Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет24/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60
болған, халықтың мінезін көрсетеді. 
   Пайғамбардың  айтуы  бойынша,  1798 
жылға  аз  уақыт  қалған  кезде  Ібіліс  Киелі 
Кітапқа  қарсы  соғыс  жариялайды.  Екі 
куәгердің  үндері  өшкеннен  кейін  халық 
перғауынның  атеизмі  мен  Содомның 
бұзылғандығына ұшырайды.  
   Осы  аян  Францияның  тағдырында 
таңқаларлық  дәлдікпен  орындалды.  1793 
жылғы 
революция 
кезінде 
дамыған 
қоғамда  туып,  тәрбие  алған,  Еуропаның 
ұлы  халқын  билеп  басқара  алатындай 
адамдар дүние жүзінде алғашқы рет адам-
зат  баласына  берілген  ақиқатқа  қарсы 
шығып,  Құдайдан  және Оған  қызмет  ету-
ден бас тартқаны жайлы хабар бар әлемге 
мәлім болды. Бар ғаламның Иесі  — Жара-
тушы Құдайдан қорықпастан бас тартқан 
жалғыз  мемлекет  осы  Франция  болатын. 
Бұл  туралы  біз  нақтылы  айғақтардан  біле 
аламыз.  Ағылшын,  Германия,  Испания 
елдерінде  де  кәпірлердің  саны  жеткілікті 
болғанымен,  Құдай  жоқ  —  деп  заңды 
түрде  қаулы  қабылдаған  мемлекет  Фран-
ция ғана еді. Бұл қаулыны адамдар көшеге 
шығып  би  билеп,  ән  салып  қошеметтеп 
қарсы алды.  
 Содомның 
бұзақылығының 
айқын 
ерекшеліктері  Францияның  бойынан  осы 
жерде дәл көрінді. Содом мен Гоморраның 
құрып кетуіне себепкер болған бұзақылық 
революция  кезінде  айтулы  мемлекетте 
мейлінше билік құрды.  
Дін  жайлы  қабылданған  бұл  қаулымен 
қоса, 
некенің 
қасиеттілігін 
жоққа 
шығаратын 
тағы 
да 
бір 
қаулы 
қабылданды.  Ол  қаулы  бойынша  ерлі  —    
зайыптылар 
некесіз 
қатынас 
жасап, 
қалаған уақыттарында ажырасуға хұқылы 
болды.  Қасиетті  атаулының  барлығын 
құртып 
жіберуге 
дайын 
тұратын 
жындардың  өздері  мұншама  азғындықты 
ойлап таппаған болар еді. 
Ұшқыр  ойымен  жұртқа  белгілі  болған  Со-
фи  Арно  атты  актриса  азаматтық  некені 
«жезөкшеліктің құпиясы» деп атады.                
«Құтқарушымыз 
айқышқа 
шегеленген 
жер».  Францияның  тағдырында,  берілген 
аянның  бұл  бөлігі  де  орындалды.  Иса 
Мәсіхқа  соншалықты  өшіккен  бір  мемле-
кет  болған  жоқ.  Бір  де  бір  мемлекетте 
ақиқат 
дәл 
осы 
мемлекеттегідей 
қуғындалған  жоқ.  Ал  Франция  болса, 
Исаның 
ізбасарларын 
қатыгездікпен 
өлтіре  отырып  осылайша  «Исаны  тағыда 
айқыш ағашқа шегеледі».  
   Ақиқаттың  қарлығаштарының  қандары 
жүздеген  жылдар  бойы  төгіліп  отырды. 
В а л ь д е н д і к т е р  
П ь е м о н т а  
т а у л ы 
аймағының  үңгірлерінде  Құдай  Сөзі  мен 
«Иса 
Мәсіхтың 
куәлігі» 
(Мәсіхтың 
куәгерлері  ретінде)  үшін  өмірлерін  беріп 
ж а т с а ,  
о л а р д ы ң  
б а у ы р л а р ы 
альбигойлықтар  да  дәл  сондай  азапты 
күндерді бастарынан кешіп жатты. Рефор-
мация  кездері  оны  қолдаушылар  неше 
түрлі  қорлықты  көріп,  айуандықпен  азап-
талып өлтіріліп отырды. Францияның бет-
ке 
ұстарлары 
— 
көрнекті 
қыз-
келіншектер,  сарай  басшылары,  ұлттың 
мақтанышы  атанғандар,  бастығы  патша 
болып  Исаның  куәгерлерінің  жанкешті 
азабын  тамашалап,  содан  өздеріне  ләззат 
алып,  рахаттанып  отырды.  Ержүрек  гуге-
ноттар  адамның  хұқысы  үшін  шайқасып, 
қатыгез  соғыстарда  жан  тапсырды.  Про-
тестанттар  заңнан  тыс  қалып,  олардың 
бастарына белгілі құн тағайындалып, хай-
уандарша қуғындалды. 

123 
 
   XVIII  ғасырда,  Францияда,  бабаларынан 
қалған  дінді  таза  күйінде  ұстап  қалған 
христиандар 
болды. 
Олар 
рухани 
мағынада  «Шөл  даладағы  шіркеу»  деп 
аталды,  себебі  олар  тау  менен  тасты, 
үңгірлерді  паналап  жүріп  күн  көрген.  Кей 
кездері олардың бастары қосылып, бір та-
салау  жерде  жинала  қалса,  жемтігін 
күткен  жыртқыштай  аңдып  отырған  дра-
гундар 
оларды 
ұстап 
алып, 
дереу 
тұтқындап, айдауға жіберіп отырған. Осы-
лайша 
Францияның 
белгілі  мейірбан 
ұлдары 
мен 
қыздары 
ұрылар 
мен 
қарақшылар  және  кісі  өлтірушілермен 
бірдей  кісенделіп  кете  барған.  Солардың 
кейсібірінің 
тағдыры 
басқаларына 
қарағанда  әлдеқайда  жеңіл  болды,  олар 
тізе  бүгіп,  дұға  айтып  тұрған  жерлерінде 
өлтірілді.  Кәрілер,  әлсіз  әйелдер,  күнәсіз 
балалар,  барлығы  Құдайға  ғибадат  ету 
кезінде  өмірлерімен  қош  айтысты.  Құдай 
халқының әдетте жиналатын жері, орман-
дар  мен  тау  шатқалдарының  арасына 
өткенде  «өлтірілген  және  ағашта  асылып 
тұрған»  адамдардың  мәйітін  көруге  болу-
шы  еді.  Найзамен,  қылышпен,  алаумен 
қырылып,  босап  қалған  мемлекет  «үлкен 
сахараға  айналды».  Осының  барлығы  сау-
атсыз  қараңғы  заманда  емес,  өнер  мен 
білімнің  дамып  тұрған  кезі,  Людовик  XIV 
дәуірінде,  өздерін  момын  және  мейірбан 
санайтын,  білімді,  сөзге  шебер  азаматтар-
дан  құралған  қауымның  билік  құрған 
уақытында болған оқиғалар. Осы аласапы-
ран  замандағы  қылмыстың  ең  ауыры  бо-
лып  Варфоломейлік  түн  саналады.  Әлем 
бұл  қатыгез  оқиғаны  қазірдің  өзінде 
тітіркенбей  еске  ала  алмайды.  Римнің  
д і ни 
б ас шы лар ы ны ң  
қ ы с пағы на 
шыдамаған  Францияның  патшасы  басқа 
діндегілерді,  яғни  «басқаша  сенетіндерді» 
қыруға рұқсат берді. Кенет түн ортасында 
қоңырау  соғылып,  өздерінің  патшаларына 
сеніп  шырт  ұйқыда  жатқан  протестан-
ттарды  дұшпандары  далаға  сүйреп  алып 
шығып  айуандықпен  қырды.  Мәсіх  көзге 
көрінбейтін 
қолымен 
Өз 
халқын 
мысырлықтардың  езгісінен  қалай  алып 
шықса,  дәл  солай  албасты  да  көрінбейтін 
қолымен  осы  масқараға  жетекшілік  етті. 
Шайтан 
бастаған 
қансорғыштардың 
қатыгез  тобы  бір  апта  бойы  Парижде 
қантөгіспен  айналысты.  Алғашқы  үш  күн 
тіпті  жаман  болды.  Қантөгіс  тек  Парижде 
ғана  болып  қойған  жоқ,  патшаның  ар-
найы  жарлығы  бойынша  Францияның 
барлық 
жерлерінде 
ұйымдастырылды. 
Олар  жас  демей,  кәрі  демей,  әйел  демей, 
бала  демей  бәрін  қырды.  Атақтылары  да, 
қарапайымдары да бірдей жазаға тартыл-
ды.  Бұл  сұмдық  Франция  бойынша  екі 
айға  созылды.  Осы  уақыт  аралығында 
ұлттың  бояуы  болып  саналатын  жетпіс 
мың адам қаза тапты.  
   Бұл  хабарды  естіген  Римнің  діни 
басшыларының  қуанышында  шек  болма-
ды. 
Кардинал 
Лорренский 
айтулы 
жаңалықты  жеткізген  хабаршыға  мың 
крондық  сыйлық  тартты.  Киелі  Анжело 
қаласы 
бұл 
оқиғаны 
пушка 
атып 
қошеметтеді.  Қоңыраулар  соғылып,  алау-
лар түнді күнге айналдырды. 
Григорий 
XIII 
кардиналдар 
мен 
сановниктерді  ерітіп  киелі  Людовиктің 
шіркеуіне келді. Осы арада кардинал Лор-
ренский: «Бұл болған оқиғаны мәңгілік ету 
үшін,  саған  Құдайым  құйып  медаль 
жасадық»  —  деп  ән  салды.  Шынымен  де 
Ватиканда  осы  күнге  дейін  үш  фреска 
сақталуда.  Бірінде  адмирал  —  гугенотқа 
шабуыл  жасалып  жатқаны  бейнеленген, 
екіншісінде  болатын  қантөгісті  өзінің 
кеңесшілерімен  талқылап  жатқан  патша, 
үшіншісінде қантөгістің өзі бейнеленген. 
Григорий «Алтын Раушан гүлін» жіберді, ал 
сол қантөгістен төрт ай өткеннен кейін, ол, 
киелі  әкенің  қуанышты  хабарды  алып, 
Құдайға 
және 
киелі 
Людовикке 
ризашылығын  білдіру  үшін  салтанатты 
түрде шіркеуге аттанғаны жайлы хабарды 
француз  діни  қызметкерінің  уағызынан 
рахаттана отырып тыңдады. 
   Варфоломейлік 
түнді 
болдыруға 
ықпалын тигізген албасты, революцияның 
қозуына  да  әсерін  тигізді.  Иса  Мәсіх 
өтірікші 
деп 
жарияланып, 
Франция 
құдайсыздарының  ұраны:  «Жексұрынды 
құлатамыз»  —  деген  сөздер  болды  (бұл 
жерде  Иса  Мәсіх  туралы  айтылып  тұр). 
Құдайға 
сөз 
тигізу 
мен 
арсыздық 
қатарласып  жүріп  отырды.  Азғындар  мен 
сатқындар  және  бұзақылардың  атағы 
шарықтады. 
Осылайша 
жындардың 
бастығы  —  албасты  құрметтеліп,  адалдық 
пен пәктіктің негізі және шексіз махаббат 
Иесі  Мәсіх  Иса  «айқышқа  шегеленді». 

124 
 
«Тұңғиықтан  шыққан  хайуан  шайқасып, 
оларды  жеңеді»  —  делінген  аянда.  Фран-
цияда    революция  кезінде  құрылған 
құдайсыздардың  билігі  Құдайға  және 
Оның  сөзіне  қарсы  ешкім  көріп  көрмеген 
құпия соғыс жүргізді. Ұлттық жиын Аллаға 
құлшылық  етуді  доғарды.  Олар  Киелі 
Кітаптың барлық даналарын жинап алып, 
көпшіліктің  көзінше  өртеп  жіберді.  Құдай 
сөзін  келеке  мазақ  қылып,  аяқтарымен 
таптады.  Құдайға  құлшылық  ететін  күнді 
алғызып тастап, оның орнына әрбір онын-
шы  күнді  әр  түрлі  бұзақылыққа,  неше 
түрлі ойын сауықтарға арнады. Шомылды-
ру  және  шіркеуге  қатыстыру  рәсіміне 
тыйым  салынып,  бейіттерге  «Өлім  — 
мәңгілік  ұйқы»  деген  жазулар  жазылып 
ілінді.  Қай  уақытта  болмасын    Құдайдан 
қорқу — даналықтың басы болып саналса, 
олар  Құдайдан  қорқу  —  ақымақтықтың 
белгісі  деген  пікірді  таратты.  Кімге  болса 
да Құдайға қызмет етуге тыйым салынды, 
тек бостандық пен еліне ғана қызмет етуге 
рұқсат берілді. Париж қаласының еписко-
пы  ол  заманда  да,  бұл  заманда  да  болып 
көрмеген 
бүтін 
бір 
ұлттың 
атынан 
шығарылған  жиіркенішті  көріністе  басты 
рольді  ойнауға  мәжбүр  болды.  Оны  
конвенттің жиынына алып келіп, сол жер-
де оған өзі қанша жыл бойы қызмет еткен 
дініне  қарсы:  «Дін  дегеніміз  тарихта  да, 
Киелі  Жазбада  да  негізделмеген,  ол  дін 
қызметкерлерінің  ойлап  шығарған  өтірігі» 
—  деген  сөздерді  айтқызды.  Сонан  соң 
епископ тұрған жерінде Құдайдан бас тар-
тып,  Оның  барлығына  күмән  келтіретінін 
айтып,  ендігі  жерде  бостандыққа  пен 
теңдікке,  өнеге  мен  әдептілікке  қызмет 
етемін деп салтанатты түрде уәдесін берді. 
Осыдан  кейін  ол    өзінің  епископтық 
киімдерін шешіп столдың үстіне қойды, ал 
конвенттің төрағасы болса, оны құшақтап, 
арқасынан 
қақты. 
Бұл 
прелаттың 
көрсеткен  үлгісі  бойынша  бірнеше  дін 
ә к е ле р і  
с а т қ ы н д ы қ  
ж а с а п ,  
ө з 
қызметтерінен бас тартты. 
«Жердегілер  қуанып,  бір  бірлеріне  сыйлық 
жіберді, өйткені бұл екі пайғамбар оларды 
қинаған  болатын».  Осылайша  Франция 
өздерінің 
азғындықтарын 
әшкерелеп 
отырған  екі  куәгердің  үндерін  өшірді. 
Құдай  сөзін  жек  көретіндер,  Оның  талап-
тарын  орындағысы  келмейтіндер  бұған 
қатты  қуанды.  Сөйтіп  олар  Құдайға 
ашықтан  ашық  қарсы  шықты.  Ежелгі 
кездегі  кәпірлер  секілді  оларда:  «Құдай 
бәрін 
қайдан 
біледі? 
Жан 
жақты 
бақылайтындай  жағдайы  бар  ма?»  —  деп 
айғайлады (Забур жыры 72: 11). Жаңадан 
құрылған  биліктің  бір  бақсысы  адам 
естігісіз  күпірлік  сөздер  сөйледі:  «Ей  Алла, 
егер  Сен  бар  болсаң,  Өзің  үшін  өш  алып 
көр  енді.  Мен  Саған  қарсы  шығып 
тұрмын! 
Сен 
үндемейсің 
ә... 
Күнді 
күркіретіп жауап беруге дәтің де жетпейді! 
Осыдан  кейін  Сенің  барыңа  кім  сенеді?» 
Айтыңыздаршы 
бұл 
сөздер: 
«Сөзін 
тыңдайтындай Құдай деген кім? Мен Оны 
білмеймін!»  —  деген  перғауынның  сөзіне 
өте ұқсас емес пе?  
   «Ақымақ  өзіне  өзі:  Құдай  жоқ»  —  деді. 
Ақиқатты  балағаттайтындар  жайлы  Алла 
былай  дейді:  «Олардың  ақымақтықтары 
б а р л ы ғ ы н ы ң  
а л д ы н д а 
әшкереленеді» (Забур жыры 14:1; Тімотеге 
арналған  2 хат 3:9).  Осыдан көп  ұзамай 
ең  жоғарыда  тұрған  мәңгілік  тірі  Құдайға 
қызмет  етуден  бас  тартқан  Францияның 
азғындыққа 
ұшырағаны 
соншалықты, 
олар  пұтқа  табынуға  кірісті.  Біз  Ақыл 
құдайына  бағынамыз  деп,  орталарына 
бұзылған  әйелді  отырғызып,  оған  сый-
құрмет жасады. Ұлттың өкілдерінің алдын-
да  осының  барлығын  жасап  жатқан  жан-
дар үкіметті билеп отырған адамдар бола-
тын.  Тарихшы  осы  жөнінде  былай  дейді: 
«Сол сұрапыл есі кеткен заманда жасалған  
рәсімдердің бірі нағыз күпірлік, қисынсыз 
сандырақ  болды.    Конвенттің  есігі  салта-
натты  түрде  келе  жатқан  шеруге  айқара 
ашылды.  Муниципалитет  мүшелері  еріп 
келе  жатқан  әншілермен  бірге  бостандық 
әнұранын  орындады.  Олардың  ортасында 
үстіне  жабу  жабылған  әйел  келе  жатты.  
Әйелді олар Ақыл құдайы деп атады. Шеру 
тоқтаған  кезде,  әйелдің  үстіндегі  жабуын 
тастатып,  төрағасының  оң  жағына  әкеліп 
отырғызды.  Бұл  әйелдің  опера  бишісі 
екенін  тану  ешкімге  қиынға  соққан  жоқ. 
Шынымен де солар табынатын даналықты 
бейнелеп  тұрған  бұл  әйелге  Францияның 
ұлттық  конвенті  сый-құрмет  көрсетіп 
қошеметтеді.  
    Айтулы  азғын  және  күлкілі  сауық 
кездейсоқ 
болған 
оқиға 
емес 
еді. 
Революцияның  ең  заңғар  биігіне  қол 
жеткіздік  деген  жерлердің  бәрінде  Ақыл 

125 
 
құдайын  таққа  отырғызу  рәсімі  өткізіліп 
отырды.  Даналыққа  бас  июге  шақырған 
шешен  былай  дейді:  «Заңгерлер!  Бүгінде 
фанатизмге  дұрыс  ақылға  жол  берді, 
тұманданған көздер жарыққа қарай алма-
ды.  Бүгін  алғаш  рет  ақиқат  айтылып 
тұрған  осы  орынға  көп  халық  жиналды. 
Енді Франция бостандық пен сана сезімге 
қызмет  ететін  болады.  Біз  Республиканың 
қарулы  күшіне  сенеміз  және  жансыз 
пұттарды  тастап,  табиғаттың  қолынан 
шыққан жанды мүсінге табынамыз». Ақыл 
құдайын 
конвентке 
әкелген 
кезде 
жүргізуші  осы  әйелдің  қолынан  ұстап, 
жиналған  қауымға  қарап  сөз  сөйледі: 
«Пенделер! 
Сендер 
Құдайдың 
әлсіз 
күркірегенінен  қорқа  бермеңдер.  Осы 
күннен  бастап  бізде  Ақыл  құдайынан 
басқа  Құдай  жоқ.  Мен  сендерге  сана 
сезімнің тап-таза үлгісін көрсетіп тұрмын. 
Егерде 
сендерге 
пір 
керек 
болса,  
құрбандықтарыңды 
осындай 
пірлерге 
әкеліңдер. Бостандық Басшысының алды-
на  жығылыңдар. О,  ақыл  арнасы!»  — деді 
шабыттана.  Сонан соң ана әйел орнынан 
тұрып  төрағасымен  құшақтасып,  ендігі 
жерде  орным  осы  болады  деген  ниетпен, 
жан  жағын  қоршаған  топтың  ортасында 
жүріп отырып, арнайы сәнделген көлікпен 
Нотр  Дам  шіркеуіне    аттанды.  Сол  жерде 
жиналып  тұрған  халықтың  барлығы  оған 
табынды.  
   Көп  ұзамай  жиналған  елдің  алдында 
Киелі  Кітапты  өртеу  рәсімі  өтілді.  Бірде 
мұражай  Халықтық  қоғамының  мүшелері 
муниципалитет  залына  «Ақыл  құдайы  жа-
сасын!»  —  деген  ұранмен  шаттана  кірді. 
Олар 
өртеніп 
кеткен 
кітаптардың 
парақтарын 
бақандардың 
бастарына 
түйреп  алып  жүріп  отырды.  Шіркеудің 
басқа  баспаларының      ішінде      Жаңа   
Өсиет   және   Көне   Өсиет   бар    бола-
тын.      Төрағасы:      «Бұл      кітаптар   
адамдарға      жасатқан      ақымақтықтары 
үшін жалынға түсіп, жазаларын тапты» — 
деп  жариялады.  Осылайша  папа  бастаған 
жұмысты атеизм аяқтады. Римнің саясаты 
Францияның  діни,  саяси  және  әлеуметтік 
түрде  құлдырауына  әкеліп  тіреді.  Револю-
ция әкелген сұмдық оқиғалар жайлы жаза-
тындар, бұған мемлекет пен шіркеу кінәлі 
деп  есептейді.  Әділеттілікті  ескеретін 
болсақ,  шын  мәнінде,  барлығына  кінәлі 
шіркеу.  Өйткені  ол,  яғни  папалықтар  Ре-
формацияны  патшаның  жауы  және  мем-
лекетке  зиянды  деген  сөздер  таратып, 
оған монархтарды қарсы қойды. Тек олар-
ды қарсы қоюмен шектеліп қоймай, неше 
түрлі  айуандықтар  жасауларына  басшы 
болды. 
   Киелі  Кітап  халыққа  бостандық  сыйла-
ды.  Онымен  танысқан  адамдар  ырым  —  
жырымның, 
кесірдің, 
надандықтың 
құрсауынан 
босанып, 
ойланып 
өз 
беттерінше  шешім  қабылдайтын  күйге 
жетті.  Әрине  мұны  көрген  монархтар  өз 
биліктері  үшін  қауіптенді.  Ал  Рим  болса, 
бұл қауіпті одан сайын қоздырумен болды. 
1525  жылы  папа  Франция  регентін 
сақтандыра отырып, былай деген болатын: 
«Бұл  ессіздік  (протестантизм)  тек  діннің 
ғана  емес,  мемлекеттің  де,  дворяндықтың 
да,  жауы,  ол  заңның  тәртіптің  көзін  жоя-
ды». Арада біраз жыл өткен кезде папаның 
елшісі дәл  осы  сөздерді  патшаның  алдын-
да  қайталады:  «Алдияр  хан  —  ием, 
шатаспаңыз!  Протестанттар  тек  діннің 
ғана  емес,  үкіметтің  де  жауы.  Мехрап 
қандай  қауіпте  болса,  тақ  та  дәл  сондай 
қауіпте».  Ал  дін  зерттеушілер:  «Жаңа  дін 
өзінің  жаңалықтарымен,  ессіздіктерімен 
х а л ы қ т ы  
е л і к т і р і п ,  
п а т ш а н ы ң 
маңайындағыларды оған қарсы шығарып, 
шіркеуге  де,  сол  секілді  мемлекетке  де 
бүлік  әкеліп,  бұзылғандыққа  бастайды»  — 
деп,  халықты  соған  иландыруға  тырысты. 
Осылайша Рим Францияны Реформацияға 
қарсы  айдап  салды.  Сол  себепті  Франция 
тағын,  заңын,  ақсүйектерін  қорғап  қалу 
үшін, қылыштарын сайлап қанды соғысқа 
шықты. 
   Мемлекет  басшылары  мұндай  қатыгез 
саясаттың  немен  тынатынын  білмеген  бо-
луы 
керек. 
Киелі 
Кітапты 
зерттеу 
х а л ы қ т ы ң  
с а н а с ы н  
ө р к е нд е т і п , 
мемлекеттің  ірге  тасын  бекіте  түсетіні 
әлбетте 
белгілі 
емес 
пе? 
«Тақуалық 
халықтың  рухани  деңгейінің  көтерілуіне 
ықпалын 
тигізеді, 
сондықтан 
болар 
ақиқаттың  арқасында патшаның тағы да 
шайқалмайды.»  (Нақыл  сөздер  14:  34,  16: 
12). 
  «Шындық  бейбітшілікті  береді,  ал  оның 
нәтижесі 
мәңгілік 
тыныштық 
пен 
қауіпсіздік» (Ишая 32: 17). 
Құдай  заңына  бағынатын  адамдар    өз 

126 
 
елінің заңына тіпті де бағынады. Құдайдан 
қорқатындар,  өз  басшыларының  заңды 
талаптары  мен  әділетті  істерін  сыйлай 
біледі.  Ал  арсыз  Франция болса  Киелі  Жа-
зуды 
оқуға 
тыйым 
салып, 
оның 
оқушыларын  заңнан  тыс  қалдырды,  яғни 
заң ендігі жерде оларды қорғамайтын бол-
ды.  Ғасырлар  бойы  ақиқат  үшін  табанды 
түрде  шайқаса  білген  зиялы,  ақылды,  өз 
көзқарастарын  баяндаудан  тайсалмайтын 
ержүрек  азаматтар  әділеттілік  үшін  азап 
шегіп, айдауға түсіп, қара жұмысқа салы-
нып,  отқа  тасталып,  тірідей  түрмелерде 
шіріді.  Мыңдаған  адамдар  қашып  жүріп 
күн 
көруге 
мәжбүр 
болды. 
Айтулы 
оқиғалар  Реформация  басталғаннан  бас-
тап  250  жылға  созылды.  Осы  уақыт 
аралығында Ізгі хабардың ізбасарларының 
қаншалықты  қайғылы  оқиғаларды  баста-
рынан  кешкендеріне  Француздардың  ең 
жоқ дегенде бір буыны куә болмай қойған 
жоқ  шығар.  Соры  қайнаған  қашқындар 
тамаша 
тәртіптің, 
өнердің, 
білімнің, 
шеберліктің  иегерлері  болатын.  Олар  өз 
өнерлерін жүрген жерлеріндегі халықтарға 
тарата 
білді. 
Осыншама 
байлықтың 
барлығын  олардың  отандастары  емес, 
бөтен жердегілер иемденді. 300 жыл бойы 
осы  дарын  иелері  Францияда  қалып  өз 
еліне 
қызмет 
жасағанда 
мәдениет, 
әдебиет,  ғылым  саласында  еңбек  еткенде, 
өз  білімдерімен  үкімет  басындағыларға 
көмек 
жасап, 
қаһармандықтарымен 
әскери  қолбасшыларға  пайдалы  болып, 
әділетті  заңдар  шығарылып,  шынайы  дін 
адамдардың  ар-ұжданына  әсер  етіп  сана-
сын  оятып,  халықтың  рухани  деңгейі 
көтеріліп,  Франция  қандай  жетістіктерге 
қол  жеткізген  болар  еді.  Мұндай  ұлы, 
гүлденген, 
бақытты 
мемлекет 
басқа 
халықтарға үлгі болмас па еді?  
    Керісінше  соқыр,  аяусыз  фанатизм 
оның,  яғни  Францияның  маңайынан 
тәртіп 
сақшылары 
мен 
әділетті 
қорғаушыларды қуып шығарды. Сөйтіп, өз 
елдерін ұлы да атақты ете алатын, ұлттың 
бояуы 
болып 
табылатын 
мейірбан 
жандарға: 
«Нені 
қалайсыңдар, 
жер 
аударғанды  ма  немесе  алауды  ма?»  —  де-
ген 
ұсыныстар 
жасалды. 
Ақыры 
мемлекеттің  күл  талқаны  шығып,  халық 
ардан 
жұрдай 
болып, 
азғындыққа 
ұшырады.  Алау  дегендер  тоқтатылды, 
өйткені  дін  деген  жоғалды,  қуғын-сүргін 
деген  болмады,  өйткені  қудаланатын 
ешкім  қалмады.  Осындай  саясаттың  сал-
д ар ы на н 
р е в о лю ц ия  
м е м ле к е т т і 
соншалықты  сорақы  нәтижелерге  әкеліп 
тіреді. 
   Франциядан 
гугеноттар 
қуылсымен 
дағдарыс  басталып  кетті.  Гүлденіп  тұрған 
қалалар  қурап,  құнарлы  жерлер  шөл 
далаға 
айналды. 
Табыстың 
орнына 
парасаттылығы  солған,  өнегесі  шіріген 
арсыздық  пен  надандық  келді.  Париж 
қайыршылыққа ұшырады. Революция бас-
талсымен  қайыршылыққа  ұшыраған  200 
мың 
адам 
патшадан 
көмек 
күтті. 
Соншалықты жүдеп тұрған мемлекетте тек 
иезуиттер  ғана  шылқып  күн  көрді.  Соны-
мен  қоса олар    шіркеулерде, мектептерде, 
түрмелерде,  тәртіпке  салу  мекемелерінде  
естімеген 
қатыгездікпен 
биліктерін 
жүргізді. 
  Франциядағы  барлық  ұлтты  азғындық 
пен анархияға әкеліп тіреген дін әкелерін, 
патшаны  және  заңгерлерді  дағдарысқа 
ұшыратқан 
саяси 
және 
әлеуметтік 
қиындықтарды  Ізгі  хабардың  көмегімен 
шешуге  болатын  еді.  Бірақ  халық  Римнің 
пас ы қ  
с ая с ат ы ны ң 
нә т иж е с і нд е 
сүйіспеншілік,  құрбандық  жайлы  айтыла-
тын  Құтқарушымыздың  баға  жетпес 
уағыздарын жоғалтып алды. Өзгенің қамы 
үшін 
өзінің 
жайын 
ұмыту 
сияқты 
түсініктер  оларға  беймәлім  болды.  Байлар 
кедейлерге  қол  ұшын  созып  жәрдем  беру 
дегенді білмеді және оларға бұл жайлы ай-
ту  ешкімнің  миына  кіріп  те  шыққан жоқ. 
Өзімшілдік,  қатыгездік  кеңінен  етек  жай-
ды.  Ғасырларға  созылған  байлардың 
көзтоймас 
сараңдығы, 
іштарлығы, 
қаттылығы  кедей  байғұстардың  күндерін 
одан  сайын  қиындата  түсті.  Байлар  бәз 
баяғысынша  кедейлерді  алдап  арбаумен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет