Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет26/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60
сүргінге  ұшырап  тұтқындалып,  қамауға 
алынды.  Көпшілік  жандардың  әбден 
түңілгендері  соншалықты  ағылшын  жері 
мекен  етуге  келмейді  екен  деп    шешті, 
сөйтіп 
Голландияға 
кетпекке 
шешім 
қ а б ы л д а д ы ,  
б і р а қ  
қ и ы н д ы қ қ а , 
жоқшылыққа,  қуғындалуға  тап  болды. 
Сатқындардың  қырсығынан  құрған  жос-
парлары  да  жоққа  шығып  отырғанмен, 
т аб анд ы лық т ар ы ны ң 
нә т иж ес і нд е 
өздеріне Голландия республикасынан пана 
тапты. 
Қашып-пысып, 
сүрініп 
— 
жығылып  жүргенде  олар  өздерінің  күн 
көретін 
қаражаттары 
мен 
дүние 
мүліктерінен  айрылды.  Өмір  бойы  жерді 
өңдеумен  айналысып  жермен  күн  көрген, 
егде жасқа жетіп қалған адамдар енді күн 
көріс  үшін  бөтен  жерді  мекендеп,  бөтен 
халықтың ортасында тұрып, олардың тілін 
меңгеріп,  техникалық  мамандықтарды 
игеріп,  басқа  кәсіппен  шұғылдануларына 
тура  келді.  Олар  текке  өмірлеріне  шағым 
жасай 
бермей, 
еншілеріне 
түскен 
ауыртпалықты  мойымай  көтеруге  тыры-
сты.  Үлестеріне  тиген  қиыншылықтарға 
қарамастан, 
олар, 
Құдаймен 
рухани 
қарым-қатынас 
жасай 
алатындарына 
ризашылықтарын  білдіріп  қатты  қуанды. 
Бұл  адамдар  уақытша  өмір  емес,  мәңгілік 

132 
 
өмір  жайлы  ойлады  және  өздерін  пилиг-
римдердей  сезінді.  Қуғын-сүргіндер  мен 
тапшылық 
олардың 
сенімдері 
мен 
сүйіспеншіліктерін  нығайта 
түсті,  ал 
Құдайдың  көзге  көрінбейтін  періштелері 
олармен үнемі бірге болды. 
  Құдай    Өз  қолымен  мұхиттың  арғы 
жағын  нұсқағанда,  олар  ойланбастан  бұл 
ұсынысты қабыл алды. Сөйтіп сол жақтан 
өз  мемлекеттерінің  ірге  тасын  қалап,  өз 
ұрпақтарына  рухани  бостандықты  сыйға 
тартты.  Алла  Өз  халқын  қатаң  сынақтан 
өткізді.  Бірақ  Өзіне  сенетіндерді  Ол 
ешқашанда 
ұмытпайды. 
Шайтанның 
гаһары 
мен 
арсыздардың 
зұлым 
әрекеттері керісінше Құдайдың абыройын 
ас ыр у ға 
жә не  
Оны ң 
х алқы ны ң 
қауіпсіздікте  болуына  себебін  тигізді, 
қуғын-сүргін бостандыққа жол ашты. 
   Ағылшын  шіркеуінен  бөлініп  шығуға 
мәжбүр 
болған 
пуритандар 
бірігіп, 
Құдайдың тәуелсіз халқы ретінде  Тәңірдің 
белгілі  және  әлі  де  белгісіз  жолдарымен 
жүруге, Оған шын жүректен қызмет етуге 
уәде  берді.  Реформаның  әсері  осы  жерде 
жақсы  байқалды.  Осындай  ниетпен  про-
тестанттар  Голландия  жерін  тастап,  жаңа 
о т а н д а р ы н  
и г е р у г е  
а т т а н д ы . 
Жаратқанның  еркі  бойынша  бауырласта-
рына  ілеспеген  олардың  діни  жетекшісі 
(пастор)  Джон  Робинсон  өз  жамағатымен 
қоштасып  тұрып:  «Енді  біздер  кездесеміз 
бе, жоқ па,   оны Алла біледі. Мен Исаның 
соңынан не үшін ерсем, сендер де сол үшін 
еріңдер. Егер де біреу Киелі Жазуға сүйене 
отыра, 
сендерді 
ақиқат 
жолымен 
жетелейтін болса, соның соңынан еріңдер. 
Жарылқаушы 
Алланың 
әліде 
беретін 
ж а р ы ғ ы  
ж е т к і лі к т і .  
Ө з  
б ас ы м 
реформаланған 
шіркеулердің 
қазіргі 
күйіне  қатты  қынжыламын.  Олар  діни 
дамудың  анықтаулы  кезеңіне  жетті  де, 
Реформацияның  негізін  қалаушылардың 
жасаған  қадамдарынан  артық  алға  қарай 
бір  қадам  да  жасағылары  келіп  тұрған 
жоқ.  Лютерандар  Лютердің  білгенінен 
артық  ештеңені  білгілері  келмей,  сонымен 
шектеліп қалды. Дәл сол секілді кальвини-
стер де діни қолбасшыларының қалдырған 
жерінде  тоқтап,  қалып  қойды.  Шіркеудің 
осыншалықты  аянышты  күйде  тұрғаны 
жаман  екен.  Оны  құрушылар  ақиқаттың 
көзін  тапқанымен,  оның  тереңдігіне  бой-
лап үлгермеді. Егерде олар әлі де болса тірі 
болғанда  шындықтың  алғашқы  сәулелерін 
қабылдағандай,  ашылып  тұрған  жарыққа 
қарай  жүретіні  анық  еді.  «Алланың  ізімен 
қазір  де,  болашақта  да  жүреміз»  —  деген 
уәделеріңнен  таймаңдар.  Алламен  құрған 
өсиеттеріңді  және  Құдайдың  Сөзі  арқылы 
ашылған  кез  келген  жарық  пен  ақиқатты 
қабыл  аламыз  деп  бір-бірлеріңе  берген 
уәделеріңді  де  ұмытпаңдар.  Бірақ  өте 
байқаулы  болыңдар,  ақиқатты  жетесіне 
жеткенше  зерттеңдер,  оны  қабылдамас 
бұрын  Киелі  Жазбаның  басқа  жерлерімен 
салыстырып  алыңдар,  тиянақты  түрде 
талдаңдар,  өйткені  су  қара  түнектен  енді 
шыққан  Мәсіхшылар  әлемі  кемелденген 
білімді толық қабылдай қоюы мүмкін емес» 
— деген болатын. 
   Ақыры  бостандыққа  ие  боламыз  деген 
ой  пилигримдерді  қатты  құлшындырды. 
Олар  аяқ  баспаған  жерді  мекен  қыламыз 
деген  ниетпен  мұхиттың  арғы  бетіне  өтер 
кездегі қауіп-қатер мен еншілеріне түскен 
қиындықтарды 
ерлікпен 
жеңе 
білді. 
А л л а н ы ң  
а р қ а с ы н д а  
А м е р и к а 
жағалауында  ұлы  ұлттың  ірге  тасын 
қалауға  дайындалды.  Десе  де  Құдайдан 
қорқатындары  
мен 
әділдіктеріне 
қарамастан  олар  рухани  бостандықтың 
мағынасын  толығымен  түсіне  алмады. 
Қ ұ р б а н д ы қ т ы ң  
қ ұ н ы м е н  
а л ғ а н 
бостандықтарын 
басқалармен 
бөлісуге 
дайын болған жоқ. «XVII ғасырдың ұлы ой-
шылдары 
мен 
насихатшыларының 
өздерінің  ішінде  Жаңа  Өсиеттің  ең  негізгі 
ұстанымы  –адам  сенімінің  жалғыз  ғана 
үкімшісі  Құдай  екенін  толық  танып 
білгендері аз болды». 
   Папалықтардың  беріш  болып  қатып 
қалған  қателіктерінің  бірі:   
«Құдай 
шіркеуді 
адамның 
арының 
әміршісі 
қылып, есерсоқтықты анықтап, оған жаза 
тағайындауға  хұқық  берді»  —  деген  қате 
ілімді  таратқандары  еді.  Реформаторлар 
к а т о л и к т е р д і ң  
і л і м і н е н  
б а с 
тартқандарымен,  солардан  тараған  діни 
шыдамсыздық рухынан толық дерлік боса-
нып 
шықпаған 
болатын. 
Бірнеше 
ғасырлар бойы оларды қоршап тұрған қою 
тұман  әліде  болса  сейіле  қоймаған  еді. 
Массачусетс 
шт атыны ң 
көрнекті 
қ а й р а т к е р л е р і н і ң  
б і р і :  
« ә л е м д і 
антихристиандық 
еткен 
осы 
діни 

133 
 
шыдамдылық, 
сондықтан 
шіркеу 
есерсоқтарға қандай жаза тағайындаса да 
айыбы жоқ» — деген болатын. Колонистер 
азаматтық мәселелерді шешер кезде дауыс 
беруге  тек  шіркеудің  мүшелерінің  ғана 
құқығы  бар  деген  қаулы  қабылдады. 
Мемлекеттік  деп  аталатын  шіркеу  ашы-
лып,  халық  діндарлардың  дегендерін 
құптауға тиісті болды, ал қала басшылары 
кез  келген  ересьті  тоқтатып  отыруға 
мүмкіндік  алды.  Осылайша  мемлекет 
билігі  шіркеудің  қолына  тиді.  Ал  оның 
соңы қуғын-сүргінмен аяқталды.  
   А л ғ а ш қ ы  
к о л о н и я н ы ң  
н е г і з і 
құрылғаннан  кейін  он  бір  жыл  өткен  соң, 
Жаңа Жарыққа Роджер Уильямс келді. Ол 
да 
алғашқы 
пилигримдердей 
мұнда 
бостандық  іздеп  келген  болатын,  бірақ 
Роджердің 
олардан 
айырмашылығы 
қандай  дінді  уағыздағанына  қарамастан 
кез  келген  адам  бостандықта  болуға 
құқылы  екенін    жақсы  білетіндігінде  еді. 
Ол  шындықты  сабылып  жүріп  іздеді. 
Робинсонның  ойына  ортақтаса  отырып 
Роджер, Құдай сөзінің жарығын әлем әліде 
болса  толық  қабылдамағанын  айтады. 
Уильямс 
христиандардың 
ішіндегі, 
азаматтық  биліктің  негізіне  адамның  ар-
ұжданы мен заң алдындағы көзқарасының 
теңдігі  жайлы  ұстанымдарын  енгізген 
алғашқы  адам  болатын.  Ол:  «Үкімет 
қылмысты  істерді  тоқтатуға  міндетті, 
бірақ адамның ар-ұжданын аяқ асты етуге 
қақысы  жоқ»  —  дейді.  Үкімет  билігінде 
отырғандар 
адамдардың 
бір-бірімен 
қандай қарым-қатынаста болуы керектігін 
шеше  алады,  бірақ  адам  мен  Құдайдың 
арасындағы  қарым-қатынасқа  араласуға 
құқығы жоқ, себебі олар адамдардан бүгін 
бір  дінді,  ертең  басқа  дінді  мойындаула-
рын  талап  етуі  мүмкін.  Бұл  дегеніміз 
билікті  пайдаланып,  біреудің  өз  дегенін 
басқаларға  орындату  деген  сөз.  Англияда 
дәл  осындай  істерді  көптеген  патшалар 
мен  патшайымдар  жасаған,  осындай 
шешімді  Рим  соборы  мен  шіркеулер 
қабылдаған.  Соның  нәтижесінде  иманға 
қатысты  сұрақтар  маңайында  көптеген 
түсініспеушіліктер болған. Халықтан ресми 
шіркеуге  барып  отыру  талап  етілді,  оны 
орындамағандар айыпқа тартылып немесе 
қамауға алынды. Уильямс бұл заңға қарсы 
шықты.  Әр  түрлі  дінді  уағыздайтын 
адамдардың  бастарын  бір  жерде  күшпен 
біріктіріп  ұстау,  олардың  табиғи  құқығын 
бұзу 
деп 
есептеді. 
Ал 
Құдайға 
сенбейтіндерді  күшпен  шіркеуге  келтіруді 
екіжүзділік  деп  санады.  Адамды  күшпен 
Құдайға  сендіру  мүмкін  емес  —  деді  ол. 
Қалайша? 
Сонда 
дін 
уағыздаушы 
тәлімгерлерге  қаражатты  кім  төлемекші?- 
деп ашуланды оның қарсыластары. Әрине 
оларға  ақы  төленуге  тиісті.  Бірақ  ақыны 
кім жалдаса, сол төлеуі керек. 
Үкімет 
Роджер 
Уильямсты 
сенімді 
қызметкер,  дарынды  азамат  ретінде 
әділдігі 
мен 
кең 
пейілділігі 
үшін 
сыйлағанымен, үкіметтің шіркеуді билеуге 
қарсы  болғанына  және  олардан  діни 
бостандықты талап еткеніне шыдай алма-
ды. Үкімет басында отырғандар Роджердің 
ойы  жүзеге  асып  қалған  жағдайда, 
қолдарында  тұрған  биліктен  айрылып 
қаламыз  ба  деп  сескенгендіктен,  Уильям-
сты  колониядан  қуу  керек  деген  шешім 
қабылдады. 
 
Қамауға 
алынып 

жауларының  қолына  түспес  үшін  Уильямс 
қақаған  аязда  қалың  орманды  паналауға 
мәжбүр  болды  .  Кейіннен  басына  түскен 
қиындықтарды    есіне  ала  отырып,  ол  бы-
лай дейді:  «Маған он төрт апта бойы нан-
сыз,  баспанасыз    қаңғуыма  тура    келді. 
Осы  күндері  мені  қарғалар  асырады,  ал 
ағаштың  үңгірлері  баспанам  болды».  Ол 
қар  басқан  қалың  тоғайда  әрең  дегенде 
жол  тауып  жүріп отырып,  ақыры  бір  үнді 
тайпасына  тап  болды.  Аз  уақыт  ішінде 
Роджер    өзінің  мінез-құлқымен    олардың 
сүйіспеншілігі мен сыйына бөленді. Оларға 
ақиқатты уағыздады.  
    Бірнеше  айдан  соң  ол  Нарагенсет 
шығанағының жағалауына жетті. Дәл осы 
арада  ол  шын  мәнінде  басында  діни 
бостандығы бар  алғашқы  штаттың  негізін 
қ ұ р д ы .  
Р о д ж е р  
У и л ь я м с т ы ң 
колониясындағы  іргелі  ұстанымдарының 
бірінде:  «Әр  адам  Құдайға  өз  арына  сай 
қызмет  етеді»  делінген.  Осы  кіші  —  гірім 
Род  —  Айленд      штаты  барлық    қуғынға 
ұшырағандардың  баспанасына  айналды. 
Оның  негізгі  ұстанымдары  —  азаматтық 
бостандық  және  діни  бостандық  Америка 
республикасының іргетасына айналғанша, 
бұл  штат  көркейіп  өсіп  өне  берді. 
Маңызды    құжат  —  тәуелсіздік  Деклара-
циясында    былай  делінген:  «Жер  бетіндегі 
бар  жандарды  Құдай  жаратты  және 

134 
 
олардың    барлығының  белгілі  құқықтары 
бар.  Олардың    ішіне    өмір  сүру,  бақытты 
болуға  ұмтылу  және  бостандыққа  ие  болу 
кіреді».  Ата  заңында  былай  делінген: 
«Адамның 
арына 
жанасуға, 
яғни 
соқтығуға  болмайды.  Құрама  штаттарда 
адамның  діни  көзқарасы  оның  жауапты 
жұмысқа тұруына кедергі немесе негіз бо-
ла  алмайды.  Конгресс  кімге  болса  да  кез 
келген  дінді күштеп таңып қоюға  немесе 
керісінше оған кіргізбеуге тыйым сала ал-
майды».  
   « А т а  
з а ң н ы ң  
а в т о р л а р ы  
б ұ л 
ұстанымдардың  өзгермейтінін,  Алла  мен 
Оның  пенделерінің  арасындағы  қарым-
қатынасты  адам  заңы  бойынша  реттеуге 
болмайтынын,  яғни    Құдай  мен  адамның 
арасындағы  қарым-қатынасқа  ешкімнің 
кіруге  қақысы  жоғын  мойындады.  Бұл 
ақиқатты  дәлелдеудің  еш  қажеті  жоқ,  ол 
әр  адамның  көкірегінде  өмір  сүреді.  Дәл 
осы  ақиқат  қуғын  —  сүргін  кезінде 
босығандарға 
қиындықтарды 
жеңуге 
көмектескен  болатын.  Олар  пенделердің 
Құдай 
алдындағы  борышы 
адамның 
құрған  заңынан  жоғары  екенін  жақсы 
білді.  Және  бұл  туа  біткен    ұстанымды 
жойып жіберу мүмкін емес».  
    Көптеген  Еуропа  елдерінде  осындай 
мемлекет барын естіген халық солай қарай 
ағылды. Колониялар тез өсе бастады.  
   Аштықтан,  соғыстан,  қуғыннан  қашқан  
кез келген ұлттың  мәсіхшілеріне Массачу-
сетс  штаты  жәрдем  көрсетті,  тамақпен  
және  баспанамен  қамтамасыз  етті.  Осы-
лайша  бір  кездері  қуғындалып  жүрген 
халық,  енді  заңның  күшінің  арқасында 
мемлекеттің қонағы болды. Осыдан жиыр-
ма  жыл  бұрын  Плимутте  алғашқы  зәкір 
тасталғаннан бері  Жаңа Англия мыңдаған 
пилигримдердің  мекеніне  айналды.  Олар 
бостандық үшін көп нәрседен бас тартты, 
аздаған 
қаражатты 
қанағат 
қылды. 
Байлық  деген  оларды  қызықтырмады, 
олар тіпті байлық туралы ойлаған да жоқ.  
Сонымен,  бостандықтың  ағашы  терең  та-
мырын  жайғанша,    бұл  ақиқаттың 
қарлығаштары  оны  көз  жастарымен  суа-
рып  отырды.  Киелі  Кітап  олар  үшін 
иманның  негізі,  даналықтың  басы  және 
бостандықтың  жарғысы  болды.  Оның 
ұстанымдарын бұлар мектепте де, үйде де 
және шіркеуде де зерттеді, үйренді. Соның 
н ә т и ж е с і нд е  
а й т у л ы  
ш ә к і р т т е р 
ұстамдылықты, үнемділікті, данышпандық 
пен  парасаттылықты  меңгерді.  Олардың 
арасында    бір  де  бір  мас  адамды  немесе 
аш  адамды  кездестіру  мүмкін  болмады, 
ауыздарынан  бір  де  қарғыс  сөз  естілмеді. 
Киелі  Кітаптың  ұстанымдарының  ұлттың 
өркендеуіне  кепілді  екені  осы  жерде 
жақсы байқалды. Кішкентай мекенді жер-
лер  үлкен  —  үлкен  штаттарға  айналып, 
папасыз,  шіркеусіз,  патшасыз  өркендеп, 
көркейіп  өсіп  жатқанына  бар  әлем  таң 
қалып 
қарап 
отырды. 
Дегенмен 
Американың  жағалауына  ойлары  мүлдем 
өзгеше  жандар  да  көптеп  жиналды. 
Алғашқы  кездегі  сенім  мен  тазалық 
адамдарға 
қатты 
әсер 
еткенімен, 
пайдакүнемдердің  саны  көбейген  сайын, 
тазалық пен пәктіктің әсері нашарлай бас-
тады.  Жауапты  қызмет  орындарына  ие 
болуға  және  дауыс  беруге  шіркеудің 
мүшелері  ғана  хақылы  болды,  десе  де 
оның  соңы жақсылыққа  апармады,  себебі 
көпшілік  жандар  шіркеудің  мүшелігіне 
белгілі  орындарға  ие  болу  үшін  жай  ғана 
формалды  түрде  кірді,  ал  шын  мәнінде 
жүректері Алладан өте алыста болды. Тіпті 
ш і р к е у д е  
қ ы з м е т  
ж а с а й т ы н 
насихатшылардың  өздерінің  Киелі  Рухтың 
адамның  мінезін  өзгерте  алатын  күші  ба-
ры міңкелеріне кіріп те шыққан жоқ, оған 
қоса  айтулы  ұстаздар  ақиқатқа  қарсы 
келетін  пікірлерді  уағыздай  бастады. 
Осының  нәтижесі  өте  күйінерліктей  бол-
ды.  Мұндай  оқиғалар,  яғни  шіркеуді 
мемлекеттің  көмегімен  ұстап  тұру,  «Менің 
патшалығым  бұл  өмірдікі  емес»  деген 
Алланың  Ізгі  хабарын  қолдау  үшін  зайыр-
л ы  
б и л і к т і ң  
к ө м е г і н е  
ж ү г і н у 
Константинның  заманынан  бері  біздің 
уақытымызға  дейін  бір-ақ  рет  болып 
қойған жәйт емес. Шын мәнінде мемлекет 
пен  шіркеудің  арасындағы  байланыс 
әлемді 
шіркеуге 
жақындатқан 
жоқ, 
керісінше шіркеуді әлемге жақындатты.  
   Киелі Жазудан шығып тұрған Құдайдың  
жарығын  қабылдауға  әр  адам  дайын  бо-
луы  керек  те.  Бірақ  керісінше  Робинсон 
мен  Роджер  Уильямс    уағыздаған  бұл  ұлы 
ұстанымды  олардың  ұрпақтары  жоғалтып 
алды. 
Америка 
мен 
 
Еуропаның 
протестанттық  шіркеулеріне    Реформация 
жол  ашып  бергенімен,  олар  бұл  жолмен 

135 
 
жүрмеді.  Ара  тұра  ақиқатты  айқын 
уағыздап  отырған  реформаторлар  болса 
да, Мәсіх Исаның заманындағы яхудейлер 
секілді,  иә  болмаса  Мартин  Лютердің 
кезіндегі  папалықтар  секілді  халық  ата 
бабаларының  дәстүрлерін  өзгерткісі  кел-
мей,  соған  риза  болып  отыра  берді.  Сол 
себепті  де  дін  қайрадан  формализмге  ай-
налды.  Егер  де  шіркеу  беріліп  тұрған 
жарыққа  қарай  ұмтылғанда,  салт-дәстүр, 
ырым-жырым  секілді  керексіз  рәсімдер 
өзінен өзі жойылған болар еді. Бірақ халық 
Құдай  сөзіне  құлақ  аспады,  тазалыққа 
қарай  ұмтылмады.  Соның  нәтижесінде 
Лютердің  кезіндегі  Рим  шіркеуі  секілді 
протестанттық  шіркеулерде  де  реформа-
ландыру қажеттігі туындағанша Реформа-
ция рухы бара-бара өшті. Шіркеуде зайыр-
лы  және  діни  дағдарыс  билік  құрып, 
адамның  пікірінің  алдында  бәйек  болу 
пайда  болды.  Бір  сөзбен  айтатын  болсақ, 
Құдайдың  берген  ілімі  адамның  ойлап 
шығарған теориясымен алмастырылды.  
   XIX  ғасырдың  басында  Киелі  Жазбаның 
кең  етек  жайып  тарағаны  айтарлықтай 
табысқа жеткізген жоқ, себебі албасты бір 
кездері Киелі Жазбаны халықтан жасырып 
түнекте  ұстаса,  енді  олай  істей  алмайты-
нын 
білген 
соң, 
Киелі 
Жазуды 
құнсыздандырып халықтың оны зерттеуге 
зауқын  болдырмай  қойды.  Сол  себепті 
адамдар  баяғысынша  естігендеріне  сене 
беретін  күйге  жетті  және  де  Киелі 
Кітаппен  ешбір  ортақтастығы  жоқ    қате 
ілімдер тарап жатты. Ақиқатты іздеп, оны 
зерттегендерді  қуғын-сүргінге  ұшыратқан 
албасты, енді бұл тәсілдің іске аспайтынын 
сезіп,  халықты  алдау  тәсіліне  кірісті,  яғни 
олардың  дегендерімен  келісу  ұстанымы. 
Бір  кездері  ол  осы  тәсілді  пайдаланып 
жұртты  Құдайдан  бездіріп,  нәтижесінде 
Рим  шіркеуін  құрған  болатын.  Енді  Ібіліс 
Мәсіхшылардың  басын  ежелгі  кездегідей 
кәпірлермен 
емес, 
табынатындармен 
біріктірмек  болды.  Сонда  кімге  деген 
сұрақ  туындайды?  Әрине  Құдайға  емес, 
қолдан жонып жасалған пұттарға табына-
тындармен біріктірді. Ал бұл одақтың соңы 
бұрынғыдан  да  сорақы  жағдайға  әкеліп 
тіреді.  Нәтижесінде  діннің  бетпердесін 
жамылған менменшілдер мен ысырапшыл-
дар  тәрбиеленіп  шықты.  Шіркеулер  іріп 
шіріп  бықси  бастады.  Албасты  ақиқатты 
бұрынғыдан 
да 
бетер 
бұрмалады. 
Миллиондаған  халықтың  ажалы  болған 
мағынасыз,  зиянды  дәстүрлер  тамырын 
тереңге  жайды.  Шіркеу  «бір  кездері 
киелімен сатқындыққа ұшыраған иманды» 
қорғағанның  орнына,  керісінше  айтулы 
дәстүрлерді  қолдады  және  қорғады.  Осы-
лайша  ақиқаттың  ұлы  ұстанымдары  үшін 
шайқасқан  реформаторлардың  жанкешті 
еңбектері зая кетті.  

136 
 
17 
Таң шуағының хабаршылары 
  Киелі  Кітап  ашып  берген  ең  салтанатты 
және ең ұлы ақиқат  — бұл  Иса Мәсіхтың 
қайтадан  екінші  рет  жер  бетіне  келетіні 
жайлы  хабар.    Адам  затының  күнәдан 
а қ т а л у ы  
о с ы л а й ш а  
а я қ т а л а д ы . 
«Қараңғыда» жер бетін кезіп жүрген Құдай 
халқы  үшін,  ақыр  заманның  келуі, 
мәңгілік  өмір  Сыйлаушының  қайрадан 
оралуы  —  өте  қуанышты  хабар  және 
қуанышты үміт. Сонау баста жер бетіндегі 
алғашқы 
жұбайлар 
Бейіш 
бағымен 
күңіреніп  қоштасқалы  Құдайдың  адал 
құлдары  жұмақты  аңсап,  ақырды  күтуде. 
Мәсіх  Исаның  жер  бетіне  келетіні  жайлы 
хабар 
ерте 
замннан 
бергі 
барлық 
қасиеттілерді  үміттендірген  қуаныш.  Бір 
кездері  Бейіш  бағында  өмір  сүрген  Адам 
атаның  жетінші  ұрпағы  Ідріс  300  жыл 
бойы  жер  бетінде  «Алланың  алдында 
жүріп»  Құтқарушыны  алыстан  көруге 
тұрарлықтай болды. 
   «Міне,  қаптаған  киелі  періштелерін 
ерітіп, жер бетіндегі жандарды соттап, әр 
пендеге  үкім  шығару  үшін,  Құдай  келе 
жатыр»  —  дейді  ол  (Яхуда.14:15).  Айып 
пайғамбар  тәні  жараланып,  қасірет  шегіп 
жатқан 
кезінде, 
болашақта 
болатын 
оқиғаны  сеніммен  хабарлайды:  «Білемін 
Құтқарушым  менің  тірі,  Ол  соңғы  күні 
менің  шіріген  денемді  қайра  жаңартады, 
Оны  басқа  біреу  емес,  мен  өз  көзіммен 
көретін боламын» — дейді (Айып.19:25-27).  
   Мәсіхтың  келетіні  Киелі  Жазбаның 
авторларын шабыттандырып, бұл оқиғаны 
олар өте көтеріңкі көңіл күймен қуанышты 
түрде  сипаттайды.  Бұл  ақындар  мен 
п а й ғ а м б а р л а р  
а й т қ а н д а р ы 
т ы ң д ау ш ы л ар ы ны ң  
к ө к е й ле р і н е н 
шығатындай  жалынды  сөздерді  жақсы 
таба 
білген. 
Жыршы, 
патшалардың 
Патшасының  келетіні  жайлы  тебірене 
отыра айтып, толқи сөйлейді: «Сұлулықтың 
заңғар  шыңы  Сионнан  Құдай  келе жатыр 
және  Ол  үнсіз  емес.  Оның  алдында 
жалындаған  от,  маңайында  қатты  дауыл. 
Иеміз  көктен жерді  көріп  тұр  және Ол  Өз 
халқын  соттап,  оларға  үкім  шығару  үшін 
келеді»  (Забур  жыры  49:2-4).  «Қуаныңдар 
көктегілер, салтанат құрыңдар жердегілер. 
Оның  көз  алдында  мұхиттар  мен  теңіздер 
шулаңдар. Өйткені жерге Жаратқан Иеміз 
келе жатыр. Ол әлемді шындықпен соттап, 
а д а м з а т қ а  
а қ и қ а т п е н  
ү к і м 
шығарады»  (Забур  жыры  95:11,13).  Ишая 
пайғамбар  болашақта  болатын  оқиғаны 
сипаттай  отыра  былай  дейді:  «Көрдегілер 
оянып,  орындарынан  тұрады!  Топыраққа 
айналғандар  салтанат  құрып  қуаныңдар! 
Өйткені өсімдіктің  шығы  —  Сенің  шығың  
және  жер  өлгендерді  қайтарып  береді». 
«Өлім  мәңгілікке  жоғалады.  Құдай  Өз 
халқының  көз  жасын  құрғатып,  оларды 
ақтап  алады,  өйткені  Құдай  солай  дейді. 
Сол 
күні 
пенделері: 
Мінекей  біздің 
Құдайымыз келді, біз Оған кәміл сендік, ал 
Ол бізді мәңгілік ажалдан құтқарып алды, 
енді  бәріміз  қуанып,  біріміз  қалмай 
шаттанайық»  (Ишая  26:19;    25:8-9). 
Аббақұқ  пайғамбар  өзіне  берілген  аян 
жайлы  былай  деп  жазады:  «Еманнан 
Құдайымыз  келеді,  Қасиеттіміз  Һаран 
тауынан көрінді. Оның ұлылығы жер бетін 
көмкеріп, оны Өзінің атағымен толтырды. 
Иеміздің 
жарығы 
күннің 
көзіндей 
жарқырайды.  Ол  жерді  сілкіндірді,  бұдан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет