протестанттық  қалаға  айналдырса,  ол 
Франция,  Швейцария  және  Италияның 
рухани  орталығына  айналар  еді  деп  ар-
мандады  Фарель.  Осы  ойлаған  ойын  іске 
асыру үшін бұл жалынды реформатор көп 
еңбектенді. 
Ол 
әуелі 
Женеваның 
маңайындағы  қалалар  мен  ауылдарға  ре-
формация  ілімін  таратты.  Сонан  кейін 
ғана  ол  жалғыз  досын  ерітіп,  Женеваға 
келді.  Бірақ  бұл  арада  оның  екі-ақ  рет 
халық  алдына  шығып  сөз  сөйлеуге 
мүмкіндігі  болды.  Фарельді  жазалауға 
үкімет  тарапынан  ешқандай  көмек  ала 
алмаған    дін  әкелері  оны  шіркеудің 
кеңесіне салды және бұл кеңеске олар жай 
келген 
жоқ, 
жабуларының 
астына 
қаруларын  жасырып  келді.  Себебі  олар 
осы жерде реформаторды өлтірмекші бол-
ды. Ал шіркеудің сыртында оны найзамен, 
сойылмен  қаруланып  алған  тобыр  күтіп 
тұрған  болатын.  Кеңестен  сытылып  кетем 
десе  ол  әлбетте  сол  тобырдың  қолына 
түскен болар еді. Іске қала басшылары мен 
қаруланған 
сарбаздар 
араласпағанда, 
олардың  Фарельді  өлтіріп  тастайтыны 
анық  болды.  Келесі  күні  Фарель  достары-
мен  қауіпсіз  жерге  жеткізілді.  Осылайша 
оның  Женевадағы  алғашқы  тәжірибесі 
сәтсіз аяқталды. Келесі сынаққа реформа-
тор байқаусыз қаруды пайдалануды ойла-
ды,  сөйтіп  өзінің  орнына    Женеваға 
қарапайым, тұрпатсыз жас жігітті жіберді. 
Түрінің ұсқынсыздығы сонша, оны жаула-
ры  түгіл  реформацияның  достарының 
өздері  де  суық  қарсы  алды.  Мықты  да 
ержүрек  азаматтар  түк  бітіре  алмаған 
жерде, бұл момын да қарапайым жас жігіт 
не бітірмекші? Фарельдің әлі келмеген іске 
ол қалай кіріспекші? «Қарумен де, күшпен 
де  жеңіліске  ұшырайтын  жерлеріңде 
Менің  Рухыммен  жеңіске  жетесіңдер»  — 
дейді  Калимат  Алла.  (Зәкария  4:6).  Адам-
дар «ақымақтық» деп санайтын Құдайдың 
құтқару 
жолы 
адам 
даналығынан 
әлдеқайда 
жоғары 
және 
Құдайдың 
«әлсіздігі»    (Мәсіхтың  айқышта  жанын 
қиюы)  адамның  қуатынан  әлдеқайда 
күшті.    Бірақ  Құдай  бұл  дүниеде  кімдер 
«ақымақ»  деп  саналса,  «данышпан  — 
ақылгөй»  дегендерді  ұялту  үшін  және  осы 
дүние 
«күшсіз» 
деп 
тапқандарды 
«күштілерді»  ұялту  үшін  Өзіне  таңдады 
(1Қор.1:27,25). 
    Фромент  өз  жұмысын  мектеп  мұғалімі 
ретінде  бастады.  Балалар  мектепте  алған 
білімдерін  үйлерінде  қайталап  отырды. 
Біраз  уақыттан  соң  балаларымен  бірге 
олардың  ата-аналары  да  келе  бастады. 
Осылайша 
тәрбиелі 
оқушылар 
саны 
көбейді.  Ал  мектепке  келуге  батылы  жет-
пеген    ата-аналарға  Киелі  Кітапты 
үйлерінде оқып зерттеу ұсынылды. Десе де 
біраз    уақыттан  кейін  Фроментке  де  ол 
жерден 
кетуге 
тура 
келді. 
Бірақ 
реформаторлардың  еккен  дәндері  көп 
ұзамай  өз  жемісін  берді.  Ол  жерден  Ізгі 
хабарды 
уағыздаушы 
хабаршылар 
кеткендерімен, олардың еңбектері жанды. 
Осылайша  Женевада  протестанттық    ілім 
бекіді. 
  Кальвин  туған  жерінен  Базельге  қайтып 
келе  жатқан  кезінде,  жолды  Карл  V 
әскерлері  жауып  тастағандықтан,  оған 
Женева    арқылы    жүруге    тура    келді. 
Кальвин        Женеваға        келгенде        бұл    
қала  реформация  ілімін  ашық  түрде 
мойындап  үлгерген  болатын.  Кальвинның 
мұнда  келгенін  Фарель  құп  көрді.  Өйткені 
Ж е н е в а  
р е ф о р м а ц и я  
і л і м і н 
қабылдағанымен,  бұл  жерде  әлі  де  болса 
жасайтын  жұмыс  жеткілікті  еді.  Женева 
Римнің билігінен бас тартса да, қандарына 
сіңіп қалған әдеттерінен құтылу оңай бол-
мады.  Халық Киелі Кітап бойынша    өмір 
сүру үшін  реформаторлардың  әліде болса 
еңбектене  түсуі  қажет  болды.  Ал  Кальвин 
болса мұндай  жұмысты  жүргізуге  таптыр-
майтын  адамдардың  бірі  болатын.  Бұл 
ұсыныс  Кальвинды  қорқытып  жіберді,  
сабырлы  да  момын  реформатор  мінездері  
тәуелсіз 
және 
ашушаң 
Женеваның 
тұрғындарынан аулақ жүруді жөн санады. 
Ол бір оңаша жер      тауып     орналасып,     
кітап жазып реформацияға өз қаламымен 
жәрдем  бергісі  келген.  Десе  де  Фарель 
оның  осы  арада  қалуын  табанды  түрде 
өтінді.    Фарельдің    дауысы    оған    Алла 
Тағаланың    дауысындай    көрінді    және 
бір        мезетте        аялдамай        қашқысы    
келіп    тұрған    оны    Жаратушы    Өзі 
жібермей        ұстап        қалғандай        болды. 

104 
 
Сол  себепті  Кальвин  айтулы  жерде  қалып 
еңбектенуге келісті. 
   Сол  кездері  протестанттардың  бастары-
на  қауіп  төніп  тұрған  болатын.  Папаның 
шығарған  анафемалары  Женеваға  қысым 
келтіріп,  күшті  деген  мемлекеттер  оны 
жойып  жіберуге  дайын  тұрды.  Билігіне 
патшалар  мен  императорлар  бағынатын 
мықты  иерархияға  кішкене  қала  қалай 
қарсы  шықпақ?  Ұлы  басқыншылардың 
армиясының қыспағына қалай шыдамақ?  
Протестантизмнің  жаулары  жан  жақтан 
қаптай  түсті.    Реформация  үшін  алғашқы 
жеңістердің  уақыты  аяқталды.  Рим  күшін 
қайра  жинап,  оны  бір  жола  құртпақшы 
болды. Сол кезде ең қатыгез  иезуиттердің 
ордені    пайда  болды.  Олар  жақсылық 
жасаудың  не  екенін  білмейтін  ,  өздерінің 
ордендеріне 
қызмет 
етуден 
басқа 
ешкімнің  билігін  мойындамайтын,  оның 
әсерін  кеңейте  түсуге  тырысатын,  ұяттан 
жұрдай  жауыздар  болатын.  Алдау,  арбау, 
өтірік  айту,  өлтіруден  тайынбайтын  олар, 
кез 
келген 
тәсілдерді 
пайдаланып 
қалталарын  толтыруға  тырысты.  Осының 
барлығын  олар  протестантизмді  жойып, 
папаның  билігін  қалпына  келтіру  үшін 
жасаған  болатын.  Орденнің  мүшелері 
тазалық  пен  пәктіктің  бетпердесін  жамы-
лып алып, түрмелер мен емханаларды ара-
лап,  кәрілер  мен  кәріптерге  көмектескен 
болып,  өздерінің  зұлымдық  істерін  істеп 
отырды,  өйткені  олардың  шын  мәніндегі 
пиғылдары 
арам 
болатын. 
Көздеген 
мақсаттарына  жету  үшін  бас  тартатын 
қиыншылықтары,  айтпайтын  өтіріктері, 
ж ас ам а ға н 
а й ла ла р ы , 
і с т е м е ге н 
қылмыстары  қалмады.  Егер  Ізгі  хабар 
Мәсіхтың 
ізбасарларын 
ақиқат 
үшін 
ашт ы қ қ а, 
с уы қ қ а, 
т апшы лы ққ а, 
жоқшылыққа,  түнекке,  азап  пен  алауға 
шыдап,  басын  жоғары  ұстайтын  қылып 
тәрбиелесе,  иезуиттер  мұндай  қиындыққа 
қарсы тұра алатын күшке фанатизмді па-
р а- пар  
е т т і . 
Қ айыр шы лы қ  
пе н 
бағынушылыққа уәде берген олар,  барын-
ша 
байлық 
пен 
билікке 
ұмтылды, 
протестантизмнің тамырына балта шауып, 
папаның  билігінің  дәрежесін  көтеру  үшін 
неше  түрлі  айла  тәсілдерді  пайдаланды. 
Орденнің  негізгі  ұстанымы  —  мақсатың 
қаражатыңды ақтайды деп аталады. Осы-
лайша 
шіркеудің 
көңілінен 
шықса 
болғаны, 
өтірік 
те, 
озбырлық 
та, 
қаныпезерлік  те,  кісі  өлтіру  де  ақталып 
қана қоймай, онымен қолдау табатын бол-
ды. 
   Иезуиттер 
қулықтарын 
пайдаланып, 
мемлекеттік  қызметтерге  орналасып,  пат-
ша  кеңесшілерінің  орындарына  тұрып 
алып,  көптеген  мемлекеттердің  саясатына 
қысым  жасады.  Қарапайым  қызметшілер 
ретінде  жұмысқа  тұрып  қожайындарын 
аңдып,  олардың  аттаған  адымдарын 
бақылап отырды. Колледждер мен мектеп-
тер  ашып  қарапайым  жанұялар  мен 
протестанттардың  жанұяларының  балала-
рын  өздеріне  тартып,  папаның  салт-
дәстүрлерін  орындауға  бейімдеді.  Ақыры 
бостандық  үшін  өжеттілікпен  шайқасып, 
қандарын  төккен  адамдардың  балаларын 
сатқындарға  айналдырды.  Олардың  бар 
қызметі, 
көздеген 
мақсаттары 
адам 
баласының  ойын  жаулап  алып  өздеріне 
бағындырып  ұстау  еді.  Бұл  орденнің 
билігін  бекіте  түсу  үшін  папалық  арнайы 
декреттің  көмегімен  инквизиция  жандан-
дырылды.  Көпшіліктің  қарсы  болғанына 
қарамастан бұл сұмдық трибунал папаның 
көсемдерінің тырысуымен тіпті католиктік 
мемлекеттердің  өздерінде  қайра  пайда 
болды. Құпия түрмелерде көз көріп, құлақ 
естімеген  неше  түрлі  хайуандық  жазалар 
жасалатын  болған.  Көптеген  мемлекеттер-
де  мыңдаған  адал  зиялы  азаматтар, 
ұлттың  бояуы  болып  саналатын:  дарын-
дар,  ғалымдар,  әйгілі  суретшілер,  өнерлі 
кәсіпкерлер,  отанын  сүйетін  еңбекқор 
жандар  қырылды.  Осылайша  Рим  Рефор-
мация жарығын сөндіріп, халықтан Құдай 
сөзін  тартып  алып,  оларды  қараңғы  түк 
білмейтін  тоқшар  жандарға  айналдырып 
қойғысы келген.      
  Бірақ Құдайдың әмірі бойынша Лютердің 
орнына 
келген 
дарынды 
азаматтар 
протестантизмнің  жойылып  кетпеуіне  көп 
еңбектерін  сіңірді.  Ең  кішкентай  мемле-
к е т т е р  
м е н  
е ң  
ә л с і з  
ұ л т т а р 
протестантизмнің бекінісіне айналды. Мы-
сал  үшін,  мықты  жаулары  қоршап  тұрған 
кішкене  ғана  Швейцария,  сол  кездегі  ең 
бай  және  ірі  мемлекет  Испанияның 
қатыгездігіне 
қарсы 
күрес  жүргізген 
Солтүстік  теңіздің  құмды  жағалауында 
орналасқан  Голландия  және  кедей  Шве-
цияда реформация ұлы істер атқарды. 

105 
 
   Кальвин  Женевада  30  жылдай  қызмет 
етті.  Ол  реформацияны  барлық  Еуропаға 
тарату  жолында  еңбектенді.  Әрине  оның 
басынан неше түрлі қателіктер де өтті. Де-
генмен  ақиқатты  жалынды  түрде  тарату 
арқылы 
ол 
көптеген 
азаматтарды 
тазалыққа,  пәктікке  бейімдеді.  Реформа-
ция  ілімін  барлық  жерлерге  таратумен 
айналысқан  Женева    рухани  тәрбие 
беретін оқулықтар шығарып, жер жерлер-
ге мұғалімдер жіберіп отырған. Осылайша 
бұл  қала  барлық  батыс  Еуропа  бойынша 
қашқындардың 
мекеніне 
айналған. 
Жанұяларынан,  отандарынан  айрылып 
арып  ашығандар,  азап  шеккендер  осы 
жерден өздеріне пана тапқан. Ал бұл жан-
дар  өздерінің  екінші  отаны  болған  қалаға 
іскерліктерін,  білімдерін,  тазалықтарын 
бере  отыра  оның  игілігіне  айналды. 
Олардың 
көпшілігі 
денсаулықтарын 
қалпына 
келтіргеннен 
кейін, 
Римнің 
қ ат ы ге з д і гі не  
қ ар с ы  
к ү р е с т е р і н 
жалғастыру үшін елдеріне қайтып оралған. 
Ержүрек  шотландтық  реформатор  Джон 
Но к с , 
ағы лшы нд ы қ  
пур ит анд ар , 
голландиялық  және  испандық  протестан-
ттар,  француздық  гугеноттар  Женевадан 
ақиқаттың алауын қолдарына алып, туған 
жерлеріндегі түнекті сейілту үшін елдеріне 
тараған.   

106 
 
13 
Нидерландтағы және  
Скандинавиядағы Реформация  
Нидерландта  папаның  жауыздығы  ерте 
кездің  өзінде-ақ  бұл  жүйеге  адамдарды 
қарсыластырмай  қойған  жоқ.  Лютерден  
700  жыл  бұрын  Римде  болып  қайтқан  екі 
епископ  «киелі  тақта»  отырғанның  шы-
найы  мінезін  өз  көздерімен  көріп,  қатты 
қорыққан 
еді. 
Олар 
Римнің 
діни 
ережелерімен 
келіспегендері 
былай 
тұрсын,  оған  қарсы  шығып  өз  ойларын 
папаның бетіне еш бүкпесіз айтып кеткен 
болатын.  «Құдай  Өзіне  қызмет  ететін 
халқы үшін шіркеуді құрды, оған батасын 
берді,  игілігін  сыйлады.  Басына  тәжін 
кигізіп,  қолына  таяғын  ұстатты,  ал  сен 
болсаң  бұл  сыйды  тартып  алып  отырған 
ұрысың.    Құдай  үйінің  төріне  шығып 
алғансың,  үйірін  қорғайтын  бақташы 
болғанның 
орнына, 
қойға 
шабатын 
қасқыр екенсің. Жоғарғы епископпын деп, 
соған  бізді  сендіргің  келеді,  ал  шын 
мәнінде  сен  нағыз  жауызсың.    Өзіңді 
жұртқа  діни  ұстаз  ретінде  көрсетесің, 
бірақ  сен  барып  тұрған  баскесерсің.  Сен, 
өзіңді 
атайтындай, 
 
қызметшінің 
қызметшісі  болуың  керек,  дегенмен  сен 
қожайындардың 
қожайыны 
болып 
отырсың. Сен Құдайдың берген заңын жек 
көресің. 
Киелі 
Рух 
жер 
бетіндегі 
шіркеулерді  құрады...  Біздер  тұратын 
қаланың  төбесі  көкке  жетіп  тұр,  ол 
пайғамбарлар  Бабыл  деп  атаған  қаладан 
биік,  дегенмен  Бабыл  өзін  киелі  санайды, 
даналығына  мақтанады  және  түк  негізсіз 
ешқашан 
қателескен 
емеспін 
және 
қателеспеймін де деп ойлайды.  
Бұл  рухани  тұрғыдағы  қарсыластық 
ғасырдан  ғасырға  жалғасып  келеді.  Әр 
түрлі  атпен  жүріп  жұмыс  жасаған  сол 
алғашқы  ұстаздар,  вальдендік  миссионер-
лер  секілді  көп  мемлекеттерді  аралап, 
ақиқатты  уағыздай  отырып  Нидерландқа 
жетті.  Олардың  ілімі  тез  тарады.  Бұл 
о қ ы т у ш ы л а р  
К и е л і  
К і т а п т ы 
в а л ь д е н д і к т е р д і ң  
т і л і н е н 
голландиялықтардың  тіліне  аударды  және 
«оның келтіретін пайдасы зор деп есептеді, 
себебі  Киелі  Кітапта  жеңілтек  болып 
көрінетіндей мысал, қалжың, мазақ, қулық 
деген  жоқ,  тек  қана  ақиқат  жазылған, 
әрине  түсінуге  қиын  соғатын  жерлері  бар 
болғанымен, 
күллі 
жақсылық 
пен 
тазалықтың мәні мен шырыны кімнің бол-
са  да  түсінуіне  қиын  соқпайды.  XII 
ғасырдағы  ежелгі  сенімнің  достары  солай 
жазған. 
Қуғындалу  басталды,  бірақ  азапқа  да, 
алау ға 
да 
қ ар ам ас т ан 
Құд айға 
сенетіндердің  саны  көбейе  түсті.  Олар 
дінге  қатысты  сұрақтар  туындағанда 
дұрыс  бағыт  беретін  жалғыз  ғана  сенімді 
құрал  Киелі Жазба деп батылдықпен ата-
ды.  Сондай-ақ  ешкімді  де  мәжбүрлеу 
арқылы  иманға  келтіре  алмайсың,  тек 
уағыз айту арқылы ғана адамның санасын 
оятуға болады деп есептеді.  
Лютердің ілімі Нидерландқа да жетіп, бұл 
жерде де  Ізгі хабарды уағыздаушы  хабар-
шылар  пайда  болды.  Голландияның  бір 
қаласында туған Менно Симонс атты жігіт 
Рим 
католиктік 
шіркеуінде 
оқып 
тәрбиеленген  болатын.  Киелі  Кітапты 
қолына өмірі ұстап көрмеген ол, көкейінде 
күмән  тудырған  бір  сұраққа  жауап  іздеп, 
Киелі  Кітапты  ашып  қарамақшы  болды. 
Бірақ  есерсоқтардың  торына  түсіп  қалам 
ба деген қауіппен, ол Киелі Жазбаны көпке 
дейін  қолына  ала  алмай  жүрді.  Десе  де 
арада  біраз  уақыт  өткен  соң,  арының 
жетелеуімен  ол  Жаңа  Өсиетті  және 
Лютердің  кітаптарын  оқи  бастады.  Осы-
лайша  ол  реформация  ілімін  қабылдады. 
Бір  күні  ол  екінші  рет  суға  шомылу 
рәсімінен  өткен  адамның  басын  шауып 

107 
 
тастағанының  куәсі  болды.  Бұл  оқиға 
оның  Киелі  Кітапты  әрі  қарай  зерттеп, 
көкейіндегі  көп  сұрақтарға  жауап  алуына 
мүмкіндігін  берді.  Ол  Киелі  Жазбадан  ба-
лаларды  суға  шомылдыру  рәсімінен  қалай 
өткізетіні  жайлы  оқып  білгісі  келді.  Бірақ 
бұл 
жөнінде 
ештеңе 
таба 
алмады, 
керісінше  бұл  рәсім  қажет  ететін  шарт 
иман екеніне көзі жетті. 
   Менно  Рим  шіркеуін  қалдырып,  бар 
өмірін ақиқатты уағыздауға жұмсады. Сол 
кездері  Германияда  да,  Нидерландта  да 
қоғамдағы  тәртіпті  бұзып,  қақтығысу 
ілімін таратып, бүлік шығарып жүрген фа-
натиктер  көбейіп  кетті.  Бұл  қозғалыстың 
әрекетінің өте қауіпті екенін сезген Менно 
олардың  құрған  жоспарларына  қарсы 
күрес  жүргізді.  Көпшілік  қауым  бұл 
қозғалысқа  белсенді  түрде  қатысқанымен, 
кейіннен 
Менноның 
уағыздарының 
арқасында  өз  қателіктерін  мойындап, 
идеяларынан  бас  тартты.  Оның  үстіне 
вальдендіктердің 
ұрпақтары, 
ежелгі 
Мәсіхшылардың  ізбасарлары  сол  кезде  аз 
болған жоқ. Дәл сол адамдардың ортасын-
да  Менно  өз  ісін  жүргізді  және  ол  сәтті 
болды. Менно 20 жыл бойы әйелімен және 
балаларымен  жер  жерлерді  аралап  Құдай 
жолында  қызмет  етті.  Ол  барлық  Нидер-
ланд  жері  және  Солтүстік  Германия 
бойынша  саяхат  жасады.  Менно  аса  кең 
білім алып үлгермегенімен, сөзге өте шебер 
болған  және  әділ  де  момын  мінезімен 
көпшілікті  өзіне  қарата  білді.  Жоқшылық 
пен тапшылық оның айнымас серігіне  ай-
налды,  соған  қарамастан  ол  мойымайтын 
мінезімен,  қайыспайтын  табандылығымен 
қиындықтарды  жеңе  білді  және  жалынды 
түрде  еңбектенді.  Оның  шәкірттері  де 
ұстазы  секілді  неше  түрлі  қиындықтарды 
бастарынан  өткізе  отыра  Құдай  жолында 
қызмет  еткен.  Халық  кейде  оларды  мюн-
стерит  —  фанаттармен  шатастырып 
қуғындаған.  Соған  қарамастан  олар  бар 
ниеттерімен 
еңбектеніп, 
көптеген 
адамдардың  беттерін  Құдайға  бұрып 
ү л г е р ге н .  
Қ а т а ң  
т ү р д е  
т ы йы м 
с а л ы н ғ ан ы н а  
ж ә не  
т а р т ы л а т ы н 
жазаларының  соншалықты  суықтығына 
қарамастан реформация ілімі ешбір жерде 
Н и д е р л а н д т а ғ ы д а й  
қ у а н ы ш п е н 
қабылданған емес. Германияда Карл V ре-
формация  іліміне  тыйым  салып,  оны 
уағыздаушыларды  неше  түрлі  жазаға 
тартқанымен, 
Германия 
ханзадалары 
оның  жөйіт  әрекеттеріне  қарсы  шығып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет