116
жандарға айтып жеткізуге Уэсли бар
өмірін арнады.
Уайтфильд пен ағайынды Уэслилер,
Исаның ержүрек жауынгерлері ретінде,
неше түрлі сынақтан өтуге университет
қабырғасында жүрген кездерінен бастап
дайын
болатын.
Олар
неше
түрлі
қорлықтан, мысқылданудан, тәлкектен,
жәбірленуден,
қуғындалудан
өтіп,
өздерінің аянышты, сорлы күйлерін анық
сезініп, болашақтағы қызметке пісіп,
қатып жетілді. Атеист (Құдайға сенбейтін)
достары оларды сол кездің өзінде-ақ
методистер деп атап кеткен. Ал қазір
методистер деп Англия және Америка
елдеріндегі христиандардың ең сыйлы
біріккен топтары аталады.
Англия шіркеуінің мүшелері ретінде олар
Құдайға
қызмет
ету
рәсіміне
көп
көңілдерін бөлді. Құдай оларға қызмет
етудің жаңа үлгісін көрсетті. Киелі Рух
оларды
Мәсіхтың
айқыш
ағашының
мәнісін зерттеуге талпындырды. Алла
барлық істе оларға көмекші болды.
Тәлімгерлерінің сөздерінің ақиқат екенін
ұққан халық айтулы хабарды қуанышпен
қарсы алды. Шыныменен де бұл үйір
қасқырлардың
шабуынан
қорғануға
мұқтаж болатын. Уэсли басқа қауым
құрам деген ойы да болған жоқ, керісінше
сенімдегілерді методистермен біріктіріп,
бір қауым еткісі келді. Бұл ақиқатты
уағыздаушылармен мемлекеттік шіркеу
шайқасқа түсті. Құдайдың даналығының
арқасында реформа шіркеудің өзінен
басталды. Сырттан келгендерге мұнша
өзгеріс енгізу мүмкін емес еді. Айтулы
ө з ге р і с т е р д і
е нгі з г е н
ші р к е у д і ң
тәлімгерлері болғандықтан, ақиқат кеңінен
етек жайып тарай бастады. Діни ұстаздар
қолдарын байлап тұрған рухани тұзақты
ағытып
тастап,
шындық
жолында
құлшына еңбектенді. Нысаншылдықпен
(формализм) жарақаттанған шіркеу енді
жаңа өмірге оянды. Уэслидің заманында
бұрынғы
ғасырлардағыдай
Құдайға
қызмет
ететіндер
дарынды
адамдар
болды. Кей кездері олардың арасында да
шіркеу ережелері (доктриналар) бойынша
түсінбестіктер
болғанымен,
негізгі
мақсаттарын жақсы білетін олар, ортақ тіл
тауып, қызметтерін жалғастыра білген. Бір
кездері
Уайтфильд
пен
ағайынды
Уэслилердің арасында болған қарама
қайшылық шіркеудің бөлініп кетуіне
қаупін тигізді. Бірақ Исаның мектебінен
тәлім алып, момындыққа тәрбиеленген
олар күнәкар жандарды мәңгілік өлімнен
қ ұ т қ а р у
ү ш і н
а р а л а р ы н д а ғ ы
алауыздықтарын
ұмытып,
еңбектерін
жалғастырды.
Өйткені дауласушылық,
адасушылық
жан-жақтың
қыспақтап,
күнәкарлар өлімге апаратын жолға түсіп
алып тура тартып бара жатқанда ара –
қатынастарын анықтап жүру жағдайсыз
болды.
Аз уақыттан соң Құдайдың қалаулы
қызметкерлері тікенді жолға тап болды.
Оларға әр түрлі білімді, өтімді адамдар
қарсы шықты. Сонымен қоса оларға
діншілдер гаһарын төкті. Таза сенім мен
оны
уағыздаушылардың
алдынан
шіркеулер есігі жабылды. Имансыз, надан
адамдардың
жауыздығын
қоздырып,
оларды мінбелерден келеке мақаз етті.
Неше рет олардың бастарына қауіп төнді.
Джон
Уэсли
Алланың
мейірімінің
арқасында талай рет өлімнен қалды. Бірде
ол ызалы қара тобырдың арасына түсіп
қалған кезінде, адам бейнесіне енген
періште оны құтқарып алды. Сөйтіп
Исаның
жауынгері
қауіпті
жерден
зиянсыз шықты. Осындай кездердің бірін
еске ала отырып ол: «Мен тайғанақ
жотамен
түсіп
келе
жатқанымда
қуғыншыларым
мені
талай
шалып
құлатпақ болды. Бірақ мен құлаған былай
тұрсын,
тайғанаған
да
жоқпын.
Жұлқылауға
түскен
кезімде
қалтам
жыртылды, ал екінші ақшасы бар қалтам
жартылай ғана жыртылды. Алпамсадай
біреу қолындағы сойылын неше рет
жұмсағанымен, сойыл мені жанап өтіп
қана отырды. Алдымнан шыға келген
біреу маңдайдан соққысы келіп еді, қолы
жөнді жетпеді, тек жанап қана өтті.
«Мынаның шашы неткен жұмсақ» — деді,
сонда ол. Осы айтылған баскесерлер,
солардың бірі аюмен күрескен балуан
болатын, кейін маған деген көзқарастарын
өзгертті. Құдай бізді әр түрлі сынақтардан
өткізіп шыңдайды, сенімімізді нығайтады.
Осыдан екі жыл бұрын үстінен түскен
Достарыңызбен бөлісу: