Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет23/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
кірпіш,  оның  иығын  жарақаттады.  Ал  бір 
жылдан соң біреу таспен соғып, кеңсірігін 
сындырды. Бір ай бұрын ол тағы да қатты 
соққыға ұшырады, ал бүгінгі кеште ондай 
таяқты  екі  рет  жеді,  әуелі  қалаға  кірер 
кезде,  сонан  соң  одан  шыққан  кезде. 
Еңгезердей  бір  еркек  оны  кеудесінен 
соқты,  ал  екіншісі  аузынан  қойып  қалды, 
сол-ақ  қан  мұрнынан  судай  ақты.  Жеген 
соққысы  ауыр  болды,  бірақ  қаншалықты 
дәрежеде екенін ол тіпті сезбеді де.  
   Алғашқы  жылдары  методистер  мен 
Құдайға 
қызмет 
етіп 
жүргендер, 
кәпірлерден  ғана  соққы  жеп  қоймай, 
шіркеудің мүшелерінен де көп жаза көрді. 
Олар  сотқа  тартылып  және  оларға  неше 
түрлі  үкім  шығарылды.  Бұларын  сот  деп 

117 
 
атауда  қиын,  нағыз  озбырлық  десе  тура 
болар,  себебі  ол  жерде  әділдік  деген  өте 
сирек 
кездесетін 
қонақ 
болатын. 
Бейшаралардың 
үйлерін 
сындырып, 
мүліктерін  қиратып,  өздерін  сойылдың 
астына 
алатын. 
Кей 
кездері 
осы 
масқаралардың  өтілетін  жері  мен  уақыты 
белгіленген жарнамалар алдын ала   ілініп, 
жазалаушылар  халықты  сол  жерлерге 
ә д е й і л е п  
ж и н а п  
о т ы р д ы .  
А л 
жазаланушылардың 
жазығы 
халықты 
жаман  жолдан  тайдырып,  жақсы  жолға 
түсіру  мақсатында  еңбектенгендері  ғана. 
Дұшпандарының 
таққан 
кінәларына 
Джон  Уэсли:  «Кейбіреулер  бұл  ілімді  қате 
санап,  ал  оны  қолдаушыларға  фанаттар 
деп  ат  қойып,  оларды  жек  көрді.  Шын 
мәнінде    бұлай  деп  кінә  тағуға  еш  себеп 
жоқ, себебі бұл ілім Киелі Жазбаға қарама-
қайшы  келмейді.  Егер  Жазба  ақиқат 
болса, онда бұл ілім де ақиқат. Кейбіреулер 
бұл  ілімді  қатал  деп  санап,  бұл  жолды  өте 
тар 
деп 
есептейді. 
Методистерге 
тағылатын  жалғыз  кінә  осы.  Бірақ  Мәсіх 
Иса 
мен 
Оның 
елшілерінің 
жолын 
тарылтқан  методистер  ме  екен?  Олардың 
ілімі Киелі Кітапта жазылған заңнан қатал 
ма  екен?    Айта  келсек:  «Құдайыңды  бар 
жүрегіңмен, 
жан 
тәніңмен, 
бар 
пәрменіңмен  жақсы  көр»,  «Адам  аузынан 
шыққан  сөзі  үшін  қиямет  күні  жауап 
береді»,  «Ішсең  де,  жесең  де  немесе  басқа 
бір іс істесең де барлығы Алланы мадақтап 
тұруы  керек»  делінбей  ме?  Егер  олардың 
ілімі  осы  айтылған  нақыл  сөздерден 
өзгеше  болса  бір  жөн,  бірақ  олай  емес 
екені  бәріңе  де  белгілі.  Құдай  сөзін 
өзгертпей,  оған  жаңалықтар  енгізуге  бола 
ма?    Қасиетті  Қазынаның  бір  сөзін 
өзгерткен 
Құдайдың 
 
құпиясының 
күзетшісін  сенімді  деп  атауға  бола  ма? 
Әрине жоқ. Ол бұл жазуға ештеңе қоса да, 
алып  тастай  да  алмайды.  Сол  қалпында 
жеткізуге  міндетті.  «Мен  Киелі  Жазбаны 
сендердің 
талғамдарыңа 
сай 
келтіре 
алмаймын.  Сендер  бұл  заңды  орындауға 
мәжбүрсіңдер, 
болмаған 
жағдайда 
мәңгілікке  жойыласыңдар».  Сондықтанда 
халық:  «Мыналарда  сүйіспеншілік  деген 
жоқ» 
— 
деп 
шулайды. 
Неге  олай 
дейсіңдер? Олар жалаңаштарды киіндіріп, 
аштарды тамақтандырып жатқан жоқ па? 
Бұл 
жағынан 
оларға 
кінә 
таға 
алмайсыңдар.  Олардың  «айтулы  үлгімен 
өмір  сүрмеген  адам  құтқарыла  алмайды» 
деген  тұжырымдары  тым  қатал,  өйткені 
солай  болатынына  олар  сенімді»  —  деп 
жауап береген болатын.  
  Уэсли  келместен  бұрынғы  Англияның 
рухани 
құлдырауы 
Құдай 
заңын 
орындамағандарының  салдары  болатын. 
Халықтың  басым  көпшілігі  Мәсіх  Иса 
өнеге ережесін қысқартты (алып тастады), 
сондықтанда  христиандар  рухани  заңды 
орындауға  міндетті  емес  және  «адам 
жақсы  іс  жасау  құлдығынан  бос»  деген 
тұжырымда  болды.  Енді  біреулер  Құдай 
заңы  барын  білгенімен,  уағыздаушыларға 
оны  үйретудің  қажеті  жоқ,  өйткені  Құдай 
құтқарам  деп  белгілеп  қойғандар  Оның 
игілігінің  арқасында  өздерінен  өздері 
жақсы  адамдар  болып  шыға  келеді  және 
де  мәңгілік  өлімге  кетуге  тиістілер  Құдай 
з аңы ны ң 
т алапт ары н 
ор ындау ға 
шамалары 
ке лмейді. 
Қ алау лылар 
Құдайдың  мейірімінен  құр  қала  алмайды 
дейтіндер алғашқылардың айтқандарынан 
да  сорақы  нәтижені  ұсынып,  ондай 
адамдар  қандай  заңсыздық  жасаса  да 
Алланың 
алдында 
ол 
күнә 
және 
Жаратқанның  заңын  бұзғандық  болып 
саналмайды, ендеше оларға тәубаға түсіп, 
Алладан  кешірім  сұраудың  да  қажеті  жоқ 
деп  шығарды.  Сол  себепті  де  Құдай 
заңының  дөрекі  түрде  бұзылғандығынан 
пайда  болған  күнәнің  өзі,  егер  де  оны 
қалаулы  жасаса,  Алланың  алдында  күнә 
болып 
табылмайтын 
болып 
шықты. 
Қалаулы  Құдайға  жақпайтын  іс  жасай 
алмайды,  оның  өзгелерден  өзгешелігі  де 
сонда.  Осы  ережелерді  ойлап  шығарған 
дін 
әкелері 
мен 
дін 
зерттеушілері: 
«Әділеттіліктің  өлшемі  болып  саналатын, 
әдейілеп  шығарылған  Құдай  заңы  жоқ, 
әдептілік  ережесін  қоғам  өзі  шығарады 
және бұл ережелер өзгеріп отыруы мүмкін» 
—  деп  жариялады.  Бұл    әуел  баста  Адам 
ата  мен  Қауа  ананы  азғырып,  ақиқат 
жолынан  тайдырған  зұлымдықтың  әкесі 
Ібілістің  шығарған  ережесі  екенін  барлық 
адамзат  баласы  білгені  абзал.  Адамның 
тағдырын  Құдай    ол  баста  шешіп  қояды 
деген  қате  пікір  халықты  өз  бетінше  өмір 
сүруге  әкеліп  тіреді.  Уэсли  бұл  пікірдің 
қателігін  дәлелдеп  және  оның  Құдай 
заңына  қарама-қайшы  келетінін  айтып, 
халықтың уланып қалған санасын тазарту 
жолында  аянбай  еңбектенді.  «Адамзатты 
құтқаруға    бағытталған  Алланың  игілігі 
оларға  жетті»,  «Өйткені  бұл  жақсы  және 
Құдайдың  еркі  де  солай,  өйткені  Ол 
ешкімнің  өлгенін  қаламайды,  керісінше 
барлық адамдардың ақиқатты меңгергенін 
қалайды. Құдай біреу, Құдай мен адамның 
арасындағы  Келістіруші  де  Біреу,  Ол  — 
адам  (адамның 
табиғатын 
қабылдап 
дүниеге келген) Иса Мәсіх. (Титке арналған 
хат 2:11),  (1Тім 2: 3-6). 
Киелі  Рух  бұл  сыйды  барлық  адамзат 
баласына  ұсынады.  «Дүниеге  келетін  әр 
адамға  сәулесін  түсіретін  шынайы  Нұр  — 
Мәсіх  Иса  (Жоһан  1:9).  Ал  өмір  сыйынан 

118 
 
бас  тартқан  кез  келген  адам  өз  еркімен 
мәңгілік өлімді таңдайды. 
   Мәсіх  Иса  біз  үшін  қанын  төкті,  енді 
бізге  ешқандай  заңның  қажеті  жоқ 
дейтіндер  қателеседі  және  оларға  Уэсли 
былай  дейді:  «Құдайдың  он  заңында 
жазылған,  пайғамбарлар  орындаған  өнеге 
ережелерін  Иса  Мәсіх  өшіріп  тастаған 
жоқ.  Ол  Құдай  заңының  бір  бөлігін  алып 
тастау  үшін  келген  жоқ,  Құдай  қандай 
мәңгілік  болса,  Оның  заңы  да  сондай 
мәңгілік. 
Жаратылыстың 
басында 
жазылған  бұл  заң  тасқа  емес,  адамның 
жүрегіне  жазылған  болатын.  Адамзат 
күнәнің салдарынан Киелі заңға өздігінше 
өзгертулер  енгізгенімен,  жақсылық  пен 
зұлымдықтың түсінігі бойында тұрғанда ол 
ережелерді 
түбегейлі 
құртып 
жібере 
алмайды. 
Құдайдың 
табиғаты 
мен 
адамның 
табиғаты 
және 
олардың 
өзгермейтін 
қарама 
қатынастарына 
негізделіп  тұрған  бұл  заң    заманына, 
уақытына,  жеріне,  өзгеріске  ұшырап 
тұратын 
өмірге 
баланысты 
өзгере 
бермейді, ол барлық ғасырларда өмір сүріп 
жатқан  адамзат  балалары  үшін  өзгеріссіз 
қалады». 
   «Мен  заңды  өзгерту  үшін  емес,  оны 
орындау  үшін  келдім»...  Күмәнсіз  бұл 
жерде  Ғайса  (бұрынғы  және  кейінгі 
айтылған  сөздеріне)  сай  пікірді  ұсынып 
тұр.  Мен  адамдардың  күллі  түсінігіне 
қарсы  заңды  толығымен  қалыптастыру 
үшін,  түсініксіз  жерлерін  соңына  дейін 
түсіндіру  үшін,  заңның  әр  тармағының 
шынайы  мағынасын  ұғындыру  үшін, 
адамдардың 
көздерін 
ашып 
заңның 
тазалығын,  кеңдігін,  тереңдігін,  биіктігін 
көрсету  үшін  және  адамдарды  мәңгілік 
өлімнен құтқару үшін құрылған Құдайдың  
жоспарын орындау үшін келді. 
   Уэсли  Құдай  заңы  мен  Ізгі  хабардың 
үйлесімділігін  уағыздады.  Заң  Ізгі  хабарға 
жол салады, ал Ізгі хабар бізді Киелі заңды 
орындауға  бағыттайды.  Алланың  заңы 
бойынша  адам  Құдайды  және  жақынын 
жақсы көруі керек. Бірақ біз өз бетімізбен 
бұл 
бұйрықты 
орындай 
алмаймыз. 
Дегенмен        Алла        бізге        осындай 
махаббатты,    өз    ара    сүйіспеншілікті 
беруге        және      бізді        момын        етуге   
уәде  берді,  тек  бізден  талап  етілетіні 
ықылас  қойып,  Оның  еркіне  бағыну.  Ізгі 
хабар дегеніміз осы. Біз Иса Мәсіхқа деген 
сенім  арқылы  ғана  Алланың  заңының 
әділеттілігін мойындай және оны орындай 
аламыз.  Заңның  тақуалығы  Исаға  деген 
сенім  арқылы  біздің  санамызда  өз  ісін 
жасайды. 
   Құдай заңының ең жеңіл деген немесе ең 
ауыр  деген  тармақтарының  бірін  ғана 
өзгертіп,  солай  басқаларға  үйретіп  және 
сонымен  шектеліп  қоймай,  оны  түп-түгел 
жоққа  шығаратындар  Ізгі  хабардың  ең 
жауыз  дұшпандары  болып  табылады. 
Исаның  Өзін  сыйлап,  заңын  жоққа 
шығаратын,  Қызметін  мадақтай  тұра, 
Оның  берген  ілімін  аяқ  асты  ететіндер 
және  соған  өздері  қатты  сенетіндерді 
түсіну  мүмкін  емес,  қайран  қаласың. 
Мұндай адамдар сатқындық жасап тұрып, 
соған  қарамастан    келіп  «Қуаныңыз 
Раббы!»  —  деп,  Мәсіхтың  бетінен  сүйген 
Яхудаға  ұқсайды.  Кез  келген  осындай 
адамға  Алланың:  «Бетімнен  сүйіп  тұрып, 
қалайша Маған сатқындық жасайсың?» — 
деп,  айып  тағуына  толық  негіз  бар.  Егер 
Исаның  жазықсыз  төгілген  қаны  туралы 
халыққа  уағыздап,  сонымен  қатар  Оны 
басындағы 
тәжінен 
айырсақ, 
Оның 
қасиетті  заңының  бір  бөлігін  қысқартып, 
бұл Ізгі хабардың сәтті болуы  үшін қажет 
деп  сылтауратсақ,  бетінен  сүйіп  тұрып, 
сатқындық  жасау  деген  осы  емес  пе? 
Мұндай  адамдардың  саны  қазір  де  аз 
емес. Шынында ақиқатты уағыздаушы кім 
де  кім  заңға  бағынуды  тура  немесе 
жанама  түрде  шегеріп  тұрса,  заңның  ең 
жеңіл  деген  бір  тармағын  қажетсіз  етсе 
немесе  оны  түгелдей  алып  тастаса,  ондай 
уағыздаушы  жауапсыз  қалмайды.  «Ізгі 
хабардың  уағыздалуы  Құдай  заңының 
барлық  талаптарына  сай  келіп  тұр» 
деушілерге  Уэсли  былай  деп  жауап  берді: 
«Бұл  тұжырым  қате.  Қасиетті  заңның  ең 
негізгі  талабы  —  күнәкардың  қатесін 
бетіне  айту,  дозақтың  шетінде  қалғып 
тұрғандарды  ояту  секілді  бөліктерінің  өзі 
орындалып  жатқан  жоқ».  Бұл  жөнінде 
Паул  пайғамбар:  «Күнәкар  екеніңді  Құдай 
заңы  арқылы  ғана  көре  аласың»  —  дейді. 
Адамдар  өздерінің  күнәкар  екендерін 
мойындамай,  Исаның  қаны  арқылы  ғана 
тазара  алатындарын  түсіне  алмайды. 
Құтқарушымыздың  Өзі  де  солай  деген: 
«Дені сауларға ем керек емес, тек сырқаты 
барлар  ғана  емді  қажет  етеді».  Шынымен 
де  дені  сауларға  немесе  сырқаттарын 
сезбейтіндерге  дәрігердің  көмегін  ұсыну 
ақымақтық болып табылады. Әуелі оларға 
сырқаты  барын  дәлелдеп  беру  керек, 
сонан  кейін  ғана  ем  ұсынылады.  Жүрегі 
шын  мәнінде  қайғырып,  жан  азабына 

119 
 
түспегендер 
Исаны 
қажет 
етпейді. 
Ондайларға  Исаның  құрбандығын  ұсыну 
ақымақтық. 
Осылайша 
Уэсли 
Құдай 
заңының  мәртебесін  көтере  отырып,  бар 
күші  мен  жігерін  салып  Ізгі  хабарды 
халыққа  уағыздады.  Ол  Құдайдың  өзіне 
сеніп  тапсырған  ісін  тиянақты  түрде 
орындай  білді  және  еңбегінің  жемісін  де 
көрді.  Сексен  жасқа  келген  Уэсли  жарты 
ғасыр уақытын миссионерлік жорықтарда 
жүріп Аллаға қызмет етуге жұмсады. Оның 
соңынан 
ергендердің 
саны 
жарты 
миллионға жетті. Тек Құдай патшалығына 
кірген  кезде  ғана  біз  оның  атқарған 
еңбегінің  жемісін,  яғни  қанша  жанның 
күнәнің 
үйіндісінен 
шығып 
Киелінің 
жолына түскенін көре аламыз. Оның өмірі 
кез келген Мәсіхшы үшін баға жетпес үлгі 
болып  табылады.  Осы  Исаның  сенімді 
жауынгерінің 
өз 
ісіне 
берілгендігі, 
қажымас  қайраты,  иманы  қазіргі  шіркеу 
м ү ш е л е р і н і ң  
б о й л а р ы н а н 
табылмайтындығы қатты өкіндіреді.
 
 

120 
 
15 
Киелі Кітап және француздық  
революция 
  XVI  ғасырда  реформация  халыққа  Киелі 
Кітапты  зерттеуді  ұсынып,  сол  арқылы 
барлық Еуропаға ақиқат ілімін таратқысы 
келді.  Кейбір  мемлекеттер  оны  көктен 
түскен  хабардай  қуанышпен  қарсы  алды. 
Ал  папалықтар  кедергілер  қойған  жерлер-
де ақиқаттың таралуына мүмкіндік болма-
ды.  Бұл  тарауда  сөз  болатын  мемлекетке 
шындықтың 
шұғыласы 
шашырап 
түскенімен,  қара  күш  одан  тайсалмады, 
керісінше  төтеп  берді.  Осылайша  бір 
ғасыр 
бойы 
қарама 
қарсы 
күштер 
шайқасумен  болды.  Ақыры  зұлымдық 
жеңіп  шығып,  ақиқат  түнекпен  жабылып 
қалды.  «Адамдар  жарықтан  гөрі  түнекті 
жақсы  көріп,  соны  таңдап  алды  —  дейді 
пайғамбар  (Жоһан.  3:  19).  Не  ексең  соны 
орасың  деген,  бұл  халық  қандай  дәнді 
отырғызса, 
соның 
жемісін 
көрді. 
Ақиқатты 
қабылдамаған 
адамдардан 
Киелі 
Рух 
алынып 
қойылды. 
Алла   
зұлымдықтың  гүлденуіне  жол  беріп  және 
оның  неге  әкеліп  тірейтінін  оларға 
көрсетті.  
   Жүздеген  жылдар  бойы  Киелі  Жазуға 
қарсы  жүргізілген  шайқас,  революция 
кезінде өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті. 
Римнің  Киелі  Жазбаны  оқуға  тыйым 
салғанының  соңы  осындай  қопарылысқа 
әкеліп тіреді. Бұл соғыс — Римнің халыққа 
жаттатқан  ілімінің  нәтижесін  айқын 
көрсететін суреттеме болып саналады. Рим 
билік  жүргізген  кезде  Киелі  Жазбаны  зер-
ттеуге  тыйым  салынатыны  жайлы  ежелгі 
пайғамбарлар  арқылы  айтылып  кеткен 
болатын.  Киелі  Жазбадағы  соңғы  кітап  — 
аянда, біз оны «Ашық кітап» деп атаймыз, 
Жоһан  пайғамбар  «күнәкар  пенде»  келіп 
билік  жүргізген  кезде  халықтың  басына 
қаншалықты  қасірет  төнетіні  жайлы 
ескертеді.  Әсіресе  оны  біз  Францияның 
басына 
түскен 
тауқыметтен 
жақсы 
байқаймыз.  Алланың  періштесі  келіп  бы-
лай деген: «Олар келіп Қасиетті қаланы 42 
ай бойы тепкіге алады. Мен оларға Өзімнің 
екі  куәгерімді  бердім.  Бұл  куәгерлер 
дәруіштің киімін киіп алып 1260 күн бойы 
оларға куәлік айтады. Олар куәлігін айтып 
болған  кезде,  тұңғиықтан  шыққан  хайуан 
бұлармен  шайқасқа  түсіп,  екеуін  жеңеді 
және өлтіреді. Сонан соң олардың мәйітін 
рухани Содом және Мысыр деп аталатын, 
Тәңіріміз 
айқышқа 
шегеленген 
ұлы 
қаланың 
көшесіне 
тастайды. 
Жерде 
тұратындар  бұған  қатты  қуанып,  бір 
бірлеріне сыйлықтар жібереді, өйткені  бұл 
екі пайғамбар оларды қатты қинаған бола-
тын.  Сонан  соң  үш  жарым  күн  өткеннен 
кейін Құдайдан оларға тіршілік демі кіріп, 
екеуі  орындарынан  тұрды.  Мұны  көрген 
пенделер  өте  үрейленіп  кетті»  (Аян  11:  2-
11).  
    Жоғарыда  айтылып  кеткен  42  ай  мен  
1260 күн деп аталатын уақыт аралықтары 
бір  периодты  нұсқайды.  Дәл  осы  уақыт 
аралығында  Мәсіхтың  шіркеуі  Римнің 
жағынан сұмдық қуғынға ұшыраған бола-
тын. Рим билігін жүргізген 1260 жыл, 538 
және  1798    жылдар  аралығы  еді.  Айтулы 
мезгіл  өткен  соң  Француз  армиясы  Римге 
кіріп,  кейіннен  қашып  жүріп,  қайтыс 
болған  папаны  тұтқынға  алды.  Сонан  соң 
жаңа 
папа 
тағайындалғанымен, 
ол 
бұрынғы пападай күш пен билікке ие бола 
алмады.  Шіркеудің  қуғындалуы  1260  жыл 
бойы  үздіксіз  болған  жоқ.  Құдайдың 
мейірімінің 
арқасында 
бұл 
қайғылы 
күндер  қысқартылды.  Ақырда  болатын 
қасірет  мерзімі  жайлы  Құтқарушымыз: 
«Егер бұл күндер қысқартылмаса бірде бір 
жан  иесі  тірі  қала  алмайды,  бірақ  Құдай 
Өзінің  қалаулылары  үшін  бұл  күндерді 
қысқартады»  —  деп  ескерткен  болатын 

121 
 
(Матай.  24:  22).  Реформацияның  әсерінен 
қуғындалу  1798  жылдан  әлдеқайда  бұрын 
аяқталды.   
   Әрі  қарай  екі  куәгер  жайлы  пайғамбар 
былай дейді: «Бұл екеуі Жаратушының ал-
дында тұрған екі майшам мен екі зәйтүн». 
Осы  жайлы  забур  жырында  да:  «Сенің 
сөзің  аяғыма  шырағдан,  жолыма  жарық 
береді» — деп жазылған болатын (Аян 11:4, 
Забур жыры.118:105). Бұл екі куәгер Көне 
Өсиет  пен  Жаңа  Өсиетті  бейнелеп  тұрған 
рәміздер.  Екі  Өсиет  те  жаратылыстың 
болғанын, Құдай заңының мәңгілік екенін 
және  құтқарылу  жоспарының  барлығын  
растайды.  Көне  Өсиеттегі  құрбан  шалу 
рәсімі болашақта болатын Ұлы Құрбандық 
—  Құтқарушымыз  Мәсіх  Исаны  мезгеген 
болатын.  Ізгі  хабар  және  Жаңа  Өсиетт 
Құтқарушымыздың  келуі  рәміздер  мен 
аяндарда  алдын  ала  айтылғандай  дәл 
орындалатынын хабарлайды.  
   «Дәруіштің  киімін  киген  екі  куәгерім 
1260  күн  бойы  куәлік  айтады»  делінген. 
Осы  уақыттың  басым  көпшілігін  Алланың 
куәгерлері  түнекте  өткізді.  Папалықтар 
Киелі Жазбаны халықтан жасырып тығып 
тастап,  жалған  пайғамбарларын  жұмсап, 
ақиқатты керісінше уағыздады. Діни билік 
пен  үкімет  билігі  жағынан  Киелі  Жазуды 
зерттеуге 
тыйым 
салынып, 
ондағы 
ақиқаттар  бұрмаланып,  олар  Жазбадан 
теріс  айналған  кезде,  адамдар  діни 
сауатсыздыққа 
ұшырап, 
шынымен 
түнекте  жүрді.  Соған  қарамастан  кейбір 
адамдар  жасырын  түрде  Жазбаны  зер-
ттеп,  алған  білімдерін  басқа  адамдарға 
жеткізбек  болғанда,  биліктегілер  олардың 
ауыздарын  буып,  өздерін  қуғын-сүргінге 
ұшыратып,  қамауға  алып,  өлтіріп,  өртеп 
көздерін  жойды.  Қайыршы  киіміндегі 
куәгерлер 
дегеніміз 
осылар. 
Қуғын-
сүргіндерге  қарамастан  олар  1260  жыл 
бойы ақиқатты уағыздаумен болды. Осын-
дай  ең  қатыгез  қайғылы  замандардың 
өзінде  Құдай  Сөзін  шын  ниетімен  жақсы 
көріп, Оның мәртебесін көтерген адал аза-
маттар 
аз 
болған 
жоқ. 
Бұл 
адал 
қызметкерлерге 
1260 
жыл 
бойы 
табандылықпен  Құдай  Сөзін  уағыздауға 
Оның 
тарапынан 
аса 
бір 
даналық 
берілген. 
   «Куәгерлерді  біреулер  ренжіткісі  келсе, 
олардың  ауыздарынан  жалын  шығып 
жәбірлеушілерді 
жалмайды. 
Егерде 
біреулер 
оларды 
өкпелетсе, 
өздері 
өледі»  (Аян  11:  5).  Құдай  сөзін  аяқ  асты 
қылғандар  ешқашан  жазасыз  қалмайды. 
Бұл қорқынышты қауіптің мағынасы Аян-
да айқын берілген: «Сол сияқты, мен, Киелі 
Жазуға  өз  бетінше  сөз  қосқандар  жаралы 
індетке  ұшырайды  және  одан  өз  бетінше 
бір  сөз  алып  тастағандардың  аттары 
Көктегі Өмір кітабынан зым-зия өшіріледі» 
—  деп,  барлық  естігендерге  куәлік  етемін. 
(Аян 22:18-19).  
   Бұл  Алланың  бұйрығын  және  Оның 
айтқанын  өзгертем  деушілерге  арналған 
ескерту.  Және  өзінің  абырой  атағын  пай-
даланып 
Құдай 
заңын 
аяқ 
асты 
қылғандарға  арналған  ескерту.  Бұл  ескер-
тулер  Құдай  заңын  орындаудың  қажеті 
жоқ  дегендерді  үрейлендіруі  керек.  Өзінің 
ойын  Құдайдың  сөзінен  жоғары  санай-
тындар,  дүниенің  көңілінен  шығу  үшін 
Киелі 
Жазудың 
мағынасын 
өздеріне 
ыңғайлы  қылып  өзгертетіндер  өз  мойын-
дарына 
өте 
қатаң, 
қорқынышты 
жауапкершілік  алады.  Жер  бетіндегі  әр 
пенденің  мінезі  Құдайдың  заңына  сай 
келуі  керек,  ал  мінездері  одан  өзгеше  бо-
лып  шыққандар,  Оның  алдында  соттала-
ды. «Олар өз сөздерін айтып болған соң»... 
Екі  куәгердің  халыққа  уағыз  айтатын 
уақыт  аралығы  1798  жылы  аяқталды. 
Куәгерлер  түнекте  жүріп  өз  жұмысын 
аяқтаған кезде, тұңғиықтан шығатын хай-
уан  оларға  бас  салуға  тиісті  болды. 
Еуропаның  көптеген  елдерінде  мемлекет 
және  шіркеу  басшылары  папа  арқылы 
жұмыс жасаған албастының билігінде бол-
ды.  Бұл  жерде  біз  албастының  өз  күшін 
жаңа тәсілдер арқылы көрсетіп жатқанын 
бақылаймыз.  Рим  шіркеуі  Киелі  Кітапты 
құрметтеген  болып,  оны  қолмен  ұстауға 
болмайды  деген  саясатпен    халыққа 
түсініксіз  тілде  ұстаған  бойы  ешкімге 
көрсетпей  тығып  тастаған.  Сондықтанда  
куәгерлер Рим билігінің тұсында ақиқатты 
қайыршы кейпінде жүріп уағыздаған. Со-
нан  соң  басқа  күш  —  «тұңғиықтан 
шығатын  хайуан»  пайда  болып,  Құдай 
сөзіне  қарсы  ашық  соғыс  жариялауға 
тиісті болды.  
 Екі  куәгер  өлтіріліп,  көшесіне  тасталған 
«ұлы  қала»  рухани  мағынасы  бойынша 

122 
 
Мысыр  деп  аталады.  Себебі  Киелі  Кітапта 
аты  аталған  барлық  халықтардың  ішінде 
Тірі Құдайға ашықтан-ашық қарсы болған 
халық  мысырлықтар  болатын.  Мысырдың 
билеушісіндей көктегі Алланың абыройына 
тіл  тигізіп,  Оған  қарсы  шығуға  бірде  бір 
монархтың дәті жеткен емес. 
   Мұса 
пайғамбар 
Құдайдың 
еркін 
перғауынға  жеткізген  кезде:  «Соншама 
Оның  сөзін  тыңдап,  Ысрайылды  босата-
тын Құдай деген кім? Мен Оны білмеймін 
және  Ысрайылды  босатпаймын»  —  деп 
жауап  берген  болатын  (Шығыс  5:  2).  Бұл 
дегеніміз  атеизм.  Рәмізделу  жағынан  Мы-
сырмен  салыстырылған  халық,  дәл  солар-
дай Алланың қойған талабын ысырып тас-
тап, имансыздық пен бағынбаушылық ру-
хын байқатуға тиісті болды. «Ұлы қала» со-
нымен  қатар  рухани  жағынан  Содоммен 
салыстырылады.  Құдай  заңын  аяқ  асты 
қ ы лған 
С о д о м ны ң 
к е сі р і  
о ны ң 
б ұ з ы л ғ а н д ы қ т ы  
з а ң  
р е т і н д е 
тағайындағанынан байқалады. 
Мұндай 
күнә 
Киелі 
Жазбадағы, 
тағдырында  бұл  аян  орындалуға  тиісті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет